Республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет11/28
Дата04.01.2020
өлшемі1,43 Mb.
#25855
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

 

22

 



«Логикалық  бағдарламалау  негіздері»  пəні  бойынша  оқу  материалын 

іріктеуге жəне оқу-əдістемелік құралдарды құруға бағытталған;  



 

1.Бірінші  кезең  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін  негіздеумен 

байланысты,  ол  қарастырылатын  оқу  пəнінің  нақты  бір  материалында  білім 

беру  мазмұнының  жалпы  құрылымы  –  білімді  ,  ептілік  пен  дағдыларды, 

оқыту 


үрдісінде 

қалыптасатын 

жеке 

тұлғаның 



шығармашылық, 

дүниетанымдық жəне тəртіптік қасиеттерін көрсетеді. 



2.Екінші кезең оқыту мазмұнын іріктеумен байланысты. 

«Оқыту  мазмұнын  ғылыми  негіздеп  іріктеу  жəне  мерзімді  түзету  – 

дидактиканың  анағұрлым  маңызды,  бітпейтін  мəселелерінің  бірі.  Ғылыми 

білімді 


үздіксіз 

жаңартумен, 

оларды 

саралап 


жіктеумен 

жəне 


ықпалдастырумен, 

жаңа 


еңбек 

объектілері 

мен 

құралдарының, 



технологиялардың,  материалдардың,  т.б.  пайда  болуымен  қолдау  табатын 

ғылыми-техникалық  прогресті  жылдамдату  жағдайында  бұл  мəселе,  əсересе 

құрамына  информатика  мен  есептеу  техникасы  кіретін  ғылымның, 

техниканың,  өндірістің  динамикалық,  тез  дамушы  салалары  туралы  сөз 

қозғалғанда  елеулі  күрделене  түседі.  Осыған  орай  теоретикалық  негіздеуге 

жəне  ғылыми  ізденістің  бағытын  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  айқын 

əдіснамалық  бағдарларды  басшылыққа  алу,  оқытудың  мазмұнын  іріктеуде 

əлі  да  көп  кездесетін  өте  эмпирикалық  амалды  жеңу  маңызды»,  -  бұл 

Б.С.Гершунскийдің [1987] əлі де маңыздылығын жоймаған тезисі. 

Осы мəселені шешу үшін өзара байланысқан, бірақ бір-біріне тəн емес 

түсініктер: «оқыту мазмұны», «оқу материалы» жəне «оқу пəні» түсініктерін 

мағынасын дəлдеу қалды. 

Қазіргі  заманғы дидактикада көрсетілген  түсініктер  айқын анықтамаға 

ие болған жоқ. Дидактиканың «Нені оқыту керек?» орталық сұрағына жауап 

бере  отырып,  дидактикалық  жұмыстардың  авторлары  В.С.  Леднев  [1980], 

В.А.Краевский  и  И.Я.Лернер  [1983],  Л.М.Сохор  [1974]  оқыту  мазмұнын 

көрсетілген  түсініктермен  теңдестіре  отырып  деталдандырылған  жəне 

логикалық 

қарапайымдандырылған 

оқу 


материалын 

зерттейді. 

Біз 

Б.С.Гершунскийдің  көзқарасын  анағұрлым  негізді  деп  есептейміз:  «...  оқыту 



мазмұны  деп  оқу  бағдарламасында  педагогикалық  негізделген,  логикалық 

қарапайымдандырылған  жəне  мəтіндік  бекітілген  оқыту  мақсаттарына  жету 

үшін  кең  көлемде  берілген  жəне  оқытушылардың  оқыту  іс-қызметінің  жəне 

оқушылардың 

оқу-танымдық 

іс-қызметінің 

мазмұнын 

анықтайтын 

материалды  тиісті  меңгеру  туралы  ғылыми  ақпаратын  түсіну  қажет».  Осы 

анықтамада айтылғандай, оқыту мазмұны оқу бағдарламасында деректі түрде 

тіркеледі  жəне  оқыту  мазмұнының  кезекті  детализациясы,  оның  оқу 

материалына өзгеруі қажет. 

3.  Үшінші  кезең  оқу  материалын  іріктеумен,  жүйелендірумен  жəне 

жіктеумен  жəне  оқу  пəнін  құрастырумен  байланысты.  «Оқу  пəні»  түсінігі 

В.В.Давыдов  [1972],  Л.Клинберг  [1984],  И.Я.Лернер  [1980],  М.Н.Скаткин 

[1984],  В.С.Ледкев  [1980]  жұмыстарында  талқыланады.  Оқу  пəнінің  заты 

ғылыми білімдердің дидактикалық өтелген жүйесінен тұраты. 



 

23

Білімнің ғылыми жүйесінің ғылыми емесінен айрықша өзгешелігі оның 



құрамында  ерекше  құрауыштардың  бар  екендігі  болып  табылады 

[Бабанский,1988]: 

 

ғылымдардың негіздері (оның негізінде жатқан іргетастық қағидалар); 



 

оның сүйенетін санаттары мен ұғымдары; 



 

қандай да бір құбылыстарды суреттейтін, түсіндіретін жəне болжайтын 



теориялары; 

 



сол 

ғылымды 


дамыту 

үрдісінде 

орнатылған 

заңдары 


мен 

заңдылықтары; 

 

ғылыми  білімдердің  сəйкес  саласындағы  іс-қызметтің  мазмұны  мен 



түрлерін анықтайтын ұстанымдары мен ережелері; 

 



өзінің объектісін зерттеу үрдісінде осы ғылым қолданатын əдістер; 

 



ғылыми  білімдердің  сол  саласының  дамуын  алдан  ала  болжауға 

мүмкіндік беретін идеялар; 

 

қандай  да  бір  теориялардың,  заңдардың,  заңдылықтардың  негізінде 



жатқан фактілер. 

 

Меңгерілетін  ғылымның  логикалық  құрылымының  құрауыштарын 



талдау маңызды болып табылады, өйткені соның негізінде сəйкес оқу пəнінің 

құрылымдық құрауыштарын анықтауға жəне ғылыми негіздеуге болады. 

 

4. Төртінші кезеңде ұсынылған оқу-бағдарламалық құжатнама мен оқу-



əдістемелік 

құралдарды 

тəжірибелік-эксперименталды 

мақұлдау 

жүргізілген жəне олардың мазмұнына қажетті түзетулер енгізілген. 

 

 



«Логикалық бағдарламалау негіздері» оқу пəнінің  

мақсаттары мен міндеттері 

Бұл  параграфта  «Логикалық  бағдарламалау  негіздері»  пəні  бойынша 

оқыту  мазмұнын  іріктеу  үшін  бағдар  жүйесі  ретінде  қаралатын  белгілі  бір 

кезектілікке  алынған  оқыту  мақсаттары  мен  міндеттерінің  жиынтығы 

суреттеледі.  

 

ЛБН  пəнінің  бағдарламасымен  қарастырылатын  мақсаттар  келесі 



қағидаларда жасалады: 

1)

 



түрлі  пəндердің  тапсырмаларын  шешу  кезінде  оқу  сабақтарының 

уақытында  мұғалімдер  мен  оқушылар  үшін  пайдалы  бола  алатын 

компьютерлерді пайдалану  ауқымын кеңейтуге студенттерді барынша 

ынталандыру; 

2)

 

студенттердің  компьютерлер  мүмкіндіктерін  игеуде  жəне  осы 



мақсатпен  оларды  қолданудың  жаңа  құралдары  мен  тəсілдерін 

меңгеруде сенімділік сезімін дамытуға ықпал ету; 

3)

 

түрлі  тапсырмалардың  типтерін  –  логика  ұстанымдарына  сүйенетін 



амалды  кезінде  адам  ойлауының  ақпараттық-логикалық  үлгілерін 

құруға  декларативті  амал  қалыптастыру  арқылы  студенттердің 

логикалық жəне ақпараттар мəдениетін арттыруға ықпал ету; 

4)

 



студенттердің тапсырмаларды шешу кезінде логикалық бағдарламалау 

тілінің  құралдарымен  шектелген  адам  ойлауының  ақпараттық-




жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау