7. Бақылау (сұрақтар, тест, тапсырмалар және т.б.)
1. Жануар токсиндерінің ХТТ әдістері.
2. Қай әдіс ең сезімтал?
3. ПФИА жүргізу барысында қандай анализаторлар қолданылады?
4. ХТТ жүргізу қандай этаптардан құралады?
5. Рептилийлер уымен уланғанда зәр үлгілерін талдау.
6. Жануар токсиндеріне ХТТ жүргізудің альтернатиті тәсілдері.
1. Тақырып 5. Улы дәрілік заттарды иммунохимиялық анықтау тәсілдері. Иммунохимиялық тәсілдердің классификациясы мен мазмұны. ПФИА принциптері.
2. Мақсаты: Токсиканттарды иммунохимиялық анықтау тәсілдері, иммунохимиялық тәсілдердің класиффикациясы мен мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
3. Оқыту тапсырмалары:
1. Өзіндік дайындалу үшін тақырыптың барлық сұрақтарын игеру.
2. Өзіндік дайындалу үшін қосымша әдебиетті пайдалану.
3. Сұрақ сұрау барысында мәліметті жақсы білу.
4. ОБСӨЖ барлық тапсырмаларын толық және дұрыс орындау.
5. Тапсырмаларды өзіндік орындау.
6. Мәліметті жүйелеп және аргументтелген қорытынды келтіре білу
4. Орындау формасы: ОБСӨЖ тақырыбы бойынша баяндама, реферат, презентация, видеоролик дайындау.
5. Тапсырмалар:
1. Тақырыптың сұрақтарын оқып, қосымша мәлімет іздеу жүргізу.
2. Реферат дайындау.
3. Осы тақырып бойынша баяндама жасау.
4. ОБСӨЖ тақырыбы бойынша презентация, видеролик дайындау.
6. Тарататын материал:
Классификация бойынша негізгі иммунохимиялық әдістер қатарына радиоиммунды талдау (РИТ), иммуноферментті талдау (ИФТ), поляризациялық флуороиммуноанализ (ПФИА), иммунохроматографиялық талдау (ИХТ) жатады.
Прекурсорлар ХТТ-да кең қолданылатын ПФИА, ИФТ, РИТ. Ең сезімтал және қолайлы тәсіл ПФИА.
ПФИА жүргізген кезде кеңінен келесі анализаторлар қолданылады:
1. Поляризациялық флуоресцентті анализатор –АФП-2 (Ресей)
2. ТDх автоматтандырылған жүйесі, «Эббот» фирмасы, (АҚШ).
Талдау жүргізу кезеңдері:
1.калибрлеу
2.жеке талдау
3.растайтын талдау
Калибрлеу үшін анализаторға 12 өлшегіш кюветаны және 12 картриджді орналастырады, оларға автоматтандырылған тамшуырдың көмегімен 6 стандарттың әр қайсысынан 60 мкл енгізеді. Анализаторға сонымен қатар белгілі бір затты анықтау үшін реагенттер жинағын енгізеді.
Зәр үлгілерін талдау үшін карусельге қажетті кювета және картридждерді енгізеді (макс. 20). Картриджерге 60 мкл зәр үлгілерін енгізеді. Құрылғы автоматты түрде талдауды 15-20 минут жүргізеді және талданатын заттың зәр үлгілерінің құрамында қаншылықты дәрежеде бар екенін көрсетеді.
Оң нәтиже алған жағдайда, яғни талданатын заттың концентрациясы концентрация табалдырығынан жоғары болған кезде зәр үлгілерін басқа алтернативті тәсілдермен талдау жүргізу керек. Олар: хромато-масс-спектрометрия, ГЖХ, ВЭЖХ.
Теріс нәтиже алғанда әрі қарай осы затты зеррттеуді жалғастырмайды.
7. Әдебиет:
1..Плетенева Т.В. Токсикологическая химия/ ГЭОТАР-Медиа, 2005. – 512 б.
2. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / Киев, «Высшая школа», 1989.- 272 б.
3. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия/ М., «Медицина», 1975.-376 б.
4.Калетина Н.И. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие для вузов, СD/ М., 2008. – 1016 б.
5. Бабаян Э.А. Наркология/ М.,"Медицина", 1987.-112 б.
6. Лужников Е.А. Клиническая токсикология / М.,"Медицина", 1994. – 189 б.
7. Белова А.В. Руководство к практическим занятиям по токсикологической химии/ М., "Медицина", 1976.-231 б.
8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар)
1. Негізгі иммунохимиялық тәсілдерді атаңыз.
2. Қандай иммунохимиялық тәсіл ең сезімтал?
3. ПФИА жүргізген кезде қандай анализаторларды қолданады?
4. Талдау жүргізу қандай этаптардан тұрады?
5. Зәр үлгілерін талдау.
6. Химико-токсикологиялық талдау барысында альтернативті әдістер қандай?
1.Тақырып 6. Улы заттарды анықтаудың хроматографиялық тәсілдері. Классификациясы, терминдер, анықтамалар.
Тақырып 7. – Спектрдің көрінетін және УФ-аймағында спектрофотометрия. ВЭЖХ-ИСП-МС құрама тәсілін қолдану.
2. Мақсаты: Улы дәрілік заттарды анықтаудың хроматографиялық және спектрофотометриялық әдістері туралы білімді қалыптастыру.
3. Оқыту тапсырмалары:
1. Өзіндік дайындалу үшін тақырыптың барлық сұрақтарын игеру.
2. Өзіндік дайындалу үшін қосымша әдебиетті пайдалану.
3. Сұрақ сұрау барысында мәліметті жақсы білу.
4. ОБСӨЖ барлық тапсырмаларын толық және дұрыс орындау.
5. Тапсырмаларды өзіндік орындау.
6. Мәліметті жүйелеп және аргументтелген қорытынды келтіре білу.
4. Орындау формасы: ОБСӨЖ тақырыбы бойынша баяндама, реферат, презентация, видеоролик дайындау.
5. Тапсырмалар:
1. Тақырыптың сұрақтарын оқып, қосымша мәлімет іздеу жүргізу.
2. Реферат дайындау.
3. Осы тақырып бойынша баяндама жасау.
4. ОБСӨЖ тақырыбы бойынша презентация, видеролик дайындау.
.
6. Тарататын материал:
Улы дәрілік заттарды анықтаудың хроматографиялық тәсілдері. Хроматография- араласпайтын және бір-біріне қатысты қозғалатын жүйелерде заттардың немесе бөлшектердің орын ауыстыру жылдамдықтарының айырмашылығына негізделген физико-химиялық бөлу әдісі.
Хроматографиялық әдістер классфикациясы:
1.Хроматографиялық жүйелер фазаларының агрегаттық күйіне байланысты (газдық, газадсорбциялық, газ-сұйықтық, газ-мезофазалық, сұйықтық, сұйық-адсорбциялық, сұйық-сұйықтық, мицелярлы, жоғары критикалық флюидті, полифазалық).
2.Сорбенттің орын ауыстыру тәсіліне байланысты (ығыстырып шығаратын, фронталды, элюентті, изокритикалық, градиентті, температураны бағдарлайтын, қысымды бағдарлайтын, хромадистилляция және қозғалатын фазаның шығымыны бағдарлайтын).
3. Бөліп тұратын жүйенің конфигурациясына байланысты (планарлы, жұқа қабатты, қағаздық, циркуляциялық, көп бағаналы, мультихроматография, көп өлшемді, перколяционды).
4. Бөліну механизміне байланысты (адсорбциялық, эксклюзивті, аффинді, лиганда алмасатын, ион алмасатын, ион-булы, гидродинамикалық, фракционирлеу, гидрофобты, гидрофильді, аналитикалық, препаративті, айналдырылған газды, айналдырылған ситалық, энантиоселективті).
5.Мақсатына байланысты (аналитикалық, препаративті, айналдырылған газды, айналдырылған ситалық).
6.Сорбаттың химиялық өзгерістеріне байланысты (реакциялық, пиролитикалық, тұндыратын).
7.Детектирлеу тәсіліне байланысты (радиохроматографиялық, хромато-масс-спектрометрия, ХТ тікелей емес детектирлеу)
Химико-токсикологиялық талдау әдістері
Кестеде әр түрлі улы дәрілік заттар топтарының талдау тәсілдері келтіріліген. Егер токсиканттардың элементті құрамына байланысты зерттеу жүргізетін болса, «А» категориясына элементті талдау тәсілдері ИСП-МС, АЭС-ИСП, РФА қосу керек.
Категория А
|
Категория В
|
Категория С
|
Масс спектрометрия
|
Жұқа қабатты хроматография
|
Түсті тесттер
|
ИҚ спектроскопия
|
Микрокристалды тесттер
|
Иммундық тәсілдер
|
Ядерлі магнитті резонанс спектроскопиясы
|
Газдық хроматография
|
Балқу нүктесі
|
|
Сұйықтық хроматография
|
Уф спектроскопия
|
|
Иондық қозғалғыштық спектрометриясы
|
Флуоресценция
|
|
Капиллярлы электрофорез
|
|
|
Тек конапля үшін: ботаникалық зерттеу (макро және микро)
|
|
Қолдану варианттары
А + (А немесе В немесе С).
В + В + (В немесе С).
(ГМ-МС) құрама әдістері екі түрлі тәсіл ретінде қарастырылады.
4.1. Жұқа қабатты хроматография тәсілі. Еріткіштердің жеке және жалпы жүйелеріне талдау жүргізу (КАТЕГОРИЯ В).
4.1.1.Анықтау шегі. Тәсілдің артықшылықтары. Сезімталдығы. Анықтау шегі.
4.1.2. Хроматография жүргізу щарттары, сорбентті, еріткіштер жүйелерін таңдау, стандартты «таңбалау» стандарттары, еріткіш қозғалу ұзындығы, камераның еріткіштің буымен қанығу уақыты.
4.1.3. Хроматографиялық пластинкада заттарды анықтау.
• Детектор реагенттерді таңдау.
• Талданатын заттардың КГ мөлшерлерінің мәндері.
• ТСХ-талдау жүргізу тәсілдері.
4.1.4. Нәтижелерін интерпретациялау.
4.2. Иммунохимиялық талдау әдістері(КАТЕГОРИЯ С).
4.2.1. Әдісті таңдау (мысалы, гетерогенді имуноферментті әдіс немесе гомогенді талдау және т.б.)
4.2.2. Заттарды анықтаудың принциптері.
4.2.3. Жалған оң және теріс нәтижелер.
4.2.4. Үлгілерді іріктеу және сақтау.
4.2.5. Талдау жүргізу методикасы.
4.2.6. Нәтижелерді интерпретациялау. Әдістің кемшіліктері мен артықшылықтары (сезімталдығы, специфиалығы және т.б.)
5. Көрінетін спектрде және УФ-да спектрометрия (С КАТЕГОРИЯСЫ).
• Талданатын заттың қандай топқа жататынын анықтау, ортаның рН өзгеруіне байланысты өзгеретін спецификалық жұту қабілеті бар немесе жоқ.
• Спектралды сипаттамаларын келтіру.
• Талдауға үлгіні дайындау.
• Нәтижелерді интерпретациялау. Артықшылықтары, кемшіліктері (сезімталдығы, спецификалығы).
6. ВЭЖХ талдау, ГХ талдау және т.б. В КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ әдістері.
• Бөлу әне анықтау шарттарын таңдау.
• Хроматографтың (немесе басқа аспаптардың) градуирлік сипаттамасын және талданатын заттардың анықтау шегін табу.
• Биологиялық объектіні талдауға дайындау.
• Биосынаманы сапалық талдау.
• Сандық анықтау (Сандық анықтауды есептеулер жүргізу әдісі).
• Нәтижеоелерді интерпретациялау. Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері (сезімталдығы, спецификалығы).
7. ГХМС, ИКС, ЯМР (ПМР) және тағы басқа «А» КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ әдістері.
• Биологиялық объектіні талдауға дайындау.
• Биосынаманы сапалық талдау ( мысалы, масс-спектрлер кітапханасы, ПМР спектр және т.б.).
• Сандық анықтау (Сандық анықтауды есептеулер жүргізу әдісі).
• Нәтижеоелерді интерпретациялау.
8. Микрокристаллоскопиялық әдістер (КАТЕГОРИЯ В).
9. Зерттеудің химиялық әдістері (КАТЕГОРИЯ С).
10. Морфологиялқ әдістер (КАТЕГОРИЯ В).
11. Фармакологиялық әдістер (КАТЕГОРИЯ В).
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ талдау нәтижелерін токсиканттың токсикокинетикалық және физико-химиялық параметрлерін, уланудың клиникалық және паталогоанатомиялық белгілерін жалпыландырып және сәйкестендіріп нәтижелерді интпретациялауға кірісу керек .
12. Талдау нәтижелерін интпретациялау.
13. Биообъектерде (заттай айғақтарда) токсиканттарды анықтау және сандық талдау қорытындысы жасау. Қолы, күні.
Улы дәрілік заттар химико-токсикологиялық талдауда плазмамаен байланысқан атомды-абсорбциялық спектрометрия, атомды-эмиссиондық спектрометрия .
1. Атомдық спектрометрия әдісінде қатаң анықталған энергетикалық өзгерулерге негізделген аналитикалық сигналдардың пайда болуының жалпы сызбасы 1 сур. келтірілген. Алдымен жоғары температурамен әсер етіп затты атомды буға айналдырады, яғни сәйкес химиялық элементтердің бос атомдарына айналдырады. Бұл процесс атомдандыру деп аталады. Содан соң плазма бөлшектерімен ( барлық энергетикалық күйдегі атомдар, иондар, радикалдар, электрондар) соқтығысқан кезде атомдар қозған күйге өтеді. Негізгі деңгейде орналасқан электрон қозған күйге - басқа энергиясы жоғары деңгейге өтеді.
Бұл күй тұрақсыз, сондықтан аз уақыттан (~10-9 с) кейін атом бастапқы қалпына келеді: екі деңгей энегриясының айырмашылығы ретінде электрон өз деңгейіне квант энергияны босатып қайтып келеді. Планк формуласы күйінде жазып көрсетуге болады:
мұнда h —Планк тұрақтысы: v және λ- спектралды сызық толқынының жиілігі және ұзындығы, сәйкес спектралды аймаққа электронды орын ауыстыру. Ауысу негізгі деңгейде аяқталатын сызықтар әдетте интенсивтілігі және сезімталдығы жоғары болады. Оларды жиі резонансты деп атайды. Осылай эмиссионды спектрлер атомды-эмиссионды әдісте және жалын фотометриясында қозады.
2.Атомды-адсорбциялық талдауда заттарды атомданырады, бірақ атомдар қозбайды. Бұл атомды бу күйінде атомдар өзі арқылы өтетін резонансты сәулену квантын жұта алады. Нәтижесінде сәулелену қарқындылығы азайып, оны өлшеуге болады. Өзінің квантын жұтып атом қозған күйге, кейін негізгі күйге өтеді, бірақ сәйкес энергия деградацияланады толықындық форма-жылуға айналады. Сызықтық атомдық спектрлердің жекелігі сыртқы электронды қабат және оның электрондармен толуымен анықталады.
Теорияда электрон эенергиясын кванттық сандар және сәйкес белгілермен әр деңгейде көрсету қалыптасқан. Бұл спектр пайда болуына әкелетін электронды ауысуларды сипаттауға көмектеседі. Бұл ауысу «оптикалық электрон»деп аталады. Атомды спектрометрия әдістерінде квант санының орбитальды өзгеруімен электронды ауысулар жүзеге асады.
1 сур. Атомдық спектр пайда болуының негізгі (0) және қозған (I. 2) деңгейлерде себебі электронды ауысулар.
Атомды-адсорбциялық және атомды-эмиссионды әдістер, әсіресе индуктивті байланысқан плазма және электротермиялық атомдандыруды қолданған кезде төмен анықтау шегімен сипатталады
3. Атомды-эмиссионды талдау 70 жуық элементтерді анықтауға мүмкіндік береді, көбінесе металдарды. Ол үшін талданатын сынаманы қозу көзіне ( электрлік доға плазмасы,жоғары вольтты ұшқын, индуктивті байланысқан плазма) енгізеді, ол буланып атомдық күйге өтеді. Атомдар қозып, бастапқы деңгейге келгенде квант бөледі.Жалпы сәулелену сызықтық спектрге бөлінеді. Спектралды сызықтардың сыртқы валентті электрондарының ауысуына жауап беретін орналасуын, қарқындылығын тіркейді. Атомдардың табии функциясы 200-800нм оптикалық аймағында спектралды сызық толқындарының ұзындығы, сандық функциясы- осы сызықтардың қарқындылығы. Өлшеу техникасының сызбасы 2 сур. көрсетілген.
2 сур. Атомды-эмиссионды әдісте өлшеудің блок-сызбасы
1 —қозу көзі: электрлік доға, ұшқын, инертті газдың индуктивті-байланысқан плазмасы;
2 — монохроматор: призма [оптикалық шыны, кварц (УФ үшін)]; дифракциялық тор: 3 — шығу тесігі; 4 — сәулеленуді қабылдағыш: фотоэлектронды көбейткіш, диодты матрица: 5 — күшейткіш-өзгерткіш; 6 — есеп беретін құрылғы.
Жалынның атомды-эмиссионды фотометрияда:
I — газды жалын; 2 — интерференционды жарық фильтр (басқа монохроматорлар).
Атомды-эмиссионды тәсілдің негізгі қолдану аймағы- әр түрлі объектілерден металдарды анықтау.
ИСП-мен атомды эмиссионды талдау. Әдісті ерітіндіден элементтерді анықтауда қолданады. Негізгі артықшылығы – бір сынамадан құрылғының конструкциясына байланысты көптеген элементтерді параллель және кезектес анықтай алу.
7. Әдебиет:
1..Плетенева Т.В. Токсикологическая химия/ ГЭОТАР-Медиа, 2005. – 512 б.
2. Крамаренко В. Ф. Токсикологическая химия / Киев, «Высшая школа», 1989.- 272 б.
3. Швайкова М.Д. Токсикологическая химия/ М., «Медицина», 1975.-376 б.
4.Калетина Н.И. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие для вузов, СD/ М., 2008. – 1016 б.
5. Бабаян Э.А. Наркология/ М.,"Медицина", 1987.-112б.
6. Лужников Е.А. Клиническая токсикология / М.,"Медицина", 1994. – 189 б.
7. Белова А.В. Руководство к практическим занятиям по токсикологической химии/ М., "Медицина", 1976.-231б.
8. Бақылау ( сұрақтар, тесттер, тапсырмалар )
1. Газ-сұйықтық хроматография неге негізделген?
2. Газ-адсорбциялық және газ-сұйықтық хроматографияның айырмашылығы неде?
3. Газ-сұйықтық хроматогрфия әдісінің артықшылықтары.
4. Хроматографтың негізгі түйіндері.
5. Газ-тасымалдағышқа қойылатын талаптар.
6. Хроматографиялық бағаналар. Олардың түрлері. Қойылатын талаптар.
7. Сорбентке қойылатын талаптар.
8. Жалын ионизациясы және жылуөткізгіштігі бойынша детектор.
9. Заттарда анықтаудың негізгі параметрлері?
10. Заттарды сандық анықтаудың негізгі параметрлері?
11. Шыңның параметрлерін анықтау критерийлері негізінде жүргізілетін сандық анықтау.
12. Атомды спектрометрия тәсілдерінде аналитикалық сигналдардың пайда болу сызбасы.
13. Атомды-адсорбциялық спектрометрия ерекшеліктері.
14. Химико-токсикологиялық талдауда индуктивті-байланысқан плазмамен атомды-эмиссиондық спектрометрия тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |