Реферат тақырыбы: Антропология Орындаған: ис-21-2группасының студенті Әметова Мерей Тексерген: АубакировЕ. Ж



жүктеу 34,25 Kb.
бет2/3
Дата29.11.2022
өлшемі34,25 Kb.
#40374
түріРеферат
1   2   3
реферат философия антропология

Антропологияадам туралы ілім 
Философия тарихы адамның мәні жайыдағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі , оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған.
Философияның көп мәселелерінің ішінде ең өзектілерінің бірі-адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғылымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті»қолдап отыр. Осыдан 13 млрд.жыл бұрын «Ұлы жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние – Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырған екен. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар берілді. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны «Homo Sapiens» -саналы адам, «Homo Faber»-құралданған адам деп Д.Франклин айтқан. «Zoon Politicon»-қоғами жануар деп айтқан Аристотель. «Нomo Morales» деген атты И.Кант берген, Абай оны «Нұрлы жүрек», Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса , ол жануарлардан құлық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік сайтанға айналар еді . «Homo Aesteticus»-сұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да адамның бізге ғажап жағын көрсетеді. Адам-дүниедегі жекелген нәрсенің әсем жағын байқап, одан ляззат алатын пенде. Біз тек ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені , өкінішкі орай , бүгінігі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сай келмейтін сұлулық жиі кездеседі. Голландия ойшылы адмға «Homo Ludens» -ойнайтын адам деген ұғым берген. Адам өз өмірінде жүздеген ролдерді ойнайды. Шекспирдің айтуынша, «Наша жизь-театр, а мы в нем актеры»,- дегендей… «Homo Erectus»- тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мағынасы бар. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа- ешқандай теңдесі жоқ адамның қолына айналды. Адам өз қолдарымен 2000-нан астам әртүрлі нәрселерді жасай алады екен (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Француз ойшылы Э.Кассирер адамға «Homo Simbolicus»-нышан, белгі жасайтын адам деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда, символ қайсібір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын неше түрлі өмірде кездесетін белгілерді жатқызамыз. Қайсыбір көркем әдебиеттегі салыстырма , нақыл сөздер , бейне мысалдардың , т.с.с. ар жағында неше түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы , Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүю (гуманизм), ал Сизиф болса, нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек , Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу — мөлдір махаббаттың символдары ретінде көрінеді. Ф.Ницше адамға «уәде беретін жануар», Ж.Ж.Руссо «бұзылған жануар» деген анықтама берген болатын.
Сонда адам деген не? Былай қарағанда, бұл аса қарапайым сұрақ сияқты: адам дегеннің не және кім екенін кім білмейді? Ересек адам түгіл бала да адамның не екенін біледі, ал оның ішкі мәніне үңіле қарасақ,одан күрделі ұғымдар шамалы.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды.Бірақ жеке ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса салғаннан ол жүйелі біртұтас білім шықпайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын , өз тағдырын «жасау» мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты.Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: «Өзіңді-өзің танып біл»-деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың «жан» мен «тәннің» іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді. Сондықтан, мысалы, Августин адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтн жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен тәнінің бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінді. Тән өледі , жан өлмейді, о дүниеде Құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінен тазару үшін Құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады діншілдер.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған (негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукциализмді келтіруге болар еді.
Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік табиғаты мойындалды . Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін байқауға оңай болады. Адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді. әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық ерекшелігінде жатқанын мойындамасқа болмайды. Мұндай деректер шексіз көп.
Сонымен қатар адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік факторлардың орасан зор ролін көрсетпесе болмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамдық адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді.
Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға, индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген өкілі ретінде индивид түрінде қарастырылады. Бүкіл адамзат тегіне тән жалпы белгілерімен қатар , оның өзгелерден ерекшеленетін өз қасиеттері бар. Бұл табиғи – бойы, көзінің түсі, дене құрылысы және әлеуметтік-дамуының интеллектуалдық дамуының деңгейі, психологиялық қатпары , рухани мәдениетінің әр-түрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады. Индивидуалдық күрделірек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ең алдымен адамның табиғи және психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен , мінез-құлқынан , эмоционалдылығынан көрінеді. Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекекттерінен де , оның пікірінен, қылығынан, мәдени қажеттіліктерінен де байқалады. Бір әлеуметтік топтың өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшін өзгеше нәрселер тән болады, оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның биологиялық табиғатына негізделетін индивидпен, индивидуалдықпен салыстырғанда тұлға мәнінің ерекшелігі оның әлуметтік қасиеттерге негізделетіндігінде. Бірақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз әсерін тигізетінін ескеру керек.
Әлеуметтік индивидуалдық, әрине, бос жерде пайда болмайды. Адам нақты тарихи уақытта және әлеуметтік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет барысында қалыптасады. Сондықтан да тұлға әлеуметтік индивидуалдық ретінде – бұл әрқашан да нақты нәтиже, өте әр-алуан факторлардың әрекеті мен синтезі. Адам неғұрлым үлкен деңгейде әлеуметтік-мәдени тәжірибені бойына жинақтаса, соғұрлым тұлға маңыздырақ және ол өз кезегінде , оның дамуына өзінің индивидуалды үлесін қосады.
Енді «индивид» (дара адам,жеке адам), «индивидуальность»(ерекшелікті адам), «личность» (кісі, тұлға) ұғымдарын қысқаша талдай кетсек, индивид (латын сөзі) – бөлінбейтін, тұтас, өзіндік деген мағына береді екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл ұғымды индивид деген күйі алған немесе дара адам деп аударған дұрыс сияқты.
Дара адам (индивид) – көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы – жеке-дара адам.
Ерекшелікті адам (индивидуальность). Ол- өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, тұр-сипаты, азаматтық қасиеті, т.б.бар адам . Ерекшелікті адам – сол қасиеттермен қайталанбас феномен. Ол дүниеге бір ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Сондықтан бір заманда қағаз-құжаттарға бармақты басу мөр орнына жүрген. Сол сияқты әрбір адам болу үшін оның мінезі бар ма , жоқ па, көзі көк пе, әлде қара ма, бойы ұзын ба, жоқ па-бұлардың еш қажеті жоқ, ал ерекшелікті адамға мұның бәрі қажет. Жоғарыда келтірілген Әл-Фараби айтқан адамдағы 3 қасиет те осыған жатады. Әрбір адамда әр қилы қабілет, бейімділік бар. Ол да сондай ерекшелік.
Кісі дегеніміз — жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік- психологиялық және моральдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқатты , болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол-қоғамның өмір тәрбиесін бойына сіңіріп, байыған, жетілген адам. Кейбір адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың: «Әй мынау кісіліктен жұрдай екен бар болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде екен»-деп ренжитіні белгілі. Ойлана келгенде «кісі», «кісілік» деген түсініктер (личность)деген ұғымға біртабан жақын келетін сияқты. Ал кісілігі мол, азаматтығы жұрттан асқан, көпшіліктің көңілінен шыққан, ардақты да, ақылды да адамдарды халқымыздың «маңдайға біткен» тұлға деп дәріптейтіні белгілі. Жаңа туылған баланы нәресте, дара адамды индивид деп атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке, тұлғалық сипатқа ие болған жоқ. Ондай кісі болып жетілудің биологиялық та, психологиялық та, тіпті әлеуметтік те алғышарттарының мүмкіндіктері бар. Алайда адамзат мәдениетінің тарихи жемістерінің игеру тәжірибесі ол үшін әлі алда. Кісілік деңгейге көтеріліп, өзінің «мәнін» тұрақты бекіту үшін сол керек.
Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөледі. Жігерлі адам әрқашан да өзінің тұрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін-еркін қызмет жаайды., ұстаған жолынан, қабылдаған шешімінен қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте тұрақтылығы, батылдығы жетіспейді. Тіпті өте білімді, қабілеті мол , бірақ жігері аз адам өзінің бай рухани мүмкіндіктері қолайлы жағдайлары болып тұрған күннің өзінде де іске асыра алмай қалатын фактілер жиі кездеседі. Бірақ, түптеп келгенде, мәселе жігердің күштілігінде немесе әлсіздігінде емес. Оның екеуін де тәрбие арқылы әр адамның еңбегін, қоғамдаық тәртібін, жұртшылық алдындағы, өзінің ар-ожаны мен отбасы алдындағы жауапкершілігін көтеру арқылы реттеп отыруға болады.
Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып, солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі. Ол-заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатыен пенде. Ол неше түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді, сонымен қатар оларды жойып, тіпті озін жойып жіберетін кездер де болады. Ең соңында , адам-өз-өзін бақылап, баға беріп, өзімен өмір мен өлім дөнінде сұхбаттаса алатын пенде. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе, адам алдында «мен неге дүниеге келдім?», «не үшін өмір сүруім керек?» , «қалай өмір сүруім керек?» деген т.с.с. сұрақтар пайда болады. Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне, бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді.
Адам өмірінің мән-мағынасы ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. өмір өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні созсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған «мәңілік» сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой : «Адамның ішінде екі «мен» бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай, күресіп жатқан сияқты», -дейді. Бір «мен»: «мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардың бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана, сондықтан бүкіл дүниеніңмән-мағынасы маған деген жақсылықтың болуында»,-дейд. Екінші «мен» : «Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына, сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі дке келмейді», — деп қортады ұлы ойшыл. Әрине, адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Бір шама жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді жасауымыз ғажап емес…
Абай философиясының антропологиялық негіздерінің тұрғысынан қарасақ. Абай – ұлы философ, ойшыл. Оның дүние танымдық және философиялық ой-толғаныстарында өте коптеген мәселерге көңіл бөлінген. Бүгінгі күнге дейін Абай мұрасының толық зерттеліп болмағанына қарамастан, кезінде М.Әуезов белгілеп берген Абай зерттеулерінің тәрбиелік, ұстаздық, ұждан, мораль философиясы, әсіресе адам мен адамгершілік мәселелері – оның рухани мұрасының кең алқымдылығын, теренділігін көрсетеді. Абайдын осы ой толғаулары мен философиялық ізденістерінде адам мәселесі орталық орын алады. Абай адам мәселесін жан-жақты философиялық, биологиялық, психологиялық, эстетикалық және этникалық тұрғыдан қарастырады. Абайдын бүкіл философиясынын квинтэссенциясын, негізгі принципі ретінде «Адам бол!» деген ой тұжырымын алуға болады. Абай өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірбиесін, поэзия мен прозасын, бүкіл ой толғанысы мен философиясын адма бойында кісілік пен адамгершілікті, білімділік пен парасаттылықты, әділеттілік пен қайратты, елдің қамын, бүкіл адамзат қамын ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан карайтын Азамат адамды тәрбиелеуге жұмсайтын. Абайдың пікірі бойынша, адагершілік нормаларымен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады, сондықтан : «Адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз…бес нәрседен қашық бол (бес дұшпан — өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ). Бес нәрсеге асық бол (бес асыл іс – талап, еңбек, терен ой, қанағат, рақым)». Адам үшін онын өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе — өз бойындағы адамилықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден де адам болып кету керек. Адамнын адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамнын ең алдымен өз алдындағы, басқа адамдардың алдындағы жауап кершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді.

жүктеу 34,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау