Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет20/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65

 
46 
Шығармашылықты  қалыптастыруда  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының 
маңыздылығы жӛнінде  В. П. Кислова,  М. А. Матвеева,   А. О. Бурдин,   Н.И.  
  Н. И. Стрелянова т.б ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.  
Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  физикалық  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының  негізгі  мақсаты  ғылыми-техникалық  және  мәдени-прогресті 
практикалық қызметте қолдануда шығармашылық аса қабілетті жоғары білімді 
етіп  даярлау  және  тәрбиелеу  сапасын  кӛтеру,  олардың  әрқайсысының 
шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.  
Физикалық  ғылыми  -  зерттеу  жұмыстарының  басты  міндеттері  – 
студенттердің  даярлық  деңгейін  ескеріп,  оларды  әртүрлі  шығармашылық 
қызметтерге  үйрету.  Физикалық  ғылыми  -  зерттеу  жұмысы  –  студенттің  оқу 
бағдарламасы аясында, сонымен қатар арнайы бағдарламалар бойынша жүзеге 
асырылатын: студенттік танымның ғылыми әдісін меңгеруіне, оқу материалын 
шығармашылықпен  меңгеруіне  ықпал  ету;  студентті  ғылыми-техникалық 
міндеттер  мен  ғылыми-теориялық  мәселелерді  ӛз  бетінше  шешу  әдістемелері 
және құралдарына үйретуге бағытталған қызметі болып табылады. 
 
 
 
Сурет 15 – Болашақ физика мұғалімдерінің орындайтын ғылыми – зерттеу 
жұмыстары 
 
Физиканы  оқытуда  студенттердің  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарын 
ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын 
іздестіру  ӛзекті  сипатқа  ие  болады.  Сол  себепті,  студенттердің  ғылыми  – 
зерттеу  жұмыстарын  жасауда  (15-сурет)  олардың  шығармашылықтарын 
қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру қажет. 
Осы  жоғарыда  аталған  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарының  кез  келген 
формасында  ақпараттық  технологияларды  қолдану  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  шығармашылығын  қалыптастыруда  маңызды  орынға  ие. 
Физикалық ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлері 
Физикалық 
құбылыстар мен 
заңдылықтарға 
рефераттық 
жұмыстар жазу 
Қоғамда болып 
жатқан физика 
саласындағы 
жаңалықтар 
бойынша ғылыми 
баяндама, пікір 
жазу 
Физикалық 
кӛкейкесті 
тақырыпта мақала, 
эссе жазу 
Физикалық 
құбылыстар мен 
заңдылықтар 
бойынша курстық 
жұмыстар жазу 
Қоғамның 
қажеттілігін 
қанағаттандыратын 
маңыздылығы 
жоғары физика 
саласынжа ғылыми 
жобалар дайындау 
Физикалық 
құбылыстар мен 
заңдылықтарды 
бақылауға арналған 
эксперимент 
жүргізу 
 
Физика саласымен 
байланысты болған 
кӛкейкесті 
тақырыпта 
дипломдық жұмыс 
орындау 


 
47 
Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  ақпараттық  технологияларды 
қолдану  –  алынған  білімдерді,  біліктер  мен  дағдыларды  тәжірибеде  қолдана 
алуға  қабілетті,  жоғары  білімді  маман  даярлау  сапасын  арттырудың  маңызды 
құралдарының 
бірі. 
Болашақ 
физика 
мұғалімдерін 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына  тарту  олардың  шығармашылық  және  интеллектуалдық  әлеуетін 
қазіргі  қоғамның  маңызды,  кӛкейкесті  міндеттерін  шешу  үшін  пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
Физикалық  ғылыми  баяндамалар  –  физиканы  оқытуда  аудиторияда  оқу 
түрінде жүргізілетін немесе мақала түрінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен 
тәжірибелік  эксперимент  жұмысының  мазмұнын  баяндайтын  ғылыми  құжат 
болып  табылады.  Болашақ  физика  мұғалімдерін  ғылыми  баяндамалар  жасауға 
үйрету – олардың ӛзін ӛзі бағалауына, алдына қойылған мақсатты жеңе алуына, 
кӛпшіліктің  алдында  ӛз  еңбегін  жеткізе  алуға,  ғылыми  білімін  жетілдіруге, 
шығармашылығын  қалыптастыруға  әсер  етеді.  Бұл  ғылыми  баяндамаларды 
жасауда  ақпараттық  технологияларды  қолдану  –  оның  баяндаманы  жасаудағы 
мақсатына  жетуге,  баяндаманың  ғылыми  түсініктілігін,  кӛрнекіліктігін 
арттырады.  Ақпараттық  технологиялар  баяндама  барысында  түсіндіру  қажет 
болған нысанды жеткізуге кӛмекші құрал болады.  
Физикалық  рефераттық  жұмыстар  –  ғылыми  еңбектер,  ғылыми 
зерттеулердің қысқаша мазмұнын кӛрсететін, жазбаша немесе басылым түрінде 
беріледі. Физикалық реферат ғылыми-ақпараттық бағытта жазылады. Физикаға 
байланысты  болған  тақырыпты  толық  баяндаумен  қатар  рефератта  ғылыми 
теориялар  мен  ғылыми  қорытындыларға  анализ  жасалынып,  ұсыныстар 
айтылады.  
-  ақпараттық  рефераттар  -  студент  бір  немесе  бірнеше  жұмыстың 
мазмұнын қысқаша баяндайды. 
-  бағалаушы  рефераттар  -  белгілі  бір  мәселе  бойынша  бірнеше  ғылыми 
әдебиеттер  негізінде  жазылады,  мәселеге  түрлі  кӛзқарастар,  жұмыстардағы 
ғылыми  тұжырымдамалардың  сыни  талдамасы  келтіріледі,  реферат 
жазушының ұстанымы анықталады.  
Болашақ 
физика 
мұғалімінің 
ғылыми-зерттеу 
жұмысын 
ақпараттандырудың  негізгі  міндеті  -  таңдаған  мамандығы  аясында  ғылыми-
зерттеу  жұмыстарын  жүргізудің  теориялық  негіздерімен  және  практикалық 
дағдыларымен  таныстыру.  Бұл  функциялардың  орындалуына  оқу  үдерісіне 
енгізілген,  сондай-ақ  оқудан  тыс  уақытта  орындалатын  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.  
Физаканы  оқытуда  студенттің  ӛзіндік  жұмысы  -  оларды  даярлаудың 
сапалылығын  және  білім  сапасын  арттырады.  Осыған  орай  жоғары  оқу 
орындарында  әр  білім  алушыдан ой  еңбегінің  ұтымды  әдістерін  білуі,  яғни  аз 
уақыт  кетіріп  қажетті  ақпаратты  іздеп  және  меңгеріуді,  фактілер,  теорияны, 
тұжырымдамаларды  жүйелеп  және  жіктей  білуді,  ӛз  кӛзқарасын  нақты  айтып 
және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі. 
Студенттің ӛзіндік жұмысы - бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды 
ӛзінше  орындауға,  танымдық  әрекеттерге  қызғушылығының  қалыптасуына 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау