Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет12/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

(“Жұлдыз”, 1970, № 3. 
Аударған Қ.Мырзалиев). 
 
Рух қандай, идея қандай! 
Өзі  өмір  сүріп  отырған  кезеңдегі  өнер  туындыларын  дер  кезінде 
дәл  басып,  дөп  бағалау  екінің  бірі  жасай  алатын,  оңай  шаруа  емес. 
Белинский  ұлылығы  Лермонтов  даналығын  көре  білуінде  болса, 
Айтматов жөніндегі Әуезов қамқорлығын да осы орайда ұқсақ керек. 
Сыншыл ойдың жітілігі, ғалымдық, парасаттылық, біліктілік күнбе-
күн 
әдеби 
құбылыстағы 
кездейсоқтықтан 
заңдылықты, 
жазымпаздықтан таланттылықты ажырата білуде, бірін жерлеп мансұқ 
етіп,  екіншісін  мәпелей,  өсіре  білуде  жатқаны  хақ.  Әйтпесе  көңіл 
жықпастықпен  яки  бір  бұлақтың  суын  іштік  деген  пендешілікпен  яки 
ойсыз  талғамсыздықпен  дүмбілез  дүниені  қорғау  -  өнерге  жасалған 
қиянат. 
Зерттеудің  ең  көлемді  тарауы  қазіргі  дәуір  әдебиетіне  арналған, 
мұнда  1956-1966  жылдар  аралығы  қамтылып,  көптеген  шығармалар 
туралы  пікір  айтылады.  Артық-кем  байламдар  туындылардың  таяу 
арада  жазылғандығынан,  оларға  уақыт  бағасы  әлі  берілмегендіктен 
деп түйсек, әдебиет тарихы мойнындағы жүкті жеңілдетіп жіберер едік. 
Соңғы  жылдары  туған  роман  саны  100  қаралы  болыпты.  Осылардың 
бәрі  шын  талант  қолынан  шыққан  нағыз  өнер  дүниелері  ме?  Жоқ! 
Күлді-көмеш, піспеген, қайнамаған нәрселер толып жатыр. Совхоздың 
жоспарын қалай орындағаны жайлы бірер мақала жаза сала, повеске 


 
78 
ауыз  салушылар,  көркемдіктің  әліп-биін  үйренбей  жатып,  бұрқ-бұрқ 
роман  берушілер  көбейіп  кетті.  Дуалы  шалдар  -  Әуезовтің, 
Мұқановтың,  Мұстафиннің,  Мүсіреповтің  анау  жылдары  одақты 
дүркіреткен  күрделі  шығармаларының  өкшесін  баса  шыққан  жаңағы 
қырықтар мен жүздердің ішінен өзге жұртқа ұялмай ұсынуға қайсысы 
шыдар екен? 
Бүгінгі  әдебиетіміздің  хал-жағдайын  баян  ететін  тарауда  сұрқай, 
нашар  шығармаларды  сынай  қамшылап,  олардың  тақырыбын  желеу 
ете  сөйлеу  етек  алған.  Автор  өзі  бастан  кешкен  өмірлік,  шындық 
фактілерді  қаламгерлік  қиялмен  тербеп,  мәдениетті  суреткерлікпен 
жазған,  соғыс  өмірін  реалистікпен  бейнелеген  “Қаһарлы  күндер” 
сияқты  шығарманың  сөз  арасында  ғана  ауызға  алынуы  дұрыс  емес. 
Жетістігі қайда, кемшілігі қайда – талдау керек еді. 
Қазіргі  қазақ  поэзиясының  белді  өкілдері  шығармаларындағы 
негізгі  тенденциялар  дәлелді  айтылады.  Драматургияның,  сынның 
актуалды мәселелері орайында бірқыдыру топшылау бар. 
Монографиялық портреттер әр түрлі стильдік ыңғайда жазылған: 
Мүсіреповтің  шеберлігі  көбірек  сөз  болады;  Мұстафиннің  күрделі 
шығармалары ойлы сарапқа түседі, Аманжолов поэзиясы жайлы ақын 
тебіренісі  бар;  Жароковтың  өлең  өрнектері  зерттеледі;  Тәжібаев, 
Орманов, Тоқмағамбетов шығармалары талданады. 
Үлкен 
ғылыми 
еңбекте 
жаңсақ 
байламдар, 
орынсыз 
топшылаулар, орашолақ сөйлемдердің жиі кездесуі қынжылтады. Бірер 
мысал.  “Ал  түбі  өсетін  өренге  айналар  ақын  алғашқы  шақтағы  жылт 
еткен  шоқтарын  кем-кемдеп  үрлей  береді  де,  ұзамай  өз  ошағынан 
маздап  көрінер  отқа  айналдырады”  (І  кітап,  387-бет).  Не  түсіндіңіз? 
“С.Жүнісовтің  “Жапандағы  жалғыз  үй”  атты  романының  да 
композициялық  бітімінде  жаңаша  көркемдік  жүрістер  бар”  (ІІ  кітап, 
108-бет).  Көркемдік  жүрістер?  “Терең  зерттеген”,  “Үлкен  суреткер”, 
“Үлкен шабытпен жазылған үлкен табыс”, “Көрнекті шығарма”, “Көшті 
жетектеген”, “Алтын қорына қосылған” деп келетін сөздерді орынсыз, 
бей-берекет,  жауапсыз  қолдану,  қажетсіз  қолпаштау  сарыны  да  әр 
жерде шаң беріп қалған. 
Тұтастай  алғанда,  екі  кітапта  туған  әдебиетіміздің  жарты 
ғасырлық  жолы,  ұлылы-кішілі  суреткерлердің  өнерпаздық  тағдыры  
кеңінен баяндалып, кезеңдік, дәуірлік құбылыстарға, жеке жазушылар 
шығармашылығына 
объективті 
баға 
берілген. 
Ғалым-
сыншыларымыздың  бір  тобы,  Әдебиет  және  өнер  институтының 
ұжымы бағалы зерттеу жұмысын тәмамдаған. 
 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау