Пєн аты: Информатика



жүктеу 0,53 Mb.
бет1/3
Дата21.11.2017
өлшемі0,53 Mb.
#1231
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Power Point презентация элементтері

Сабақтың түрі: Аралас сабақ;



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Power Point бағдарламасын қолдана білу. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.

Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы - әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.



Пәнішілік байланыс: «Microsoft Power Point бағдарламасы туралы жалпы түсінік».

Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.



Сабақтың әдісі: жұмыс, сұрақ -жауап, тапсырмалар, ақпараттық технологияны қолдану;

Сабақтың жабдықталуы: слайдтар, мини плакаттар, компьютер, интербелсенді тақта;

Сабақтың уақыты: 45 мин;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті – 2-3 мин;

1.Студенттермен сәлемдесу, аудитория тазалығына назар аудару, студенттердің сыртқы көрінісіне назар аудару, студенттерді түгелдеу;



2.Үй тапсырмасын тексеру, студенттердің білім деңгейлерін бақылау: Үйге берілетін тақырыпты жалпылама сұрап, студенттердің білім деңгейлерін сұрақ-жауап, тест, электронды оқулықтағы тапсырмалар.

Бақылау сұрақтары:

1. Слайд дегеніміз не?

Жауап: Көзге көрінетін күрделі обьект.Тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. обьектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер,дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гипер сілтемелер кіреді.

3. Power Point-ті іске қалай қосамыз?



Жауап: Пуск - Программы – Microsoft Office- Microsoft Power Point

4. Microsoft Power Point терезе элементтерін ата.



Жауап: Тақырып жолағы, меню жолы, стандартты құралдар үстелі, пішімдеу құралдар үстелі, жұмыс аймағы, слайдтардың кішірейтілген үлгілері, күй жолағы, Сурет салу құралдар үстелі.

5. Меню жолы элементтерін ата?



Жауап: Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістіру (Вставка),

Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка).

6. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?

Жауап: Файл -Сақтау командасын орындаймыз, сол кезде бізге құжатты сақтау терезесі шығады, құжатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз немесе стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін шертеміз.

7. Power Point – та пішімдеу құралдар үстелінің қызметі?



Жауап: Пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды,сонымен қатар мәтіндердің түсін, қай жерде орналасуын қамтамасыз етеді.

8. Power Point – та сурет салу құралдар үстелінің қызметі?



Жауап: Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

9. Power Point – та стандартты құралдар үстелінің қызметі?



Жауап: Power Point әмірлерінің басым батырмаларынан тұрады.(сақтау, жаңа, қою, қырқып алу т.б. батырмалар)

Жаңа сабақ жоспары:

1.Презентация құру, түстер сұлбасын қолдану, объектілерді кірістіру;

2.Мәтін, кесте, өзкескіндер, диаграммаларды жасау;

3.Слайдтарды бағыттау, дыбыс және суреттер кірістіру;

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Power Point көмегімен презентациялау». Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латынша praesento тапсырамын немесе ағылшынша - ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау,жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну. Презентация дегеніміз - тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. объектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Слайд

дегеніміз - көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Қазіргі заманғы презентациялық бағдарламаларының көбісі анимациялық, дыбыспен, бейнемен жұмыс істеуді, мультимедианың басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады.



Презентация құрудың үш қадамы бар:

1.Презентацияны дайындау.


2.Жаңа презентация деген команданы таңдау.


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау