202
сипаттайды. Әртҥрлі типтегі мәліметтерді біріктіріп,
мәліметтер құрылымын
алуға мҥмкіндік (қажеттілік) туды. Осындай әрбір қҧрылымды
біртұтас күйде
ӛңдеуге болатын болды.
Осындай қҧрылымдар олармен орындауға болатын әрекеттермен бірге
сипаттауға арналған жасанды тіл объектілері мен олардың қасиеттері
атауларынан тҧрады. Мҧндай қасиеттер компьютерге осы объектілерді қалай
тҥрлендіруге болатындығы жайлы сигнал береді. Бҧл тілде программалау
объектілерді сипаттау және бастапқы мәліметтер мен нәтижелерді осындай
объектілерге қҧрылымдау ісіне келіп тіреледі.
Қҧрылымдар мен объектілердің кҥрделілігін, практикалық тҧрғыдан алған-
да, шектеусіз арттыру ісі (мысалы, қҧрылымдар объектісі болатын жаңа объект
жасау ісі) ақпараттың ӛте ҥлкен кӛлемімен жҧмыс істеуге мҥмкіндік береді.
Сол себепті компьютерлер де кҥннен-кҥнге кҥрделіленіп келе жатқан есептерді
шығаруға пайдаланылып келеді.
Бақылау сұрақтары
1.
Программалауды оңайлататын жаңа тіл ойлап шығаруды алғаш рет кім
ұсынды?
2.
Фортран тілі қай жылы шықты және оның ерекшелігі қандай болды? Алгол,
PL/1, Кобол тілдері ше?
3.
Программалау тілдерін жасауды стандарттау қажеттілігі неге байланысты
туындады?
4.
Грейс Хоппердің программалау саласындағы еңбектері.
5.
Программалау тілдерінің саны неге кӛп болып кетті?
6.
Құрылымдық программалау тілдерінің ерекшелігі неде?
7.
Программалау теоретигі Эдсгер Дийкстра қандай бағытты ұстану қажет-
тілігі туралы айтты?
8.
Объектіге бағытталған программалау тілдері қандай болады?
203
ГЛОССАРИЙ
ASCІІ-кодтар (Amerіcan Standart Code for Іnformatіon Іnterchange) – символдар
кодтарының негізі болып табылатын америкалық кодтар стандарты
Айнымалы – программа орындалуы барысында ӛз мәнін ӛзгерте алатын объект
Айнымалылар – идентификаторлармен
белгіленіп, программаның орындалу
барысында әртҥрлі мәндерді қабылдай алатын шамалар
Айнымалының қасиеттері:
1) кез келген сәтте айнымалының белгілі бір мәні болады немесе ол анықтал-
маған
болып есептеледі;
2) айнымалыға соңғы берілген мән оның алдыңғы мәнін ӛшіріп жібереді.
3) айнымалыны таңдау (оқу) және оны пайдалану айнымалының мәнін
ӛзгертпейді
Айнымалылардың әрекет ету аймағы – программаның ағымдағы әрекеттеріне
қандай мәліметтердің қатынасуға болатынын анықтау аймағы
Айыру белгілері – бос орын, барлық басқару символдары, ЕNTER (келесі жолға
кӛшіру) пернесін басу белгісі және тҥсініктемелер
Алгоритм – алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында
атқарушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі тҥсінікті әрі дәл
етіп кӛрсететін нҧсқаулар жиыны
Алгоритм –
берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі тҥріне
келтіру
Алгоритм – берілген мәндерді пайдаланып қажетті нәтижеге жетуді жҥзеге
асыратын әрекеттердің орындалу ережесі
Алгоритм атқарушы – кӛрсетілген іс-әрекеттер тізбегін бҧлжытпай орындай
отырып, керекті нәтиже алуды жҥзеге
асыратын машина, қҧрылғы немесе адам
Алгоритмді ӛрнектеу түрлері:
1) табиғи тіл арқылы жазу;
2) белгілі бір тҥйінді сӛздер – терминдер (псевдокодтар – жалған кодтар)
арқылы қысқаша тізбекті тҥрде жазу (қарапайым алгоритмдік тілде);
3) график жолымен (блок-схема арқылы) жазу;
4)
программалау тілдерінде жазу
Алгоритмдік тіл немесе программалау тілі – жазу ережелері қарапайым болып
келетін жасанды тіл
Алгоритмнің қасиеттері:
1) алгоритмнің айқын, дәл ӛрнектелу қасиеті;
2) алгоритмнің ҥздіктілік қасиеті;
3) алгоритмнің нәтижелілік қасиеті;
4) Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті
Алгоритмнің формалды орындалуы – орындаушы алгоритм командаларын
орындай отырып, ӛзі атқарып отырған істің мән-жайына кӛңіл аудармай, әрекет-
терді ретімен атқара отырып,
белгілі бір нәтиже алуы
Атқарушының командалар жүйесі – алгоритм атқарушы орындай алатын
командалар жиыны
Ауыстырғыш оператор (switch)
– берілген ӛрнек мәні бойынша программада
кездесетін бірнеше нҧсқаның бірін таңдап алуға мҥмкіндік беретін шартты
оператор
Басқару операторлары – шартсыз және шартты кӛшу операторлары, цикл
(қайталау) ҧйымдастыру операторлары
204
Басқару тізбектері – мәліметтер енгізу мен шығаруда қолданылатын арнайы
символдар тіркесі (С/С++ тілінде)
Бейнемонитор (немесе дисплей) – электрондық сәулелік тҥтікшеден немесе
сҧйық кристалды тақтадан тҧратын мәтін және графикалық бейнелер шығары-
латын компьютер қҧрылғысы
Бос оператор – ешқандай да әрекеттің орындалмайтынын кӛрсететін оператор
Вирт синтаксистік диаграммасы – тіл ережелерін графикалық тҥрде
бейнелейтін синтаксистік диаграмма (Н. Вирт кӛп қолданған)
Драйверлер – дербес компьютерлердің техникалық қҧрылғыларын басқаратын
арнайы программа
Енгізу/шығару операторы – адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу
мақсатында алдын ала анықталған Іnput, Output файлдарын (Паскаль тілінде)
қолданып, берілген мәндерді пернетақтадан енгізіп, алынған нәтижені дисплей
экранына шығару операторлары
Жазбалар (record) – әртҥрлі типтегі элементтерден қҧралған кҥрделі типтегі
объектілер (Паскаль тілінде).
Жиым (массив) – бір атаумен белгіленіп, реттеліп біріктірілген бір типтегі мәлі-
меттер жиыны
Жиын (set) – бір бірімен логикалық тҥрде байланысқан бір типтегі объектілер
(элементтер) тобы.
Идентификатор – міндетті тҥрде әріптен басталатын сандар мен әріптер (астын
сызу белгісінің де) тізбегі
Кӛшу (немесе шартсыз кӛшу)
операторы – операторлардың рет-ретімен
орналасуын бҧзып, келесі атқарылуды белгісі
бар жолға беру операторы
Қабатталған циклдер – бір цикл тҧлғасы ретінде (цикл ішінде) басқа циклдік
қҧрылым тҧратын кҥрделі циклдерді ҧйымдастыру тәсілі
Қосалқы программа (подпрограмма) – белгілі бір ат қойылып, жеке программа
тҥрінде бӛлек жазылған, қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға
болатын негізгі программаның арнайы бӛлігі
Қосымша программа – алдына ала ат қойылған командалар тобын програм-
маның кез келген жерінен оның атын кӛрсету арқылы шақырып орындау
Құрама оператор – бір-бірінен нҥктелі ҥтір арқылы бӛлінген бірнеше
операторларды begіn және end тҥйінді сӛздерімен (Паскаль тілінде) шектей
отырып, оларды бір оператор тәрізді орындалатын етіп біріктіру жолы
Құрылымдар – С тіліндегі ӛзара логикалық байланысқан әртҥрлі типті
мәліметтерді байланыстыру
Құрылымдық операторлар – басқа операторларды белгілі бір ережелер бойынша
біріктіру жолымен қҧрастырылған операторлар тобы. Олар ҥш топқа – қҧрама,
шартты және қайталау операторларына
жіктеледі
Логикалық амалдар:
AND - және (логикалық кӛбейту);
OR - немесе (логикалық қосу);
NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару);
XOR - арифметикалық
немесе амалы;
SHL - биттер тіркесін сoлға ығыстыру;
SHR - биттер тіркесін оңға ығыстыру
Машинаға бағытталған тілдер компьютердің ерекшеліктерін есепке ала оты-
рып әріптерді де пайдаланатын тілдер
Мәлімет енгізу – бастапқы мәндерді пернетақтадан, дискілерден немесе енгізу-