Рабочая программа курса «Социология»


-13 тақырып.Мұражай және мұражай қызметінің дамуы



жүктеу 1,67 Mb.
бет7/9
Дата05.02.2018
өлшемі1,67 Mb.
#8608
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

12-13 тақырып.Мұражай және мұражай қызметінің дамуы.

Мақсаты:

Жоспар:

1.Тенденцияларға сипаттама.


2.Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеу.

1.Қазіргі кездегі әлеуметтік мәдени ахуалды талдауда, олар барлық аяда, оның ішінде мәдениет пен ғылым аясында көрініс табатын кең ауқымды және жергілікті жерлердегі өлшемдердің күрделі жағдайдағы өзара әсер етулерін жоққа шығаруға болмайды. Білімді дифференциалау және интеграциялау үрдісінің жылдам өтетіндігі сондай, бұл мәселенің маңыздылығын есепке алмайынша, білім алудың кез-келген ауқымын дамытудың философиялық, логико-әдістемелік, ғылыми тұрғыдан даму туралы айтудың өзі артық болар еді. Жаратылыстану және дәл ғылымдардың аса жылдам дамуы әлемнің ғылыми бейнесі туралы пайымдаулардың көбеюі гуманитарлық, әлеуметтік, тарихи, мәдениет зерттеу білімдері бойынша жаңа салалардың қалыптасуы, қазіргі әлемдегі техника және ақпараттың алар орнының маңыздылығы, ғылымды барлық деңгейде, тіпті әлемдік шеңберде ұйымдастырудағы әлемдік нысандардың күрделене түсуі, білімнің, түсініктердің, әдістердің, пәндердің кешенді пәнаралық салаларының қалыптасуы. Ғылыми кеңістікті айтарлықтай қайта құруға әкеліп соқты. Қалыптасудағы ғылыми пән есебіндегі мұрағаттану орны әзірге анықтала қойған жоқ. Сонда да болса, оның ғылыми білмдердегі өзіндік орны қалыптаса бастауын айтпай кетуге болмайды. Олар көп жағдайда әлемдегі мәдени үрдістерді, олардың қозғалыстары арта түсуіне, және жан-жақты аса кең, әлемнің көпполярлы антиномияларынан бас тартуына орай, мәдениеттердегі алуан түрлілік, көпқұрамдық және бірегейлік мәселелері қайыра қараумен айналысатын әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда көрініс табатын күрделі рефлексияға тәуелді болып келеді. Мұражайтану қалыптасып кел жатқан әлеуметтік-гуманитарлық пән ретінде біртіндеп «шекаралық» парадигмаға ене түсуде, яғни мәдениеттің феномендерін теориялық-интеллектуалдық тұрғыдан талдай отырып, мәдени-тарихи сараптаудан өткізудің плюралистік тәсілін көрсетеді.

Қоғам мен мәдениетте болып жатқан түбегейлі өзгерістерді көрсету арқылы, мұражайлар қазіргі кезде айтарлықтай өзгерістерді бастарынан өткеруде. “Өзгеріске ұшырап жатқан әлемдегі мұражайлар” қазіргі кездегі шындықтың көрінісі болып табылады. Шындығына келгенде мұражай қызметінің қазіргі таңда әлеуметтік-мәдени маңызы арта түсуде, мұражайлардың мәдени мұраларды сақтау әрі оларды көпшілікке түсіндірудегі, әлеуметтік бейімделу мен мәдени біртектілендірудің күрделі үрдісіндегі, білім алу, бос уақытты ұйымдастырудағы рөлі арта түсуде. Қазіргі заманғы мұражайлар білім, коммуникация, мәдени ақпараттар алумен қатар шығармашылық иновациялардың орталығына айналуда.

Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени ахуалдар мұражайлардың өзіндік жол іздеулерін, жаңа білімдерге ұмытуларын, жаңа ойлар, рухани құндылықтарды пайдалануға итермелейді. Қоғамдық сананың қол жеткізген деңгейін есепке алатын институттан мұражай сол сапаны алға бастыратын мәдениет көрінісіне айналады. Соңғы кездерге дейін мұражай экспозицияларының сапасы мұражайға қойылған заттар мен коллекцияларында көрсетілген дәстүрлі ғылыми үлгілерге сәйкестігіне орай белгіленетін, ол қазір мұражайлар құндылықтарды жаңа тұрғыдан қарап, мұражайда қойылған заттарға ерекше көзқарас қалыптастырады, жасалып жатқан экспозициялар мен көрмелер, мәдени-білім беру жобалары ғылыми тұрғыдан зерттеу нәтижесін көрсетсе, сонымен қатар жеке тұлғалардың шығармашылық ізенулеріне жол ашады. Бұл көп жағдайларда мұражайлық қатынасты “декларация” және “монолог” саласынан “диалог” немесе “полилог” саласына ауыстыратын қазіргі заманғы мәдениет және мәдениетаралық қатынастардың әсерінен іске асырылды. Мұражайда жинақтанған ақпаратты түсінірудің алуан түрлілігі, біржақты түсіндіруге қарағанда асқан маңызға ие болды, ал ол өз кезегінде мұражай-педагогикалық белсенділікті арттыра түсті және мұражайлық жобалаудың рөлін күшейтті.

Осылармен қатар түрлі, оның ішінде виртуалдық мұражайлардың пайда болуы, сондай-ақ мұражай қызметіндегі жаңа бағыттар мен нысандардың дамуы көп жағдайларда ешбір жанарсыз, мұражай қызметінің тереңде жатқан бірлігі мен олардың түрлі деңгейдегі байланыстарын ескерусіз жүзеге асырылуда. Практиканың теориядан озып кетуі белгілі бір деңгейге дейін ғана қалыпты жағдай болып саналуы мүмкүн.

Қазіргі заманғы мұражайтану ісі мұражайлық қажеттіліктің жалпы пайда болуы мен оның дамуының заңдылықтарын, әрі мұражайдың қоғам және мәдениеттегі жаңа ролін түсінуі қажет. Бұл бір жағынан алғанда мұражайтанудың дербес пән болып қалыптасуына, екіншіден қалыптасқан нақтылы практикалық міндеттерден туындайды. Қазіргі заманғы мұражайлардың тұғырнамасын жасаған кезде мұражайға айналып отырған нысанның тарихи немесе мәдени маңыздылығын ғана ескеру жеткілксіз болып табылады. Мұражай қажеттілігінің әлеуметтік және мәдени-тарихи заңдылықтарын, сондай-ақ мұражайдың әлеуметтік-мәдени феномені ретінде жұмыс істеу негіздерін түсіну қажет.

Осыған байланысты ғылым пен практиканың векторларын анықтайтын мұражай ісін дамытудың жетекші тенденцияларына тоқталмақпыз. ХХ ғасыр бойына мұражайдың жаңа түрі ашық аспан астындағы мұражайлар кең тарады және көпшіліктің ықыласына бөленді. Осыған байланысты мұражайтану ісінде жаңа бағыт скансенология пайда болды. Мұражайлардың кеңістіктегі белсенділігі институционалдық тар шеңберге бағынбайды, әлеуметтік экспансиямен бірігіп кетеді де «ашық мұражай» феноменінде айқын көрініс табады. Олардың қызметі жинақтау, зерттеу, қорларды консервациялау және оларды көпшілікке көрсету шеңберінен шығып кеткен тәжірибе жүзіндегі мұражайлық мекемелердің пайда болуы, дәстүрлі мұражайларды жаңарту жолдарын іздеуден ғана емес, сондай-ақ, «мәдени мұра» түсінігінің күрделене түсуі және оның уақытының ұзаруына бұрындары оларға байланысты қолданылмаған салалар мен тарихи кезеңдерге тарауынан келіп шығады. Осыған орай, қазіргі заманғы мұражайтануда мұражайға қаланы, аймақты, тұтас елді дамытудың маңызды ресурсы ретіндегі мәдени мұра ретінде қарау кең тараған. Тұтас аймақтағы мұражайлардың жиынтығы дәстүрлі түрде мұражайлар желісі ретінде белгіленетін, жеке мұражай бірлік болып саналады. Соңғы кездері мұражай саласы дейтін жаңа термин кең етек жайды. Оның пайда болуын зерттеушілер мұражай кеңістігінде мұражаймен байланысты (оқу орындары, зерттеу, талдау, ақпараттық, консалтингтік, үйлестіру орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың, қорлар мен басқалардың) ұйымдардың жарыққа шығуларымен түсіндіріледі.

Қазіргі мұражайлар қызметінің ең маңызды өлшемдерінің бірі – мұражай айналасындағы және мұражай ішіндегі құрылымдарды қалыптастыру болып табылады. Мұражайлар ішінде және олармен бірлесе отырып, қалалар мен аймақтарда мұражайлық педагогиканың орталықтары, дәстүрлі мәдениет орталықтары, қоғамдық өмірдің орталықтары, клубтар, қоғамдар құрылуда. Мұражай мен әлеуметтік өзара іс-әрекеттердегі өзгерістер мұражайларды басқару жөніндегі функциялардың бір бөлігін түрлі қауымдастықтарға, қорларға, қоғамдық және жеке ұйымдарға беруде көрініс табады. Түрлі елдерде, оның ішінде, Ресейде де, олардың дамуына ықпал ету мақсатында мұражайлар достарының клубтары мен қоғамдары құрылуда. Меценаттық, демеушілік біртіндеп нақтылы нысанға ие бола бастауда; бүгіндері әлемдік тәжірибеде кең тараған және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде де белгілі бола бастаған мұражай достарының клубтары немесе қоғамдары құрылады, олар тек қана қаржылық қолдау көрсетіп қоймайды.



2.Мұражайдың жаңа тұжырымдамасы теориялық жағынан негіздеу.

Мұражай ісін дамытудың әдістемелік базасы ретіндегі мұражай коммуникациясының теориясы. Мұражайтанудың теоретикалық аппаратын жаңарту, оның тез арада өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени ахуалға байланысты нақтылы мұрағат ісінің нақтылы қажеттіліктеріне сәйкестендіру барлық әлемдегі мұражайларда болып жатқан жаңғырудың өзекті міндеті болып табылады. Отандық, аймақтық мұражайлардың жүйесі үшін қызмет көрсетудің теоретикалық негіздерін жаңғырту өте маңызды міндет болып саналады. Ұзақ уақыт бойына жасанды түрде оқшаулануға әкеліп соққан Ресейдегі мұражай ісі догматикалық көріністерде білінген мұражай жұмысында анық білінді.

Бүгіндері мұражай тануда пайда болған теоретикалық бос қуыстар жаңа жағдайларда мұражайлардың өз дамуының тұжырымдарын түсіндіріп бере алмауында көрініс табады. Кең ауқымды көріністерде сүйеніші болмайтын қолданбалы мұражайлық зерттеулер мен жұмыстардың тиімділігінің төменділігіне көп дүние байланысты қазірпгі кездегі құрылымдарды жетілдіру және сапалық көрсеткіштермен көзбояушылыққа баруға апарып соғатын мұражай саясатының артықшылығы мен принциптерін әзірлеуде ғылыми алғышарттардың жоқтығымен дәлелденеді. Дұрысында аймақтағы мұражай қызметінің дамуын аталып өткен ұйымдармен өзара байланыссыз көзге елестеу де мүмкін емес. Оның сыртында мұражайлар, аумақтық кешендер мен мұражайлық ұйымдар арасында бұрынғыдан тығыздырақ, ұзақ мерзімді түрлі бағыттағы байланыстар нығая бастайды, олар мұражай саласының шекарасын кеңейтуді сездіретін бірлескен бағдарламалар мен жобалар түрінде көрініс табады. Мұражайлар мен әлеуметтік орындардың тығыз байланысқа түсінуінің арқасында мұражайлардың білім беру қызметінің мәні арта түседі. Статистикалық мәліметтерге жүгілер болсақ барлық әлемдегі мұражайларға келушілердің саны арта түскенін көрсетеді, бірақ мұражай тану үшін мұражай және оның аудиториясының арасындағы қарым-қатынастың сапалық жағынан мәні басым. Мұражайдың әлеуметтік кеңестікке “енуінің” және оның білім беру функцияларының кең түсуін мұражайлық педагогиканың жедел дамумен түсіндіруге болады, ол мұражайлық педагогика мен келуші арасындағы бірлесе қызмет ету мен бірлескен шығармашылықты зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Мұражайлық-педагогиканың зерттеулер мұражай мен келушінің арасындағы өзара әсер алуды психологиялық, әлеуметтік және мәдениеттілік тұрғысынан тұтастай түсінуге бағытталады, мұражай кеңістігімен өз бетінше танысуды қарастыратын бағдарламалар мен жобалар әзірлейді, ынтасыз көрумен ғана шектелетін нысандарды орағытын өтуге бағытталған интерактивті экспозициялар мен мұражайлық-педагогикалық әдістемелерді жасайды, оларды жүзеге асыру барысында мұражайға келушілердің қозғалыс маршруттарын таңдап алуға, өзінің жеке ассоциасын түзеуге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі заманғы кез-келген түрдегі және бағыттағы мұражайлардың басым аудиториясы болып, мектеп жасына дейінгілерді қосқандағы барлық жастығы балалар болып табылады. Мұражайлық педагогикадағы балалар бағытын дамыту мұражайдың ерекше түрін - Балалар мұражайын жасауға әкелді. Балалар мұражайының сан алуан түрлерін бұл мекемелердің қоршаған ортаға көп арналы және әр деңгейдегі кірігуіне бағытталған.

Мұражай мен қоғамның өзара бірлесе қызмет істеуінің жаңа нысандарын іздестіру және дамытудың нәтижесі болып экомұражайлардың пайда болуы және дамуы болып табылады. Олар ең алдымен жергілікті қоғамдастың үшін, жергілікті күштер тарапынан қолдау көреді. Экомұражайлардың дамуның ресурсы болып нақтылы аумақтағы тұрғындардың әлеуметтік энергиясы және олардың осы жердің айрықша ерекшелігін сақтап қалуға мүдделі болулары көп көмегін тигізеді. Экомұражайлар ашық аспан астындағы мұражйлар секілді қоғамның қажеттілігін зерттеу, келушілерді топтастыру және олармен бірлесе қызмет істеу мәселелерін шешуге талпыныс жасайды, ұзақ мерзімдік мәдени бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға бағытталған. Бүгіндері мұндай мұражайлардағы экспонаттар мұражайдағы жай ғана заттан гөрі басқаша көріністе болады, олар мағыналық және символикалық (рәміздік) жүкті көтеріп тұруы және олар жасаған кешен немесе коллекция нақтылы орынның, оның мәдениетінің, тарихы мен қоршаған ортасының өзіндік ерекшеклігі бар тарихи құжатына айналады. Экомұражайлар мезетте мұрағат және оқу құралы, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың сол уақыттағы өмірінің құрамдас бөлігі болып табылады. Француз мұражай зерттеушісі Жорж Анри Ривьераның пікірі бойынша “бұл мұражайлар жергілікті қауымдастықтың мұрағаттары болып табылады,оларды бейне айнадағыдай өткен кезең мен осыкездің мәселелері, оларды шешудің мүмкіндіктері мен болашағы көрініс табады. Мұндай мұражай бүгіндері қазіргі өмірдің шындығымен мықты байланыста, сондықтан біздің әлемнің өзгешеліктері мен шындығына берік байлануы арқылы, оның бірлігі мен ортақ тамырлары және мәдениет тұрғысынан басымдығын ашып көрсетеді”.

Бақылау сұрақтары:

1.Сіз тенденцияларға қандай сипаттама.берер едіңіз?

2.Қалай мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеуге болады?


жүктеу 1,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау