Ресей империясы қҰрамы



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет6/26
Дата25.08.2020
өлшемі1,33 Mb.
#31338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
disser

 
 
 


4
 
 
КІРІСПЕ 
 
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995 
жылғы  Конституциясының  қабылданғанына  жиырма  жыл  және  Қазақ 
хандығының  құрылғанына  550  жыл  толуы  қарсаңында  ұлттық  мемлекеттілік 
қалыптасуының  тарихы  сұрақтарына  оралу  өте  өзекті  болып  табылады.  Біз 
мемлекет  дамуының  әлеуметтік,  экономикалық  және  саяси  кезеңдерін  зерттей 
отырып өздерінің егеменділігі пен тәуелсіздігін сақтап қалуы жолында тұрақты 
күрестер  жүргізіліп  келген  өткен  ғасырларға  еріксіз  көз  саламыз.  Біздің  және 
шет  елдердің  тарихындағы  өткен  сабақтар  азаматтық  қоғам  негізін  қалаушы 
мемлекет институттарын құруда, демократия және халық билігін нығайту үшін 
маңызды мәнге ие. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан–
2030» [1] және «Қазақстан-2050» Жолдауларында былай деп атап өтеді: «…біз 
өзге  елдердің  тәжірибелерін  зерттеуіміз  керек  және  де  зерттей  аламыз, 
халықаралық  қауымдастықтағы  оң  тенденцияларды  пайдалана  аламыз,  қазіргі 
қазақстандық  мемлекеттің  дамуындағы  басым  бағыттарды  шешуде  шет 
елдерінің озық тәжірибелерін пайдалануымыз қажет» [2]. 
Бұл  зерттеу  Қазақстан  Республикасы  мен  Польша  Республикасындағы 
ұлттық  мемлекеттіліктің  қалыптасуына  арналған.  Ұлттық  мемлекеттілік 
негізінің  қалыптасуы  оңай  болған  жоқ,  ол  қазақ  халқы  үшін  де,  поляк  халқы 
үшін де күрделі үдеріс болды. Поляк және қазақ мемлекеттілігінің негізін құру 
және  оны  сақтап  қалу  тек  сыртқы  басқыншы  көршілермен  болған  күрес 
нәтижесінде  келген  жоқ,  ол  сонымен  қатар  сепаратистік  бағыттағы  ішкі 
дворяндық 
ақсүйектер 
мен 
бағынбайтын 
қазақ 
сұлтандары 
және 
рубасыларымен жүргізілген тұрақты күрестің арқасында келді. 
Қазақстан Ресей бодандығын қабылдау туралы келісімге қол қойған сәттен 
бастап  патшалықтың  біртіндеп,  жоспарлы  түрде  Қазақстан  мен  Сібірдегі  ірі 
өзендер  бойында  бекіністер  мен  казак  станицаларын  сала  бастағаны  белгілі. 
Олар Орталық Азияны отарлауды үдетудегі болашақ алаң болып табылды. 
Патшалық  үшін  ыңғайлы  әлеуметтік-саяси  жағдай  тудырған  хандық 
биліктің жойылуы Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасының бастапқы 
нүктесі болды. Осы кезеңнен бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейін Қазақстан мен 
Түркістанның  оңтүстік  қалаларының  және  бекіністерінің  алынуы  аяқталып, 
қазақ  хандығының  ұлттық  мемлекеттілігінен  біртіндеп  айырыла  бастағаны 
туралы есепті жүргізуге болады. 
Патшалықтың  әскери  күшінің  сапасы  мен  санының  артықшылығына 
қарамастан  19-жүзжылдықтың  бірінші  жартысы  өздерінің  тәуелсіздігін  қорғау 
үшін  күрескен  қарапайым  халықтың  ерлігімен  және  қантөгіс  шайқастармен 
белгілі.  
Тарихта  көшпенділер  арасында көптен  күткен бостандыққа  қол  жеткізуге 
үміттерін  нығайтқан,  аттары  аңызға  айналған  қара  халық  пен  ақсүйектер 
қатарынан шыққан ұлы қолбасшылардың болғаны белгілі. 
Аудармасы  Республика  деген  мағынаны  білдіретін  Реч  Посполитаның  да 
тағдырының қайғылы тұстары кем емес. Еуропаның қақ ортасында орналасқан 


5
 
 
Реч Посполита XVII ғасырда Еуропаның ірі державалары бәсекелесе алмайтын 
демократиялық  мемлекеттік  құрылымға  ие  болған.  Сонымен  қатар,  Сеймге 
тәуелді  король  билігі,  өзге  де  орталық  және  жергілікті  демократиялық 
мекемелердің елдегі әскери-саяси сұрақтарды жедел шешуге мүмкіндік бермеуі 
Польшаның жеңілуінің еріксіз себептеріне айналған. Оның үстіне, Польша бір 
мезгілде  үш  бірдей  империямен  күрес  жүргізуге  мәжбүр  болады,  бұл  өз 
кезегінде  жеңіске  ешбір  мүмкіндік  бермеді.  Осылайша,  Реч  Посполита  XVII 
ғасырдан 1918 жылға дейін  Австрияның, Пруссияның және Ресейдің билігінде 
болды. 
Зерттеудің  өзектілігі  біздің  сол  кездегі  Ресей  империясының  шетіндегі, 
кейін Қазақстан мен Польша сияқты Кеңестік Одақтағы ұлттар тағдырының бір 
екендігін  объективті  әрі  жан-жақты  көрсетуге  тырысуымыздан  көрінеді. 
Ұлттық  шеттерді  толық  бақылаған  отарлау  билігі,  патша  үкіметінің 
отаршылдық  және  орыстандыру  саясатын  ашамыз.  Империя  органдары 
халықты ырқына көндіріп басқарудың нақты жүйесін құрған. Бірте-бірте дінге, 
ұлттық  мәдениетке,  дәстүрге  қол  сұғылып,  ана  тілін  оқуға  тыйым  салына 
бастады, үкіметке жарамсыз тұлғалар қудалануға ұшырады. 
Польшада  саяси  белсенділік  Ресейдің  өзге  шеттерімен  салыстырғанда 
бұрынырақ басталады, онда жоғалтқан тәуелсіздігін қайтаруға тырысқан поляк 
жұмысшылар  партиясы  құрылады.  ХХ  ғасырдың  басында  саяси  партиялар 
негізгі  күшттерін  қарапайым  халық  арасында  ағартушылық  пен  үгіт 
жұмыстарына  және  де  жаңа  көтерілістер  үшін  қажет  қаражаттар  мен  қару-
жарақтарды  жинауға  салды.  Саяси  партиялар  арасында  мемлекеттік  құрылым 
бойынша  үнемі  әртүрлі  пікірлер  болатын,  нәтижесінде  1917  жылы  ақпан 
төңкерісінен  кейін  поляк  қозғалысы  түпкілікті  бөлінді.  Олардың  біраз  бөлігі 
большевиктер  қатарына  қосылса,  басқалары  коммунистердің  әлемдік 
пролетарлық төңкеріс идеясына сенбегендіктен кеңестер билігіне қарсы болды. 
Осы  бір  қиын  тарихи  кезеңде  кеңестер  билігі  мен  «Алаш»  партиясы 
тұрғысындағы  ұлттық-демократиялық  күштер  арасында  Қазақстанның 
тәуелсіздігі  үшін  күрестер  жүргізіліп  жатты.  Азаматтық  соғыс,  тұрақты 
әскерлерінің болмауы және өте қысқа мерзім «Алаш Орда» автономиясына өз 
позициясын  жас  мемлекеттілік  ретінде  нығайтуға  мүмкіндік  бермеді.  Ол  күш 
жағынан  өзінен  басым  болған  Қызыл  Әскер  мен  жақсы  ұйымдастырылған 
идеологиялық  жұмыстарын  жүргізген  Қазревком  және  Ұлт  істері  жөніндегі 
халық комиссариатының Қазақ бөлімшесі сияқты мекемемен бетпе-бет қалады.  
Республикалық басқаруда сан ғасырлық тәжірибесі бар Польшаны «Алаш 
Орда»  жас  ұлттық  мемлекеттік  құрылыммен  салыстыра  келе,  олардың 
Қазақстан  топырағына  егіп  кеткен  демократиялық  дәнінің  кейін  белгілі  бір 
уақыттар  өткен  соң  өсіп,  көптен  күткен  тәуелсіздік  өнімін  бергенін  айтуға 
болады. 
Біздің  халықтарды  тек  патшалық  тұсындағы  отарлық  заман  ғана 
біріктірген жоқ, сонымен қатар қазақ жері құшағына қарсы алған мыңдаған жер 
аударылып келгендер біріктірді, солардың ішіндегі көптеген поляк мамандары 
мен ғалымдары осында өмір сүріп, жұмыс істеумен бірге Ресей мен Еуропадағы 


6
 
 
жоғары  мектептерде  алған  құнды  білімдері  мен  тәржірибелерін  қазақ 
жастарына үйреткенін атап өту керек.  
Қазақ  және  поляк  халықтарының  сталиндік  диктатура  кезеңін,  Екінші 
Дүниежүзілік  соғыс қайғысын бастарынан өткізулеріне тура келді және КСРО 
сияқты  ірі  әлемдік  державаның,  Варшава  келісімі  елдерінің  көз  алдарында 
ыдырауының куәсі болды.  
Польша  ұлттық  мемлекеттілігінің  құрылысына  талдау  жасау  біз  үшін  өте 
маңызды,  өйткені  онда  демократия  мен  халық  билігінің  сан  ғасырлық 
дәстүрлері шоғырланған. Сондықтан жас егеменді Қазақстан үшін, заң ғылымы 
мен  оны  зерттеушілер  үшін  Польшаның  ұлттық  мемлекеттілігінің  тарихы  тек 
қана өзекті емес, ол сонымен қатар, оның ғылыми-танымдық және тәжірибелік 
тұрғыда пайдасы мол тарихи-құқықтық мәдениетін зерттеу үшін үлкен қазына. 

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау