9.36-кесте - (9.94)-формула бойынша анықталған тәуліктік мөлшердің мәні
Тоспа судағы ББЗ-дың бастапқы концентрациясы, мг/л
|
ББЗ, мг/г шөгіндінің құрғақ затының болуы
|
Біріншілік тұндырғылардың шөгіндісі
|
Артық белсенді тұнба
|
5
|
5
|
5
|
10
|
9
|
5
|
15
|
13
|
7
|
20
|
17
|
7
|
25
|
20
|
12
|
30
|
24
|
12
|
Егер шөгіндінің берілген ылғалдығы үшін (9.94)-формула бойынша анықталған тәуліктік мөлшер мәні 9.35-кестеде көрсетілген мәннен кем болса, онда жүктеме мөлшерін ескере отырып, метантенктің сыйымдылығын түзету керек, егер тең немесе артық болса – түзету жүргізілмейді.
9.11.3.14 Жүктелетін шөгіндінің зольсыз затының ыдырауын Rr, %, жүктеме мөлшеріне байланысты, мына формула бойынша анықтау керек:
(9.95)
мұнда Rlim – жүктелетін шөгіндінің зольсыз затын мүмкіндігінше максималды ашыту, %, (9.96)-формула бойынша анықталады;
Кr – шөгіндінің ылғалдығына тәуелді және 9.37-кестеден алынатын коэффициент
Дmt – жүктелетін шөгіндінің мөлшері, %, 9.11.3.12-бөлімге сәйкес алынады.
9.11.3.15 Жүктелетін шөгіндінің зольсыз затын мүмкіндігінше максималды ашытуды, Rlim, %, шөгіндінің химиялық құрамына байланысты мына формула бойынша анықтау керек:
(9.96)
Мұнда, Cfat, Cgl, Cprt – сәйкесінше майлардың, көмірсулардың және белоктардың болуы, шөгіндінің 1 г зольсыз затына г.
Шөгіндінің химиялық құрамы жөнінде мәлімет болмаса, Rlim шамасының мәні:
- біріншілік тұндырғылардың шөгінділері үшін - 53%;
- артық белсенді тұнба үшін - 44%;
- белсенді тұнбасы бар шөгінді қоспасы үшін - зольсыз зат бойынша араластырылған компоненттердің орташа арифметикалық қатынастарына сәйкес.
9.37-кесте - Шөгіндінің ылғалдығына тәуелді коэффициенттің мәні
Ашыту режимі
|
Коэффициента Kr мәні, жүктелетін заттың ылғалдығы %
|
93
|
94
|
95
|
96
|
97
|
Мезофильді
|
1,05
|
0,89
|
0,72
|
0,56
|
0,40
|
Термофильді
|
0,455
|
0,385
|
0,310
|
0,240
|
0,170
|
9.11.3.16 Метантенктен жүктелген шөгіндінің ылғалдығын зольсыз заттың 9.11.3.14 сәйкес анықталатын ыдырауын ескере отырып, құрғақ зат бойынша жүктелген компоненттердің қатынасына байланысты қабылдау керек.
9.11.3.17 Метантенктерді жобалау кезінде «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Газбен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері» атты Техникалық регламенттердің талаптарын орындау керек және бұл кезде қарастырылу керек:
- ГОСТ 12.3.006 сәйкес жабдықтар мен мекемеде қызмет етушілердің жарылыс-өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар;
- метантенктердің саны екіден кем емес, бұл кезде барлық метантенктер жұмыс істеп тұруы қажет;
- метантенктер резервуарларының 5 кПа дейін артық қысымға есептелген герметтілігі;
- метантенктің диаметрінің оның биіктігіне (түбінен газ жинағыш қылтаның негізіне дейін) қатынасы 0,8 - 1 реттен артық емес;
- шөгіндінің статикалық деңгейі қылта негізінен 0,2 - 0,3 м жоғары орналасады, ал қылтаның жоғарғы бөлігі шөгіндінің динамикалық деңгейінен 1,5 м жоғары орналасады;
- герметті жабылатын люктер-саңылаулар, маңдай люктер;
- 5 - 10 сағат ішінде бос жүрген массаның барлығын өткізуге есептелген бұлғауыш құрылғылар;
- барлық өткізгіш құбырлардың барлығын жууды қамтамасыз ететін ауыстырып-қосқыштар;
- метантенк резервуарларын босату жүйесі – шөгіндіні төменгі зонадан жоғарғысына беру мүмкіндігімен;
- шөгіндіні метантенктің жоғарғы зонасына жүктеу және төменгі зонасынан жүктеу;
- газды қалпақтардан газ шығаруға арналған құбырлардың ашық ұштарының динамикалық деңгейден 2 м биіктіктен кем емес орналасуы;
- 600 - 800 м3 болатын өткізу шарттарына сәйкес газ жинаушы қылтаның ауданы тәулігіне 1 м2 ;
- шөгінділер деңгейін, метантенктердегі қысымды автоматты түрде бақылау;
- метантенктерден бекеттердің, алаң ішілік автомобиль және темір жолдардың негізгі құрылыстарына дейінгі қашықтық – 20 м кем емес, жоғары вольтты желілерге дейін - тіректің 1,5 биіктігінен кем емес
- метантенктер орналасқан территорияның қоршалуы;
- биогаз шығынын жинауға және орташалауға арналған газгольдерлер.
9.11.3.18 Шөгінділерді метантенктерде ашыту нәтижесінде алынатын газды тазарту бекетінің және жақында орналасқан объектілердің жылу энергетикалық шаруашылығында қолдану керек
9.11.3.19 Метантенктердің газ шаруашылығын жобалауды (газ жинау пункттері, газ желісі, газгольдерлер және басқа) «Газбен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» атты техникалық талаптарға сәйкес жүргізу керек.
9.11.3.20 Қысымды реттеу үшін және газды сақтау үшін сыйымдылығы 2 - 4 сағат бойы газ шығуына есептелген дымқыл газгольдерлерді қарастыру керек, қалпақ астындағы газдың қысымы 1,5 - 2,5 кПа болу керек.
9.11.3.21 Негіздеу кезінде ауаның орташа жылдық температурасы 6С кем болмайтын аудандарда және тұнбалы алаңдар жасау үшін территорияларда шектеулер болған кезде екі сатылы метатенктерді қолдануға рұқсат етіледі
9.11.3.22 Бірінші сатыдағы метантенктерді 9.11.3.1 - 9.11.3.10 сәйкес мезофильді ашытуға жобалау қажет.
9.11.3.23 Екінші сатыдағы метантенктерді қыздырусыз ашық резервуарлар ретінде жобалау керек. Тұнбалы судың шығуын құрылыстың биіктігі бойынша әр түрлі деңгейде қарастыру керек, диаметрі 200 мм кем болмайтын тұнба құбыры бойындағы жинағыш қабылдағыштан шөгіндіні шығару гидростатикалық қысыммен 2 м кем емес.
Екінші сатыдағы метантенктердің сыйымдылығын 3-4% тең болатын тәуліктік жүктеменің мөлшеріне байланысты есептеу керек. Екінші сатыдағы метантенктерді жиналып қалатын қабықтарды жоюға арналған механизмдермен жабдықтау керек. .
9.11.3.24 Екінші сатыдағы метантенктерден шығарылған шөгінділердің ылғалдығын ашыту кезінде қолдану керек:
- біріншілік тұндырғылардан алынған шөгінділер – 92%;
- шөгінділер, артық белсенді тұнбамен бірге – 94%.
Достарыңызбен бөлісу: |