Пунктуациясы



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет120/173
Дата21.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34411
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   173
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0 (1)

 
209-жаттығу.
  Көркем  шығармалардан  үш  мысалдан  тауып,  кестені 
талапқа сай толтырыңыздар. 
 
Сөйлемдегі 
белгілі 
бір 
сөздің 
мағынасын,  негізгі  ойды  айқындап, 
қосымша 
түсінік 
беру 
үшін 
қолданылатын қыстырма мәнді сөздер 
Үзінді,  мысал,  нақыл 
сөздің  шығу  дерегін, 
кімнен 
алынғанын 
көрсететін түсінік 
Драмалық 
шығармаларындағы 
автор түсіндірмелері 
 
 
 
 


 
139 
210-жаттығу.
  Сөйлемдердегі  жақшаның  қойылу  себебін  дәлелдеп 
түсіндіріңіздер. 
Ертедегі  герман  тайпалары  ірі-ірі  5  топқа  бөлінген:  1) 
гиллевиондар 
Скандинавияның 
оңтүстігінен 
Дат 
аралдарын 
мекендеген;  2)  ингвеондар  ютландияның  оңтүстігінен  бастап  Эльба 
бойын, Солтүстік теңіз жағалауын жайлаған; 3) иствеондар Везер мен 
Рейн  аралығын  қоныстаған;  4)  эрминондар  Эльба  бассейні  мен 
жоғарғы Дунай аралығында болған; 5) шығыс герман тайпалар тобы 
төменгі  Одер  мен  Висла  өзені  сағаларында  өмір  сүрген. 
(Ә.Х.)
  Тағы 
да  осы  көркем  шығармалар  арқылы  жаргон  деп  танылып  жүрген 
құлап  қалу
  (экзаменде  екі  алу  –  студенттер  арасында), 
телик
 
(телевизор), 
жатақ 
(жатақхана), 
ақмағамбет
  (арақ), 
аққайнар
 
(шампан) сияқтылар әдеби тілдің игілігіне айналып бара жатқан жоқ 
па?! 
(С.И.)
  Осыны  Көпбаев  Әбдіраш  былай  аударады:  «Көрсетті 
бойына  өлшеу!  Бұл  тіпті  корольдердің  де  сыбағасына  сирек  тиетін 
нәрсе  (бәрінен  бұрын  тігіншілердің  қолы  тез  жетеді)  құдайшылық 
жеріне  (?!)  жанасу  –  иығы,  мойыны,  қыпша  белі,  қыз  балтыры». 
(Ә.Н.)
 Демек, сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек (единица) дыбыстар 
екен. 
(С.И.) 
Қалай болғанда да аудармашы қазақ сөзін қатты талғамға 
сап,  саралап,  екшеп  жатпастан  қолына  бұрын  ілінгенін  ала  салған 
салақтығынан  (иә,  тек  салақтығынан,  әйтпесе  олақтығы  деуге 
аузымыз  бармайды)  келесі  үзінділерден  әсіресе  анық  көреміз. 
(Ә.Н.)
 
Ораз  (мылтығын  Қорабайға  беріп).  Мынаның  көзін  жытыр!  Мен 
бандыға кеттім. (Жөнеледі.) 
(Ж.А.)
 
 
211-жаттығу.
 
Мәтінді 
рөлдерге 
бөліп 
оқыңыздар. 
Драмалық 
шығармаларда қойылатын тыныс белгілеріне назар аударып, есте сақтаңыздар. 
Молда (орнына отырып). Балаларың оқу бақпайды, ойын бағады 
деп  бай  ұрысып  жатыр.  Ұятсыз,  доңыздар,  неге  ойнайсыңдар? 
Жұмалықтарың қайда? 
Нөкеш. Мінекей, молдеке! (Он тиын береді.) 
Тілеу. Мінекей, молдеке! (Бес тиын береді.) 
Жеке. Бір аяқ бауырсақ әкелдім. 
Еске. Бір аяқ құрт әкелдім. 
Нұрым. Апамнан жұмалыққа ақша сұрап едім, өзімді ұрды. 
Әліш. Мінекей, молдеке! (Бір тиын береді.) 
Бекен  (қалтасын  сипалап  отырып,  молда  қараған  кезде  жылап 
жібереді). Жұмалығымды жоғалтып алыппын. 


 
140 
Молда. Ақшаны жоғалтып, атаңның басын бағып отырсың ба? Е, 
Нұрым!  Сабағыңды  тыңдат.  (Нұрым  өңі  қашып,  молданың  алдына 
келіп шарт жүгініп отырады.) Оқы! 
Нұрым.  Әліпсана  ламга  сәкін  ал,  қысынқа  мөмге  сәкін  алқам 
тұрлу алқамду. Лам асылы латады. 
Молда.  Атаң  басы  латады.  (Шыбықпен  тартып  жібереді.)  Лам 
тады ла деп оқы! 
Нұрым (жыламсырап). Лам тады ла. (Үш рет айтады.)  
Молда.  Лам  тады  лада  әкеңнің  көз  құны  қалды  ма?  (Тағы  да 
тартып  жібереді.)  ...Сенің  арқаңда  тарсылдаған  не?  Тез  шешін! 
(Нұрым  жыламсырап  шешінеді,  арқасынан  қабық  түседі.)  Сен  мені 
алдайын  деген  екенсің...  Еске!  Арқала  доңызды.  (Еске  арқалап 
тұрады,  молда  ұрады.)  ...Үш  жыл  оқып,  әлі  еже  білмейсің,  миғұла! 
Бекен,  сабағыңды  тыңдат.  (Бекен  қорқып,  орнынан  әрең  тұрады.) 
Сүйретілмей, доңыз, тез кел! 
Бекен. Молдеке, аяғым ауырып жүр. 
Молда.  Ауырмақ  түгіл,  түсіп  қалсын,  шапшаң!  (Бекен  шарт 
жүгініп отырады.) Оқы. 
Бекен. Әбзет, ауаз. 
Молда.  Тіліңді  шығар  (Қалтасынан  орамалын  алады,  Бекен 
жылай бастайды.) 
Бекен. Тілім ауырып жүр. 
Молда  (бақырып).  Неғылған  ауру?  Шығар  деген  соң,  шығар! 
(Еріксіз  аузын  ашып,  орамалмен  Бекеннің  тілін  созғылайды.  Бекен 
шыңғырып  жылайды.)  Неге  оқымайсыңдар?  (Жекені  тартып 
жібереді.) Бекен мен Әліш байдың үйінің бұзауларын айдап келіңдер. 
(Екеуі кетеді.) Сендер түні бойы ақсүйек ойнайсыңдар, кешке шейін 
босамайсыңдар! 
Нөкеш (орнынан тұрып, есік алдына барады). Молдеке! 
Молда.  Рұқсат  (Дұғалық  оқып,  тасбық  тартуға  айналады.  Аттың 
дүбірі естіледі.) 
Дауыс.  Көпірбайдікі  дастарқанға  аят  оқып  берсін  дейді.  (Молда 
жалма-жан киініп жөнеледі.) 
(Қ.Кемеңгерұлы «Ескі оқу») 
 
212-жаттығу. 
Мәтінді  оқып,  аң-құс  атауларын  есте  сақтаңыздар. 
Түсіндірме сөздігін негізге ала отырып, басқа да аң-құстардың балалары қалай 
аталатынын теріп жазыңыздар. 
 


 
141 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   173




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау