Сабақ Егістік тәжірибелерді жүргізуде әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдары



жүктеу 24,31 Kb.
Дата03.02.2022
өлшемі24,31 Kb.
#35474
түріСабақ
лабо 9


Зертханалық сабақ

Егістік тәжірибелерді жүргізуде әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдары.

Өзіндік тапсырмалар:

1. Әдіс тәсілдерді жетілдіру.

2. Егіс тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу

3. Дисперсиялық талдау

1. Тәжірибе жұмысындағы әдістерді дамыту, оның дәлділігін арттыру –егістік тәжірибесінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Егістік тәжірибе нәтижесінің дәлділігіне силкалардың әсері болады. Мемлекеттік сорт сынау әдістерінің қойған талабы бойынша егістік тәжірибесін жүргізгенде нақтылы себу мөлшері жоспарлы мөлшерінен айырмашылығы 4-5%, ал силканың әр шүмектерінің бір-бірінен айырмашылығы 50 % болуы керек. Дақылдардың тұқымы топырақ қабатында бір қатарда бірдей тереңдікте болуын талап етеді.

Мөлдіктегі есепке алынған алқабы мен қайталауларының қарым-қатынасы тәжірибенің дәлділігін арттырады. Қайталаулар санын тәжірибе жүргізгенде өсіргенде оның дәлділігі арта түседі, ал мөлдіктің көлемін өсірсе, онда оған керісінше, қателіктен тәжірибенің дәлділігі төмендейді.

Егер қайталаулар «і» есе рет өсірілсе, тұрақты тәжірибелердің дәлдігі 3і рет өседі. Қабылданған заңдылыққа сүйене отырып тәжірибенің бөлшек есепті өнімін сәйкес тәжірибелерді шамалап зерттеу жұмысын жоспарлауда тәжірибе дәлділігін формула арқылы есептейді.

x % = √ S

n × 100 : (K. X)

x % - тәжірибенің жоспарланған қателігі

S- дисперсия қалдығы;

Х – тәжірибедегі орташа өнімділік;

К – коэфициент 3 n.i

n тең;

n, ni – қайталаулардың өсуі.


Барлық тәсілдердің варианттарды орналастырудағы тәжірибенің дәлділігін бағалаудағы айырмашылығы 0,5% аспайды, егістік тәжірибе жұмысында мұндай мөлшер жөнді байқалмайды.

2. Математикалық статистика іріктелген жиынтыққа немесе сұрыптауға жүргізілген бақылаудың негізінде барлық жиынтық туралы қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді. Статистикалық тәсілдердің бірі ықтимал категориясына негізделген.

Статистикалық тәсілдерді жасаған ғалымдар И. Пирсон, В.И. Романовский, Р.А. Фишер, А.Н. Холмогоров. Оқып-үйренуге тиісті объектілердің барлық тобын жиынтық (басты жиынтық деп, ал объектілердің тексеруге, зерттеуге алынған бөлігін іріктелген жиынтық) іріктеу деп аталады.

Іріктеу тәсілінің басты мақсаты – шағын іріктеудің статистикалық көрсеткіштері бойынша объектердің статистикада басты жиынтық деп аталатын бүкіл жиынтығын мүмкіндігінше нақты сипаттау.

“X” ерекшелену белгілерінің мүмкін болатын мәндерін варианттар деп аталады. Оларды ХХ2, .... Харқылы таңбалайды. Қатарды ретімен тәртіптеу, яғни варианттың өсуі мен кему ретімен орналастыру ранжирлеу деп аталады. Берілген жиынтықтың мүшелеріндегі белгінің әр мәнінің қанша рет қайталанатынын сипаттайтын сандарды белгі жиіліктері деп атайды және оларды f арқылы таңбалайды. Барлық жиынтықтың қосындысы ∑іріктеудің көлеміне, яғни қатар мүшелердің санына – R тең. Бастапқы бақылауларды өңдеудің нәтижесінде вариациялық қатар анықталады.

Ерекшеленген белгінің өсуі немесе кему ретімен алынған мүмкін болатын мәндері мен оларға сәйкес жиіліктерін көрсететін қатарды вариациялық қатар деп атайды.

Құбылмалықтың екі түрі кездеседі:

1. Сандық. Варианттар арасындағы айырмашылық санмен өрнектелетін құбылмалық. Мысалы, дәннің салмағы, биіктігі, шығымы, саны. Олар үздікті дискретті және үздіксіз болып ішінде бөлінеді.

2. Сапалық /атрибутивтік варианттар арасындағы сапалық, яғни кейбір варианттарда болатын, ал кейбіреулерде болмайтын көрсеткіштерімен өрнектелетін ерекшелену. Егер атрибутивті құбылмалықта белгінің бірін-бірі жоятын екі мәні ғана болса, ондай құбылмалықты альтернативтік (қосмағыналы) деп аталады.

3. Дисперсиялық талдау тәжірибесі жоспарлау және оның деректерін стстистикалық өңдеу үшін кеңінен пайдаланылады. Дисперциялық талдауды Р.А. Фишер ашты. Дисперсиялық талдау кезінде бірегей стстистикалық жиынтықты құратын арнаулы жұмыс кестесі күйінде қалыптасқан бірнеше іріктеулердің дербестерін бір мезгілде өңдейді. Статистикалық жиынтықтың құрылымы және оның одан арғы талдау схемамен және тәжірибенің әдістемесімен анықталады.

Дисперсиялық талдаудың мәні ауытқулар квадраттарының ортақ қосындысын және еркіндік дәрежелерінің ортақ санын экспериментің құрылымына сәйкес келетин жиынтықтарға мүшелеу және критерші бойынша зерттелетін факторлардың әрекеті мен өзара әрекетінің мәнділігің бағалау болып табылады.

Үгістіктегі тәжірибенің L вариантты және h рет қайталайтың деректері бойынша ауытқулар квадраттарының қосындысын әдетте мындай жүйемен табады. Бастапқы кестеде қосындыны Р қайталау V вариант бойынша және барлық бақылаулардың жалпы қосындысы бойынша анықтайды.


    1. бақылаулардың барлық санын N= ℓ *h

    2. корректорлау факторын (түзетуді) C (∑х):N

    3. квадраттардың жалпы қосындысын Cy=∑x2-C

    4. қайталаулар үшін квадраттар қосындысын Cy=∑x2:1-C

    5. варианттар ұшін квадраттар қосындысын CV=∑v2:n-C

    6. қате үшін квадраттар қосындысын Cz=Cv- Cp –Cv

квадраттардың сонғы ені қосындысын Cv мен Cz-ті оларға сәкес келетін еркіндік дәрежелеріне бөледі, яғни салыстыратын қалыпқа – вариация еркіндігің бір дәрежесіне келтіреді. Нәтижесінде екі орташа квадрат/дисперция алынады.

S2 = СV

ℓ -1 варианттар

S2= C2 қателер

( n-1)(L-1)



Бақылау сұрақтары:



  1. Қате деген сөзді қалай түсіңісіз?

  2. Тәжірибе қателігін қалай анықтайды?

  3. Дисперссиялық анализ дегенді қалай түсіңесіз?

  4. Ранжирлеу дегеніміз не?

жүктеу 24,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау