Пунктуациясы



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет28/173
Дата21.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34411
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   173
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0 (1)

 
 
67-жаттығу.
 
Төмендегі 
шылауларды 
қатыстыра 
отыра 
сөйлем 
құрастырыңыздар. 
Қарай,  туралы,  түгіл,  үшін,  тарта,  соң,  бұрын,  қатар,  бірге,  мен, 
бірақ, да, кейде, өйткені, әйтпесе, ма, ше, ғана, ау, мыс. 
 
68-жаттығу. 
Шылаулармен  тұлғалас  келетін  қосымшаларға  мысал 
келтіріп, өзара салыстырыңыздар. 
Үлгі: 
Шылау түрі 
Шылаумен келген сөйлем  
Қосымшамен келген сөйлем 
Да, де, та, те 
Туған  жердің  күні  де  ыстық,  түні  де 
ыстық. 
Тоқтығыңда 
жараспаған, 
аштығыңда қараспайды. 
Ды, ді, ты, ті 
Жолшыбай  аптап  ыстық  еңсемізді 
көтертпей қойған-ды. 
Қызылбалақ  оқыстан  дүр-дүр 
сілкініп қалды. 
 
69-жаттығу. 
Жақша ішіндегі шылау мен қосымшаларды өзара ажыратып, 
мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыздар. 
І.  Бейбіт  ел(де)  береке  бар.  Туған  жердің  ауасы(да)  шипа. 
Басшысыз  ел(де)  береке  болмас.  Есің  бар(да)  елің  тап,  есер  болмай, 
етек  жап.  Естімеген  ел(де)  көп.  Қалыптан  шықсаң(да),  халықтан 
шықпа.  Көзсіз  күнелтсең(де),  көпсіз  күнелте  алмайсың.  Біз(де)  кісі 
болармыз,  атқа  кісен  салармыз.  Дүние(де)  тас  қатты,  тастан(да)  бас 
қатты. Темір сырын от(та) танытады, адам сырын жоқ(та) танытады. 
Жақсының басына іс түссе, ашынар(да) ашылар. Жаманның басына іс 
түссе, бір тулар(да) басылар. Жаман(да) болса аман болсын. Көшкен 
жұрттың  қадірі  қонған(да)  өтер,  ер  жігіттің  қадірі  өлген(де)  өтер. 
Үй(де)  оңбаған  түз(де)(де)  оңбайды.  Жақсы(да)  жаттық  жоқ, 
жаман(да) жақындық жоқ. 
 
ІІ.  Тау(мен)  тау  кездеспейді,  Адам(мен)  адам  кездеседі.  Ел(мен) 
көгерген еленбес. Көшер(мен) елге жұрт жаман, кетер(мен) қызға үй 
жаман.  Жаман(мен)  егес,  жақсы(мен)  кеңес.  Қожа(мен)  молданы 
басындағысынан  білерсің,  бек(пен)  төрені  қасындағысынан  білерсің. 


 
38 
Аталы  сөзге  арсыз  қайырар,  ақ(пен)  қараны  шындық  айырар.  Хан 
ұйғарса,  хан  түйесін  соймас(па)?  Көл(де)  жүрген  қоңыр  қаз  шөл 
қадірін білер(ме), шөл(де) жүрген дуадақ көл қадірін білер(ме). Он екі 
мүшең  сау  болса,  жарлымын  де(ме),  жаныңда  жараң  болмаса, 
зарлымын де(ме). Жаңбыр(мен) жер көгереді, алғыс(пен) ер көгереді. 
Сауысқан шоқыған(мен) тоқ болмайды. 
 
Одағай  сөздер  естілуінше  (айтылуынша)  жазылады.  Сондықтан 
бір  одағай  екі-үш  түрлі  болып  жазылуы  мүмкін: 
ойпырай,  ойпырой, 
ойпыр-о-ой, ойпырмай, ойпырмау. 
 
70-жаттығу. 
Төмендегі  жаттығудан  одағай  сөздерді  тауып,  жазылуына 
назар аударыңыздар. 
–  Зарлық  сұлу  қыздармен  билегенде  дорбасын  қайда  тастап 
кетеді екен, ә? – десіп, бүйрегі бүлк етпей, жан-жағымызда үлкен бар 
демей-ақ  ыржалақтап  тұр. 
(М.Әуб.)
  –  Апыр-ай,  ә...  –  деді  Ғабең 
орнынан тұрып, зал ішін ерсілі-қарсылы кезіп кетті. 
(М.Әуб.)
 Шіркін, 
жазу деп Қадырдың жазуын айтсайшы! 
(М.Әуб.)
 – Япыр-ай, Алексей 
Иванович  сияқты  ғалым  емес,  мұншама  тілді  қайдан  үйренген? 
(М.Әуб.)
  –  Әттең,  шіркін  бала  шақ!  –  деген  Базаралының  өз  бетімен 
айтқан  арманды  тынысы  дәл  Абайдың  ішімен  сырласудан  туғандай. 
(М.Ә.)
  –  Масқара!  Шұбардың  құсы  дуадақ  ілудің  орнына,  дуадақтан 
жапа шегіп, қорлық көріп қалыпты ғой! – дейді. 
(М.Ә.)
 – Әй, жігітім, 
тоқташы  былай!  –  дей  беріп  еді,  Далбай  қамшысын  сілтеп,  ақырая 
берді. 
(М.Ә.)
  –  Е,  қарағым-ай,  сенің  басыңа  да  бұлт  үйірілген  екен 
ғой. 
(М.Әуб.)
 – Ойбай-ау, ағатай-ау, мұныңыз не? Ауруханадан  кеше 
шыға сала жер қазып жатқаныңыз қалай! 
(М.Әуб.)
 
 
71-жаттығу.
 
Төмендегі 
одағайларды 
қатыстыра 
отыра 
сөйлем 
құрастырыңыздар. 
Моһ-моһ,  бәрекелді,  шіркін-ай,  ойпырм-ай,  ау-у-у,  мәссаған, 
түуһ, уһ, ура-а-а, пай-пай, шөре-шөре, паһ-паһ, әттеген-ай. 
 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   173




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау