Роберт Кийосаки, Шэрон Лектер
Бай әке, Кедей әке. Кедей ата-ана
оқытпайтын және бай ата-ана
балаларына оқытатын білім!
Кіріспе
«Мектепке жақсы оқып, жоғары білімді ал», — деп ата-аналар балаларына нандырады.
Олар шын жүректен балалырна тек жақсылық тілеп, осы формуланың дұрыс екеніне
сенуде. Мектеп бұрыннан бері өзіңді еркін және табысты сезіну үшін заманауи дүниеде
керекті білімді бермейді. Ойынның ережесін білмегендіктен ата-аналар балаларын
қаржылық игіліктерге әкелетін шынайы өмірге дайындай алмайды. Тіпті бизнес мектептер
де осы ережелерге үйретпейді, жиі шығындарды азайтуды және бағаларды көтеруді
үйретіп, кәсіпорындарды және жалпы экономиканы коллапсқа жетектейді.
Қызыл диплом алып, сізде кедейдің дүниетанымы болса, онда бұл
күні бұрын белгіленген
жеңіліс
. Әрине, классикалық сапалы білімде еш жамандық жоқ, ол да қажет, бірақ ол
нақты табыстылық үшін жеткіліксіз, ал «Бай әке, Кедей әке» кітабының авторы атап
өткендей «тышқан жүгірісі»
үшін
әжептуір мол. Мұндағы «тышқан жүгірісі» дегеніміз –
мемлекеттік қызметте және компанияға жұмыс істеуді, жоғыры жалақы үшін қуғыншы
болып, ол жалақының басым бөлігі салықтарға, шоттарға, несиелерге, заттарға кетеді.
Осы тұйық шеңберден шығу үшін қаржылық сауаттылық және тапқырлық керек.
Роберт Кийосакидің сәті түсті – оның екі тамаша ұстазы болған, екеуіде әлеуметтік
статусқа байланысты екі түрлі қөзқараспен, байлық пен кедейлік, жұмысқа және тағы да
басқа табыстылықтың негізгі аспектілерге деген пікірлерін насихаттады. Кедей әке оны
жоғары жалақылы, әлеуметтік жеңілдіктері бар жұмысты іздеуге үйретті. Ал Бай әке
қаржылық тәуелсіздікке және ақшаның қалайша жұмыс істейтіні туралы түсінуді
үйреткен. Атап айтқанда, Бай әкенің кеңестері Робертке бай адам болуға және алынған
активтердің арқасында істерден зейнетке щыққандай алшақтанып кетуге мүмкіндік берді.
Өзінің кітабында Кийосаки Бай әкеден алған білімімен және өмірлік тәжірибесімен
жомарттана бөлісуде. Өкінішке орай мектепте де үйретпейтіні, жанұяда да үйретпейтіні
туралы сөз қозғайды:
Неліктен біз Пассивтер мен Активтерді шатастырамыз.
Неге тегін жұмыс істеу маңызды болып келеді.
Қаржылық IQ дегеніміз не.
Неліктен сәтсіздік жеңістен құндылығы бойынша кем емес.
Неге біріншіден өзіңе төлеуің керексін және кейін кредиторларға.
Қалайша қаржылық еркіндікке қол жеткізуге болады.
Жоғары жалақы немесе тұрақтылық елесіне алданбау қиын. Бірақ сіз тұйық шеңбер
түріндегі «тышқан жүгірісінен» шыққыңыз келеді ғой? Онда біраз уақытқа тоқтап,
Роберта Кийосакидің ақыл-кеңістерін оқып шығып, сіздің өміріңіз және болжамалы
болашақ қанағаттандырады ма? Деген сұраққа өзіңіздің алдында рас жауап беріңіз. Егер
жауабыңыз – «жоқ» болса, онда ақша үшін жұмыс істеуді тоқтатып, ақша сізге жұмыс
істесін.
1.
«Бай әке, Кедей әке»
Шыны керек кітаптің авторы Роберт Кийосаки жолы болғыш адам. Жоқ, ол үлкен
мұраның мұрагері емес және ауқатты отбасының мүшесі болмаған. Бірақ оның бірден екі
әкесі болған. Біреуі – туған әкесі, беделді және білімді адам, өмір бойы мемлекетке қызмет
етіп, көп жетістікке жетіп, Гавайи штатының білім Министрлігінің басқарушысы болды.
Осыған қарамастан ол ешқашан қаржылай еркін болмаған, сондықтан өзінен кейін
көптеген қарыздар мен төленбеген шоттарды қалдырды. Басқа Әкесі – автордың жақын
досының әкесі - өзінің империясын іс жүзінде нөлден бастап құрған, қаржылық
сауаттылық, тапқырлық және өмірлік даналықтың арқасында. Біреудің қаржылық
дәрменсіздігі және екіншісінің табысқа жету құпиясы олардың ойлау қабілетінде,
дүниетанымдарында жатыр.
Кедей әкенің сөздері:
Бай әкенің сөздері:
Егер жақсы оқысаң, онда сенің сенімді
компанияға жұмысқа орналасуға
мүмкіндігің пайда болады.
Егер жақсы оқысаң, онда сенің сенімді
компанияны сатып алуға мүмкіндігің пайда
болады
Ешқашан ақшамен байланысты
тәуекелдерге барушы болма.
Тәуекелдерді басқаруды үйрен.
Қаржылық мәселелерді отбасылық үстелдің
басында қозғаушы болма.
Отбасылық үстелдің басында қаржылық
мәселелерді талқылау пайдалы.
Менің балаларым бар, сондықтан мен
ақшаны жинай алмаймын.
Менің балаларым бар, сондықтан мен бай
болуға міндеттімін.
Байлар кедейлерге көмектесу үшін салық
төлеуі тиіс.
Жұмыс істейтіндер салық төлеп, ол ақша
ештеңе жаратпайтын адамадарға
шығындалады.
Өзіңнің үйің – бұл ең ірі және сенімді
инвестиция.
Сенің тұратын үйің – инвестиция емес.
Шоттарды бірінші кезекте төлеу қажет.
Шоттарды уақытында төлеу қажет, бірақ ең
соңғы кезекте.
Қазіргі кезде және болашақта мемлекет пен
жұмыс беруші компания тағайындайтын
зейнетақы мен түрлі жеңілдіктер қажетті
көмек және сенімді тірек болуда.
Тек қана өзіңе және өзінің қаржылық
білгендігіне үміттену керек.
Маған бай болуға жолым болмады,
бұйырмады.
Мен бай адам секілді әрекет етемін және
ойлаймын.
Менің бұны алуға шамам жоқ
Мен бұны алудың тәсілдерін іздеймін.
Ақша маңызды емес.
Ақшасы бардың, билігі бар.
Жоғары жалақылы жұмысқа орналасу үшін
көрнекті түйіндеме (резюме) жазу маңызды.
Сізге жұмысқа адамдарды орналасыру үшін
біліп істелген бизнес-жобаларды құруды
білу маңызды.
Менің жинақ құруға шамам жоқ.
Мен жинақты құрмаймын, мен
инвестициялаймын.
Роберт екі әкені сыйластықпен тыңдайтын. Бірақ ол кімнің өмірлік позициясы оған
жақынынырақ және кімнің жолымен жүру керектігі туралы таңдау жасау қаншалықты
маңызды екенін ол ерте түсінді. Автор Бай әкенің дүниетанымын таңдады және ол жайлы
ешқашан өкінбеген. Жоғарыда көрсетілген Бай әкенің принципін ұстана ғана өмірде көп
жетістектерге жетуге мүмкіндік бар, бірақ Роберт оларды үйрену үшін және қолдану үшін
ұзақ жолды өтті.
2. Бай болғың келсе, ақша үшін жұмыс істеме.
Тоғыс жасында жаңа велосипед мініп жүрген және салтанатты жағажайлық үйлерде
демалатын ауқатты сыныптастардың өміріне қарап, Роберт Кийосаки және оның досы
Майкл бай болғылары келетіндігін түсінді. Бұған қоса ақша оларға қашық ересек шағында
емес, тап қазір керек екенін анғарды. Бірақ бір ғана құштарлық аз, ол үшін оларға ұстаз
қажет екендігін байқаған. Кедей әке өзі байыту заңдарын білмейтіндігін мойындап, бұл
мисиядан бас тартты және Майклдің әкесіне жүгінуге кеңес берді, оның айтуынша ол
дарынды және келешегі бар кәсіпкер. Осылай Роберттің өмірінде Кедей әкеден бөлек Бай
әке де пайда болған.
Бай әкенің байға ұқсаймайтынын айта кеткен жөн – ол қарапайым үйде тұрып, қымбат
емес көлікте жүретін. Осыған қарамастан оның бірнеше дүкендері, ресторандары,
қоймалары және бір құрылыс компаниясы болған. Бай әке балаларды байып кетудің
жолдарын үйретуге келісімін беріп, оларға дүкенінде сағатына 10 цент төленетін жұмысқа
алуға ұсынды. Бірнеше апта балалар әр сенбі сайын консервалық банкілерден шаң сүртіп
ынтамен еңбектеніп жүрген. Осы уақыттың аралығында олардың наразылығы өсетін – көк
тиынға жұмыс істеп, Бай әке оларды ештеңеге үйретпеген. Олай келе балалар бүлікке
көтеріліп,
қызметтерін жоғарылауды талап етті. Не біз кетеміз, не жалақымызды көтеріңіз
– деген үзілді-кесілді талап жариялады.
Бұл Бай әкенің бірінші сабағы болған. Олар орта тапқа және кедейлерге жататын көптеген
ересектер сияқты шешім қабылдағанын түсіндірген. Егер жалақысы жетпесе, онда олар не
жалақыны көтеруді сұрайды, не жұмыстан ақшасы көбірек төленетін жұмысқа өз еркімен
кетеді. Ал кейбіреулері көк тиын үшін жұмыс істеуді жалғастырады, себебі олар барын
жоғалтуға қорқады. Олардың барлығын қорқыныш пен ашкөздік басқаруда.
Қорқыныш пен ашкөздік адамдарды «тышқан жүгірісі» қақпанына айдайды.
«Тышқан жүгірісі» - бұл тынымсыз, өмірдің басым бөлігін мемлекеттік қызметке немесе
кәсіпорын иелеріне жұмыс істеп, барлық жалақы сомасының шоттарды, несиелерді,
салықтарды төлеуге, қымбатты заттарға, балаларды оқытуға кетеді. Кейін жалақысы
молырақ жұмысты іздейді, жалықының мөлшерімен бірге қажеттіліктері де өсуде, шеңбер
тұйықталып, тышқан жүгірісі жалғасады. Көбірек ақша қажет – ол шоттар санының өсуін
білдіреді, ол үшін одан да көп жұмыс істеу керек, шығындар өсуде, осылай қаржылық
сауатсыздықтың нәтижесінде қорқыныш сезімі де өсуде. Үлкен ақша сомасы да «тышқан
жүгірісі» шеңберінен автоматты түрде босатпайды. Жай ғана бай болу емес, бай адам
секілді ойлау қажет, әйтпесе сіздің ақшаңыз ұзаққа сақталып қалмайды. Лотереяда женіп,
ештеңесіз қалғандардың саны қанша!
Балаларға кетуден басқа шешім қалмады, жалақының көтерілуіне дейін қалу – тұйыққа
тірелумен бірдей. Бай әкенің кеңесі парадоксалды естілді – ол тегін жұмыс істеуді
ұсынып, еңбекақының мөлшеріне назар аудармай, сананы ақша табудың жаңа
мүмкіндіктеріне ашуға жағдай туғызатынын ескерткен.
Дәл осылай болып шықты, Роберт пен Майкл дүкеннің жұмысын бақылап, дүкен
жеткізушілерімен кәдеге жаратуға лайықты сатылмаған комикстерді оларға беруді келісіп,
жастас балаларға арналған кітапхана ашты. Бай әке төлей алатын еңбекақымен
салыстырғанда олардың табысы әлдеқайда көп болған. Тіпті, олардың жаға кітапхана
кәсібі олардың қатысуын қажет етпеді – ұлдар кітапханашы ретінде құрбы қызды
жұмысқа алып, өздері дүкендегі жұмыстарын жалғастырды. Олай болса, балалар
байлардың ақша үшін жұмыс істемейтінін түсініп, ашкөздік пен қорқыныштан
босанған әлеует пен ынта жоғары жалақыдан маңыздырақ екенін үйренді.
Егер сіз «тышқан жүгірісі» қапқанына түскеніңізді сезінсеңіз, онда ең дұрыс шешім – бұл
тоқтап, өзініңіздің әрекеттеріңізге қайта бағалау жасау. Егер бір нәрсе үнемі нәтиже
әкелмесе, онда мүмкін басқа іспен айналысқаныңыз жөн болар?
3. Неліктен қаржылық білім маңызды
Бай Әке қаржылық сауаттылықты жастайынан үйрету қажет екеніне сенімді болған.
Өкінішке орай, мектеп нені үйретсе де, ақшаны дұрыс басқаруды үйретпейді. Нәтижесінде
ересектер ақша туралы балалардан артық білмейді. Ол тіпті қаржылық мамандықты
меңгерген мамандарға да қатысты, әйтпесе бухгалтерлер мен банкирлер бұрыннан бері
бай болушы еді. Себебі қаржылық сауаттылығының әртүрлі аспектілеріне мән беру керек,
тек қана цифрларды санау ғана емес, сонымен қатар олардың тарихын білу маңызды.
Қайржылық IQ-ді көтеріңіз:
-
Бухгалтерлік есепті оқыңыз. Ол әр бизнестің теріс жағын білу үшін кажет.
Бухесепті бизнестің рационалды аспектісі ретінде сипаттауға болады.
-
Инвестициялауды үйреніңіз. Инвестицияларды бизнестің творчестволық аспектісі
ретінде сипаттауға болады.
- Нарықты зерттеңіз, cұраныс пен ұсыныс - ол қалай тіршілік етіп, несімен күн
көруде.
- Заңды оқыңыз. Оны білсеңіз, заңды түрде салықты тиімді төлеуге мүмкіндік туады,
соттың қарауынан қорғанасыз.
Қаржылық IQ-ді не үшін көтеру керек, өйткені бухесеп– бұл ең қызықты істерінің бірі
емес, ал қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру үшін біршама уақыт пен қаражат қажет
қой? Біріншіден, талғамыңыз болу үшін және қорқыныштан құтылу үшін. Қазіргі заманғы
әлем әрқашан өзгеруде, көптеген адамдарды бұл жайт қорқытады. Мұнайға баға түсіп,
қаржылық дағдарыстар өрбіп, жаппай жұмыстан шығару орын алуда. Егер осы мұхитта
желдің қарқынынан бір жақтан екінші жаққа кішкентай сабан талы секілді болсақ, онда,
әрине, үрейге толы және жайсыз сезімде боламыз.
Қаржылық сауаттылық ахуалды өз қалауыңыз бойынша бақылап, тіпті ең күрделі
экономикалық жайғдайларда өзіңізге пайда табуға мүмкіндік береді. Дәл солай,
жетпісінші жылдардағы дағдарыс кезінде Роберттің әл-ауқаты зардап шекпей, керісінше
көп есе көбейген еді. Ол төмен бағаларға банкроттықпен айналысатын заң фирмаларынан
жылжымайтын мүлікті сатып алып, кейін оны қымбат сатып, бірақ бағасы нарық
бағаларынан төменірек болғандықтан сатып алушалар көп болды. Осылайша, мәмілелер
бірінен-бірі жасалып, іс жүзінде бірде-бір цент салмай, ол қысқаша мерзімде өте үлкен
ақша сомасын тапты. Яғни, қаржылық интеллект ақшаны тез табуға да жағдай туғызады.
Әрине, бір жайдайдағы, уақыттағы, заң кеңістігіндегі табыс басқа жағдайларда қолайлы
емес болуы мүмкін. Сондықтан, біз Робертті үлгі етіп жүруге шақырмай, қаржылық
сауаттылықтың арқасында қалайша басқалар көрмей жүрген нәрселерді байқап,
максималды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қаржылық IQ әрі қарай алдыға жылжу үшін негіз беріп, сенімді тәуекелге баруға жағдай
туғызады. Әдетте бай адамдар өжет болады, бірақ олардың өжеттілігі білгендігіне
негізделеді. Сонымен қатар, олар қателесуден қорықпайды, себебі олар қателікті
жеңіліс түрінде емес, сабақ ретінде қарастырады. Осында стандартты мектептік
білімнің тағы бір кемшілігі шығады – балаларды қате жасамауға үйретеді, алайда адам тек
қате жасағанда ғана дүниені танып ашады.
Қаржы
ағымдарының
қозғалысын
зерттеп,
активтерге
ие
болыңыз
Табыстың ең басты ережесі: егер бай болғыңыз келсе – активтерді иемденіңіз.
Осындай маңызды сабақты Робертке оның Бай әкесі берген екен. Сонымен бірге активтер
мен пассивтердің айырмашылығын білу өте маңызды. Актив сізге ақша әкеледі. Пассив
ақшаңызды «жейді».
Адамдардың бай бола алмаудың себебі - олар Активтер мен Пассивтер ұғымдарын
шатастырады. Мысалы, көпшілік тұратын үйді сәтті капитал салымы мен актив деп
санайды. Бірақ шын мәнінде, бұл Пассив, өйткені ол сізге табыс әкелмей, тек
шығындарды ұлғайтады (коммуналдық төлемдер, салықтар, сақтандыру төлемдері,
пайыздарды төлеу). Сондай-ақ, кредиттік карталар Пассив болып табылады, машиналар
және тағы да басқа тұрақты шығындарды талап ететін, үнемі бағасы төмендейтін
нәрселерді айтамыз (Жаңа автокөлік автосалоннан шыққан кезде, ол бір ширекке (25%)
дейін арзандайды). Активтер — бұл бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зияткерлік
меншік үшін қаламақы, сіздің қатысу не қатысуынсыз өздігімен жұмыс істейтін бизнес.
Ақпараттың
тым
артық
болуынан,
адамдар
кейбір
мәселелерді
соншалықты
күрделендіріп, тіпті өздері де кейін шеше алмайтын жағдайға тап болады. Бай Әке
балаларға максималды түрде қолжетімді және жеңіл сызбалар мен тәсімдер (схема)
арқылы ақшаның және ақша ағымдарының қалай жұмыс істейтінін түсіндіруге тырысқан.
Ақша ағымдарының қозғалыс схемалары
1. Кедей адамдардың ақша қозғалысы (Еңбекақы – Шығындар).
Табыстар
(Еңбекақы)
Активтер
Шығындар
(тамақ, салықтар, коммуналдық төлемдер,
демалу және т.б.)
Пассивтер
Кедейлердің табыстары өскен сайын шығындары да автоматты түрде өсе бастайды.
Шығындар. Олар демалуға, тағамдарға, киімге шығырндарын арттырады.
2. Орта тап адамдардың ақша қозғалысы (Еңбекақы – Пассивтер – Шығындар)
Табыстар
(Еңбекақы)
Активтер
Шығындар
(салықтар - Мемлекет, тамақ, кредиттер,
коммуналдық төлемдер, демалу және т.б.)
Пассивтер
(сіз тұратын пәтер немесе үй, автокөлік,
несиелер мен несиелік карталар – Банк)
Ақшалары көбейген адамдар үйді сатып алып, оны жиһазбен жабдықтап, автокөліктерді,
кредиттерді алады. Алынған Пассивтермен қоса Шығындар көбеюде: меншікке жаңа
салық, несие бойынша пайыздар төленіп, автокөлікке сақтандыру төленеді, бағасы
төмендейтін меншікті ұстауына, күтуіне ақша жұмсалады. Яғни, одан да көп ақша табу
қажет – жаңа «тышқан жүгірісі» шеңберіне қош келдіңіз.
3. Бай адамның ақша қозғалысы (Активтер - Табыстар)
Табыстар
(бағалы қағаздардан табыс, банктік
пайыздар и т.б.)
Активтер
(бағалы қағаздар, жалға берілетін
жылжымайтын мүлік, қатысуынсыз
өздігімен жұмыс істейтін бизнес және т.б.)
Шығындар
Пассивтер
Бай адамдар Пассивтер мен Шығындарды азайтып, Активтерді ұлғайтады. Атап
айтқанда, Активтер ғана табыстар бабына жатады, еңбекақы емес. Олардың қаржылық
еркіндігінің себебі осында. Бай адамдар алдымен өздерін Активтермен қамтамасыз етіп,
кейін ғана армандаған көлігін, салтанатты үйлерін сатып алады. Кедей адамдар керісінше
– бірден қарызға қымбат көлік алып, шығындарын одан да көбейтеді.
Өз өзіңізге жұмыс істей бастаңыз
Өткен тарауда ұсынылған схемаларын байқағандай, орта тап, әдетте, жұмыс берушіге
жұмыс істейді (компания иесін байытады), Мемлекетке (салықтарды төлеп) және
Банктерге (сатып алынған заттары үшін ірі несиелерді төлеп). Бай болып, «Тышқан
жүгірісінен» қашқыңыз келсе — өз-өзіңізге жұмыс істей бастаңыз! Дәл солай Бай Әке өз-
өзіне жұмыс істеп, жас ізбасарларына да істеуге шақырып, кеңес берген. Сондықтан
Роберт болашақта осы жолды таңдады.
Өз-өзіңізге жұмыс істей басталысымен, сізге шынымен қызықты салаларды
таңдаңыз.
Өз профессияңыз бен бизнесті ажырай біліңіз. Жұмыс орныңызды тастамай, жеке
Активтерге ие болып, оларға жалақыңызды салуға болады. Сіз банк қызметкері болып
(профессия), жылжымайтын мүлікті сату мен сатып алумен айналыса аласыз. Дәл солай
Роберттің жолы басталды – ол ірі компанияда жұмыс істеп, сонымен қатар қосымша
Активтерді сатып алумен айналысты. Өз-өзіңізге жұмыс істеу ол міндетті түрде өз
компанияңызды ашу емес. Жаңа бизнесті нөлден бастап ашу әркімнің қолынан келе
бермес – және бәріне де қызықты болмас.
Қаржылық сауаттылықты арттырыңыз және салық төлемдерін оңтайландыруды үйреніңіз.
6. Кім қалай салық төлеуде
Бай Әке салық жүйесі туралы жиі сөз қозғайтын, АҚШ-да өте ұзақ мерзімде тұрақты
салықтар болмағандығы туралы және тек бөлек әскери салықтық төлемдер болғандығы
туралы
айтатын.
Тек 1913 жылы 16-шы конституциялық өзгерту шығып, тұрақты табыс салығын
заңдандастырған. Осы өзгертулерді енгізудің қажеттілігін Мемлекет байлар кедейлерге
көмек көрсетуі тиіс, өз табыстарымен бөлісуі керек деп түсіндірді. Бірақ іс жүзінде
барлығы соншалықты оңай және тамаша болмаған. Мемлекеттің тәбеті өсуімен жалғасты.
Көп кешікпей салықтарды орта тап та төлеп, кейін аз қамтылғандарға да жақындай
бастады.
Байлар — ақылды адамдар, биліктері және қаражаттары бар ең аз шығындармен кез
келген жағдайдан шығуды өте жақсы біледі. Олар не істеді? Олар корпорацияларды
ұйымдастырып, тек қана инвестициялық тәуекелдерді емес, сонымен бірге салық
ауыртпалығының басым бөлігін өздерін босатты (корпорациялар аз салық төлейді).
Өзінің көптеген заңгерлер мен бухгалтерлерді қосып, олар заңдық нормалар мүмкіндік
беретін салықтық жеңілдіктерді алуда.
Дәл осы уақытта орта тап және кедейлер – арнайы олардың әл-ауқаты үшін
құрылған салық жүйесі бойынша – күннен күнге салықтарды көбее төлеуде. АҚШ-да
орта таптың өкілі орташа алғанда 1 жылда 5-6 ай салықтар үшін жұмыс істейді. Өзіңіздің
қаржылық IQ-ді қосыңыз және заңды түрде салық төлемдерін азайтыңыз – бай адам
секілді әрекеттей бастаңыз. Егер сіз бұны қалай істеу керектігін білмесеңіз, онда
мамандарға жүгініңіз – заңгерлер, салық консультанттары, олардың қаламақысы жүз есе
қайтады.
7. Тәжірибе тұрақтылықтан қымбат
Кедей Әке таңдалған қызмет сатысы бойынша жоғарыға өсуге талпынуға кеңес беретін, ал
Бай Әке жұмыс орнын жиі ауыстырып, өз ой-өрісін және мамандандыруды кеңейту
дұрысырақ деп сендіретін. Қоршаған болмысымыз Бай Әкенің дұрыс екендігін дәлелдейді
– әлемде қаншама талантты, бірақ кедей біржақты мамандар бар, олар бір сәйгүлікке үміт
артуда. Қаншама біртуар спортсмендер мансабының өркендеу кезеңінде миллиондарға ие
болып, кейін өмірде басқа ештеңені істей алмағандықтан бейшара күн көруге мәжбүр
болды. Сіз бір салада данышпан бола аласыз, бірақ өмір жолында көпті шала-пұла
үйренген адамдар қайсыбір салаларда тез бейімделеді.
Тіпті творчествалық адамға, мәселен данышпан суртешіге немесе жазушыға қосымша
көршілес мамандықты немесе олардың кәсібінде сәтті сатуға немесе жарнамалауға
мүмкіндік беретін дағдыларды үйренгені пайдалы болар.
Сізге қызықты негізгі мамандықтан басқа, өміріңіздегі әртүрлі үрдістерді және жүйелерді
басқару маңызды болып келеді. Сонымен қатар ақша қозғалысын басқару, адамдарды
басқару, өз-өзіңізді басқару және уақытты басқару дағдыларын үйрену қажет.
Қазіргі заманғы әлем – бұл ақпарат әлемі екендігін ұмытпауымыз керек. Ақпарат
маңызды, ол сатылады және сатып алынады. Яғни, білімге құмар болып, білім алуда
тоқтамай дүниені тану жолында ерінбеу қажет.
8. Адамдарға бай болуға не кедергі болуда?
8.1 Сәтсіздіктен мен шығындардан қорқу. Қорқыныш табиғи сезім – кедей болсын, бай
болсын, ешкім де ақша жоғалтуды жақсы көрмейді. Бірақ қорқыныштың көзіне қарап,
сәтсіздіктерге басқа тұрғыдан қарауды үйрену керек.
Ештеңе істемейтіндер ғана ұтылмайды, яғни тек кедейлер ғана ұтылады.
Ұлы өнертабысшы Томас Эдисон былай айтатын: «Мен жеңілуді жек көретінмін, мен тек
жай ғана 10000 жұмыс істемейтін тәсілді таптым». Онымен қоса: «Табысқа ең тиімді
жолдарының бірі – қайтадан бір рет байқап көру»
Тек жеңістерді ғана емес, сонымен бірге жеңілістерді де мақтан тұтыңыз.
Ертерек әрекеттенуге тырысыңыз – балаларыңызға осыны түсіндіріңіз, себебі жастарға
сәтсіздіктерден кейін қайта аяққа тұруға әлдейқайда оңайырақ, өйткені олардың капитал
табуға уақыттары көбірек болады. Бірақ бастауға ешқашан кеш емес, мысал ретінде
зейнетке шыққаннан кейін KFС компаниясының негізін қалаушысын есімізге түсіруге
болады. Егер сонда да сіз тәуекелдің алдында қорықсаңыз, онда тәуекелге бармаңыз - -
қауіпсіз капитал салымдарын жасаңыз. Олардан түскен табыс әдетте анағұрлым аз болса
да, ештеңеден гөрі бұл жақсы.
8.2 Сананың жалқаулығы. Жалқаулық — бұл тек диванда жату ғана емес. Көптеген
адамдар, таңертеннен түнге дейін офиста, демалыс күндері жұмыс істеп, бос уақыттарын
әртүрлі хоббимен айналысқанымен де қалай бай болу үшін ойлауға тым жалқау болып
келеді. Олар өздерін қолға алудың орнына, өмірлерін құрбандыққа шалғандай болып
жүреді. Өмірге деген көзқарасыңызды жеңілгеннің ролінен жеңгеннің роліне өзгертіңіз.
Сіз бір нәрсеге қол жеткізе алмаймын деп ойламай, сіз ол нәрсеге қалай қол жеткізе
алатыныңыз туралы ойланыңыз. Ақыл-ойдың жалқаулығымен саналы өзімшілдік,
эгоизм көмектесе алады. Өз фантазияңызға шектеу қоймай, ғажайып өміріңізді
елестетіңіз. Бізді бала кезімізден бастап ең алдымен біреу туралы ойлау керек деп
үйреткен болатын. Бірақ өзіңіз жайлы және өзіңіздің берекеңіз туралы ойлаудың еш
жамандық жоқ.
8.3 Өз-өзіңізге сенбеушілік. Сәтсіз уақыт туралы, дағдарыс туралы, амалсыз жағдайлар
туралы хабарлайтын әріптестерден, көршілерден, достардан, бұқаралық ақпарат
құралдарынан абстракциялаңыз. Әсіресе егер бұл біліксіз адамдардың көзқарасы болса.
Осы барлық алдын ала ескертулер мен қорқытулар сіздің және көпшіліктің берекесін
қашырады. Күмәндантын адамдар сынаумен айналысады (өз-өздерін
және
басқаларды), ал өз-өздеріне сенімді адамдар – анализбен айналысады. Өз-өзіңізге
сеніңіз және «басқалар» секілді істемеңіз. Байлар тобырдың артынан жүрмей,
барлығы сияқты шешім қабылдамайды, себебі жиын топтың жолын қусаңыз
мақсатыңызға бірінші болып жете алмайсыз. Мүмкіндіктер тұрақты түрде пайда
болып, бірі келіп, келесілері кетіп қалуда. Сондықтан айырылған мүмкіндікті қайта
пайдалануды асықпаңыз (олардың уақыты таусылған болуы ықтимал), жаңаларын іздеңіз.
8.4 Зиянды әдеттер. Біздің ойымызша әдеттер – біздің өміріміздің бейнесі, бірақ шын
мәнісінде біздің өміріміз – әдеттеріміздің бейнесі. Байларға тән емес және кедейлерге
тән әдет: бірінші басқаларға төлеп, кейін ғана өздеріне төлеу. Орта тапбіріншіден
кредиторлардың, мемлекеттің шоттарын төлеп өздерінің ұқыптылығын мақтан тұтады
Осыдан кейін болашаққа саламын деген ақша қалмай, бұл жағдай оларды аз ғана
қынжылтады. Сондықтан кедейлердің ақша ағымы өзінің қозғалысын Шығындар
бабында (бағанында) тоқтайды.
9
Байлар ой өрісі бойынша алдымен «өздеріне төлейді» және өздерінің қызығушылықтарын
қамтамасыз етіп, ақшаны Активтерге және бизнесті дамытуға салады, содан кейін ғана
басқаларға төлейді. Олар да шоттарды уақытында төлейді (салық қызметі және
банктермен проблемалардың болуын қаламайды). Ал егер бұған ақшасы жетпеген
жағдайда, олар жаңа кіріс көздерін іздеп, қаржылық тапқырлықты іс жүзінде қолдануға
қосымша ынта алады. Сондықтан бай адамдардың ақша ағымы циклді түрде Табыстар
бабынан (бағынан) Активтер бабына (бағанына) және қайта кері қозғалады.
Кедейлердің тағы бір жаман әдеті – шоттарды төлеу үшін өздерінің жинақтарынан ақша
алады. Байлар өздерінің жинақтарын, қорларын тек ақша істеу үшін ғана жұмсайды.
8.5 Надандық және өзіне өзі сенушілік. Бұл қауіпті коктейль. Өзіне сенушілікте ештеңе
жаманы жоқ, бірақ қаржылық сауатсыздықтың әлсіз фундаменті негізінде қаланған ол,
қаржылық әл-ауқаттылығы бар мықты ғимаратты салуға мүмкіндік бермейді.
Мақтаншақтық, батылсыну және адыраңдық – дәулеттілік жолында жаман одақтастар.
9. Бай болу үшін не керек?
9.1 Күшті ынта. Байлық қандай бонустарды әкелетіні жайлы ойлап көріңіз – еркіндік,
денсаулық, қамтылған қарттық, жанұямен көбірек өткізген уақыт.
9.2 Таңдау жасау өнері. Бай болу — бұл таңдау,білімді болу — бұл таңдау, хабардар
болу — бұл таңдау, тәуекелге бару — бұл таңдау. Қорқыныш салдарынан жұмыс істеу —
өзіңізді таңдаудан айыру.
9.3 Тез оқытыла білу. Барлығы өте тез өзгеруде, сондықтан өте тез оқытылу қажет. Жаңа
ақпаратқа санаңызды ашыңыз, қазіргі заманда тек мектеп және жоғарғы оқу берген білім
жеткіліксіз. Тоқтамаңыз — жақын, шектес салаларды зерттеңіз, алуан түрлі курстарға
қатысыңыз, өз-өзіңізді дамытыңыз, жаңа идеяларды іздеңіз, сізге керекті салаларды жақсы
білетін адамдармен араласыңыз.
9.4 Өз-өзіңізді бақылау. Бұл дегеніміз не? Сіздің шамаңыз жетпейтін заттарды алмау,
және олардың кесірінен қарыздарға батпау. Уақытты тиімді жоспарлау. Қолыңыз бос
болмаған кезде де білімге және денсаулыққа уақыт табу. Қарыздарға батпай, әрқашан
алдымен өзіңізге төлеу. Көпшіліктің қысымына төтеп беріп, өз-өзіңізге адал, сенімді
болыңыз.
9.5 Білімімен бөлісе алатын Достар. Ешбір жағдайда материалдық ауқыттылық
бойынша дос таңдауды шақырмаймыз. Бірақ әр досыңыз біліммен бөлісіп, сізді бірдеңеге
оқыта алатындай болғаны маңызды. Табысты достарыңыздан ақша немесе жұмысты
сұрамаңыз, олардан ақыл-кеңес сұраңыз.
9.6 Сарапшылардың көмегі. Өзіңізді профессиналдармен қоршап алыңыз. Сізден ақылы
басым адамдарды басқаруды үйреніңіз (кем дегенде нақты бір салада). Білікті кеңесшілер
— агенттер, брокерлер, консультанттар, бухгалтерлер —олар ақшаны тауып және оны
үнемдей алады, олардың қызметтеріне кететін шығындар әкелетін табыстарға қарағанда
әлдейқайда аз болады. Сіздің кеңесшілеріңіз сіздің бизнес-мүдделеріңізді қолдап,
теоретик емес, практик болғаны дұрыс.
9.7 Барлық нәрседен пайда мен Активтерді табу білу. «Макдолнальдс» империясын
негізін салған Рэй Крок тек өзінің тез тамақтану ресторандарының әйгілігіне және
сатылатын сэндвичтердің сапасына ғана үміт артпай, сонымен қатар әйгілі франшизаның
ресторандары орналасатын жылжымайтын мүлікке де назар аударған еді.
9.8 Рольдік модельдер. Бизнесте өзіңіз пір тұтатын кумирды табу пайдалы болып келеді.
Сіз ұмтылып жүрген биіктерді бағындырып үлгерген адамның бар екендігі, сізді
рухтандырып, өзіңіздің күшіңізге сенуге мүмкіндік береді. Беделді адамдар сіздің
арманыңыздың шынайы екенін түсінуге көмектеседі, олардың биографиясы және ойлары
көпті үйретуі мүмкін.
9.9 Бөлісе білу. Жомарт болыңыз — біліммен бөлісіңіз, ақшамен, уақытпен. Егер сіз
бұны риясыз істесеңіз, онда ғажайып өмір заңдары бұл қаражаттарды және салынған
күшіңізді артығымен қайтарар.
Қорытынды
Дүние жүзінде көптеген адамдар «тышқан жүгірісі» деп аталатын тұйық шеңберіне түседі.
Олар кімге болсын біреуге жұмыс істейді: Банкке, компанияның иесіне, Мемлекетке, —
бірақ өз-өздеріне емес. Нәтижесінде не алады? Шағын зейнетақы және инфляция жеген
жинақтарыңыз. Егер жалақы — сіздің жалғыз ғана табыс көзі болса, онда сіз қауіпті
жағдайдасыз. Ешқандай қаржылық еркіндік туралы сөз қозғау мүмкін емес. Адам қалайша
еркін бола алады? Егер кез келген жағдайда жұмыстан айырылу ықтималдығы болса, бұл
дегеніміз табыстан айырылу, яғни ол жұмыс берушіге толықтай тәуелді болуда.
Жинақтардың болуы әрине жақсы, бірақ бұл жеткіліксіз екені анық. Жоғары жалақысы
бар жұмысты іздеу — ол да «тышқан жүгірісі» жолынан шығу емес, проблеманы
уақытылы шешіп, тек сатып алу тәбетін арттырады, сонымен, қосымша несиелерді және
қарыздарға әкеліп соқтырады. Қапқаннан шығуға келесі қадамдар көмектесе алады:
- Өз-өзіңізге жұмыс істей бастаңыз. Негізгі жұмыс орныңызды босатуды міндеттемейміз,
бірақ оны пайда әкеліп тұрған бизнес түрінде емес, профессия түрінде қарастыру қажет.
- Жұмыс орнын өзгертуді қорықпаңыз — жалақыға қарағанда, тәжірибе маңыздырақ.
- Активтерді тауып, Пассивтермен шаттастырмаңыз. Активтер ақша әкеледі, Пассивтер
ақшаны алады. Активтер бабын арттырыңыз және Пассивтер бабын азайтыңыз.
- Қаржылық сауаттылығыңызды жетілдіріңіз: бухгалтерияны оқып біліңіз, салық жүйесін,
заңнаманы, инвестиялауды үйреніңіз. Бұл жағдайда сізге кітаптар, курстар, видео және
аудиосеминарлар, білетін адамдармен араласып сөйлескені көмек бола алады.
- Ешқашан оқуыңызды тоқтатпаңыз және тез оқыңыз, себебі әлем әрдайым өзгеруде, олай
болса ережелер де өзгеруде. Мектептік және университеттік білім өмір соңына дейін
қажет деп ойламаңыз, өйткені ол байлық жолының бастауын да жеткіліксіз.
- Жүйелерді басқаруды үйреніңіз: адамдарды, Активтерді, өзіңіздің уақытыңызды.
- Салық төлемдердің заңды азайту жолдарын іздеңіз.
- Біріншіден өзіңізге төлеңіз, кейін ғана Банктерге және Мемлекетке. Бұл жаңа кіріс
көздерін іздеуге қосымша ынта болады. Шоттарды төлегенде ешқашан жинақтар
сомасынан төлемеңіз, оларды тек Активтерді сатып алу үшін шығындаңыз.
-
Профессионалды
сарапшыларды
іздеңіз
—
агенттерді,
брокерлерді,
салық
консультанттарды, бухгалтерлерді. Егер олар шынымен жақсы болса, онда үнемдемеңіз,
себебі олар Активтер бабын арттыруға көмектесуде.
- Барлық жерде мүмкіндіктерді іздеңіз, әсіресе қадам баспаған жолдарға назар аударыңыз,
тек солай ғана үлкен ақшаны табуға болады. Байқағыш болыңыз.
- Жеңілістерден қорықпаңыз — әр бай адам оларды өткерген еді. Сәтсіздіктерді қалай
қабылдайтыныңыз маңыздырақ. Оларды сабақ ретінде қарастырып, жеңістерден кем емес
мақтан тұтыңыз.
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |