Реферат орындаған: Тасан А. Е. Тексерген: Сапарбаева А. М. Алматы, 2021 жыл



жүктеу 32,28 Kb.
Дата07.03.2022
өлшемі32,28 Kb.
#37724
түріРеферат
макроэкономика 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.СОРБОННА-КАЗАХСТАН ИНСТИТУТЫ.


РЕФЕРАТ


Орындаған: Тасан А.Е.

Тексерген: Сапарбаева А.М.


АЛМАТЫ, 2021 жыл




  1. Инфляция құбылысының пайда болуы мен даму тарихы

Экономикалық құбылыс ретінде əлем экономикасында, инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізінде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен жəне оның қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі – «infl atio» – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861- 1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету үдерісін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық əдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес үкіметінің экономикалық əдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дəрежесінің өсуі арқылы жəне нақты активтерге қарағанда, ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының кез келген өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға 227 мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бəсеңдеуі дезинфляция деп атайды.

Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаны алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сəйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.

Сонымен, инфляция – бұл бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық жəне монетарлық емес болып бөлінеді.

Монетарлық емес себептер:

- экономикадағы диспропорциялар;

- əскери-өнеркəсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі;

- тым күшті импорттық тəуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың əлсіз дамуы;

- ЖІӨ көлемінің құлдырауы;

- халықтың инфляциялық күтулері.

Монетарлық себептер:

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;

- ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына əсері. Орталық банк активтерінің ұлғаюы барлық жағдайларда ақша массасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем қабілеттілігі бар сұраныстың артуын білдіреді. Нəтижесінде игіліктерге жалпы баға деңгейі өседі;

- ақша айналымы жылдамдығының артуы.

Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20%- ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік шаруашылықпен азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.

Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендінгі жағдайында да сақталынып тұрды: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %, 1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7 %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемелкет кірістерінің құнсыздануынан туады.



  1. Қазақстандағы қазіргі инфляциялық жағдайлар және оның ерекшіліктері

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

Қеңес экономикасының 70- ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған.

Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады: өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық; ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік; шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция; әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік; материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

Қазақстандағы қазіргі инфляциялық жағдайы статитикалық тұрғыда қарастырсақ ең жоғары инфляция 2008 жылы қаңтар мен тамыз аралығында орын алған, ол соңғы жылдарман салыстырғанда яғни 19,4% құраған екен. 2009 жылдың қараша айында 2008 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%, жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі –5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы – 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%, жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады.

2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%, нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім және аяқ киім – 15, жеке гигиена тауарлары 0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын. Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет көрсету құны – 0.9% - ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% , мәдени қызметтер - 0.8%, тұрғын үй – коммуналдық қызмет көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі 0.3% - ға қымбаттады. Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр.

Сонымен 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі талдау көрінісінде (резервтік активтердің өзгеруіне байланысты операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың осындай көрсеткішінен екі еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға тікелей инвестициялварының да өсуі тән болды. 2008 жылдың 1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі.

2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті. 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне сыртқы борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді. Тұтастай алғанда, 2008 жылы тамызда шілде айына қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты.

Тұтыну бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді.

2009 жылы инфляция динамикасына тән ерекшеліктердің ішінде барлық тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың 2008 жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.

Ақша-кредит саясатының 2004-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2009 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды.

Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек 2009 жылы жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2009 жыл желтоқсан 2008 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағанда біршама өскен.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2008 жылы шілдеде 0,9% құрады (2007 жылдың маусымында – 0,8%). Азық-түлік тауарларына баға 0,4%-ға , ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға қымбаттады.




  1. Қазақстандағы инфляциялық үрдістердің даму кезеңдері, гиперинфляциялық құбылысқа сипаттама және оған қарсы қолданылған нақты шаралар

Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндіріс диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жұйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

Кеңес экономикасының 70 – шы жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

1) Өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақты ;

2) Ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік ;

3) Шикізат өндірісі мен дайын ( түпкі ) өнімдері өндірісінің арасындағы диспропорция ;

4) Әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік ;

5)Материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

Бұл диспропорцияларкеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10 – 15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше сес жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан.

Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90 – 95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 % тұтыну товарларының 60 % сырттан тасымалданатын. Кеңес жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі.


  1. Антиинфляциялық саясаттың қазіргі заманғы шетелдік тәжірбиелері

XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей түрде және жанама түрде реттеу мқсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады. Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы.

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүрді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалар өсуінің нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолдана отырып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерстері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табысы реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға рқылы реттеледі

Әдетте бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі бір уақыт мерзімі бойынша тұрақты етіп ұстап тұру туралы аң қабылданатын. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дикриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.

Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арсында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша кісіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен- барынша көп пайда табу бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.

Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарлату пайдалы тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып- түю дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа бағаға әкімшілдік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге кші де, құралдары да жеткілікті деп сеңсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге мүмкіндік береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің – тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің – бар болуын өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.

XX ғ. 60 жылдары нарық экономикалы елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күткендей болмады. Сондықтан 70 жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.

Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың дефляциялық шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, ерілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте-бірте шектеу еңгізеді.

Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.

Инфляцияны төмендету мақсатымен алюта саясатының инструменттері пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.

Дефляциялық шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады.Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструменнтерінен бас тартуға мәжбүр еттті.

Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының балама жолдары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.

Филлипстің қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келіудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қаржылық және ақша саясатын азғана өзгертіп, қатал стандарттарды, мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды селективтік қолдауды, протекционистік шараларды, табыстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға болады. Соңғы варианты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.

Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу. Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдануына, ел ішіндегі әлеуметтік саяси жағдайға және т.б. байланысты болады.

Қазақстанда инфляцияның дамуы сұраныс пен ұсыныс инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырады.

Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап көрсетейік:

Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін орталық банктерден келген несиелер;

Екіншіден, Орталық банктің коммерциялық банктерге несиесі қайта қаржыландыру үшін несиелер ;

Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие – олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.

Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.

Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек естен таңдыру терапиясының монетаристік әдісі қолданылды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.

Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен,экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурсстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.

Премьер-Министрдің айтуынша, инфляцияны реттеу мәселелері Үкіметтің айрықша бақылауында тұрған көрінеді. Бағаның өсуіне байланысты барлық мәселені Үкіметтің арнайы құрған тобы қатаң бақылауға алған. Қазір алдын-ала жасалған талдаулар негізінде инфляцияның белгіленген дәлізден шықпауы үшін істің бәрінің жүйесі анықталып, жүйелі тапсырмалар берілген деседі. Бұл да дәтке қуат.

Бірінші кезекте, тиісті органдар сыртқы сауда секторы есебінен болатын баға өсімін терең зерттеуге кіріскен. Біздің ішкі рыногымыз қанша дегенмен әлемдік коңюнктураға тікелей байланысты ғой. Түрлі тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы сыртқы факторларға сәйкес күрт өсіп кетуі ғажап емес. Сондықтан импорт инфляциясын үнемі назарға алып отыру керек.

Екінші кезекте, екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы жағдайларға тәуелділігінен туындайтын баға өсімі кешенді талдауға өзек болған. Ұлттық Банк мәліметтеріне қарағанда, жеке сектордың сыртқы қарызы 39,1 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 70 пайызы. 2001 жылдың аяғында бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 51,3 пайызын құрағанын ескерсек, айырма айтарлықтай. Бүгінде жеке сектордың сыртқы қарызының 35,5 пайызын екінші деңгейдегі банктер қарызы құрайды. Банктердің несие қаржыларын оңды-солды бере бастағанының астарында осындай гәп жатыр. Экономиканың тұтыну несиелері өскен сайын екінші деңгейдегі банктер алақандарын ысқылай түседі. Сырттан алынған қарыз ақшаның ағыны көбейген сайын қаржы құнсыздануы жылдамдайды.

Қазірдің өзінде тұтыну несиелері елеулі түрде өсіп отыр. Ол 2006 жылдың екі айы ішінде халықтың салымдарының өсуінен 4 есе артық болып шықты. Тұтыну несиелерінің бұлайша шарықтай түсуі инфляцияның шапшуына тікелей түрткі болатыны түсінікті.
Мемлекеттік бюджеттің ағымдық шығындарын қысқарту арқылы да инфляцияны ауыздықтауға болады. Есеп-қисапты дұрыс жүргізіп, не керек, не керек еместігін уақтылы айқындап отырса, мемлекеттік бюджет есебінен болатын негізсіз шығындарды реттеуге мүмкіндік бар. Үкімет соңғы жылдары мемлекеттік шығындарды жалпы ішкі өнімге қарай алғанда 22-23 пайыз деңгейінде ұстауға ұмтылып отыр. 2005 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 22,9 пайызды құраса, 2004 жылы 23,4 пайыз болған еді. Бұл арада Ұлттық қор трансферттерін қоспағандағы таза мемлекеттік шығындар туралы әңгіме болып отыр.

2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қор жаңа схема бойынша жұмыс істей бастайды. Бұдан былай Ұлттық қор макроэкономикалық реттеуші рөлін атқарады. Мемлекеттік бюджет қаражатын Үкімет ұсынақты түрде жұмсауға көшетін болады. Экономиканың “қызып кетпеуі” үшін осындай түбегейлі шаралар қолға алынған.

Үкімет халықтың табысының, жалақысының өсуін және еңбек өнімділігін тұрақты зерттеуге тырысып отырса керек. Өйткені, инфляцияның өсу шегін дәл анықтау үшін мұндай деректерді ай ма ай нақтылап отырмаса болмайды. Үстіміздегі жылдың екі айы ішіндегі көрсеткіштерге қарағанда, нақты еңбекақының өсімі еңбек өнімділігінің нақты өсімінен 2,3 есе артық екен. Халықтың нақтылай қаражат кірістері бөлшек сауда айналымының өсу қарқынынан 1,4 есе жоғары. Ішкі тұтыну сұранысының тарапынан жүріп жатқан өсімдер инфляциялық үдерістерге еріксіз итермелеп отыр.

Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1 шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алынбақ. “Монополистік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады. Индустрия және сауда министрлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.

Көптеген монополистер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.

Сонымен, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді.




  1. Қазақстандағы инфляциялық құбылыстар туралы ресми дерек көздері, оларды талдау және бағалау

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2010 қазандағы берген мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 2010 жылдың қаңтар-тамыз айларында орын алды, яғни 19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық-түлікке деген баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%.

2011 жылдың қараша айында 2008 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%, жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі –5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы – 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%, жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады.

2010 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%, нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім және аяқ киім – 15, жеке гигиена тауарлары 0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын.

Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет көрсету құны – 0.9% - ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% , мәдени қызметтер - 0.8%, тұрғын үй – коммуналдық қызмет көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі 0.3% - ға қымбаттады. Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр.

Сонымен 2010 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі талдау көрінісінде (резервтік активтердің өзгеруіне байланысты операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың осындай көрсеткішінен екі еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2010 жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға тікелей инвестициялварының да өсуі тән болды. 2008 жылдың 1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі.

2010 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.

2010 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне сыртқы борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.

Тұтастай алғанда, 2010 жылы тамызда шілде айына қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты.

Тұтыну бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді.

2011 жылы инфляция динамикасына тән ерекшеліктердің ішінде барлық тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың 2008 жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.

2004 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компонентті және бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.

Ақша-кредит саясатының 2004-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2009 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды.

Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек 2011жылы жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2009 жыл желтоқсан 2010 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағанда біршама өскен.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2008 жылы шілдеде 0,9% құрады (2007 жылдың маусымында – 0,8%). Азық-түлік тауарларына баға 0,4%-ға , ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға қымбаттады. Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік – сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.

Инфляцияның үйлестірімді әсері. Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.

Баға деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем және өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін және табыс жіктелуін көре аламыз. Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?

Атаулы және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек. Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайыз түрінде алынған ақшаның саны. Нақты табыс – бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.

Егер атаулы табысыңыз бағаның өсу деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс өседі. Және, керісінше, егер баға өсу деңгейі атаулы табыс деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс азаяды.

Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктелген:



  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

жүктеу 32,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау