Қолдануға болмайтын жағдай: анемия, жара бар аурулар, қан аурулары.
Қажетті заттар: 1 мл 5000 Ед гепарин ерітіндісі флаконда, 1-2 мл шприц, астауша, спирт, мақта шаригі.
Іс- әрекеттер: Дәрінің мөлшерін тек қана дәрігер белгілейді, флаконды жоғары қаратып, керекті мөлшерде дәріні сорып алып, инені ауыстырып, тері астына салатын инені салып, ауасын шығарып, дайындап қоямыз. Науқасты жатқызамыз немесе отырғызамыз. Егуді тері астына жасаймыз. Ем шара жасалғаны туралы арнайы қағазға белгі қояды. Қажет жағдайда дәрігердің нұсқауы бойынша гепариннің антагонисты 1% протамин сульфаты 5 мл күре тамырға, дицинон 1-2 мл бұлшық етке, тамырға жіберіледі.
Есте сақтаңыз!
Гепаринмен емдеу коагулограмма (қан анализі, негізгі көрсеткіш- қанның ұю уақыты) бақылуымен жүзеге асады, дәрігердің қатаң тағайындауымен 7 күннен аспайды.
Геморрагиялық асқынулардың алдын алу үшін науқасты бақылау қажет.
Күнде жалпы зәр анализін тексеріп, зәрдің түсін бақылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |