Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы «10» тамыздағы
№ 11-1-2/328 бұйрығына
7 - қосымша
«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығымен бекітілген «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11646 болып тіркелген).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын беру (бұдан әрі – паспорт).
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастамау үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі - 1 жұмыс күн;
2) 2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің басқарушы адамның қабылданған құжаттарды қарауы - 2 жұмыс күн;
3) 3-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісінің паспортты жасауы - 1 жұмыс күн;
4) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушыға паспорт беру - 1 жұмыс күн.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі мынадай рәсімді орындауды бастау үшін негіз болады:
1) 1-процесс бойынша - өтініштің көшірмесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгі қою;
2) 2-процесс бойынша - басқарушы адамның паспортты жасау туралы қарары;
3) 3-процесс бойынша - паспортты беруге дайындау;
4) 4-процесс бойынша - Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай адамдар қатысады:
1) консулдық қызметші;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басқарушы адамы.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдауды, тіркеуді, паспортты жасауды және оны көрсетілетін қызметті алушыға беруді көрсетілетін қызметті берушінің консулдық қызметшісі жүзеге асырады.
Тиісті құжаттары бар өтінішті қарастыруды және паспортты жасау туралы қарар енгізуді көрсетілетін қызметті берушінің басқарушы адамы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»
мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- таңдау нұсқасы.
Достарыңызбен бөлісу: |