80,1 % баллды бағаға ауыстыру кестесіне сəйкес – бұл баға «4».
2-сыныптағы «Математика» пəні бойынша білім алушының жылдық бағасы – «4».
Мектеп жағдайына тоқталсақ: Бағалау критерийлері мазмұнның күрделілік дəрежесіне тікелей бағынышты жəне тапсырмалардың күрделілігіне сəйкес квалиметриялық амал (сапаны өлшеу амалы) негізінде қойылған баға ғана білім сапасының нағыз əділ көрсеткіші бола алады: егер оқушы үш деңгей тапсырмаларын біртіндеп: толық жəне 75 пайыздан төмен емес көрсеткішпен дұрыс орындаса «өте жақсы», алғашқы екі деңгей тапсырмаларын ғана дұрыс орындаса – «жақсы», тек бірінші деңгей тапсырмаларымен шектелсе – «қанағаттандырарлық» деп бағаланады (төмендегі 22-кестеге назар аударыңыз):
22-кесте. Əр пəн бойынша білім алушының білім жетістігін өлшейтін бағалау критерийлері
Деңгейлер
|
Критерийлер
|
Білім жетістіктерінің ең жоғарғы өлшемі
|
1-деңгей
|
Білімі: тек ақпараттық сипаттағы мазмұнды «біледі», қайтадан айтып бере алады.
Біліктілігі: үлгі бойынша «қолданады».
|
5 балл, немесе
«сынақтан өтті»
|
2-деңгей
|
Білімі: а)ақпараттың себеп-салдарын
«түсінеді», б) «талдау» жұмыстарын жасай алады.
Біліктілігі: өзгертілген жағдайда
«қолданады».
|
+4 балл = 9 балл
|
3-деңгей
|
Білімі: алған білімін «жинақтай» алады. Біліктілігі: өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шеше алады (рефлексия жасай біледі).
|
+3 балл = 12 балл
|
Барлығы
|
|
12 балл
|
Баллды бағаға айналдыру шкаласы:
11-12 балл – бағасы «5» (90%-100%);
7-10 балл – «4» (75%-89%);
5-6 балл – «3» (69%-74%);
5 баллдан төмен – «сыннан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, себебі сынақтан өтуге міндетті).
Мұндай мазмұнның күрделілігіне сəйкес бағалау бойынша ұйымдастырылған жаңа сипаттағы оқыту үлгісін барлық типтегі мектептерге енгізу арқылы ауылдың да, қаланың да жалпыға бірдей орта білім беретін мектептері мен элитарлы мектептердің арасындағы айырмашылықтарды жою мəселесі шешімін табады: барлық оқушы барлық пəндерден бірінші деңгейдің тапсырмаларын толық орындап, «сынақтан өтуге міндетті» болғандықтан жүз пайыздық үлгерімге қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |