Ш.Амонашвнлддің
трактаты
баланың
рухани,
адамгершілік, түлғалық, ингелектуалдық дамуын қамтамасыз
етеді.
Жалпыадамзаттық және қоғамдық ой тұрғысынан
қарағанда педагогика - күрделі ғылым, сондыктан да дәлелді
негіз керек. Ал тәжірибеде мүғалімдер шыгармашылық
тәжірибеге, интуитиБтік шешімге (интуитивтік педагогика)
және ғасырлар бойы жинақталған даналыққй сүйенеді.
Гуманды-түлғалық
білім
үрдісі
баланың
жеке
психологиялық қасиетіне емес, біртүтас табиғатына негізделуі
тиіс. Ол табиғат заңдылығымен дамиды, соның күнтізбесіне
бағынады. Табиғат дара жолмен жетіледі, бала бойындағы
ресурстарды дамытады.
Рухтың үясы - жүрек. Ақыл жүрекиен нүрланса,
рахымды болса, ізгіленеді. Жүрек жылуынсыз тек ақылмен
қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да, болашаққа да
теріс ықпал етеді. Тәрбие баланың даму кезеңдерінде адамның
рухани адами қоректендіруші болып, білімнен бүрын
жүргізілуі тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат
беріліп, ақылды жүрек - жылуымен нүрландыру қажет.
Қазіргі танда мектеп оқушыларын тәрбиелеу моселесінде
адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып,
жетілдіру бағытында ізденістер жүріп жатыр. Ондағы үстанып
отырған басты қағида адамның кісілік келбеті, соған лайықты
бола білу, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық
дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ үрпақтың рухани-
адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеруге негізделген.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жас үрпақты
өмірге белсенді араластырып қана қоймай, олардың әлемдік
өркениеттен сусындауын көздейді.
Сонымен
түлғаны
рухани
дамыту
мәселесінде
айқындалған негізгі бағдар тәрбиеге гуманистік және
гуманитарлық мән беру, соның аясында тәрбиеге қүндылық-
бағдарлы қызмет, түлғалық-қүндылық катынас, гуманистік-
түлғалық педагогика түрғысынан түлғаны дамыту теориясын
жетілдіріп, оның әдіснамалық негізіне күрделі өзгеріс қажет
екенін айғақтайды. Қүндылық-бағдарлы қызмет, түлғалық-
қүндылық қатынас негізіндегі тәрбиеде сыртқы ортаның
13
ықпалы мен ішкі дүниені дамытуға үмтылыс философиялық
дүниетанымға негізделген болса, гуманитарлық-түлғалық
педагогика іргелі аксиомалық бастамаға, ақиқатқа негізделген
әлемдік діни, рухани-философиялық ілімдерге сүйенеді. Бүл
қазіргі педагогикада адам болмысының түрлі қырларын, яғни
ғылыми, философиялық, рухани-діни ілімдердің біртүтастығын
сақтай отырып, түлғаныд табиғи болмысын дамытып
жетілдіруге болатынын көрсетеді.
14
|