Психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялардың қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже
Жалпы ережелер
Осы ережелер психологиялық – медициналық- педагогикалық консультацияның қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді, даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық- медициналық- педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу, кемтар балаларға әлеуметтік және психологиялық – медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету құқығын белгілеу үшін құрылады.
Психологиялық- медициналық- педагогикалық консультация – арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және 18 жасқа дейінгі 60 мың балаға бір консультация облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімінің шешімімен ашылады.
ПМПК-ның ашылуы, қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен анықталады. Республикалық ПМПК қызметіне бақылауды білім беру саласындағы орталық атқарушы орган, ал облыстық, ауданаралық және қалалық білім басқармалары жүзеге асырады.Облыстық, қалалық психологиялық- медициналық- педагогикалық консультацияларға Республикалық ПМПК әдістемелік көмек көрсетеді.
ПМПК заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген үлгіленген үлгідегі маңдайша жазуы бар.
2.Негізгі міндеттері.
4. ПМПК-ның негізгі міндеттері:
1/ туғаннан 18 ге дейінгі балалар мен жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін анықтау, диагнозын белгілеу және оларды емдеу, оқыту мен тәрбиелеудің лайықты жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық- медициналық – педагогикалық тексеру,
2/ баланың арнайы қажеттіліктерін анықтау және оның медициналық арнайы білімі, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге берілген құқығын белгілеу.
3/ баланың жай-күйінің өзгеруіне байланысты оған бұрын қойылған диагнозды және арнайы қызмет көрсетуге берілген құқығын қажет болған жағдайда растау, нақтылау, және өзгерту.
4/ қажеттілігіне қарай балалар мен жасөспірімдерді мұқият тексеру, емдеу және динамикалық бақылау жасап отыру үшін оларды ғылыми- зерттеу, диагностикалық орталықтар мен профилактикалық- емдеу мекемелеріне жіберу.
5/ балаларға психологиялық- медициналық- педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсынымдар әзірлеу, кемтар баланы оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және оларды арнайы білім беру ұйымдарына емдеуді, тәрбиелеуді, оқытуды ұйымдастыру
6/ Дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар: мектепте үлгермейтін, тәртібі, эмоциялық- ерік, аясыбұзылған, басқалармен қарым-қатнасы қиындық көретін, оның ішінде арнайы түзеу ұйымдарына жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселесі бойынша олардың ата-аналарына педагогтар, дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету.
7/ дамуында әр түрлі ауытқушылықтары бар және мамандандырылған жәрдемді қажет ететін балаларды, оның ішінде ерте сәби жастағы балалрды дер кезінде анықтау мәселесі бойынша білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу.
8/ кемтар балаларды білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарымен бірлесіп, олардың медициналық арнайы білім мен әлеуметтік қызмет көрсету қажеттіліктерін есепке алу және есеп жүргізу. Білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқару органдарына кемтар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелер желісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу.
9/ кемтар балалардың физиологиялық психологиясы жай-күйінің ерекшеліктері туралы халық арасында білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары
10/ тәрбиелеу және оқыту процесінде балалр мен жасөспірімдер даму динамикасын зерделеу арнайы түзеу ұйымдарының педагогтарына әдістемелік басшылық жасау және көмек көрсету.
11/ кемтар балалрға арналған арнайы түзеу ұйымдарының желісін дамыту жөнінде білім беру басқармаларының ұсыныстар енгізу болып табылады.
5. ПМПК өз жұмысында ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің нормативтік – құықтық актілерін басшылыққа алады.
3. ПМПК –да балаларды қабылдау және тексеру тәртібі
6. Балалар мен жасөспірімдерді консультацияға жіберу білім, денсаулық сақтау әлеуметтік қорғау ұйымдарына , қоғамдық ұйымдардың бастамасы, сондай –ақ ата- аналардың мынандай құжаттарды көрсетуі бойынша жүзеге асырылады.
Туу туралы куәлік;
Маман –дәрігерлердің қорытындылары мен тексеру нәтижелері қоса көрсетіліп, баланың даму тарихынан толық көшірме;
Мектепке дейінгі білім мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің және өзге де ұйымдардың баланың осы ұйымдарда болған уақытын, оның дамуын талдауды, эмоциялық аясы мен мінез құлқының сондай –ақ үлгерімінің арттыруының жақсарту мақсатныда жүргізілген іс- шараларды қамтып көрсеткен педагогикалық мінездеме;
Баланың ана- тілі, математика, сурет боййынша жазба жұмыстары мен басқа да қызметінің жемісі.
7. Ата –ананың ықыласы бойынша консультацияға келген балалар мен жасөспірімдерді тексеру құжаттарсыз да жүргізіледі.
8. ПМПК-ға балаларды қабылдау тек ата- аналарының еріп келуімен жүзеге асырылады. Ал өз ықыласы бойынша келген 14 жастан асқан жасөспірімдерді ата- аналарынсыз қабылдауға болады.
9. Толық бірінші тексеруге барлық тексерулер кіреді, сондай- ақ анамнез жинау, тексеру нәтижелерін картаға жазу мен тұжырымды ресімдеу, бұл ретте оның ұзақтығы бір сағаттан аспауы қажет, ал бала тез шаршайтын кезде ол 20-30 минуттан аспауы тиіс.
Толық бірінші тексеру оның барысында барынша толық анамнез жинау, баланың жағдайын ПМПК- ның барлық мамандарының бағалауы жүргізілетін болып саналады және нәтижесінде кеңейтілген диагноз қойлады немесе психологиялық- медициналық – педагогикалық тұжырым жасалады. Бірінші тексеру диагноз қою мақсатныда 1-4 қабылдау барысында жүргізілетін болады.
10. Қайта тексеру ПМПК – ның жалпы тұжырымын нақтылау немесе өзгерту мақсатында жүргізіледі, ең алдымен жеке кемстігінің деңгейін нақтылау қажеттігі жағдайында ол диагностикалық оқу- түзеу сабақтарынын білім беру ұйымдарындағы сынама оқыту кейін жүргізіледі.
11. Қосымша тексеру диагнозды нақтылау үшін және толық медициналық және психологиялық – педагогикалық ұсынымдар үшін негіз болатын баланын жағдайы туралы қосымша мәліметтер алу үшін жүргізіледі.
12.Тексеру кезінде мәлімететр баланың даму картасына түсіріледі. ПМПК- да баланың жеке тексеруден өткен мәліметтер негізінде оның дамуындағы ауытқушылықтың сипаты туралы барлық мамандарының ортақ қорытындысы жасалынады. Оның физиологиялық психологиясының мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балаға коррекциялық тәрбие беру мен оқытуды ұйымдастырудың тұрпаты мен нысаны алқалық шешім қабылданады. Қажетті медициналықбілім беру және әлеуметтік қызмет көрсетуді қарастыратын жеке оңалту бағдарламасы жасалады., қажетіне қарай жасөспірімдерге кәсіптік бағдарлама беру мен жұмысқа орналасу, әлеуметтік және еңбекмен бейімдеу жөнінде ұсынымдар беріледі.
13. Ата- аналар облыстық ПМПК- ның тұжырымымен келіспеген жағдайда, олар республикалық психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациясына жүктеуіне болады.
14. Тексеруден өткен балалар мен жасөспірімдердің тізімі олардың білім алу медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету қажеттіліктерін және консультацияның ұсынымдарын көрсете отырып оларға қажетті көмек көрсету үшін тиісті білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және т. б. Ұйымдарға жіберіледі. Ата – аналардың қолына тиісті ұсынымдар көрсетілген қорытынды беріледі.
ПМПК жұмыстарының мазмұны және оны ұйымдастыру
16. ПМПК 150 шаршы метрден кем болмайтын жеке үй- жайда ашылуы керек, тексерудің барлық түрлерін өткізу үшін медициналық құрал- жабдықтары, әдістемелік және диагностикалық материалдар, тиісті жихаз, клемдер, компьютерлік техника автокөлік болуы керек.
17. ПМПК бекітілген кесте тікелей консультацияның өз үй- жайында жұмыс істейді. Консультация мамандары балаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру үшін аудандарға да шығып тұрады.
18. Әрбір ПМПК штаттарына міндетті түрде мынандай мамандар кіреді: дәрігер- психиатр, дәрігер- невропатолог, дәрігер – сурдолог, дәрігер- офтальмолог, педагог, психолог, логопед, дефектолог әлеуметтік педагог, медициналық статист, бухгалтер, санитарка.
Медициналық және өзге де бейіндегі басқа мамандар жұмысқа еңбек саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес тартылады.
19. ПМПК жұмысының негізгі мазмұны:
1/ балада бар патологияның медициналық диагнозының анықтау мақсатында баланы кешендік медициналық- психологиялық педагогикалық тексеру.
2/ сырқатының ерекшеліктері мен оған қатысты патологиялық тексеру.
3/ айқындалған ерекшеліктері мен ақыл- ой сөйлеу кемістіктеріне негізделген даму ауытқушылықтарының психологиялық- педагогикалық диагнозын қою.
4/ білімдерінің біліктерінің дағдыларының жасына оқу сатысына сәйкестігін анықтау, оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау.
5/ Баланың даму проблемалары бойынша ата- аналарға кеңес беру болып табылады.
20. ПМПК БҰҰ бас ассамблеясының бала құқығы туралы конвенциясына және Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы Қазақстан Республикасы Заңы мен басқа да нормативтік- құқықтық актілерде көрсетілген балалар мен олардың ата- аналарына деген ізгілікті қарым- қатынас принциптерін басшылыққа ала отырып, баланы кешенді тексерудіП жүзеге асырады.
21. Балаларды мұқият зерттеу және соңғы диагнозын қою үшін ПМПК- да түзеу – диагностикалық сыныптары ашылады.
5.ПМПК- ны басқару
22. ПМПК- ға облыстық Астана және Алматы қалалары білім басқармалары тағайындаған консультация меңгерушісі тікелей басшылық етеді тағайындайды, ал Республикалық ПМПК меңгерушісін – білім саласындағы орталық атқарушы орган.
23. ПМПК- ның барлық мамандары үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағатқа белгіленеді. Меңгерушілер мен медициналық статистиктер үшін аптасына – 30 сағат.
ПМПК-ның психолоогиялық-педагогикалық құрамының еңбек демалысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес.
24. ПМПК мамандарының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жүргізіледі. Дамуында және оқуында мүмкіншіліктері шектеулі балалармен жұмыс үшін ПМПК-ның мамандары базалық лауазымдық айлықақыдан 30% мөлшерінде қосымша ақы алады.
25. ПМПК-ның қаржы-шаруашылық қызметін бюджеттен бөлінген қаржы мөлшерінде шығыс сметасына сәйкес, сондай-ақ, заң бойынша рұқсат етілген бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асырып отырады.
ПМПК-ның құжаттамаларын сақтау және беру тәртібі
ПМПК-да мынадай құжаттар жүргізіледі: консультацияға алдын ала жазылу журналы, барлық мамандардың тексеру барысы мен нәтижелері жазылатын баланың даму картасы. ПМПК-ның ұсынымдары мен қорытындылары қоса көрсетілген картаның көшірмесі.
ПМПК–ның мамандары тексерудің барлық түрлерінің нәтижелерінде көрсетілетін баланың даму картасын (анамнестикалық мәліметтер, неврологиялық, психиатриялық және медициналық тексерулердің басқа да түрлер, параклиникалық зерттеулер, психологиялық, педагогикалық, логопедтік зерттеулер) толтырады және ПМПК-ның жалпы тұжырымын шығарады. Мамандар толтырған баланың даму картасы шығарылған психологиялық-педагогикалық консультацияның тұжырымының негіздемесі болып табылады.
Әрбір баланың даму картасын жүргізуі және оларды 5 жыл бойы сақтауы, одан кейін мұрағатқа өткізуі қажет.
Тұжырым (даму картасының көшірмесі) ата-аналарға немесе оларды ауыстыратын тұлғаға беріледі. Тұжырымда немесе көшірмеде даму картасынан алыпып мыналар көрсетіледі:
баланың интеллект жағдайы;
кеңейтілген неврологиялық диагноз;
психиатриялық диагноз: баланың психикалық ауруы және бұзылыстары бар болғанда, қажет болған жағдайда МКБ10-мен белгіленеді;
Сөйлеу бұзылыстары балған жағдайда логопедтің тұжырымы;
Қосарлана жүретін аурулар сен синдромдар (органдар мен жүйелердің созылмалы аурулары,нерв жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративтік аурулары, сондай-ақ патопсихологиялық, нейропсихологиялық синдромдар, мектепке бейімделмеу).
Қажет болған жағдайда ата-аналарға (оларды ауыстыратын тұлғалар), сондай-ақ, оны ішінде педагогтарға, тәрбиешілерге, дәрігерлерге балалар мен жасөспірімдерді емдеу, оқыту және тәрбиелеу жөнінде толық ұсынымдар беріледі.
Ата – аналарға (оларды ауыстыратын тұлғалар) баланың даму картасы мен ұстанымдардан толық түрдегі көшірмесі берілуі мүмкін, оның ішіәнде бала интеллектісі мен сөйлеу қабілетінің бұзылыстары ауырған жағдайда бала баратын мекеменің мамандары баланың оқуы мен тәрбиесі жөнінде жазбаша түрде егжей- тегжейлі тұжырымдама мен ұсынымдарға мұқтаж болады.
Баланың жағдайы психикалық бұзылыстар ретінде сараланған жағдайда, оның қатарына МҚБ бойынша психоз, психопатия, невротикалық реакция, жағдай мен дамуы, тұлғаның патохарактерологиялық қалыптасуы, ПМПК- ның кеңейтілген тұжырымы тергеу органдарының, психикалық денсаулық лоталығы, психиатриялық аурухана мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің сауалы бойынша ғана берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |