Программалық Оқу есептеуіш техника кешені қамтылуы Оқулық дидактикалық Жұмыс дәптері



жүктеу 0,6 Mb.
бет1/4
Дата29.01.2018
өлшемі0,6 Mb.
#8023
түріПрограмма
  1   2   3   4

Мерзімі «___» _____________________


Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері. Стандартты функциялар. Калькулятор қолданбасымен оқуға дайындалу

Программалық Оқу есептеуіш техника кешені

қамтылуы Оқулық

дидактикалық Жұмыс дәптері

Сабақтың мақсаты 1. Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік жазу ережелерімен танысу. Стандартты функциялармен танысу. Калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдылану.

2. Оқушылардың практика барысында калькуляторда

мәтіндік құжатқа кірістіру дағдыларын дамыту;

3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың типі Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:

қойылатын талаптар - арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтін түрінде жазу ережелерін;

  • негізгі стандартты функцияларды;

  • калькулятордың арналуын;

  • калькулятордың қандай жұмыс режимдері бар екенін;

  • калькулятор батырмаларының мәнін анықтауды;

  • қажетті анықтамалық ақпаратты алуды;

  • мәтін түрінде терілген арифметикалық өрнектерді калькуляторға қалай тасымалдауға және нәтиже алуға болатынын.

Оқушының үйренуі тиіс білігі:

  • арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазуды;

  • калькуляторды іске қосуды;

  • калькулятор түрлерін ауыстырып қосуды;

  • калькулятор жадын пайдалануды;

  • сандарды теріп олармен есептеулер жүргізуді;

  • алмасу буферін пайдаланып, күрделі есептеулер жүргізуді.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазу ережелері.

Стандартты функциялар.
Математикада арифметикалық және алгебралық өрнектерді бөледі.

Арифметикалық өрнек – бұл арифметикалық операциялар белгілерімен біріктірілген сандар.

Алгебралық өрнек – бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалылар. Информатикада алгебралық өрнек деген түсінік жоқ, ал арифметикалық өрнек өзіне арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалыларды кіргізеді.

Егер сандар мен айнымалылар арифметикалық және логикалық операциялардың белгілерімен біріктірілсе, мұндай өрнек логикалық деп аталады..


Информатикада арифметикалық өрнектерді жазу үшін қолданылатын арифметикалық операциялар келесі белгілермен белгіленеді:

  1. « + » - қосу;

  2. « - » - алу;

  3. « * » - көбейту;

  4. « / » - бөлу;

  5. « ^ » - дәрежесін табу.

Бұдан басқа, арифметикалық өрнектерде дөңгелек жақшалар – « ( ) » қолданылуы мүмкін, мұнда кез-келген өрнекте ашылатын дөңгелек жақшалардың « ( » саны жабылған жақшалардың « ) » санына сәйкес болуы тиіс. Квадратты және фигуралық жақшаларды пайдалануға тыйым салынады.
Информатикада арифметикалық та, логикалық та операциялар бір жолға жазылады, яғни бөлшекті жазу үшін алымы мен бөлімін жақшаның ішіне қойып, олардың арасына « / » бөлу белгісін қою керек.

Өрнектің математикалық жазуында көбейту белгісі қойылмайды, ал арифметикалық өрнекте ол міндетті түрде болуы керек.

Тағы да математикалық жазудан тағы бір айырмашылық бар – ондық бөлшекті жазғанда, үтір емес, нүкте қойылады. Оңайлық үшін пернетақтада жай әшейін нүкте тұрады.

Мысал:


Математикалық жазу

Мәтін түріндегі арифметикалық өрнек –

(2*А+С)/(А+3,5)+D.

Арифметикалық операциялардан басқа, математикалық формулаларда квадраттық түбірлер, тригометриялық және басқа элементар функциялар кездеседі. Мұндай жағдайларда бағдарламалау тілдерінде және калькуляторда бірқатар құрамдас стандартты функциялар бар. Стандартты функциялар арифметикалық өрнектерде қолданылады.


Неғұрлым жиі қолданылып жүрген стандартты функцияларды атайық:

  1. sin ()

  2. cos ()

  3. tan ()

  4. log ()

  5. sgrt ()

  6. int ()

  7. exp ()

Жақшаның ішіне берілген функция есептелетін өрнекті жазу керек. Стандартты калькулятор бағдарламасы – бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогі, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.


Калькулятор бағдарламасының арналуы қандай?

Сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows-тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.

Сен калькулятордың тағы қандай түрлерін білесің?

Калькулятор түрлері:

1. Қарапайым 2. Инженерлік







жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау