Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады. Аптасына кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



жүктеу 1,02 Mb.
бет3/7
Дата21.12.2017
өлшемі1,02 Mb.
#5161
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі





Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Практикалық сабақ тақырыбына байланысты

4 апта

8 апта


11 апта

15 апта


2 (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

СӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 15 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Практикалық сабақ тақырыбына байланысты

СӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

2


Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Емтихан

Білімді кешенді тексеру










Тест


4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.



Әдебиет атауы




Барлығы

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада



Студенттердің

қамтылу пайызы (%)



Электронды түрі

1

2

3

4

5

6

7



Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж.




-

25%

5






Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі.




-

25%

5






«Ақ сандық, көк сандық». 1988ж.

10

-

50%

-






Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1980ж.

4

-

20%

-






Қазақ газет-журналдары (2000-2007жж. аралығындағы нөмірлер)

20

-

100%

-






М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. 1974ж.

4

-

20%

-






Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – А., 1991

4

-

20%

-




  1. -

Бесік жыры-өлеңдер жинағы. А.Асылбеков. 1989ж.

3

-

15%

-






Тілашар. 1989ж.

3

-

15%

+






Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974.

2

-

10%

+





5. Пән бойынша дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)

1-апта

1-дәріс

Дәріс тақырыбы: Балалар әдебиеті пәні туралы.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. Балалар әдебиеті туралы түсінік.

2. Балалар әдебиеті жөніндегі ұлы адамдардың ой-пікірлері.

3. Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері .

Дәрістің мақсаты: Балалар әдебиеті пәні туралы құнды ақпарат беру, студенттерге аталған пән жөнінде айтқан ұлы адамдардың пікірлерін ұғындыру.

Дәріс мазмұны: Қай заманда болсын әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды мінез, өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл, үлкенді құрметтейтін азамат болып өссін деп армандаған. Бұл мәселені жүзеге асыруда халықтың ғасырлар бойы бай қазынасы мен аңыздары, мақал-мәтелдері мен жұмбақтары ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы болды.

Бізге дейінгі ата тегімізден сыр шертетін Орхон жазулары сол кездің өзінде (Ү-ҮІІІ ғ.) тәрбиенің қоғамдық рөл атқарғанын танытумен қатар, жоғарыда айтылған пікірлеріміздің растығын дәлелдейді.

Осы іспеттес, құлпы тастардағы өнегелі сөздер жас ұрпақты елін, халқын сүюге, бірлікке шақыру, үлкенді сыйлау, т.б. өсиеттері әлі күнге дейін тәлім-тәрбиелік мәнін жойған жоқ.

Ғұлама философ Әл-Фараби «Философиялық трактаттар» атты шығармасында адамзатты бақытқа, ізгілікке, шаттыққа жету жолындағы ең негізгі нәрсе деп, отбасы мен тәрбиені атаған. Бұған дәлел адамның өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы. Егер бұл шарт орындалмаса, адам өмірге бейімсіз болады, ешнәрсені үйрене алмайды деп қорытынды жасайды.

Қазақ халқында келешек жас ұрпақты тәрбиелеу, өмірге дайындау, сол халықтың арман-мүддесінен, тәрбие дәстүрімен байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Демек, бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Балалар әдебиеті – Отандық әдебиеттің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Қазіргі таңда балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиеті – балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіреді. Көркем сөз өрнегін бала құлағына құйылып, көкірегіне сәуле түсіреді, сөйтіп халық қазынасының әуендік үнінен нәр алады. Көркем әдебиет арқылы кішіге қамқорлық, үлкенге көмек. Еңбекті құрметтеу, достық пен инабаттылық, адамгершілік үлгі өнеге, өмірмен танысады. Жоғары оқу орындарында балалар әдебиеті деген курс оқытылады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

1. Балалар әдебиеті пәнінің зерттеу нысаны.

2. Пән қай ғасырдан бастап зерттеле бастады?

3. Балалар әдебиеті жайында пікір білдірген ғұламалардың тұжырымдары.



Пайдаланатын әдебиеттер

1. Қазақ балалар әдебиеті. –А.,1974ж.

2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. –А.,1965

3. «Ақ сандық, көк сандық». –А.,1988ж.

4. Сөзстан –А., 1983ж. Құр: Ергөбеков Қ. –А., 1983ж.

5. Сәрсенбаев Ә, Ұстаздар мен тұстастар.( Балалар әдебиеті төңірегіндегі ойлар) – А.,1986

6. Ергөбеков Қ, Мейірім шуағы – А.,1986ж.

2-апта

2-дәріс

Дәріс тақырыбы: Балалар фольклоры.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. Бөбектерге арналған өлеңдер.

2. Өтірік өлеңдердің бала ойын дамытуда алатын ролі.

3. Балалар жыры.

4. Төрт түлік жырлары.

5. Жаңылтпаштар,жұмбақтар.

6. Ойын өлеңдер.

7. Ертегілер, аңыздар, әңгімелер, мысалдар.

Дәрістің мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған жырлары, балдырғандарға арналған өлеңдерді талдату.

Дәрістің мазмұны:

Ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің де алтын діңгегі. Онда балалар үшін арнайы шығарылған көркем туындылар өте көп. Ең алдымен баланы ғажайып әлемге , ұшқыр қиял дүниесіне жетелер орасан күш. Жалпы, өнер тегі, генезисі – өмірлік шындық. Фольклор өткен ата – бабаларымыздың тарихынан, өмір сүру салты мен таным көкжиегінен сан алуан ақпар беретіндігімен бала үшін маңызды, оның қызығушылығын оятары сөзсіз. Демек, ауыз әдебиеті қай ұлт үшін болмасын балалар әдебиетінің бастауы саналады. Бастау болуымен бірге,фольклор балалар әдебиетін байытып отыратын қуатты қайнар бұлақ. Халық ауыз әдебиетінен сусындап, оны үлгі етпеген кәсіби жазушы жоқ және болмақ емес.

Екінші бір шығармалар балалардың өз өмірінен алынады. Олардың тапқырлықтарын, өжеттілігін, ерліктерін бейнелейді. Мысалы, «Тазша бала» ертегісі.

Бір сөзбен айтқанда, ауыз әдебиеті дегеніміз – адамзат қиялын ұштаған үлкен мектеп. Балалар фольклорының үлкен бір саласы.

«Бала тәрбиесінің бастауы – бесік жыры» деген орынды пікір. Дәстүрлі бесік жырларының құрылысы қарапайым, есте сақтауға жеңіл, айтуға оңтайлы келеді. Үлкендер өз жанынан шығарып, өздері орындағанымен, мұнда нәрестенің есту қабілетіне сай жұмсақ жұбату әуені басым. Мазмұнындағы тілек айту құлаққа сіңімді, баяу сазды әуенмен ұштасады.

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салтынан туған ойын-сауық кезінде өлең, әңгіме-жырлар ғана айтылып қойған жоқ. Ойын-сауық үстінде, жиналған жұртты күлдіру үшін, ауыз әдебиетінің бұдан басқа да ұсақ түрлері айтылған. Соның бірі – жаңылтпаш. Жаңылтпаш айтқанда екі нәрсе ескерілетін секілді. Біріншіден, жиналған жұртты күлдіру, екіншісі - әрбір сөзді тез, шебер айтуға, тіл ұстартуға үйрету. Жаңылтпаштардың сөздері жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Егер жаңылтпаш айтушы адам қиыннан құралған қырлы сөздерді орамына келтіре алмаса, аздап тайып кетсе, онда күлкі боларлық, тіпті ұятқа соғарлық жағдайға әкеледі. Сондықтан ол әрбір сөзді жылдамдата тақпақтаумен қатар, нақышына келтіре мүлт жібермей, оралымын таба айтуға тиіс. Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде, кейде өлең секілді ұйқасып келеді. Мысалы: Есет атам ет асатар, Ет асатса, бес асатар.

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, амалдар қолдана алатын болады деп сенген. Соны жастайынан бала құлағына құюға тырысқан. Жақсы өмірді аңсаған, қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Тыңдаған балаға тәрбие құралы болған. Ертегіде халық қиялы, арманы, даналығы, ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар.

Ертегілердің хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, шыншыл ертегілер сияқты түрлері бар. Қай-қай ертегіде болмасын ондағы кейіпкерлер әртүрлі әрекеттер иесі болып суреттеледі де, солар арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, арамза, қу мінез-құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді. Көбіне ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар


  1. Бесік жыры

  2. Ертегілердің түрлері

  3. Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Асыл сөз. 1987ж.

2. Тілашар. 1989ж.

3. Садырбаев. Қазақ халқының ауыз әдебиеті (хрестоматия). 1977ж.

4. Қазақ балалар әдебиеті. –А.,1974ж.

5. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. –А.,1965

6. «Ақ сандық, көк сандық». –А.,1988ж.

7. Сөзстан –А., 1983ж. Құр: Ергөбеков Қ. –А., 1983ж.



3-апта

3-дәріс

Дәріс тақырыбы: XIX ғасырдағы балалар әдебиеті.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. XIX ғасырдың бірінші, екінші жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

2. М.Өтемісовтің патриоттық өлеңдері.

3. Абай және балалар әдебиеті.



Дәрістің мақсаты: Балалар әдебиетінің дамуы, ақын-жазушылардың патриоттық тақырыптағы шығармаларын қарастырып, балалар әдебиетімен байланысты тұстарын ұғындыру,

Дәрістің мазмұны: ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай. 1731 жылы Кіші жүз қазақтары Әбілқайыр ханның бастауымен орыс патшасы Анна Ионовнаға ант беріп, бағынған болатын. Ресей патшасы отарлау саясатын біртіндеп жүргізді.Оны қазақ даласын әскери бекіністер салып, Ресейдің түпкір-түпкірінен казактар мен Украинаның жерсіз қалған шаруаларын көшіріп әкеп, қазақтардың суармалы шұрайлы жерлерін тартып әперуден бастады. Қамалдар салынды, 1770 жылдары Троицк, Семей, Орал, Гурьев қалалары бекініс ретінде ірге көтерді. Қамалдарды орыс әскерлері күзетіп тұрды. Әскерлерді ұстау үшін патша үкіметі жергілікті халықтардан ақшадай, заттай алым-салық жинап отырды. Бұл алым-салықтардың ауыртпалығы еңбекші халықтың мойнына түсті. 1822 жылы патшалы Ресейдің қазақ даласын билеу жөніндегі жаңа ережесі шықты. Бұл ереже бойынша бұрынғы ел билеудің хандық жүйесі жойылып, оның орнына округтер құрылды. Округтердің басына патша үкіметінің қолдауымен сайланып қойылған қазақтың хан, төре тұқымдарынан шыққан аға сұлтандар отырғызылды. Аға сұлтанның екі орынбасары тағайындалды. Оның біреуі ақсүйек тұқымынан шыққан атақты билерден болса, ал екіншісі орыстың әскери майор шенді офицері болды. Округтер – уездерге, уездер – болысқа, ал болыстар – старшиндерге бөлінді. Болыс старшиндер сайланып қойылды.Билік басына келу үшін жоғары шенді орыс әкімдеріне пара беру керек еді. Сөйтіп, патша үкіметі қазақ байларын билікке таластырып қойып, шын мәнінде, өздері қойған сенімді адамдары арқылы басқарып, өздері олардың ел билеудегі іс-әрекетін бақылап отырды. Ел ішінде пара алып дау-дамайды шешу, өтірік-өсек айтып бір-біріне жала жабылу, өтірік арыз беру, жесір дауы, жер дауы, барымта, тонау етек алды. Осы әділетсіздіктерді көріп күйінген Дулат, Шортанбай, Мұрат секілді ақындар өткен хандық дәуірін көксеп, жаңа заманның бұзылуын, орыс әкімдерінің озбырлығын сынады. Олар заман зарын ғана жырлаған жоқ, сонымен қатар балаларға арналған әдебиетті қалыптастырды. Олар өз өлеңдерінде өтірік, өсек айту, біреуді сыртынан ғайбаттау сияқты оғаш мінездерді мінеп-сынайды. Жастарды ізгілікке, инабаттылыққа шақырады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. ХІХ ғасырдағы халықтың саяси-әлеуметтік жағдайы

  2. Сол жылдардағы Халық ауыз әдебиетінің өркендеуі

  3. Балалар әдебиетін қалыптастырған жырулар

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Сөзстан. 1983ж. Қ.Ергөбеков.

2. Махамбет. Жыр-жебе. А: Дайл пресс, 2003ж.

3. Махамбет. Менің атым – Махамбет. А: Жалын, 2003ж.

4. Қазақ әдебиетінің тарихы он томдық -А., 2005ж.

5. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –А., 1997ж.

6. Абай 2 томдық шығармалар жинағы – А., 1987ж.

7. Қазақ балалар әдебиеті. –А.,1974ж.

8. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. –А.,1965


4-апта

4-дәріс

Дәріс тақырыбы: Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы

Қарастырылатын сұрақтар: 1. Ы.Алтынсариннің балаларға арналған өлең-жырлары

2. Ы.Алтынсариннің әңгіме-новеллаларының ерекшеліктері

3. «Қазақ хрестоматиясының» маңызы

4. Ы.Алтынсариннің педагогтық қызметі



Дәрістің мақсаты: Ақын-жазушы Ы.Алтынсариннің мысалдарын басшылыққа ала отырып балдырғандарды дұрыс өмір сүруге, оның педагогтық қызметін үлгі алуға дағдыландыру.

Дәріс мазмұны:

Ол тұңғыш педагог жазушы. Қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұнғыш қазақ мектебін ашушы.

Ы. Алтынсарин 20 қазанда 1841ж. Қостанай Обл. Затобол ауданында туып өсті. Балалық шағы атасы Балғажа бидің қолында өтті. Ыбырай ең алдымен мұсылманша сауат ашып, кейін 1850 жылы Орынбордағы 7 жылдық мектепке оқуға барады. 1860 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұқсат алынды. Ыбырай осы мектепте оқытушы болды.

Ы.Алтынсарин баларға арнап шығармаларды 1862 жылдан бастап оқытты. Ол ойын Ильминскийге былай деп жазды: « Егер Қазанға бара қойсам, онда мен сіздің көмегіңізбен таза қазақ тіліне жаратылыстану тарихынан бір нәрсе аударған болар едім. «Балалар әлемі» маған өте ұнап кетті, өйткені онда менің аудармақ болып жүрген нәрселеріме жақын көп мақалалар бар екен. Басқа халықтарға секілді қазақтарға да ақыл, білімге тәрбиелейтін кітаптар керек.»

Міне, осылайша ол «Қазақ хрестоматиясын» жазуға отырады. Бұл кітап – қазақ балалар әдебиетінің классикалық жинағы. Бес бөлімнен тұратын «Қазақ хрестоматиясы» 1879ж. шықты.

Ыбырай бұл кітабына халқымыздың мол ауыз әдебиеті қорының тәрбиелік мәні зор үлгілерін енгізіп, өзі де біршама туындылар жазды.

Өзінің тұңғыш «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінде ол оқу – білім туралы пікірін түп – түгел айтқанмен, кейін бүкіл өмірі ағартушылыққа арнады.

Ыбырай өзі жазған туындысын орыс жазушыларының туындыларын үлі ете отырып жазды.Әсіресе, Ушинский мен Лев Толстой шығармаларын көп аударып өндеді.Ушинскийден « Сауысқан мен қарға», «Теке мен түлкі», «Қарға мен шаян», «Полкан деген ит» деген әңгімелерді көп өзгертпей, түпнұсқаны сақтап аударған. Ал Толстойдан «Мұңсыз адам», «Данышпан қызы», «Жамандыққа жақсылық» сияқты ертегі – аңыздарды аударған.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жылдары, еңбек жолы.

  2. 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясы» қандай мәселелерді қамтиды?

  3. Ы.Алтынсариннің әңгімелері

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.Алматы, - А.,1988ж

2. Қазақ балалар әдебиеті. - А.,1974ж.

3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. - А.,1965ж.

4. Ы.Алтынсарин тағлымы. Алматы, 1991ж

5. Сөзстан –А., 1983ж. Құр: Ергөбеков Қ. –А., 1983ж.

6. Қазақ әдебиетінің тарихы он томдық -А., 2005ж.

5-апта

5-дәріс
Дәріс тақырыбы: XX ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. XX ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.

2. Ш. Құдайбердиевтің шығармашылығы.



Дәрістің мақсаты: Балалар әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа ұстанымдарын анықтау, Ш.Құдайбердиев шығармаларындағы балалар әдебиетінің мәселесін ұғындыру.

Дәріс мазмұны: XX ғасырдың басы қазақ халқының өміріндегі елеулі кезең тарих үшін қас – қағым осы шақта (1900-1917) қазақ халқы Ұлы Қазан төңкерісі әкелген өзгерістерді тез қабылдауға себепкер болған үлкен рухани дамуды, сілкіністерді бастан кешті.

Патшалық Ресейдің қазақ даласына шабуылы XX ғасырдың басында күн санап үдеді. Ресейде өтіп жатқан барлық уақиғаларға қазақ елі де араласа бастады. Орыс капитализмі тыныш жатқан халықты түрткілеп оятып, зырлаған өндіріс пен сауда – саттықтың өріс алуы Ресейдің ірі қалаларын қазақ даласындағы жәрмеңке, базарлармен байланыстыра түсті.

XX ғасырдың басында қазақ елінің экономикалық, саяси - әлеуметтік жағдайы үлкен өзгерістерді бастан кешті. Тіпті қазақтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығына дейін өзгеріске ұшырады. Малға арнап қысқа шөп дайындалды. Қазақ халқы да отырықшылық өмірге көше бастады.

XX ғасырдың басында қазақ даласында марксизм мен революциялық күрес идеялары кең тарай бастады. Қазақ жұмысшыларының ұйымдасқан түрде бас көтерулері көбейді.

Қазақ даласында демократтық – ағартушылық идеяларды қалыптастыруда орыс әдебиеті мен өнерінің маңызы зор болды. Шоқан мен Ыбырай, Абайлар адамзат ақыл – ойының небір інжу – маржандарымен орыс тілі мен мәдениеті арқылы таныса алды. Олар енді тек қазақ сахарасына ғана емес, күллі әлемге таныла бастады.

Осы кезеңде ағартушылық – азаматтық идеялар халық арасына кең тарала бастады. Бұған сол кезде көптеп ашыла бастаған мектептер мен түрлі оқу орындары, баспа мен баспасөз ісінің жолға қойылуы аса зор ықпал еткені даусыз.

Қазақ тілінде мектептер ашу, оқулықтар жазу, кітаптар, газет – журналдар шығару – тек қана осы кезде ояна бастаған елдің үлкен мақсаттағы ұл – қызының ісі еді.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар


  1. Балалар әдебиетіне Ұлы Қазан төңкерісімен келген өзгерістерді атап айтыңыз

  2. Ш.Құдайбердиев шығармаларын талдаңыз

Пайдаланатын әдебиеттер

1. Қазақ балалар әдебиеті. - А., 1974ж.

2. Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдері МК –А., 1990ж.

3. Құдайбердіұлы Ш. шығармалары, - А., 1988ж.

4. Ғасырлар тоғысындағы қазақ жыры -А., 2007ж.

5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010жж.)

6. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.- А., 1984ж.

6-апта

6-дәріс

Дәріс тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократ ақын-жазушылар және балалар әдебиетінің дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар: 1. Балаларға арналған шығармалар мен оқу құралдарының шыға бастауы, өкілдері.

2. С.Торайғыровтың оқу-білімге шақырған шығармаларының маңызы.

3. С.Дөнентаев мысалдарының мән-мазмұны. С.Көбеев хрестоматиялары.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау