2.3 Сабақ жоспарының үлгілері Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынов “Ағаш”.
Сабақтың мақсаты:
Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, арам пиғылдан бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу;
Балаларды бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрістерін дамыта отырып, өзіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;
Тақырап мазмұнын меңгерту.
Сабақ барысы: 1. ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
2. үй тапсырмасын тексеру
Ой ашар.
-жаңа сабақ.
Ой қозғау;
-мәтінді оқу
-өзіндік жұмыс
-сөздік жұмыс
-топпен жұмыс
Ой толғаныс
-Венн диаграммасы
Сабақтың барысы: 1. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды ұйымдастырып психологиялық дайындық жүргізу.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ- өлеңін қимылмен айтқызу.
2. үй тапсырмасы “Жиырма тиын” әңгімесі бойынша жүргізілетін жұмыстар:
Оқушыларды үш топқа бөліп, мынадай тапсырмалар беру.
А) Осы әңгімедегі Алтайға мінездеме беру.
ә) “Тіл ағаш”, “ақ көңіл”, “Қайырымды” дегенді қалай түсінесіңдер?
Б) Қайырымдылыққа байланысты сурет салу әңгімені мәнерлеп оқу.
Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар.
үнтаспаны қосып, балаларға құстардың даусын естірту.
Құстар туралы өз ойларын айтқызу.
-Біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
-Ағаштан ұя және жемсауыт жасаймыз
-Құстар теректердің тағы басқа ағаштардың басына жиналады екен.
Кіріспе әңгіме.
Бүгінгі біздің ана тілі сабағында өтілетін сабағымыздың тақырыбы: А.Байтұрсыновтың “Ағаш” атты мысалы.
“Ағаш” мысалының авторы–И.Крылов. Бұл ағаш мысалын қазақшаға аударған, қазақтың дарынды ақыны, көрнекті қайраткері–Ахмет Байтұрсынов.
Мәтінді оқымас бұрын, оқушыларды жалпы ағаш туралы ойларын біліп алу қажет.
-Ағаш туралы не білесіңдер?
-Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік.
Оқулықтағы Ахмет Байтұрсыновтың “Ағаш” әңгімесін мәнерлеп оқу.
Ой қозғау.
Оқушылардың кезектесіп оқуы.. Тыңдап отырған оқушылар өздеріне түсініксіз сөздерді, сөз тіркестерін карандашпен белгілеп отыру.
қызғаншық–іші тар, шағымданды–арызданды, өз қамын ойлап–өзімшіл.
Сөздік жұмыс.
-Топпен жұмыс.
І топ. Әңгіменің мазмұнын талдап, түсіндіру.
ІІ топ “Ағаш” әңгімесінен сахналық көрініс шығару.
ІІІ топ Әңгімеге байланысты сурет салу.
Ой толғаныс.
В
Æàáàéû à¹àøòàð
Áàºòà ¼ñåòií à¹àøòàð
енн диаграммасы
Сабақты қорыту.
-Жаңа тақырыпқа бір шумақ өлең.
Ағашты босқа кеспе,
Бұзық балаларға ілеспе,
Қайта оны қастерлеп,
Су құй күнде кешке,-шумағын оқушылар өздері ұйқас сөздер арқылы ойланып шығарады.
үй тапсырмасы.
“Ағаш” мысалын ары қарай балаларды өздерінің өз ойларымен жалғасытырып жазып келу.
Мәнерлеп оқу.
Бағалау
Қорытынды.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру–мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен роль атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бар бүкіл іс-қимылоына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді.
Қортынды.
Сонымен, оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру– күрделіде шығармашылық жұмысты қажет етеді. Бұл жастағы оқушылардың тілін дамытуда өзіндік жұмыс барысында мына мәселелерге баса назар аудару керек:
оқушылар орындаған жаттығулардың мазмұндылығы.
граматикалық қатесіздігі.
орфографиялық , пунктуациялық , орфоэпиялық қажетсіздігі.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың декті бір саласы–оқу. Ол оқуға ана тілі сабақтары арқылы баланың өзіндік жұмыстары арқылы қол жеткізеді. Ана тілі пәнінде оқу арқылы оқушы қоршаған ортадан қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Солардан үлгі–өнеге алады, дүниетаным кеңейе түседі. Оқу арқылы бала әлемнен, адамдардан, сан-алуан мінез-құлық , іс-әрекет т.б. қасиеттермен танысады. Ана тілі оқулықтарында берілген идеялық мазмұны жағынан оқушылардың түсінуіне, менгеруіне жол ашады. Мысалы:
3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді.
Ана тілі сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады.
Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Өз бетіндік жұмысты дамытуда кітап материалының пайдасы аса зор. Ана тілі сабақтарында өз бетінше жұмыстар мынадай мақсаттарда көздейді:
Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту.
Оқушы әдеби тіл нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс айтып беретін дәрежеге жету;
Ана тілі, қазақ тілі сабақтарында оқушылардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберлігінің де өзіндік ерекшелігі бар.
Тіл дамыту жұмыстары арқылы өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруға болады.
Оқушыларды ана тілін сүþге, нәзік сөз байлығын әсерлі қолдануға тәрбиелеу.
Қорыта айтқанда тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да оқушыға білім беру, іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарына бағынуы тиіс. Ана тілі сабағы арқылы тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процес. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруы болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілін оқу сабағы арқылы және жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды шеше алады, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін есейген, талғамы зор, білім мен тәлім-тәрбие бастамасын жүзеге асыруды өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың нәтижесінен байқауға болады. Өздігінен ана тілді оқу барысында оқу материалының жүйелі түрде менгерту, граматикалық схеманы шешу, іздену, салыстыру, зерттеу, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды өз бетінше жұмыс орындау барысында менгереді. Сонымен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл аудару;
өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс ұштастыра білу;
оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді әрекет жасауға баулу;
оқушыда өздігінен жұмыс істеу, еңбек ету дағдысына қалыптастыру.
Қосымша:
Біздер, бастауыш сынып мұғалімдері келешек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттеріміз тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ , оқушымен орындалатын әрбір өз бетіндік жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бала біздің болашағымыз, білім көзі–бастауышта екенін ескере отырып оқушы білімінің сапалылығын арттыру үшін, өз бетінше жұмысты жолға қоþдың маңызы зор. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашуда өз бетінше іздену, талпыну, өз нәтижесін береді. Баланы бастауыштан бастап шығармашылық ойлауға, шешімдер қабылдауға, ізденіп жұмыс орындауға машықтандыру қажет. Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту барысында өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруда ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері сабақтарын шығармашылық жұмыстар арқылы да қалыптастыруға болады. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні арқылы оқушы сабақта, сабақтан тыс кезде үйде мынадай шығармашылық жұмыстар орындай алады: Мысалы:
І. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнінен оқушының өз бетінше жұмыс жасауда шығармашылығын дамыту.
Сөздік әрбір жұмысынан сөз тудыру жұмысы.
Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты менгеруде өте көп пайдасы тиеді. Оқушылар өз бетінше жұмыс орындайды. Мысалы:
Әсем қандай қыз?
Ә–әдемі, әдепті.
С–сұлу, сүйкімді.
Е–еңбекқор, елгезек, епті.
М–мейірімді, мәдениетті. Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып өз бетінше құрастыру. Сонымен мұғалім оқушыларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінен мәтін құратуды да өз бетінше орындауға таңсырады. Мысалы: оқушылар “Әсем” деп ат қойып мәтінді құрастырады.
“Әсем”
Әсем әдемі , әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да, өзі де сұлу. Оның сүйкімді, қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Ол мәдениетті қыз. Әсемнің мінезі жайдары. Әсемнен мықты дос шығады.
Осы жұмыстан кейін оқыушыларға тағы да өз бетінше мәтіннің ішінен сын есімдерді тауып, астын сызу, сұрақ қоþ т.б. жұмыстарды беруге болады.
ІІ. Салыстыру жұмысы арқылы сөйлем құрату. Тақтаға сиырдың суретін іліп, өлең шумағын айту.
Өзі–ала доптай.
Сүті–балдай тәтті
Мүйізі–қарағайдай иілген
Көзі–көмірдей қап-қара
Даусы–пойыздың дауысындай мөңіреген.
Мұндай жұмыс түрлері арқылы оқушылар біріншіден–сын есімді менгереді,
екіншіден– салыстыру арқылы сөйлем құрап, салыстыру ұғымы, түсінігі қалыптасады; Сауаттылығы өз бетінше ойлау дәрежесі арта түседі.
ІІІ. Сөзден сөз тудыру жұмысы.
Мүмкіндік денгейінде орындалады. Мысалы: қар, арық ,тарақ, ана, шындық , нан тағы басқа. Оқушы өз бетінше осы сөздерді сауатты жазып үйрене отырып, ойлау қабілеті, байқампаздығы артады.
Іү. Сөйлемдер құрату. Мысалы: Лепті сөйлемдер құра деп өз бетінше тапсырмалар беріледі.
Көктем тақырыбына: Алақай, Көктем келді!
Әттең қар еріп барады!
Көктем ауасы неткен
керемет еді! т.б. енді осы лепті сөйлемді өз бетінше жұмыс орындауда хабарлы сөйлемге айналдыру да жұмысында беруге болады.
Хабарлы сөйлем: Көктем келді. Қар ери бастады. Көктем ауасы тамаша.
Міне осындай қазақ тілі сабақтарында оқушыларға өз бетінше жұмыс орындау біліктерін мұғалімнің шеберлігіне байланысты қалыптастыруға болады.
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерге оқу тәрбие жұмысының мазмұны мен сапасын көтеру, жақсарту мәселесі бүгінгі күн талабын туындайды. Бастауыш сынып мұғалімдері оқыту процесінде өздігінен орындалатын жаттығуларға оқушыларды қызықтыратын, тартымды элементтерді енгізудің, әр түрлі ойындарды пайдаланудың қаншалықты тиімді екенін біледі. Өз бетінше жұмыс оқушының сабаққа белсенділігін пәнге қызығушылығын арттырады. Оқушылар математика сабағында түрлі ойын үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Оқушыны қызықтыра отырып халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып математикалық есептер, сөз жұмбақтар, ойындар, логикалық есептерді құрастыруда өз бетінше жұмыс орындаудың пайдасы тиеді. Мысалы: Бастауыш сыныптарда “Математикалық” үйірмелер жұмыс істейді.
Осындай үйірмелерге қатысқан оқушыларға карто÷ка, яғни үлестірме қағаздары арқылы жазбаша немесе ауызша тапсырмаларды орындату барысында да өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруға болады.
Математикалық өлең-есеп.
“Бірге шешу?”
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлаң бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(жауабы: он жеті бас мал).
Математикалық жұмбақ.
“Бұл не?”
а) Өзі үлкен жануар,
үстінде екі тауы бар.
(жауабы: түйе).
ә) Екі ағайынды суға қарай үңілер,
Кездесе алмай бірінен-бірі түңілер.
(жауабы: өзен жағалаулары).
Қалжың есеп.
“Топ үйрек”
Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы бесеу.
Біреуін атып түсірсе, нешеуі қалады?
(жауабы: біреуі, қалғандары
ұшып кетеді.).
Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп.
“Фигура құрастыру”
Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.
(жауабы: суреттегі).
“Сүт сату”.
6,5 және 3 литрлік бидан бар
6 литр сүттен 4 литр сүтті қалай
құйып алуға болады.
Жауабы: 6 5 3
Экскурсияға 7 оқушы шықса, оның әр қайсысы үш баламен таныс болуы мүмкін бе?
1 2 3 4 5 6
2 3 4 1 3 4 1 2 4 2 3 4 6 7 5 7
Жауабы: (жоқ , суреттен қара).
Матеатикалық ойын.
Ойын ережесі: Екі топқа бірдей тапсырма беріліп, әр топтан бір-бір оқушы шығарылып, 2 , 2 , 1 , 1 және 3 сандарын қосу керек. Квадраттың жатық және тік жолдарындағы сандарды көрсетіп, үзік сызықтар бойынша орналастырылғансандардың қосындысы 6 болсын. Қай топ бұрын тапса, сол ұтады.
Жауабы: (суретте).
-
Әдебиеттер.
М.И. Махмудов “Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру”. Алматы мектеп 1981ж. 247-бет.
А.А. Лþбинская “Бастауыш мектеп оқушы сының психологиясы жөнінде”. Алматы мектеп 1981. 238-бет.
А.А. Лþбинская “Бастауыш кластарда оқытудың актуалды проблемалары” Алматы мектеп 1977. 160-бет.
С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” Алматы жазушы 1980. 412-бет.
С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 15 том 1979. 377-бет.
Н. Елікбаева “ұлттық психология” Алматы Қазақ университеті 1992. 96-бет.
С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 13 том Алматы жазушы.
±. Мүсірепов “Таңдамалы шығармалары” 4 том Әңгімелер. Алматы жазушы. 1973. 263-391 бет.
Т.Тәжібаев “Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен педагогикалық ойдың дамуы ”. Алматы мектеп 1958. 24-25 бет.
Ә. Сыдықов “Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі”. Алматы мектеп 1969. 156 бет.
Г. Бегалиев “Бастауыш мектептегі оқу сабағы”. Қазақ мұғалімі 1988. 12-16 бет.
С. ұзақбаева “Тамыры терең тәрбие” Алматы білім. 1995 269-бет.
М. Жұмабаев “Шығармалар” 2-3 том Алматы білім 1996. 512-бет
М. Жұмабаев “Педагогика” Алматы Ана-тілі 1992. 160-бет.
Қ. Жарықбаев, С. Қалиев “Қазақ тәлім-тәрбиесі” Алматы Санат 1995. 352-бет.
Қ. Бержанов “Дидиктиканың осы кездегі кейбір актуалды мәселелері”. Қазақ мектебі. 1968. N11. 23-27 бет.
С. Рахметова “Бастауыш класс оқушысыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері”. Алматы. 1994. 432-бет.
Ш.Әуелбаев “Қазақ тілі пәнінің мазмұны және оны жоспарлау”. Алматы. Мектеп. 1980. 136-бет.
М.Мұқанов. “Жас және педагогикалық психология”. Алматы. Каз.П.И. 1982. 248-бет.
Т.Тәжібаев. “Жалпы психология”. Алматы. Қазақ университеті. 1993. 239-бет.
В.А.Сухомлинский “Балаға жүрек жылуы”. Алматы. Мектеп. 1978. 222-бет.
Амоношвили “Педагогикалық ізденіс”. Алматы. Рауан. 1990. 574-бет.
И.А.Аллаяров “Оқу белсенділігінің дидактикалық негіздері”. Мектеп. 1988. 48-бет.
Т.Сабыров. “Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары”. Алматы. Мектеп. 1978. 110-бет.
Т.Сабыров “Оқыту теориясының негіздері”. Алматы. Республикалық кабинеті. 1993. 59-77-бет.
Б.Тұрғанбаева “Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту”.
Л.А.Төкеева–Бектұрғанова “Ана-тілін жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы” Шымкент 2001. 82-85 бет.
К.Молдабек “Бастауыш мектепте тіл дамыту” Шымкент 1999 166-бет.
Қ.Аймағанбетова “Бастауыш сыныптарды дүниетануды оқытудың теориялық негізі” Алматы Балауса 2003ж 104-бет
Х.Т.Наубаева “Оқушыларды гуманистік негізде бағыттау” Бастауыш мектеп N 1-2 1999ж.
Г.Алпысбаева “Шығармашылық-ізденіс көзі” Бастауыш мектеп N 7 1999 10-бет.
М.Ізмұқанов “Шыңдалған шеберлік” Бастауыш мектеп N11 1990 16-бет.
М.Сәтымбекова “Дидактикалық ойындарды сабақта пайдалану” Бастауыш мектеп N3 1983.
П.Шілдебаев “Шеберліе жсабақта танылады” Бастауыш мектеп N8 3-бет.
А.үсенов “Ана тілін құрметтеу-адамгершілік парыз” Қазақ мектебі 1990 N5.
Б.Құлмағанбетов “Мемлекеттік тілді меңгерту мәселелері” Бастауыш мектеп 1991 N11.
Т.Сабыров “Оқыту теориясының негіздері” Алматы 1997.
ұ.Жазықбаев “Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді” Шымкент 2001.
Қ.Ахметұлы “Білім негізі-рухани уыз тәрбиесі” Алматы 2001.
Т.Баймолдан “ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ” Алматы 2001.
Б.Тұрғанбаева “Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту”. Алматы. 1999.
Ш.А.Амоношвили, С.Н.Лысенко, Волков, Шаталов,Ильин т.б. “Педагогикалық ізденіс” 1989ж Алматы Рауан
Ж.Сардарова “Оқушының шығармашылық бағытта дамуы” Бастауыш мектеп N7 2001.
Бастауыш мектеп N4 2000ж.
Құсайынова, Төлегенов “Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту”, “Өзіндік жұмысының маңызы” 100.
Н.Мұқанова “Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу” Бастауыш мектеп N8 2001ж.
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев “Педагогика” Алматы 2002ж.
Қазақстан мектебі N4 2001ж.
Бастауыш мектеп N6 2002ж.
Бастауыш мектеп N4 1999ж.
Достарыңызбен бөлісу: |