С т а н р е с п у б л и ка г к г м Х л у л а т и э н е ъ1лы м м ™ с т р л п бұзаубақова К. Ж. Ойлайық та ойнайық Тараз 2003



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет174/181
Дата14.04.2022
өлшемі9,25 Mb.
#38132
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181
Buzaubakova(oilaiik oinaiik)

БІЛГЕНГЕ МАРЖ АН:
ҚАЗАҚ АУА РАЙЫН ҚАЛАЙ БОЛЖАҒАН?
Халқымыз  табиғат  тылсымын  ерте  заманнан-ақ  түсініп, 
оны  өзінің  түрмыс,  тіршілігіне  арқау  етіп  қолдана  да  білген. 
Солардың  бірі  халықтың  ауа  райын  болжау  тәсілдері  еді. 
Жазы-қысы  далалық  көшпелі  өмірде  тіршілік  еткен  ел  өздері 
тұрған  өлкенің  табиғи  ерекшелігі  мен  қүпиясын  терең 
білгендігі сондай,  айсыз түнде жүлдызға қарап жол тауып,  көз 
аштырмас  боранда  жердің  шебіне  қарап  ел  тауып,  қүс,  жан- 
жануар,  қүрт-қүмырсқа  тіршілігіне  зер  салып  ауа  райын  күні 
бүрын  болжап,  ерте  қам  жасап  отырған.  Енді  қазақтардың 
кейбір  қағидалары  мен  тәсілдеріне  тоқталайық.  Бүлар  халық 
даналығын  жадына  үстаған  қариялар  мен  жүлдызшы- 
есепшілер аузынан жазылып алынған.
* * *
•  Мысық босағаны  немесе  ағаш тіреуді тырналап  мазаланса, 
ауа-райы  қатты  бүзылады.  Мүндайда  үй  иелері  “боран 
шақырып  түр”  деп  мысыққа  зекіп,  үрсып  жатады.  Бүл 
дүрыс  емес,  ол  боран  шақырып  түрған  жоқ,  күн  райының 
бүзылатынын “хабарлап” түр.
•  Мысық керіліп үйқыға  берілсе -  онда үзақ уақыт бойы ауа- 
райы  қолайлы болады.
•  Тауық биікте  қонақтаса жаңбыр жауады.  Қыста тауық ерте 
қонақтаса күн суытады.
•  Тауық  жерге  аунап,  қанатын  қағып,  тазалана  бастаса  да 
жаңбыр жауады.
•  Жаңбыр  сіркіреп  түрғанда  тауықтар  далада  жем  іздеп 
жүрсе, ақ жаңбыр ұзаққа созылады.
•  Әтеш  қыстыкүні  бір  аяғын  көтеріп  түрса,  аяз  болады. 
Жаңбырлы  күндері  әтеш  таң  ата  шақырса  күн  ашылады 
деген сөз.
•  Үйрек бір аяғымен түрып, басын қанатының астына тықса, 
аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе -  аяз сынады.
305


•  Қаз  бен  үйректер  суға  шомылып,  қиқулап,  қанаттарын 
қомдап мазасыздана бастаса ауа-райы бұзылады.
•  Қызылқаз 
(қоқиқаз) 
былтырғы 
үясын 
жөндемей 
жүмыртқаласа жазда қүрғақшылық болады. Егер ескі үясын 
жөндеп, биіктегетін болса жаз жаңбырлы болады.
•  Қүстар  ертемен  жем  іздеуге  асықса  -   күн  жауынды- 
шашынды болады.
•  Далада  көкектің  “ку-ку”  деген  дауысын  жиі  естісеңіз, 
алдағы күндер ашық болатынының белгісі.
•  Шағалалар  өзен,  теңіз  бетінде  үшып  жүрсе  күн  ашық 
болады,  егер  жиекте  жүрсе  күннің  бүзылатындығының 
белгісі.
•  Бозторгай  ән  салса  -   күн  ашық.  Өзі  көрініп  үнсіз  жүрсе 
жауын жауады.
•  Қарлығаштар  аспанда  самғап,  биіктеп  үшса  күн  ашык, 
төмендеп үшса жаңбыр жауып, жел болады.
•  Қатты  жел,  дауыл  алдында  қүмыреқалар  әбігерленід, 
мазасындана бастайды.
•  Қүмырсқалар  илеуін  қүрғақ  жерге  салса  жауын,  дымқыл 
жерлерге салса, жазда қүрғақшылық болатынының белгісі.
•  Егер  қүмырсқалар  иеуінің  аузын  бекітіп  алса,  үзақ 
жаңбырдың хабары.
•  Қүмырсқалар  илеуін  биіктеу  жерге  салса  су  тасқыны 
болады немесе қатты жауын жауып, су деңгейі көтеріледі.
•  Қара  қоңыз  тығылатын  жер  іздей  бастаса  да  көп  үзамай 
жаңбыр жауады.
•  Бал  аралары  топтанып  шырын  жинауға  аттанса  -   күн 
ашық, егер үясынан үзамаса ауа-райында өзгеріс болады.
•  Егер ара жүмысын ерте бастап, кеш аяқтаса жауын-шашын 
үзаққа созылады.  Ал  үяларынан  шықпай,  ызыңдап отырьга 
алса көп үзамай жаңбыр жауады.
•  Аралар омартадағы  өздері кіріп-шығатын тесігін жартылай 
жапса, қыс суық болады, ашык қалдырса жылы болады.
•  Жауын қүрты жер бетіне шықса, жаңбыр жауады.
•  Балықтар  су  бетіне  шығып  шоршып  ойнай  бастаса  -  
жауынның белгісі.
306


•  Қыс  қатты  болатын  болса тиін  ұясын  төмен  жерге,  жылы 
болса жоғары жасайды.
•  Ашық  күндері  тиін  үясынан  шықгіай  қойса  күн  райы 
бүзылады.
•  Киік  топ-топ  болып  басқа  жаққа  бет  алса,  онда  ауа-райы 
қатты бүзылып, суық болады деген сөз.
•  Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса дауыл немесе боран 
болады.
•  Жауын  немесе боран жүма  күні  басталса,  ол келесі  жүмаға 
дейін созылады.
•  Ай  шалқасынан  туса  шаруашылыққа  ауа-райы  қолайсыз, 
тік туса жайлы болады.
•  Қыста күн кенет қатты ысып кетсе -  ұзамай жауын жауады.
•  Өлара  (өлі  ара)  жауын-шашынды  болса,  жаңа  ай  шаруаға 
жайсыз болады.
•  Күн  бүлтка  батса  келесі  күн  жауын-шашынды  болады, 
ашыққа батса күн ашық болады.
•  Қараторғайлар  топтанып  үшып  аспанда  неше  түрлі 
қимылдар жасаса күз үзаққа созылады.
•  Жылан мезгілінде үйықтамаса -  күз үзақ, әрі жылы болады.
•  Ордалы  жылан,  қүрт-қүмырсқа  топ-тобымен  басқа  жаққа 
коше  бастаса  көп  үзамай  жер  сілкінеді,  болмаса  басқа  бір 
табиғаттың тосын апаты болады.
•  Ит үлыса -  жаманшылық немесе табиғат апатының белгісі.
•  Аяқ-қолы  сынған  адамдардың  сүйегі  сырқыраса  ауа-райы 
өзгереді.
•  Жазда қүйын көп болса, қыс аязды болады.
•  Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады.
•  Емен үрығы кеп жылы қыс қысады.
•  Суық  күні  терезе  әйнегі  мен  жақтауы  терлесе  -   күн 
жылынады, жазда терлесе -  ауа райы бүзылады.
•  Балапан  баспана  іздесе,  не  енесінің  бауырына  тығылса  -  
ауа райы дымқылданады.
•  Суық күндері  қораз ерте  шақырса жанға  жайлы  жылы  күн 
болады дей бер.
•  Мысық пешке тығылса -  аяздың алды сол болмақ.
307


•  Ит аунаса -  жаңбыр жақын деген сөз.
•  Жаңбыр  алдынан  балық  қармақ  қабар,  қармаққа  балық 
түспесе -  желден хабар.
•  Қой сүзіссе жел болар.
•  Өгіз  қүйрығын  шошайтып  жоғары  көтерсе  -   қаіты  жел 
түрады.
•  Жылқы  ішін  тартса  -   күн  бүзылады,  пысқырса  -  жаңбыр 
жауады.
•  Көктемнің басында қарға суға шомылса -  күн жылынады.
•  Торғай шаңға аунаса -  жаңбыр жауады.
•  Түман жер бауырлап қүласа -  ашық күннің хабары.
•  Бүлт жер бауырласа -  күн суытады.
•  Ірі-ірі  жаңбыр  тамшысы  жауын-шашынды  дымқыл  күннің 
үзақ түратындығын білдіреді.
•  Қарғалар  қыстыкүні  тобымен  шуылдасып  үшса,  күн 
суытады.
•  Қарғалар жазда аузын ашып жиі-жиі қарқылдаса -  найзағай 
ойнайды.
•  Тырналар  дыбыс  шығармай  жоғары  үшса,  ртеңгі  күні 
жавңбыр жауады.
•  Желсіз  күні  түтін  жерге  қарай  шалқыса  бүдан  соң 
қыстыкүні қар, жаздыкүні жаңбыр күт.
•  Аққу  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  кеш  қайтса  -   күз  әрі 
үзақ, әрі жайлы болады.
•  Қызара батқан күн -  желдің, ашық сары болып батқан күн -  
жаңбырдың белгісі.
•  Күн  шыжып,  тымырсақ  болса  артынша  нажағайды  күге 
бер.
•  Ай  қызыл  түспен  қораланып,  әлгі  шеңбер  кеңейіп  барып 
жоғалса  -  келесі  күні  ашық  болады.  Осындай  екі  шеңбер, 
немесе күңгірт бір шеңбер қатты суыққа көрінеді.
•  Егер  ай  бүлыңғыр  болса -  жаңбырга  қарсы,  ал ашық түсті 
ай ауа райының ашық болатындығын білдіреді.
•  Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол болып шығады.
•  Егер  қой  түяғымен  төсін  каситын  болса,  қыс  боранды 
болады.
308


•  Қой тісін кайраса боран немесе дауыл болады.
• 
Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, 
қыста жүмсақ болады.
•  Қыста  күн  қүлақтанып  шықса  суық  болады,  қүлақтанып 
батса, суық болады.
•  Егер  бүлт  ортасынан  ыдыраса,  ауа  райы  бүзылады,  егер 
шетінен ыдыраса күн жылынады деген сөз.
• 
Оңтүстіктен  үзақ  соққан  жел  өзгеріп  шығыстан  соқса  ауа 
райы  жақсарады  да,  батыстан  соқса  ауа  райы  қатты 
бүзылады.
•  Жаз  айында  аңызақ  ыстық  болса,  ол  қыста  қатты  аяз 
болатындығының анык белгісі.
***
Халық ауа райы мен табиғат қүбылыстарына байланысты 
мақал-мәтелдер  де  шығарған.  Және  ол  шындыққа  жалғасып 
жатыр.  Мысалы,  “Сәуір болмай -  тәуір  болмас”, 
“ Қ а з  
келмей, 
жаз  келмейді”,  “Терістіктен  жел  соқса,  жаз  да  болса  қыс 
болар”,  “Ай қорланса арысыңды сайла,  күн қорланса күрегіңді 
сайла”,  “Жазғытүрғы  жел  жардай  атанды  жығады”,  “Үркер 
жерге  түспей  жер  қызбайды”,  “Таразы  туса  -   таң  суиды”, 
“Сүмбіле  туса -   су суиды”,  “Қыс  қысыл,  жаз  жасыл”,  “Ашық 
күннің  бәрі  жаз”  деген  канатты  сөздер  бірнеше  ғасырлық, 
өмірден  алынған  халық  даналығының  тәжірибе  сабақтарынан 
туған.

жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау