Кардиомиоциттер қызметінің біріншілік бұзылысы кезінде құрбақаның жүрек жұмысының өзгерістерін білу.
Әдісі: Жоғарыдағы үлгіні қолдана отырып, жүрек қызметінің көрсеткіштерінің бастапқы нәтижелері анықталады. Содан кейін жүрекке бірнеше тамшы 10%-қ (КСl) калий хлор ерітіндісі тамызылады. 3-5 минуттан кейін қайтадан жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады. Артынан жүректі физиологиялық ерітіндімен жуғаннан кейін,тағы да көрсеткіштер анықталады.
Тәжірибе сатылары
|
ЖСЖ 1 мин
|
Минөттік көлем 1 мл
|
Систолалық көлем 1мл
|
Бастапқы жағдайы
Зақымдағаннан кейінгі
Жуылып тасталғаннан кейінгі
|
|
|
|
Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап берулері керек:
1.Кардиомиоциттердің біріншілік зақымдануы кезінде жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді?
2. Тәжірибеде жүректің жиырылу қызметі қай механизммен жүреді?
3. Пайда болған жүрек қызметінің бұзылысы қайтымды ма?
№3 тапсырма.
|
Ситуациялық есептерді шешу
|
№ 1 есеп. 40 жасар туберкулезбен ауыратын З . науқас ентігуге, оң қабырға астындағы ауыруға, субфебрильді қызбаға шағымданып келді. Бұл шағымдар 4 апта бұрын дамып, біртіндеп үдей түсті. Қарағанда: беті бозғылт және ісінген, ортопноэ, (науқас алға қарай еңкейіп отыр), перкуссияда жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға және оңға 2 см-ге үлкейген, ЖСЖ 100, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., аускультация кезінде: жүрек тондары тұйық, өкпесінде базальды бөлігінде майда көпіршікті сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі 26 рет минутына, мойынның веналары ісінген, бауыр қабырға асты доғасынан 3 см-ге шығып тұр, пальпацияда ауырады, аяғы добыққан. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясында жүректің шар тәрізді көлеңкесі байқалады.
1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар ма ? оны не дәлелдейді? 2. Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? 3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі туралы қорытынды жасаңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 418-458.
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 424-445.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2010.-С. 196-212
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 356-362
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 388-418
Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 26 - 37
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 142-154
Қосымша
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. – С. 106-121, 140-158
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 466-490.
БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 306-322
№ 12 САБАҚ
№25 тақырып АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯЛАР. АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПОТЕНЗИЯЛАР
Сабақтың мақсаты:
Теориялық білімін есептер шығарғанда қолдану
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру
Оқытудың міндеттері:
артериялық гипертензиялар мен гипотензияларды этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Алғашқы артериялық гипертензияның қауіп қатерлі жайттарын (факторларын ) анықтай білу.
Алғашқы және салдарлық артериялық гипертензиялардың патогенезі бойынша білімін қалыптастыру.
Алғашқы және салдарлық гипотензиялардың патогенезі бойынша білімін қалыптастыру.
Берілген тақырыптар бойынша ситуациялық есептерді шығарып үйрену
Сабақ тақырыбының негізгі сұрақтары:
Артериялық гипертензиялар туралы түсінік, түрлері. Тәжірибеде артериялық гипертензияның патогенезін оқу.
Біріншілік гипертензияның пайда болуына әкелетін қауіп-қатер жайттары.
Алғашқы артериялық гипертензияның патогенезі.
Әйгіленімдік гипертензиялар, түрлері, артериялық қысым көтерілуінің патогенезі. Артериялық гипертензиялардың емдеу және алдын алу ұстанымдары.
Артериялық гипотензиялар, жіктелуі. Алғашқы артериялық гипотензиялардың (гипотониялық ауру) патогенезі
Тамырдың қауырт жеткіліксіздігі (коллапс, естен тану), патогенезі.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Оқытушының қатысуымен және бақылауымен ауызша талдау және пікірсайыс жүргізу, кестелерді толтыру, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, есептер шығару, тест жүргізу.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, тапсырмалардың орындалу қорытындыларын тексеру, тест жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |