Қысқа мерзімді жоспарлау
Пәні: информатика
сабақ: № 10
|
Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы
|
Оқушылардың жасы: 10-11
( 5 сынып)
|
Сабақтың атауы
|
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту
|
Сілтеме
|
Информатика 5 сынып (Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов), әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, Информатика негіздері журналы, интернет материалдары
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларға файлдар, бумалар және жарлықтар туралы түсінік беру
|
Сабақтың міндеттері
|
- файлдар, бумалар және жарлықтар туралы, олардың қолдану мақсатын ажырата алуға үйрету
- бумалар мен белгішелер құру, атын өзгерту жолдарын таныстыру
- теориялық білімдерін практикамен ұштастыру
|
Оқыту нәтижесі
|
- файлдар, бумалар және жарлықтар туралы, олардың қолдану мақсатын ажырата алуға үйренеді
- бумалар мен белгішелер құру, атын өзгерту жолдарымен танысады
- теориялық білімдерін практикамен ұштасады
|
Негізгі идеялар
|
Есте сақтау: Файлдар, бумалар және белгішелер анықтамасы үйрету
Білу/түсіну: бумалар мен белгішелерді құру
теорияны практикада қолдана білуге ықпал ету
|
Әдіс-тәсілдер:
|
"Миға шабуыл" әдісі, "Пирамида" әдісі, деңгейлік тапсырма, сәйкестендіру, электронды онлай-тест
|
Көрнекіліктер
|
слайд, компьютер, постер, үлестірмелі парақша, стикер
|
Тапсырмалар
|
1-тапсырма:Білу- "Миға шабуыл" сұрақ-жауап
2-тапсырма: Түсіну-Жаңа тақырып "Пирамида құру". жаңа тақырыппен жұмыс жасалғаннан кейін, түрлі дейгейлерде түсінік құрастыру
3-тапсырма: Қолдану-"Компьютердегі тәжірибелік
|
жұмыс"деңгейлік тапсырма
4-тапсырма: Талдау "Ой толғаныс"
онлайн-тест
5-тапсырма: Жинақтау - "Сәйкестендіру", Ақпараттық диқтант" тақырыпты бекіту
6-тапсырма: Бағалау- Рефлексия "Смайликтер"
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
2 минут
5 минут
15 минут
10 минут
3 минут
5 минут
3 минут
2 минут
|
І. Ұйымдастыру - Ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Ыстық алақан» - Мақсаты: тұлға аралық қарым - қатынас.
Шаттық шеңберге тұрып , оқушылар бір- біріне жылы лебіз айтып бір-бірінің қолдарынан ұстауын сұраймын.
Геометриялық фигуралармен топқа бөлу - топтардың санына қарай фигуралар жиынтығын алып, фигураларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Топтардың атаулары да фигура жинақтары бойынша болады: "Шаршылар" тобы, "Шеңберлер" тобы, "Үшбұрыштар" тобы
ІІ. Білу -«Миға шабуыл» әдісі флипчартта берілген сұрақтарға жауап беріп, практикамен дәлелдеу.
1. Терезе деген не?
2. Терезелердің түрлерін атаңдар.
3. Ашық терезелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?
4. Терезенің мөлшерін қалай өзгертуге болады?
5. Терезені басқару батырмаларының қызметін сипаттаңдар.
6. Терезенің айналдыру жолақтары неге екеу?
7. Қандай қоспернелерді тәжірибеде қолданып көрдің?
ІІІ. Түсіну - Жаңа тақырып бойынша талдау. Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту
Пирамида құру - жаңа тақырыппен жұмыс жасалғаннан кейін, түрлі дейгейлерде түсінік құрастыру. "Жеке-жұп-топ-сынып" схемасы арқылы орындалады.
1. Оқушылар берілген тақырыппен жекелей танысып болғаннан кейін, әрбір оқушы өзінше пікір қалыптастырады.
2. Оқушыылар қасында отырған оқушымен жұп құрып, тақырып бойынша өз ойлары мен пайымдауларын серіктестерімен бөліседі.
3. Туындаған проблемалар мен мәселелердің шешімін талқылайды, қорытындылайды, бір шешімге келеді.
4. Сынып болып, проблеманың шешімдерін тауып, негізгілерін тақтаға (постерге) жазып қорғайды.
IV. Қолдану - Компьютердегі деңгейлік тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Кез келген файлдар үшін (өз қалауларын бойынша) жарлық құрыңдар.
Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.
Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
Құрылған белгішелерін алмастырыңдар.
Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар.
Қажетсіз жарлықтарды жойындар.
В деңгейі
Бірінің ішіне бірі салыңған бірнеше бума құрыңдар.
Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
Жұмыс үстелінде өздеріңнің бумаларын үшін жарлықтар құрыңдар.
Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар.
Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
С деңгейі
Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.
Алынған құжатты жарлық құру деген атпен сақтаңдар.
Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар.
Осы екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарыңмен аталған бумаға сақтаңдар.
Осы бума үшін жарлық құрыңдар.
Буманың атын Жұмыс деген атауға алмастырыңдар.
Жұмыс бумасын жасырын етіңдер.
Жұмыс бумасын жойыңдар.
Жұмыс бумасын Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.
V. Талдау - "Ой толғаныс" Ағымдағы тест сұрақтары /онлайн-тест/
VІ. Жинақтау -"Сәйкестентіру".
1
|
Файл
|
|
1
|
бұл аты аталған файлдар тобы
|
2
|
Қапшық
|
2
|
нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер
|
3
|
Таңбаша
|
3
|
аты бар бірқатар байттар тізбегі
|
"Ақпараттық диктант"
Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар ... сақталады. Буманы ... - ... - ... командасы арқылы құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында .... белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде « ... » аты меншіктеледі.
Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Буманы Файл - Создать - Папка командасы арқылы құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Оқушыларды саралап бағалау.
Кейінгі оқу:
- §11. Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту
- Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- Тышқан орындалатын командаларды пернетақтамен орындауға жаттығу
VІІ. Бағалау- Рефлексия "Смайликтер"
Оқушылар тақырыпқа қатысты білімдерін бағалап, қорытындылау үшін, смайликтер көтереді
|
|
|
Тақырыпқа толықтай түсіндім
|
Бір нәрсе түсіндім, бірақ бәрін емес
|
Түсінбедім, қайталап қарау қажет.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |