Қр білім және ғылым министірлігі


Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі



жүктеу 1,88 Mb.
бет2/3
Дата18.03.2023
өлшемі1,88 Mb.
#41826
1   2   3
Зертханалық жұмыс №6

Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі
Жобаны жүзеге асырмас бұрын оны аралықтарға бөліп онда орындалуға тиісті міндеттерді нақтылап алуға болады. Жобаны жасаушы қандай аралықта қандай міндеттердің болатынын, оған қажет ресурстардың түрін және көлемін нақты пайымдай білуге тиісті.
Мысал ретінде шағын ғана үй салу жобасын қарастырайық. Әдетте үй салуды шартты түрде:
1. Іргетасты қалау;
2. Қабырғаны тұрғызу;
3. Шатырын салу. кезеңдеріне бөлуге болады.
Аталмыш жұмысты 4 адамнан тұратын құрылыс бригадасы атқарады деп есептеледі. Қажет құрылыс материалдарының түрлері мен бағалары кестеде берілген.
Кесте-1 Құрылыс материалдарының сипаттамалары
Құрылыс материалдары/ Өлшем бірлігі/ Бағалары/
Цемент тонна 20000
Кірпіш керамзит дана 120
Ағаш текше метр 40000
Гравии тонна 1000
Су тонна 300
Құм тонна 1200
MS Project бағдарламасында күнтізбенің атқаратын ролі зор. Себебі жұмыстар бекітілген уақыт бойынша жүзеге асырылуға тиісті. Бағдарламада күнтізбенің 3 түрі бар: Стандартты, түнгі ауысым және 24 сағаттық. Стандартты күнтізбе 8 сағаттық жұмысты сипаттайды, яғни сағат 9.00 ден 18.00 –ге дейін және бір сағаттық 13.00 ден 14.00-ге дейін түскі үзілісті қамтиды. Қолданушы өзінің күнтізбесін жасап алуына болады. Мысалы, наурыз айының күнтізбесін жасап көрелік, мұнда 8 наурыз және 21-23 наурыз аралығы мейрам екенін ескереміз. Ол үшін алдымен Проект=>Изменитьрабочее время орындалады (2сурет).

2 сурет. Күнтізбе көрінісі

Енді 8 наурыз мерекесін жұмыс жасамайтын күн ретінде атап көрсету үшін алдымен тінтіреуінмен 8 наурызды шертеді. Содан кейін Исключение қалтасына ол күннің атауы жазылады. Наурыз мейрамы да сондай бағытта атап көрсетіледі (3 сурет).



3сурет. Мейрам күндерін атау

Жобаның құрамына енетін міндеттердің орындалу мерзімі мен тәртібін алдымен пайымдап алған дұрыс. Мысал бойынша алдымен іргетасты құйып, оған 1 күн жұмсап, оның кебуіне 2 аптадай уақыт беріп, қабырға тұрғызуға 3 күн, ал шатыр жабуға 3 күн жұмсау болжанады. Сонда барлығы шамамен 3 аптадай уақыт керек. Жобаны жүзеге асыру 2016 жылдың 4 сәуірінен басталсын. Жобаны MS Project бағдарламасымен көп жағдайда Задача=>Диаграмма Ганта режимінде жүзеге асады (4 сурет).





4 сурет. MS Project режимдері

Берілген бағыт бойынша ақпаратты енгізгеннен кейінгі көрініс 5 суретте берілген:





5-сурет. Міндеттердің енгізілуі

5-суреттен бағдарламаның екі бөлікке бөлінгенін көруге болады. Сол жақ бөлікте міндеттердің тізімі және олардың басталу мен аяқталу мерзімдері сипатталады. Оң жақ бөлікте міндеттерге сәйкес олардың орындалу ұзақтығын сипаттайтын Гант диаграммасы көрсетілген.


Енді міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін ресурстарды бағдарламаға енгізелік.Ол үшін Задача=>Лист ресурсов командаларын орындап, қажетті ақпарат енгізіледі. Енгізілетін ақпарат еңбек және материалдық ресурстарды қамтиды. Егер еңбек ресурстары енгізілетін болса онда оның пайдалану мөлшері пайыздық көрсеткішпен және уақыт бойынша төленетін ставкамен сипатталады. Материалдық ресурстардың өлшем бірліктерінің бағалары ғана енгізіледі.
Алдын ала айтылғандай құрылыс бригадасы 4 адамнан: Аманов, Рахметов, Сартаев және Болатовтан тұрады. Олардың бәріне сағатына 1000 теңгеден ақша төленеді.Олай болса ресурс бетіне айтылған еңбек және материалдары енгізіледі (6-сурет):



6 сурет. Ресурстардың енгізілуі


Ресурстар толықтай енгізілгеннен кейін олар атқарылатын жұмысқа тағайындалуы тиіс. Атап айтса іргетас міндетіне еңбек ресурстары толықтай және 700 кг цемент, 3 тонна гравий және 2 тонна су жұмсалады делік, олай болса оларды тағайындау мынадай бағытта жүзеге асады. Алдымен Задача => Лист задач командасы орындалады. Содан кейін Ресурсы => Назначить ресурсы командалар тізбегі орындалып ресурстар енгізіледі (7 сурет).





7 сурет. Іргетас ресурстарын енгізу

7 суреттегідей енгізгеннен кейін Назначить батырмасын басады. Аталған бағытпен Қабырға міндетіне ресурстар тағайындалады. Мұнда еңбек ресурстары толықтай пайдаланылып 0,3 тонна цемент 1 тонна гравий 0,5 тонна су жұмсалады деп есептелінеді (8 сурет).




8 сурет. Қабырға ресурстарын енгізу

Шатыр міндетіне еңбек ресурстары толықтай жұмсалып 1 текше метр ағаш, 30 дана шифер жұмсалады деп жобаланады (9 сурет).




9 сурет. Шатыр ресурстарын енгізу

Барлық ресурстардың көрсеткіштері енгізіліп болғанан кейін Задачи=>Диаграмма Ганта режиміне кері оралайық. Жобаның әрдайым бірнеше міндеттен тұратыны айтылды. Ал міндеттердің өзі бірнеше атқарылуға тиісті жұмыстардан тұрады. Демек жалпы жобаны міндеттер мен атқарылуға тиісті жұмыстардың жиынтығы деп қарастыруға болады.Мұнда жобаның маңызы міндеттерден, ал міндеттердің маңызы жұмыстардан басым болуға тиісті. Ол басымдылық MS Project-те былай сипатталынады. Басымдылығы жоғары іс басымдылығы төмен істен сол жаққа қарай ығысады және оның ол істің атауының қасында «-» таңбасы орналасады.


Үй салудағы «Іргетас», «Қабырға» және «Шатыр» міндеттерін «Үй салу» жобасына бағынышты қылып олардың маңызын анықтайық. Ол үшін алдымен Үй салу деген сөз міндеттер тұрған бағанаға жазылады және міндеттер курсор арқылы меңделіп алынып меню таблосындағы батырмасын басады (10 сурет ).

10 сурет. Міндеттердің маңызын анықтау

Енді жобаға кеткен жалпы шығынды анықтау үшін Добавить новый столбец=> Затратыкомандасы орындалады (11 сурет).




11 сурет. Жобаның шығынын анықтау

11 суреттен жалпы шығынның 399750 теңгенің құрағанын оның ішінде Іргетас міндетіне 49 600 теңге, Қабырға міндетіне 187150 теңге, Шатыр міндетіне 163000 теңге жұмсалғанын көруге болады. Суреттен сонымен бірге міндеттердің жобаға қарағанда оң жаққа қарай ығысып орналасқаны байқалады.



жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау