1.1Аэрофотопленка, фотоқағаз жəне олардың сипаттамалары.
Аэрофотопленка аэротүсiрудің негiзгi материалы болып саналады. Оның сапасына болашақ аэрофотонегатив байланысты, ал одан фотоплан жасалады. Аэрофотопленка мынадай қабаттардан тұрады: негiзгi, жарық сезгiш, қорғаныс жəне бекiту.
Аэрофотопленка жұмсақ негiзден жасалады, қазіргі кезде лавсан қолданылып жүр. Фотохимиялық өңдеу жəне кептіру кезінде негіз əр түрлі деформацияға ұшырайды. Аэрофотопленка деформациясы бірқалыпты жəне əр түрлі болуы мүмкін. Бұл негiздің деформациясы (өзгеруi) 0,01-0,02% шамасында, сондықтан аэрофотонегативтің шетіндегі нүктелердің жылжуы 7–14 мкм аспайды.
Жарық сезгiш қабаты, əдетте, жарық сезгiш заттан (бромды күмiс) тұрады. Қорғау қабаты жақсы желатиннен жасалады. Ол эмульсиялық қабатты əр түрлі механикалық зақымданудан жəне сырылғаннан қорғайды, сондай-ақ, аэрофотопленканың жыйырылуынан сақтайды.
Аэрофототүсірісте ақ-қара, спектрозоналық жəне түрлі-түсті аэрофотопленка қолданылады. Топографиялық түсірісте көбінесе ақ-қара аэрофотопленка қолданылады.
Фотокөрінiстің көрiну қабілетi мынадай формуламен анықталады:
бұл жерде R0 жəне Rп – аэрофотообъективпен аэрофотопленканың көрiнiс қабілетi. Аэрофототүсіріс кезінде ұстама уақытын анықтау үшін бұндай шамаларды білу керек.
Соңғы кезде аэрофототүсіріс кезінде спектрозоналық аэрофотопленка қолданылып келеді. Ақ-қара аэрофотопленкаға қарағанда ол бірнеше қабаттан тұрады. Бірнеше эмульсиялық қабат оның сенсиметриялық сипаттамасын арттырады жəне барлық аэрофотопленкаға тəн сипаттамаларды (жалпы жарық сезгіштік, контраст коэффициенті жəне т.б.) сақтайды. Спектрозоналық аэрофотопленкаға түсуру кезінде АФА-ның фокустық ұзындығы 140 мм артық болғаны дұрыс.
Үш қабатты түрлi-түстi аэрофотопленка жер бетiн өз түстерiмен көрсету үшiн қолданылады. Мысалы, ЦН-3 жəне ДС-5 түрлi-түстi негативтiк аэропленкалардың жарық сезгіштігі 180 жəне 60 бірлік, ажарату қабілеті 58 сыз/мм. ЦН-3 үш қабаттан тұрады: сары, пурпур жəне көкшiл түстерден.
Фотоқағаздың аэрофотопленкаға қарағанда сентиметриялық қасиеттерi бiршама басқаша, яғни оптикалық тығыздығы минималь жəне максималь объектіні көрсету үшін. Фотоқағаздар жылтырсыз, жартылай жылтыр, жылтыр жəне жып-жылтыр болып бөлiнедi. Фотоқағаздың жарық сезгіштігі қосалқы рөл атқарады, өйткені фотографиялық басу кезінде ұстама уақытын өзгертіп отыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |