шетелдік озық тәжірибелері
Дамыған елдердің экономикасында шағын кәсіпорындар
айтарлықтай мацызды орынға ие болады. Себебі, елдегі жалпы
ұлттық өнімнің және жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы
шагын кәсіпорындардың үлесіне тисе, жұмыспен қамтылғандар-
дың басым бөлігі де шағын кәсіпорындарда еңбек етеді. Сондық-
164
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
тан да біздің елімізде де шағын кәсіпорындарды ұйымдастыру,
басқару жэне тиімділігін арттыру бойынша шетелдік озық
тәжірибелерді пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Дамыған
елдердің озық тәжірибелерін еліміздегі шағын кәсіпорындар үшін
пайдалану мүмкіншіліктерін қарастыру да орынды. Бірақ мұндағы
бір ескеретін жағдай, біздің экономикалық дамуымыздың өзіндік
ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан үшін айтарлықтай тиімді
болатындай жэне жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін-
дей ұтымды жақтарын ғана тэжірибе ретінде енгізу жолдарын
қарастырған дұрыс.
Әлемдік тэжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді
шағын жэне орта кәсіпорынға жатқызудың жалпы критерийлері
ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері,
активтерінің шамасы, айналым көлемі жэне басқаларын айтуға
болады. Алайда айтарлықтай жиі қолданылатын критерийлерге
келесілерді жатқызуға болады: кэсіпорындағы жұмыскерлердің
орташа жылдық саны, кәсіпорынның жылдық айналымы жэне
активтерінің мөлшері. Еуропалық Одақта 1995 жылдың бірінші
қаңтарынан шағын кәсіпорындарға жұмыскерлер саны 50 адам-
нан, жылдық айналымы 4 млн экюдан, баланс сомасы 2 млн экю-
дан аспайтындар жатады.
Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты да-
муын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын
кәсіпорындардың дамуына үлкен мән беріледі. Біріккен Ұлттар
¥йымының даму бағдарламасы бойынша шагын кәсіпорындар-
дың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санынан 95%-ға артық.
Әлемдік экономикада мұндай кәсіпорындардың үлесіне жұмыспен
қамтылғандардың 60%-дан астамы келеді, ал олардың жалпы ішкі
өнімдегі үлесі 50%-ға жетеді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде әсіресе шағын
кәсіпорындардың дамуы мен тиімділігіне мемлекеттік қолдау
шамасы айтарлықтай ықпал ететіндігіне, ал кэсіпкерлер мүндай
қолдауға мұқгаж болатындығына элемдік тэжірибе куэ. Бұл рет-
те, бизнесті бэсекеден қорғауға немесе ол үшін ерекше «жұмсақ»
жағдайлар қүруға емес, технологиялық жетілдірудің генерациясы
|