30
2 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» туралы заңдар қабылданып
оларға түзетулер енгізілді;
3 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ашылды;
4 Кәсіпкерлік
субъектілерді несиелендіру үшін 2-ші деңгейдегі
коммерциалды банктер несиенің минималды мөлшерін 10%-ға төмендетті;
5 Тек бақылаушы және тексеруші мемлекеттік органдармен құнды қызмет
көрсету инстанциялардың саны қысқартылды.
Қазақстандық үкіметпен жүргізілген қатаң қаржылық тұрақтандыру
саясаты, бір жағынан, 1992-1994 жылдарға қарағанда шағын кәсіпорындар
санының өсу қарқынының төмендеуімен жүргізілгенде, екінші жағынан, айқын
санациялы әсер иемденгенде 1994-1995 жылдары шағын бизнестің динамикасы
мен құрылымында сапалық өзгерістердің үшінші кезеңі аяқталды. Елде жаңа
экономикалық жағдай қалыптаса бастады, онда шағын кәсіпорындар нарықтық
экономикада шағын бизнеске тән ролді атқарды. Жоспарлы экономиканың
трансформация кезеңінде соңғысы мемлекеттің стратегиялық бағдарын
жасаудың құралы болып табылды. Экономикадағы нақты өсудің бастамасы
төртінші, яғни қазақстандық кәсіпкерліктің нағыз нарықтық кезеңіне өтуге
мүмкіндік береді. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлік дамуының үш түрлі моделі
туралы айтуға болады:
- статусын сақтау арқылы қызмет масштабын консервациялау;
- жұмыс
белсенділінгінің жайлап кеңеюі;
- шағын фирмалардың жедел экспансиясы және олардың орта фирмаларға,
кейін ірі компанияларға айналуы.
«1995-1997 жылдардағы Қазақстан Республикасынын кәсіпкерлікті
колдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» негізгі мақсаты
жеке кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке
секторын қалыптастыруға кажетті – құқыктық, әлеуметтік-экономикалық,
қаржылық және ұйымдық жағдайларды құру ел экономикасында нақты
бәсекелестік ортаның пайда болуы жеке кәсіпкерліктің 150 мыңдай
шамасындағы суъектілердің қалыптасуын талап етті. Мемлекеттік басқару
органдарының және кәсіпкерлік құрылымдардың өзара іс-әрекеттерімен
қамтамасыз етуін және бағдарламалар жасаудың негізгі механизмі
республиканың барлық аудандарында шағын бизнестің орталығын кұрумен
негізделінді. Бірақ, бұл кезең республикадағы әлеуметтік-экономикалык
жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты кәспкерліктің дамуына кайшы
факторлардың пайда болуымен сипатталынады. Яғни, шағын кәсіпкерліктің
барлық жеңілдіктері алынып тасталынды, Республикалық қор кәсіпкерлікті
қолдау мүмкіншілігінен айырылды, әртүрлі басқарушы органдар тарапынан
күштеулер көрсетіле басталды. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін әр түрлі
алымдар тағайындалынды, барлық кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне лицензиялар
енгізілді. Сонымен катар, бағдарламаның аудандық орталықтарды құру деген
негізгі мақсаты жүзеге асырылмады. Осның барлығы кәсіпкерлік бизнестің
қарқынын төмендетуге алып келді, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерінің