8
•
құрылымдық,
•
имитациалық,
•
логикалық,
•
эволюциалық.
ЖИ(
Жасанды интеллекті
) жүйелеріндегі барлық нейрондық зерттеулер
спектрі құрылымдық деп аталды. Құрылымдық деп ЖИ-ні адам миының
құрылымын модельдеу арқылы құру. Бейнелерді ажырату есептерінде көп
қолданылады.
Адам миы негізінде құрылған модельдер үшін айқындылық қасиеті
тəн емес. Бұл желілерді адам миымен жақындастыратын тағы бір қасиеті –
нейронды желілер қоршаған орта туралы толық мəліметсіз болса да жұмыс
істей береді, яғни адам тəрізді, қойылған сұрақтарға тек «иə», «жоқтан»
басқа, «нақты білмеймін, бірақ иə сияқты» деген жауаптар бере алады.
Келесі зерттеу жанды мидың құрылымдық жəне функционады
ерекшеліктерін имитационды модельдеумен байланысты, яғни нəтижесі
бойынша.
Бұл зерттеулерді тағы «қара жəшік» немесе «нəтижесі бойынша сəйкес
келу» деп атайды. Оның мəні келесіде: зерттеуші интеллектінің құрылу
жəне жұмыс істеу принциптерін білмейді, яғни оны «қара жəшік» ретінде
қарастырады. Бұл оқулықтың негізгі мақсаты адам интеллектісінің
жұмысын ақырғы нəтиже бойынша имитациялайтын кейбір эвристикалық
компьютерлік программаларды құру болып табылады. Мұнда ададмдар
қандай əдістерді қолданатыны ескерілмейді. ЖИ жүйелерін құрудың
мұндай түрі имитациялық деп аталады. Жəне кибернетика үшін
классикаалық зерттеу болып табылады.
Осылай, мұнда адамның басқа қасиеті моделденеді – басқалар не
істейді, соны ол не үшін керектігіне назар аудармай көшіру. Көп жағдайда
бұл мүмкіндік көп уақытты үнемдейді, өмірінің басында–ақ.
Эвристикалық программалау Карнеги университетінің А.Ньюэлл
жəне Г.Саймон аттарымен байланысты, жəне келесі принципке негізделген,
адам миы нəтиже бойынша символдарды басқару туралы қарапайым
есептер жиынтығына келуі мүмкін, яғни компьютер орындай алатын
операциялар. Есептердің шешімі мүмкін болатын шешімдер жиыны
кеңістігінен
эвристикалық
ережелер
бойынша
іздестіріледі,
олар
іздестіруді, белгілі бір бағыт бойынша жүруді тездетеді. Эвристикалық
іздестіру көлемінде шығарылған типтік есептерге теоремаларды дəлелдеу,
түрлі ойындар, жұмбақтарды шешу, геометриялық жəне шахматтық
есептер, əуендерді құру, химиялық құрылымдарды анықтау, т.б.
Саймон компьютерлер 90 жылдан соң əлем чемпионы болады деген
болжам жасаған болатын, иə ол толығымен орындалды. Эвристикалық
іздестіру көлемінде машиналар тек примитивті шектелген есептерді шеше
алатын.
ЖИ(Жасанды интеллекті
)
имитациялық программаларының келесі қол
жеткізулері, атап айтсақ шахматтық компьютер
Deep Blue 1997 жылы əлем
9
чемпионы Г.Каспаровты жеңуі, тек эвристикалық іздестірумен ғана
байланысты емес, ЖИ-нің басқа синтетикалық салаларының пайда
болуымен де. Оларға мықты көппроцессорлы паралелльді жүйелерге жəне
нейронды акселераторларға негізделген эвристикалық программаларды
қолдайтын аппаратты жабдықтау жатады. Мысалы, аталған компьютерде
жүрістер генераторы 256 паралелльді процессорлар негізінде жүзеге
асырылған.
Имитациялық зерттеудің негізгі кемшілігі көптеген модельдердің
төмен ақпараттық мүмкіндігі.
Келесі зерттеу логикалық деген атқа ие. Ол неге пайда болды? Адам
тек логикалық қана ойлаумен ғана айналыспайды емес пе? Бұл дұрыс, бірақ
адамды жануардан тек оның ойлау қабілеті ғана ерекшелендіреді.
Логикалық зерттеудің негізі болып булеандық алгебра есептелінеді.
Əр программист олармен if операторын біле бастағанымен таныс. Өзінің
келесі дамуын булеандық алгебра предикаттар есептеуінің негізінде
жалғастырды, онда ол символдарды, олардың арасындағы қатынастарды
қолдану арқылы кеңейтілді. Кез-келген ЖИ жүйесі логикалық принципке
негізделген деуге болады, жəне теоремаларды дəлелдейтін машина ретінде
қарастырылады. Сонымен қатар мəліметтер деректер қорында аксиомалар,
логикалық нəтижелер ережелері түрінде сақталады. Бұған қоса, əр осындай
машина мақсатты генерациялау блогына ие, ал жүйе берілген мақсатты
теорема ретінде дəлелдеуге тырысады. Егер мақсат дəлелденген болса,онда
қолданылған ережелер трассировкасы қойылған мақсатқа жеткізетін
əрекеттер тізбегін алуға көмектеседі. Мұндай жүйенің қуаты мақсат
генераторының
жəне
теоремаларды
дəлелдеу
машинасының
мүмкіндіктерімен анықталады.
ЖИ толық көрсету үшін алгебраның мүмкіндіктері жеткіліксіз, осында
ЭЕМ-лардың негізі бит-0 жəне1 мəндерін қабылдайтын жады ұяшығы
екенін еске түсірейік. Осылай, компьютерде жасауға болатынның бəрін
предикаттар логгикасында жүзеге асыруға болады деген болжам жасауға
болады.
Логикалық зерттеу нақтырақ болуы үшін нақты емес логика
көмектеседі. Оның негізгі ерекшелігі «иə», «жоқтан» (1/0) басқа
«білмеймін» (0.5) сияқты аралық мəндерді қабылдауға болады. Бұл зерттеу
адам ойлауына көбірек ұқсайды, себебі иə, жоққа қарағанда білмеймін
деген жауап жиі қолданылады. Көптеген логикалық əдістер үшін зор еңбек
керек, дəлелдеуді іздестіру кезінде нұсқалар бəрі толық қарастырылады.
Сондықтан бұл зерттеу есептеу процесінің эффективті жүзеге асырылуын
қажет ететді, жəне жұмыс спасының жоғары болуына деректер қорының
көлемі үлкен болмаса кепіл беріледі.
Эволюциялық жағынан зерттеу үлкен қарқын алды. Бұл зерттеу
бойынша ЖИ жүйелерін құрғанда, бастапқы моделді құруға жəне қандай
ережелер бойынша өзгеретініне аса назар аударылады. Модель əр түрлі
əдістер арқылы құрылуы мүмкін.