Кері пропорционалдық
Үш жұмысшы бірігіп жұмысты 6 сағатта істеп бітіреді. Егер осы жұмысты 2 жұмысшы істейтін болса, онда қанша уақыт қажет болар еді?
Жауабы: 9 сағ
Белгілі бір жұмысты 4 жұмысшы 32 сағатта орындайды. Егер жұмысшылар саны екі есе кемісе, осы жұмысты орындауға қанша уақыт қажет болады?
Жауабы: 64 сағ
Жаңа үйдің ішкі сылақ жұмыстарын 15 жұмысшы 24 күнде бітіреді. Осы жұмысты 18 жұмысшы неше күнде орындар еді?
Жауабы: 20
Белгілі бір жұмысты 4 жұмысшы 32 сағатта орындайды. Егер жұмысшылар саны 4 есе артса, осф жұмысты орындауға қанша уақыт қажет болады?
Жауабы: 8 сағ
Тіктөртбұрыштың ауданы 42 см2. егер оның ені 3 см болса, ұзындығы қанша болады?
Жауабы: 14 см
168 м матадан 56 көйлек тігілді. Сондай 96 м матадан қанша көйлек тігуге болады?
Жауабы: 32
Төрт қар тазалайтын машина бір уақытта жұмыс бастап, аэродром жолын 15 мин-та жинады. Ал алты машина сол жұмысты қанша уақытта орындап болатынын табыңыз.
Жауабы: 10 мин
Жұмысшы сағатына 108 тетіктен жасағанда, барлық тетікті 5 сағатта жасайды. Ол сағатта 60 тетіктен жасаса, барлық тетіктер неше сағатта жасайтынын табыңыз.
Жауабы: 9 сағ
Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, осы кітап неше бет болатынын табыңыз.
Жауабы: 99 бет
Ұзындығы 166,5 м, ені 94,5 м тік төртбұрыш тәрізді жерді ұзындығы одан 36 м ұзын, ауданы сондай жермен ауыстырады. Соңғы жердің енін табыңыз.
Жауабы: 77,7 м
Күріштің 75%-ті крахмал, сұлының 60%-ті крахмал. 9 кг алынатын крахмалды неше кг сұлыдан алуға болатынын табыңыз.
Жауабы: 11,25 кг
Нұрланның табанының ауданы 150 см2. Оның 1 см2 ауданына кг масса қысым түсіреді. Нұрлан аяғына табан ауданы 6 см2 коньки кигенде, оның 1 см2 ауданына қанша масса қысым түсіретінін анықтаңыз.
Жауабы: 6 кг
6 күннің ішінде 24 адам құлпынай салынған учаскенің шөбін жұлды, онда 36 адам сол жұмысты неше күнде орындайтынын табыңыз:
Жауабы: 4 күн
434 санын 2,3,5 сандарға кері пропорционал болатын бөліктерге бөлгенде шағатын үлкен санды табыңыз:
Жауабы: 210.
Санды бөліктерге бөлу
Дана дүкеннен 18 алма сатып алды. Бұл алмаларды шешесі, әкесі және Дана 2:1:3 қатынасындай етіп бөліп алды. Олардың әрқайсысы неше алмадан алған?
Жауабы:6; 3; 9
480 санын 3:5 қатысындай етіп екі бөлікке бөліңіз.
Жауабы: 180; 300
60 санын 2:3:5 қатысындай бөліктерге бөліңіз.
Жауабы: 12; 18; 30
Жаңа күміс – бұл 3:4:13 қатысындағы никель, мырыш және мыс қорытпасы. Осындай 4 кг жаңа күмісте қанша кг никель болады?
Жауабы: 0,6
Қоспадағы алтын мен күмістің массаларының қатынасы 5:3-ке тең. 32 г қоспада қанша алтын, қанша күміс бар?
Жауабы: 20 г; 12 г
Үшбұрыштың периметрі 48 см. Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 3:4:5 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.
Жауабы: 12 см; 16 см; 20 см
Тік төртбұрыш енінің ұзындығына қатынасы 2:5қатынасындай. Оның периметрі 84 см. Тік төртбұрыштың ені мен ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 12 см; 30 см
360 санын 2:4 қатынасындай екі бөлікке бөліңіз.
Жауабы: 120; 240
120 санын 1:2:3 қатынасындай бөліктерге бөліңіз.
Жауабы: 20; 40; 60
Жазыңқы бұрыштың төбесінен жүргізілген сәуле оны екі бұрышқа бөледі. Олардың градустық өлшемдерінің қатынасы 5:4 қатынасындай. Екі бұрыштың градустық өлшемдерін табыңыз.
Жауабы: 1000; 800
Жаңа күміс (альпақ) – бұл 3:4:13 қатынасындағы никель, мырыш және мыс қорытпасы. Осындай 4 кг жаңа күміс алу үшін әрбір металдан неше кг-нан алу керек екенін табыңыз.
Жауабы: 0,6 кг; 0,8 кг; 2,6 кг
Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, олардың массаларының қатынасы 3:2 қатынасындай. Бір кесек жез дайындау үшін 120 г мыс қажет. Осы кесек жезді дайындау үшін қанша мырыш қажет болатынын анықтаңыз.
Жауабы: 80 г
Үш учаскенің ауданы 60 га. Бірінші учаскенің ауданы барлығының ауданының 25%-не тең. Екінші және үшінші учаскелердің аудандарының қатынастары 4:5-ке қатынасындай. Учаскелердің әрқайсысының ауданын табыңыз.
Жауабы: 15 га; 20 га; 25 га
Екі салт атты адамның жылдамдықтарының қатынасы -ге қатынасындай. Бірінші салт атты адамның жылдамдығы екінші салт атты адамның жылдамдығынан км/сағ артық. Бірінші салт атты адамның жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 12 км/сағ
Пропорциядан х-ті табыңыз.
Жауабы: 7.
Достарыңызбен бөлісу: |