3.
Айыру амалы бір кестеден басқа кестеде жоқ жазбаларды
(жолдарды) бөліп алуға мүмкіндік береді, минус белгісімен белгіленеді.
Мысалы:
а
1
a
2
a
3
c
1
c
2
c
3
b
1
b
2
b
3
b
1
b
2
b
3
- f
1
f
2
f
3
= d
1
d
2
d
3
c
1
c
2
c
3
a
1
a
2
a
3
d
1
d
2
d
3
4.
Көбейту амалы екі кестенің декарттық көбейтіндісін құрайды. *
символымен белгіленеді. Мысалы:
х
1
y
1
z
1
* a
1
a
2
x
1
y
1
z
1
a
1
a
2
x
2
y
2
z
2
b
1
b
2
= x
1
y
1
z
1
b
1
b
2
c
1
c
2
x
1
y
1
z
1
c
1
c
2
x
2
y
2
z
2
a
1
a
2
x
2
y
2
z
2
b
1
b
2
x
2
y
2
z
2
c
1
c
2
5.
Таңдау амалы бір кестеден көрсетілген шартқа сәйкес келетін
жазбаларды іріктеп алып, екінші кестені құруға қолданылады. Таңдау
әрекетін белгілеу үшін SELECT сөзі қолданылады. Мысалы:
SELECT (Orders:’03/10/2000’
Шарт дегеніміз өзінде =, >, <, >=, <= қатынастық әрекеттер мен «және»,
«немесе», «емес» логикалық амалдар қолданылатын логикалық өрнек болып
табылады.
6.
Проекцияны құру амалы кестеден жаңа кестені құру үшін қажетті
бағандарды таңдап алуға мүмкіндік береді. Проекцияны құру амалы келесі
тәртіппен жазылады.
Кестенің атауы. [баған, баған, . . . , баған]
7.
Қосу (жалғау) амалы кестелердің арасындағы мәліметтерді
байланыстыру үшін қолданылады. Бұл амал келесі түрде жазылады:
JOIN (кесте, кесте)
Жалғау үшін кестелердің бағандары бірдей болуы тиіс.
Жалғау амалын орындау кезінде келесі әрекеттер орындалады:
1)
Бастапқы кестелердің көбейтіндісі анықталады;
2)
Алынған көбейтіндіден ортақ бағандардың мәндері бірдей
болатын жолдар таңдап алынады;
3)
Жобалау кезінде алғашқы кестенің ортақ бағандары алынып
тасталады.
xу
a b b
c d / e = a
a e f
a f
9.
Меншіктеу амалы реляциялық алгебраның алдыңғы амалының
нәтижесіне қандай да бір атау меншіктейді. Мысалы:
С:= JOIN(А, В)
Дейт [3] реляциялық алгебраны келесі амалдармен толықтырады:
-
қайтадан атау беру.
RENAME <кесте><атрибуттың ескі аты> AS <атрибуттың жаңа
аты>, <атрибуттың ескі аты> AS <атрибуттың жаңа аты>, . . .
кестедегі атрибут атын өзгертуге мүмкіндік береді;
кеңейту
EXTEND <кесте> ADD <өрнек> AS <жаңа атрибут>
берілген өрнекті есептеу арқылы мәні табылатын жаңа атрибутты
кестеге қосады;
қорытындылар жасау
SUMMARIZE <кесте> BY (<атрибуттар тізімі>) ADD <өрнек> AS
<жаңа атрибут>
берілген тізіммен топтастырылған кортеждер үшін, берілген өрнек
бойынша вертикальды топтық есептеулерді орындайды және есептеулер
нәтижелері оның кортеждер саны бастапқы кестенің топтар санына тең
болатын, қалыптастырылып отырған кестедегі жаңа
бағанды құрайды;
кіргізу
INSERT <1 кестеден таңдау> INTO <2 кестеге қосу>
2 кестеге 1 кестеден таңдап алынған кортеждерді қосу;
жаңарту
UPDATE <бастапқы кестеден таңдау><элементтер тізімі>
таңдап алынған кортеждер үшін көрсетілген элементтердің
атрибут:=өрнек түріндегі мәндерін өзгертулер орындалады;
жою
DELETE <бастапқы кестеден таңдау>
бастапқы кестеден таңдап алынған кортеждерді жою орындалады.
Сонымен, реляциялық алгебра дегеніміз – бұл реляциялық кестелерді
өңдеудің процедуралық тілі, басқаша айтқанда реляциялық алгебра есептің
қадамдық шешімін қамтамасыз етеді.