НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Терроризм ғасырлық дерт
Бейбіт елге төнген үлкен қауіп және мемлекеттің билігін күйретуге әкеп соқтырған қауіп. Діни экстремизм мен терроризм-демократиядағы рухани, діни құндылықтарға, мұраларымызға және саяси мәселелерде, заңдардың ережелеріне, жеке адамның құқықтарын сондай-ақ әрбір тұлғаның діні, тілі, наным сенімдерін құрметтеу және тұрақтылық пен толеранттылыққа қарсы тұру болып табылады.
Қазақстан дүниежүзіндегі бейбітшілік пен татулықты қастерлейтін мемлекет. Тәуелсіздік алған сәттен бастап, әлемнің түкпір-түкпіріндегі мемлекеттермен бейбітшілікті орнатып, саяси, мәдени, рухани, достық қарым-қатынас орнатты. Қазіргі уақытта терроризм мен экстремизмнің таралуы еліміздің қауіпсіздігі мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіретін бірден бір жау. Халықты қинап, бейбітшілікті жойып, заң бұзушылық және құқықбұзушылық әрекеттерге әкеп соқтыратын және елді күйрететін қауіп.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі 416 заңының түсіндіріліміне сәйкес терроризм-күш қолдану идеологии және қоғамды күйретіп, халықты үрейлендіріп, мемлекетке залал келтіруге бағытталған, сондай-ақ заң бұзушылық әрекеттері яғни қылмыстық әрекеттерді жасауға бағытталған қауіп. Терроризм актісе-қоғамға едәуір залал келтіріп қауіп төндіру және адамдардың қаза табуына әкелуі, сондай-ақ жарылыс жасау, өрт қою қоғамдық қауіпсіздікті бұзу сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету және қастандық жасау және мемлекет қайраткерінің саями қызметін тоқтату немесе қастандық жасау саналады.
Қазақстан Республикасы терроризді болдырмау және алдын алу мақсатында елдің қауіпсіздігі үшін бірнеше заңдар қабылдады. 1999 жылы13 шілдеде《Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы》және 2005жылы18 Ақпанда《экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарды қабылдады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жасалған заңдар, ұлттық қауіпсіздікті сақтайды. Соған сәйкес жасалған қарсы іс-әрекеттер мемлекеттік органдардың құзретіне, сондай-ақ осы саладағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілген. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар ақпараттық түсіндіру жұмыстарын және террористік топтарға қарсы ұйымдар операция жүргізіп жұмыстар жасауда. Елдің қауіпсіздігін сақтауда арнаулы мемлекеттік қызметтер БҰҰ, Қауіпсіздік Кеңісінің Контртеррористік Коммитетімен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Терроризмге қарсы бөлімшесімен, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының Терроризмге қарсы орталығымен белсенді түрде жұмыс жасауда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экстремизм мен террорлық іс-әрекеттерге қатысты:"Терроризм әлемге, адамзатқа төнген қауіп. Адамзат осы қауіппен бірлесіп күресуі тиіс". Терроризмге қарсы әлемнің бірнеше мемлекеті мен халықаралық ұйымдар күресуде.
Терроризм-XXI ғасырдың қауіп-қатері. Елбасымыз "Әлем" XXI ғасыр манифесінде терроризммен бүкіл әлем елдері болып бірлесе күрессе ғана жеңуге болатындығын атап көрсеткен. Терроризмді құрту үшін лаңкестік істі жасауға демеп отырған өзегінен айыру қажет. Қазіргі кезде Қазақстан осы қауіптің алдын алу мақсатында құзырлы органдарда елеулі жұмыс жасап, сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрамында қауіпсіздік мәселелерін шешуге күш салуда. Осы ұйымдағы мемлекеттер бірлесе жұмыс жасап, кұш біріктіруде. Қауіптің алдын алуда халықтың қолдауы да маңызды. Қолдауға ие мемлекет лаңкестік және террорлық әрекеттерге бөгет жасап, ел ішіндегі бірлестікті сақтауға төтеп береді. Қауіппен күресу мемлекет органдарының ғана емес, әрбір қазақстандық, адамзаттың міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |