Жаңа материал бойынша презентациямен, тақтамен жұмыс
Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі)
File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді.
Типтері бойынша файлдар шартты түрде үш түрге бөлінеді:
мәтіндік файл;
типтік файл;
типтік емес файл.
Бірінші кезеңді орындау үшін:
пернетақтадан енгізілетін сандардың мөлшерін (массив өлшемін) көрсету керек
Сан мөлшерін білген соң, параметрлі циклді қолдану арқылы массив элементтеріне осы сандардың нақты мәндерін меншіктейміз
Осы әрекеттерді орындау үшін қолданылатын айнымалыларды сипаттаймыз. Айталық, санымыз 100-ден көп емес және олар басқа да процедураларда қолданылатындықтан, оларды ауқымды айнымалыларды баяндау блогында сипаттаймыз.
Келесі есепті шешіп көрейік: Пернетақтадан бірнеше сандар енгізіп, оларды "mayFile.in” атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек.
Енді екіншісі кезеңді қарастырайық, яғни мәліметтерді «mayFile.in» атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек. Алдымен өз файлмызды байланыстыратын, айналымның атауын беру керек.Айталық, ол айналымның атауы FileOut болсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттаумыз керек. Бұл айнымалыны шығару процедурасында пайдаланатын болғандықтан, оны жергілікті айнымалы ретінде сипаттаймыз
Жаңа материал бойынша презентациямен, тақтамен жұмыс
Borland Pascal-да файлдарды екі негізгі белгісі бойынша топтастыруға болады:
a) файлдың типі бойынша (оның логикалық құрылымына )
b) файл элементтеріне қатынау тәсілі бойынша
Біз көбінесе мәтіндік және типтік файлдармен жұмыс істейміз.
Қатынау тәсілі бойынша файлдар келесідей бөлінеді:
Тікелей қатынау файлдары (Олардың айырмашылығы тікелей қатынау файлдарында арнайы процедуралар және функцияларды пайдалана отырып, мәліметтерді, олардың файлдағы орнына тәуелсіз, оқуға немесе жазуға болады)
Кезекпен қатынау файлдары
(Ал кезекпен қатынау файлында оның ортасында немесе соңында тұрған мәліметті оқу үшін, оның алдындағы мәліметтердің барлығын оқуға тура келеді). Мәтіндік файлдар кезекпен қатынау файлдарына жатады, ал типтік файлдар тікелей қатынау файлдарыа жатады.
Есепті кезеңдерге бөлейік:
1) пернетақтадан мәліметтерді енгізу
2) оларды "mayFile.in” атты файлға жазу керек.
рrogram Misal_F1;
var
San: array [1..100] of integer;
i, SanMolcher: integer;
var
FileOut: text;
|
Жаңа тақырыптың түсіндірмелі бөлімінде оқушылар теория жөнінде бірнеше мағлұматтарды менгерді, әр түрлі қосымша терминдермен де танысты және ағылшын сөздіктерімен де жұмыстануға машықтанды.
.
|
|