Сурет 27. Келесі қадам терезесі
11. Ашылған терезеден сурет түрін таңдаңыз. Сурет орнына Леп
белгісін (!) таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басамыз (Сурет 28).
Сурет 28. Соңғы қадам терезесі
12. Батырмаға ат береміз. Дайын батырмасын басамыз.
13. Формадағы өзгерістерді сақтап, форманы ашыңыз (Сурет 28).
Сурет 28. Дайын форма терезесі
14. Батырманы басқанда форма жабылады.
15. ПРЕДМЕТ кестесіне Автоформа режимдерінің бірінде ПРЕДМЕТ
формасын құрыңыз.
16. Диаграмма құру кестелерде сандық мәліметтер болса, солардың
арасындағы қатынастарды көрсетуге өте қолайлы (Сурет 29).
Сурет 29. Диаграмм түрлері
17. ПРЕДМЕТ кестесіндегі студенттердің бағаларын көрсететін
конустық диаграмманы құрыңыз.
18. Макрос құруды қарастырайық. Ол үшін қабаттамадан макросты
таңдап, Құру батырмасын шертіңіз (Сурет 30).
Сурет 30. Макрос құру терезесі
19. Макрокоманда өрісінен керек команданы таңдаймыз. Мысалы,
Кестені ашу (Открыть таблицу) командасын таңдайық. Онда төмен жақта
орналасқан жерде макрокоманда аргументін көрсетуіміз керек. Қай кестені
жабамыз, соның атын тізімнен таңдаймыз. Мысалы, бізге тСТУДЕНТЫ
кестесін ашу керек (Сурет 31).
Сурет 31. Макрос құру терезесі
20. Макросты СТУДЕНТЫ атымен сақтап жабамыз. Содан кейін Қосу
(Запуск) батырмасын басамыз. Нәтижесінде бізге тСТУДЕНТЫ кестесін
ашып береді.
21. Өз беттеріңізбен ПРЕДМЕТ құрыңыз. Ол макросты қосқанда
ПРЕДМЕТ формасы ашылсын.
22. Енді макрос пен басқару элементтерінің арасында байланыс
орнатайық. Ол үшін жоғарыда құрған СТУДЕНТЫ формасының конструктор
режиміне өтіңіз. Элементтер тақтасынан батырманы алып формаға
орнатыңыз. Батырма құру терезесін жауып тастаңыз.
23. Формаға орнатқан батырманың оң жағын басып Қасиеттер
терезсін (Свойства) ашыңыз (Сурет 31).
Сурет 31. Батырманың қасиеттер терезесі
24. Келесі параметрлерді орнатыңыз:
МАКЕТ қабаттамасы: Жазу (Подпись) – ВЫХОД, Ені (Ширина) –
2см, Биіктігі (Высота) – 2см, Шрифт өлшемі – 12, Көлдеу (Курсив) – да.
Оқиғалар (События): Батырманы екі рет шерту (Двойное нажатие
кнопки) – Макрос таңдаймыз.
Ары қарай макросқа ат беріп, MS Access-тен шығу командасын
таңдаңыз. Форманы сақтап ашамыз. Нәтижесінде MS Access-тен шығамыз.
Бақылау сұрақтары
1.
Форма құрудың неше тәсілі бар?
2.
Форма және макрос не үшін қажет?
3.
Форманы конструктор режимінде не үшін ашамыз?
4.
Басқару элементі дегеніміз не?
Тапсырмалар
1. ДАННЫЕ МҚ КЛАСС кестесіне форманы Автоформа: кестелік
түрімен құрыңыз.
2. Алдыңғы зертханалық жұмыста құрған 2,3,4,5,6 сұраныстарына әр
түрлі тәсілдермен форма құрыңыз.
3.
Конструктор көмегімен бос форма құрып оған 3 батырма орнатыңыз.
Формаға» «БАС ФОРМА» деген атты Жазу (Надпись) компоненті көмегімен
беріңіз. 1-ші батырма басқанда ПРЕДМЕТ кестесі ашылсын. 2-ші батырма
басқанда – ПРЕДМЕТ формасы ашылсын. 3-ші батырмасын басқанда
ДАННЫЕ МҚ жабылсын. Форманың түсін, өлшемдерін қасиеттер терезесі
арқылы өңдеңіз.
4. Қосымша 1 формаларын құрыңыз.
9 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тәжірибелік жұмыс №1. «MYWORLD» мәліметтер қорын құру
Тәжірибелік жұмыс №1. «MYWORLD» мәліметтер қорын құру
1 қадам – Ms-Excel -ден Ms-Access
-ке мәліметтерді экспорттау
2 қадам – қосымшаның басты формасын қалыптастыру
3 қадам – ADO
технологиясы бойынша Ms-Access МҚ-на қосылу