Топқа бөлу «Қаламсаптар»
Барлық студентердің қаламсаптары алынып, кейін партаға әр түрлі ретпен қойылады. Сол қойылған қаламсаптар бойынша оқушылар топқа отырғызылады.
Топ ұстанымын бекіту.
Топқа ұлағатты сөздер жазылған қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері ақылдасып берілген сөздердің ішінен таңдап , топ ұстанымын шығару керек. Кейін сол ұстанымды студент шығып дауыстап оқып , түсіндіріп береді.
Топ ережесі.
Жабайы қаздардың өзара ынтымақтастық жайлы бес сабағы.
1.Бірге болу.
2.қатарды сақтау
3.орын алмасу
4.қолдау көрсету
5.жалғыз қалдырмау
|
Қаламсаптар .
Жабайы қаздар видеосы.
|
15 мин
|
Үй тапсырмасын тексеру.
Сана аллеясы
Мұнда студенттер аллея болып тұрады. Үйге берілген тапсырмаға дайындалмай келген немесе жеткілікті түрде түсінбеген студентті ортаға шақырамын. Студент аллеяны айналып ақырын жүреді. Қалған студенттер үй тапсырмасынан түйінді идеяларды айтып отырады. Түйінді идеялар бір-бірін қайталамау тиіс.Соңында студент барлық айтылған түйінді идеяларды қосып қортындылап сабақ айтады.
Бағалау: Ортаға шыққан студент пен ең пайдалы , маңызды түйінді идеяларды айтқан студенттерге стикерлер беріледі.
Ең маңызды түйінді идеяларды айтқан студентті ортадағы студент анықтайды.
2. kahoot.com бағдарламасымен білімді тексеру.
Кахут әдісі бойынша үй тапсырмасынан тест орындау. Ол үшін лекциядан 10 сұрақ беріледі. Тест сұрақтарына жылдам әрі дұрыс жауап беру керек.
Бағалау: Студенттердің дұрыс жауап бергенімен және уақыт жағынан алда болғандар «өте жақсы» бағаға ие болады.
10-9 сұрақ дұрыс болса -5
8-7 сұрақ дұрыс болса -4
5-7 сұрақ дұрыс болса -3
|
Қима қағаздар
Видео тамашалау.
Түрлі-түсті стикерлер
Интернет желісімен жұмыc
https://kahoot.com/welcomeback/
|
5 мин
|
Жаңа сабақты хабарлау.
Миға шабуыл.
1.Қазіргі оқыту жүйесінде жаңа технологиялардың алатын орны қандай?
2.Практика барысында мұғалімнің сабақ берудегі әрекетін бақыладыңыздар? Қандай ой түйдіңіздер?
3.Қандай жаңа технологияларды білесіздер?
4.«Жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны табуды үйретеді» А.Дистервергтің сөзін қалай түсінесіздер?
(студенттердің жауабы тыңдалады~
-Дұрыс айтасыздар, балаға білімді дайын күйінде бермей , білім алушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып , оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Бұл технологияны білім беру жүйесінде проблемалық оқыту тенологиясы деп атаймыз.
|
|
10 мин
|
Жаңа сабақ. Проблемалық оқыту технологиясы
|
Слайдтан көрсетілім
|
15 мин
|
Топтық жұмыс.
«Аялдама» әдісі бойынша жаңа тақырыпты 3 ке бөліп 3 топқа беремін.
Тапсырма:
1-топ .Қазақстанның картасы бойынша проблемалық оқытудың даму тарихын анықтау.
2 топ. Рухани Жаңғыру бағдарламасын негізге ала отырып проблемалық оқытуды ойын технологиясымен салыстыра отырып , өнімді ой шығару.
3 топ . Шаңырақ бейнесі бойынша проблемалық оқытудың мүмкіндіктері мен маңызын анықтауы тиіс.
Топ мүшелерімен ақылдаса отырып айтылған бейнелерді сурет қылып сала отырып лекцияны оқып шығып , ішінен түйінді анықтамаларды жазуымыз керек
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды Жұмыс қорытындысы ретінде постерді толтырады. Кейін топ ішінен бір студент шығып барлық топқа қорғайды.
Бағаланады:
|
А3 қағаздар мен маркерлер
|
2 мин
|
Сергіту сәті.
Презентациядан сурет беріледі. Суретке мұқият қарап , жылдам әрі дұрыс қазақтың мақал мәтелдерін ойлап табуы тиіс.
|
Презентациядан көрсетілім
|
10 мин
|
|