БЕКІТЕМІН
Экономика және менеджмент
факультетінің деканы
_________ М.Қ. Кылышканов
«___»_____________ 2015 ж
КӘСІПТІК (ДИПЛОМАЛДЫ) ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
5В051100 «Маркетинг» мамандығы
бакалвриат бітіруші курс студенттері үшін
ПРОГРАММА ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ
(ПРЕДДИПЛОМНОЙ) ПРАКТИКИ
для студентов выпускного курса бакалавриата
специальности 5В051100 «Маркетинг»
Өскемен
Усть-Каменогорск
2015
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрлігі
Д.Серікбаев атындағы
ШҚМТУ
Министерство
образования и науки
Республики Казахстан
ВКГТУ им. Д. Серикбаева
Кәсіптік
(дипломалды)
тәжірибенің
бағдарламасы
Кәсіпорын
экономикасы кафедрасында, төмендегі құжаттарға сәйкес әзірленді:
- ҚР Үкіметінің 2012 ж. 23 тамызындағы № 1080 қаулысымен
бекітілген жоғары білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартына сәйкес;
- «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» ҚР МЖМБС
5.04.019-2011;
- Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2013 ж. 23 желтоқсанындағы
702.02-1-2013 Іс – тәжірибе туралы ережесіне сәйкес
«АТжБ» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
Төраға Г.Уазырханова
____________________2015 ж. №____ хаттама
«Инновациялық менеджмент» кафедрасының отырысында
талқыланды.
Кафедра меңгерушісі Ж. Конурбаева
____________________2015 ж. №____ хаттама
Әзірлеген А.Казыкешова
А.Масенова
Норма бақылаушы Т.В.Тютюнькова
МАЗМҰНЫ
1 Жалпы ережелер
2 Тәжірибенің негізгі міндеттері
3 Тәжірибенің ұйымдастырылуы
4 Тәжірибе бағдарламасы
5 Тәжірибе қорытындысын шығару
Қосымшалар
4
5
6
8
9
10
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Кәсіптік (дипломалды) тәжірибе жоғарғы білікті мамандар даярлау
бойынша оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады және сәйкес
мамандыктары,
кызметтері
мен
лауазымдары,
қажетті
материлдык
техникалык базасы, кұралдары және акпараттык технологиялары бар әр түрлі
қызмет ету ортасы мен жеке меншік түрлерінің кәсіпорындарында,
мекемелер мен ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, зауыт
зертханаларында жүргізіледі.
Кәсіптік (дипломалды) тәжірибе бакалавриат студенттері үшін арнайы
пәндер циклымен анықталады және мамандық түрі бойынша қызметі түрімен
байланысады.
Кәсіптік диплом алдындағы іс-тәжірибенің мерзімі, сағат көлемі,
кредит саны және ұзактығы мамандыктың жұмыстық оқу жоспарымен
аныкталады. Диплом алдындағы іс-тәжірибенің мазмұны дипломдық
жұмыстың (жобаның) тақырыбымен анықталады. Диплом алдындағы іс-
тәжірибенің барысында студент кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметі бойынша
нақты материалдар жинайды және оны диплом жұмысын жасауда қолданады.
Мамандық бойынша жұмыс істемейтін сырттай және кешкі бөлім
окушылары таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарына танысу және
сәйкес материалдар жинау үшін тағайындалған тәртіппен диплом алдындағы
іс- тәжірибеге жіберіледі.
Кәсіптік (дипломалды) тәжірибе студенттің унпверситетге оқу
барысында алған теориялық білімін практикалық жұмыста бекітудегі
қорытынды бөлім болып табылады. Ол студенттердің мамандық бойынша
терең практикалык машық алуына және оны келешек қызметінде Қазақстан
экономикасынын нарықтық қатынас дамуы мен түрлі шаруашылық түрлері
жағдайында қолдануына бағытталған.
Кәсіптік (дипломалды) тәжірибе студенттерге теориялық білімін
бекітуге, жүйелеуте, бекітуге және кеңейтуге есептеу машығын жетілдіруге
диплом жұмысын құру үшін экономикалық материалдар жинауға, өзіндік
зерттеу жұмысының элементтерін игеруге көмектеседі. Студент жұмысының
бұл маңызды бөлімі дипломдык жоба үрдісінің бастамасы болып табылады.
Кәсіптік (дипломалды) тәжірибе кезінде жинақталған экономикалық
ақпараттың толықтығынан студенттердің университеттегі оқуының соңғы
бөлімі-диплом жұмысын қорғауының жетістігі тәуелді.
Экономикалық мамандық студенттердің 2-ші кәсіптік (дипломалды)
тәжірибе дипломдық жоба базасы болып табылатын ұйымдар мен
кәсіпорындарда, баска да мемлекеттік және мемлекеттік емес және
коммерциялық салаларда жүргізіледі.
Іс-тәжірибенің өту орындары жыл сайынғы (ұзақ мерзімді)
Д.Серікбаев атты ШҚМТУ-ң кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен жасаған
келісім шарт бойынша бекітіледі. Жекеленген студенттер іс-тәжірибе өту
үшін іс-тәжірибе орнын беру туралы тапсырыс хат алынған кәсіпорын,
ұйым, мекемелерге жіберілуі мүмкін.
Кәсіптік (дипломалды) тәжірибе кезінде студент сол бағдарламаның
барлық талаптарын орындауға қажетті нақты материалдарды жинактап,
жалпылауға міндетті.
Сонымен қатар студенттер дипломалды іс-тәжірибе барысында өздері
іс- тәжірибе өтіп жүрген кәсіпорын мен ұйымның жұмыс тәжірибесін оқып
үйренеді және осы ұйымдардың экономикалық және басқару жұмыстарына
қатысады.
Дипломалды іс-тәжірибенің оқу-әдістемелік басшылығын бітіріп
отырған кәсіпорын экономикасы кафедрасының оқытушылары және диплом
жобасының жетекшілері жүзеге асырады.
2 ТӘЖІРИБЕНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
5В050700 «Менеджмент» мамандығының студенттері үшін кәсіптік
(дипломалды) тәжірибе өндірістік, өңдірістік емес және коммерциялық
(мемлекеттік және мемлекеттік емес) саладағы кәсіпорындар мен ұйымдарда
өткізіледі.
Іс-тәжірибенің негізгі міңдеттері болып табылады:
а) кәсіпорын
мен
ұйымның
өндірістік-каржылық
қызметінің
экономикалық
анализ
әдістерін
меңгеру,
соңдай-ақ
оның
қаржы
экономикалық жағдайын бағалау әдістерін меңгеру;
ә) кәсіпорынның кұкықтық дәрежесін, оның ұйымшылық құрылымын
және кәсіпорын мүшелерін басқару үрдісін оқып-үйрену;
б) кәсіпорын қызметін стратегиялық және тактикалық жоспарлау
тәжірибесін және андикативті жоспарлау әдістерін оқып үйрену;
в) теориялық білімді экономикалық есептеулерде практикалық тұрғыдан
қолдану;
г) студенттердің өзіндік зерттеу машықтарын меңгеру, жуық есептеулер
жүргізу, кәсіпорын қызметін жаксартуға бағдарлаған іс-шаралардың
экономикалық негіздемесін жүргізу;
ғ) өндірістік- шаруашылық міндеттерді шешуде компьютерлік оқып-
үйрену;
д) өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістерін оқып - үйрену;
е) дипломдық жұмыс кұрылысындағы есептеулерді жүргізу үшін
экономикалық акпараттар жинақтау.
2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибенің негізгі міндеті болып
студенттердің қаражаттық-экономикалық жұмыстарға машықтануы, диплом
жұмысының тақырыбына сай нақты өндірістік материалдарды іріктеу, оқып-
үйрену және талдау және диплом жобасына дайындалу табылады.
Студенттер іс-тәжірибе бағдарламасын толық орындауға және диплом
жұмысына қажет тәжірибелік ақпараттарды жинауға міндетті.
3 ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Іс-тәжірибені
жалпы
оқу
әдістемесін
басқаруды
«Кәсіпорын
экономикасы» кафедрасы жүзеге асырады. Кафедра кәсіпорын, мекеме, ұйым
мен оларды іс-тәжірибе базасы ретінде бекіте отырып және олармен іс-
тәжірибеден 1 ай бұрын оқушылардың іс-тәжірибе өтуінің күнтізбелік
графигін құра келісім шарт жасайды. Сонымен қатар, мамандық түрі
бойынша іс-тәжірибе орнын студенттер, сондай-ақ іс-тәжірибе орнын беруді
растайтын қолдау хат жолдаған кәсіпорын, ұйым, аудан, қала және облыс
басшылығы ұсынуы мүмкін. 2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибенің
ұзақтығы, сағат көлемі мамандыктың жұмыстық оқу жоспарымен
анықталады.
5В050700 «Менеджмент» мамандық студенттері үшін дипломалды іс-
тәжірибенің көлемін 2 кредит, ұзактығын - 5 апта кұрайды.
Іс-тәжірибеден өту университет бұйрығымен реттеледі.
Студенттердің іс-тәжірибе өту орны мен кәсіпорын іс-тәжірибе
базасынан алынған тікелей жетекші -консультанттары тиісті ұйым
басшыларымен анықталады.
Іс-тәжірибенің өту координациясын Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ іс-
тәжірибе және жұмысқа орналастыру Академиялық департаменті іске
асырады, тәжірибені өткізу бойынша жалпы бақылауды кафедра жетекшісі
жүзеге асырады. Бітіруші кафедра тарапынан іс-тәжірибе бұйрығымен
тағайындалған оқушылар, сондай-ақ диплом жұмысының бекітілген
жетекшілері жүзеге асырады.
Кафедрадан тағайындалған Дипломалды (кәсіптік) тәжірибе жетекшілері
іс-тәжірибе басталғанға дейін машықкер-студенттермен іс-тәжірибенің
мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру үшін, кеңес беру кестесін,іс-тәжірибе
мазмұны мен бағдарламасын, есеп түрлері мен оны қорғау мерзімін және іс-
тәжірибе етуге қолдана беру үшін жиналыс өткізеді.
Сонымен қатар, әрбір студент дипломалды жобасының жетекші-
оқытушысымен бірге іс- тәжірибе барысында студент оқып үйренуі,
жалпылауы немесе өз бетімен орындауы тиіс құжаттар мен жұмыс түрлерін
анықтау үшін іс- тәжірибе өтудің жеке жоспары құрылады.
Кафедрадан
тағайындалған
жетекші
студенітердің
кәсіпорын,
ұйымдарға уақтылы келуін қамтамассыз етуі тиіс. Іс-тәжірибе жетекшілері
мен дипломалды жоба жетекшілері студенттерді үздіксіз іс-тәжірибе өту
жоспарынын орындалуы бойынша және іс-тәжірибе бағдарламасының өз
уақытында орындалуын бақылып отыруға тиіс.
Іс-тәжірибе базасында:
-
студенттердің іс-тәжірибе өту барысында технология, қаржы, өндірісті
жоспарлау және басқару, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу
жұмысын ұйымдастыру бойынша мамандығына сәйкес білім мен білік
алуына қажет жағдайлар туғызылады;
-
іс-тәжірибе өтудін университетпен келісілген күнтізбелік кестесі мен
қабылданған техника кауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нормалары сақталады;
-
дипломалды жұмысына қажет материал жинақтауда көмек көрсетіледі;
-
студент - машықкердің ішкі еңбек тәртібін сақтауы қамтамасыз етіледі.
-
қажет болғанда ішкі еңбек тәртібін бұзған студент - машықкерге шара
қолданылып, ол туралы университетке хабарланады;
Іс-тәжірибе соңында кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары әр
машықкердің жұмысы туралы қысқаша мінездемемен (ерекше пікірмен)
бірге келген-кеткендігі белгіленген жолдамаға қол кояды.
Кәсіпорын (ұйым, мекеме) басшыларының рұқсатымен студенттер
кәсіпорындарының мұрағат мүмкіндіктерін, ақпарат қызметін, техниқалық
кітапханасын мейілінше пайдалануға тиісті.
Іс-тәжірибе өтетін кәсіпорын (мекеме, ұйым) басшыларына студенттерді
іс-тәжірибе мақсаттары мен міндеттеріне жатпайтын істерге жұмсауға,
іссапарларға жұмсауға рұқсат берілмейді.
Студенттерге мамандық пен бағдарламаларға сәйкес 2-ші кәсіптік
(дипломалды) тәжірибені өтудің анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ететін іс-
тәжірибе орындары берілуі керек. Іс-тәжірибе кезде студенттің нақты жұмыс
орны болып келесі бөлімдер саналады: жоспарлы, жоспарлы-экономикалық
және өндірістік бөлімдер, экономикалық зертханалар мен бөлімдер;
бухгалтерия, еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ), баға шығару, болімдері
мен зертханалары; қаржы- экономикалық бөлімдер және басқа да
экономикалық бөлімдер.
Машықкер-студент міндетті:
-
кәсіпорын қызметімен танысуға;
-
2-ші
кәсіптік
(дипломалды)
тәжірибе
бағдарламасын
толық
орындауға;
-
кәсіпорынның өндіру және құрастыру жұмысына қатысуға;
-
еңбек қорғау, техника кауіпсіздігі және санитария ережелерін қатаң
сақтауға;
-
кәсіпорынның қоғамдық өмірі мен басқа да шараларға қатысуға;
-
ШҚМТУ-нің келбетін жетілдіруге атсалысуға;
-
2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибе өту кезенде уақытша
пайдалануға алған арнайы және басқа да әдебиеттерді мүлікті өткізуге тиіс;
-
тағайындалған үлгіде 2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибе бойынша
есеп кұрып, оны кафедра жетекшісі құрған комиссия алдында қорғауға.
Машыққор-студент құқылы:
-
қызмет орны болған жағдайда мамандығы бойынша ақылы түрдегі
үнемі немесе уақытша жұмысқа қабылдануына;
-
іс-тәжірибені бағдарламасын қарастырылмаған істерге катыспауға.
4 ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибе мазмұны дипломалдық жұмыстың
такырыбына сәйкес болуы тиіс. Дипломалды жұмыстың нұсқау такырыптары
А қосымшасында көрсетілген.
Іс-тәжірибе
бағдарламасының
мазмұны,
студенттер
казіргі
кәсіпорындардағы экономика және менеджменттік барлық аспектілерімен
таныса алатындай, ал бастысы дипломалды жұмысын орындауға қажет
экономикалық ақпаратты іріктей, жалпылай алатындай етіп құрылады.
Машықкерге дипломалды жұмысында кесте, сызба, график түрлерде
жалпылау, есептеу, талдау ретінде көрініс табуы тиіс келесі сұрақтарды оқып
үйренуі тиіс:
1) Ұйымның
мақсаты,
сала
және
мақсаттары.
ІІІаруашылық
субъектісінің сипаттамасы, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі.
2) Сыртқы ортаның факторлары, кәсіпорын қызметіндегі негізгі
мақсатқа жетудегі олардың әсер ету дәрежесі;
3) Кәсіпорынды басқару құрылымы, билік деңгейі, ұйымдастыру
үрдісін жетілдіру бойынша талдау және нұсқаулар;
4) Ұйымдағы басқару үрдісі, басшылықтың негізгі принциптері мен
әдістері. Басқару қызметтері. Басқару үрдісінің тиімділігі;
5) Ұйым мүшелерін басқару жүйесі. Еңбек нәтижелігін бағалау.
6) Маркетинг
қызметі.
Маркетинг
қызметтердің
құрылымы,
функциялары
мен
принциптері.
Өнімділікті
қолдау.
Жарнаманы
ұйымдастыру.
7) Соңғы бірнеше жыл бойынша (3-5 жыл) техника-экономикалық
көрсеткіштер сипаттамасы. Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер
талдауы.
8) Кәсіпорынның қаржылық қызметі. Кіріс және шығыс бюджеті. Таза
кірісті реттеу және бөлу. Салықтар. Қаржылық кызметті бағалау.
9) Кәсіпорын (ұйым) қызметінің тиімділігің арттыруға бағыттталған
шараларды ұйымдастыру мен ішкі және сыртқы қорды іздеу.
Дипломалды жоба такырыбымен байланысты сұрақтар экономикалық
талдаудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы тереңірек қарастырылады, оған
әр түрлі экономикалық математикалық әдістер кіреді 2-ші кәсіптік
(дипломалды) тәжірибе бағдарламасын нақтыландыруды студент өзінің
дипломалды жұмысының жетекшісімен келіседі.
2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибе келесі кезеңдерден тұрады:
-
кәсіпорын (ұйым) жұмысын оқып-үйрену және экономикалық талдау,
нәтижесінде студент статистикалық және бухгалтерлік есептерді, оперативті-
техникалық мәліметтерді өз бетімен талдай алу және шешімдер құру,
экономикалық, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіруде нұсқаулар
бере алу біліктілігін көрсете алуы тиіс;
-
дипломдық жұмысты (дипломдық жобаны) орындауға дайындық.
-
5 ТӘЖІРИБЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибе соңында студент-машықкер іс-
тәжірибе нәтижелері бойынша жазбаша есеп құрады. Есепте орындалған
жұмыстар туралы, іс-тәжірибе базасының қысқаша сипаттамасы, оның
мамандық бойынша қызметін талдау, шешімдер мен нұсқаулар. Есеп
жекелеме түрде және кафедра талаптарына сай толтырылған болуы тиіс.
2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибе аяқталған соң білім алушы-
машықкер тәжірибе нәтижесі бойынша есеп жасайды. Есеп беру осы
кезеңдегі білім алушының қызметін сипаттайтын негізгі құжат болып
табылады. Білім алушыға есеп беруді дайындау үшін тәжірибе соңында 2 – 3
күн бөлінеді.
Есеп беру клеесідей бөлімдерден тұруы керек:
• күнделік,
• алғашқы бет,
• мазмұны,
• кіріспе,
• негізгі бөлім (жеке тапсырма),
• қорытынды,
• әдебеиеттер тізімі,
• қосымшалар.
Есептің сыртқы беті Б қосымшадағы үлгідей толтырылады. Содан
кейін жұмыстың мазмұны келтіріледі. Кіріспеде тәжірибенің мақсаты мен
міндеттері ашылады. Негізгі бөлім, ереже бойынша, бірнеше тараулардан
тұруы керек.
Есептің мазмұны дипломалды жұмысының таңдап алынғын тақырыбына
сәйкес болуы, ереже бойынша 3 бөлімнен тұрады:
1. Тақырыптың өзектілігі
2. Талдау белімі (аналитикалық)
2.1. Кәсіпорынының жалпы сипаттамасы
2.2 Негізгі технико-экономикалық және қаржылық көрсеткіштер
талдауы
2.3 Дииломалдық жұмыс тақырыбына сәйкес бағыттағы кәсіпорын
қызметінің талдауы.
3. Кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша негізгі шешімдер мен
ұсыныстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмысты орындау барысында
қолданылған барлық дерек көздерден тұруы тиіс.
Тәжірибе жайлы есеп берудің жалпы көлемі компьютермен терілген
түрде 20-35 беттен (тәжірибе түріне, тәжірибеден өтушінің амандығына
байланысты) және оған ілестірілген кестелерден, схемалар мен суреттерден
тұруы тиіс.
Есеп беру А4 форматты парақтарда, TimesNewRoman – 14 пт шрифтпен,
жолдар арасындағы арақашықтық – 1 интервалмен орындалуы керек. Жиек
өлшемдері: сол жақ жиегі – 30мм, оң жақ жиегі- 20мм, жоғарғы жиегі-
20мм, төменгі жиегі- 15мм болуы керек.
Беттердің нөмірленуі алғашқы парақтан басталады, бірақ оған нөмір
қойылмайды. Қосымшалар нөмірленбейді.
Параграфтар әрбір тарау немесе өлімдер шегінде араб цифраларымен
нөмірленеді. Параграф нөмірі тарау және параграф нөмірінен тұрады.
Кестелер есеп берудің шегінде араб цифраларымен нөмірленеді. Сол
жақ жоғарғы бұрышында «Кесте» жазуы қойылып, оның нөмірі көрсетіледі
(мысалы, кесте 2). Кесте атауы төмен жазылады, ал соңынан оның мазмұны.
Қосымшаларда кәсіпорындағы (ұйымдағы) есепке алу мен есеп
берудің бастапқы мәліметтері, түрлі есеп берулердің түсініктеме жазбалары,
ҒЗТКЖ, инвестициялық жобалар фрагменттері және т.б. көрсетілуі керек.
Машықкер студент 2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибенің соңында
кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссияда аттестатталады (есебін
қорғайды). Комиссия құрамына ереже бойынша кафедра меңгерушісі,
дипломалды
іс-тәжірибенің
жетекшісі
және
дипломдық
жобаның
жетекшілері кіреді. Қорғаудың қорытындысы бойынша 2-ші кәсіптік
(дипломалды) тәжірибеден өтуші студентке университетте қабылданған
кредиттік оқыту жүйесіндегі бағалау бойынша баға қойылады.
Егер білім алушылар себепсіз жағдайлармен тәжірибеге келмесе
немесе қорытынды бақылау бойынша олармен «қанағаттанарлықсыз» бағасы
алынса, онда білім алушы қайталап оқу курсына қалдырылады.
Тәжірибе бағдарламасын себепті жағдаймен орындамаған білім
алушы тәжірибеге оқудан бос уақытында қайта жіберіледі немесе
тәжірибеден жеке тәртіпте өтеді.
Тәжірибе
бағдарламасының
талаптарын
себепсіз
жағдаймен
орындамаған немесе қанағаттарнарлықсыз баға алған білім алушы,
белгіленген тәртіпте, академиялық қарызы бар білім алушы ретінде қайталап
оқу жылына қалдырылады.
ҚОСЫМША А
Диплом жұмыстарының нұсқау тақырыптары
1 Шағын бизнес шаруашылық субъектісінің табысын пайдаланудың бағыты
мен құру
2 Кәсіпорын дамуының стратегиялық жоспарын жасау
3 Шағын
бизнесті
дамытудың
ұйымдастырушылық-экономикалық
мәселелері
4 Бизнес-жоспар кәсіпорынды дамыту мен құрудың негізі
5 Кәсіпорын қызметіне бизнес-жоспар құруға ұсыныстар жасау
6 Кәсіпкерлік тәуекелділікті басқаруды ұйымдастыру жүйелері
7 Фирманың инвестициялық қызметі мен кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау
8 Кәсіпорын дамуының индустриальды-инновациялық стратегиясын жүзеге
асыру
9 Кәсіпорын қызметін экономикалық бағалау және оның инновациялық
дамуының болашағы
10 Кәсіпорын дамуының инновациялық стратегиясын жасау
11 Инновациялық қызметті іске асырудағы кәсіпорын әлуетінің мүмкіндігін
талдау
12 Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында аймақ әлуетін
бағалау
13 Кәсіпорын қызметінің индустриальды-инновациялық тиімділігін талдау
14 Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың
тиімділігі
15 Ұйым (кәсіпорын) қызметінің диверсификациясы
16 Кәсіпорын қызметіне ретабельділік және пайда,тарифтер табиғи
монополияның субъектісі ретінде
17 Бизнесті қаржыландыру көзінің негізіне әдістемелік тәсілдер
18 Монополия жағдайында орын алатын нарық субъектісіне қызмет
көрсетуге кеткен шығынның орнын толтыру механизмін жетілдіру
19 Шағын бизнесті дамытудың үрдіс мен бағасы
20 Кәсіпорында инновациялық технологияны пайдаланудың тиімділігі
21 Кәсіпорында
инновациялық
технологияны
енгізудің
технико-
экономикалық негіздемесі
22 Инновациялық қызметті іске асырудағы кәсіпорын әлуетін талдау
23 Индустриальды-жеделдету, даму бағдарламасын құрудағы бәсекелестік
артықшылықты жүзеге асыру механизмі
24 Инвестицияларды басқарудың экономикалық әдістері
25 Кәсіпорынның экономикалық дамуын болжау және бизнес тиімділігін
бағалау
26 Кәсіпорынның инвестициялық даму стратегиясы
27 Ұйымның (кәсіпорын) даму келешегі мен экономикалық мәселелері
28 Инвестициялық табысты арттырудың негізгі бағыттары
29 Кәсіпорын ассортименті саясатының негізі мен бәсекелестік талдау
30 Өнімді өндіруге инновациялық технологияны енгізу
31 Кәсіпорында
материальды-техникалық
жабдықтау
жүйелерінің
ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілері
32 Кәсіпорынды ұйымдастырушылық-экономикалық қайта ұйымдастыру
және оның тиімділігін бағалау
33 Кәсіпорын дамуының келешегі мен экономикалық диагностикасы
34 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін жетілдіру және талдау
35 Өндірістік-коммерциялық фирманың өнім стратегиясы
36 Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздік деңгейін бағалау
37 Кәсіпорын
өнімінің
бәсекелестікке
қабілеттілігін
арттырудағы
ұйымдастырушылық- экономикалық сұрақтары
38 Кәсіпорынды құрудағы ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелер
39 Өнім нарығында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің
қазіргі мәселелері
40 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау
41 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
42 Инвестициялық жобаны жасау және технико-экономикалық негіздемесі
43 Ұйым (кәсіпорын) қызметін материальды-техникалық қамтамасыз етуді
жетілдіру
44 Өнім өндірушінің инвестициялық ағымды басқаруын талдау
45 Бюджеттеу кәсіпорынды жоспарлау мен бақылаудың инструменті ретінде
46 Инновациялық стратегияны іске асырудағы кәсіпорынның әлуетті
мүмкіндігін бағалау
47 Кәсіпорында жоспарлау және стратегиялық басқару
48 Кәсіпорында инновациялық технологияны пайдалану және оның
тиімділігі
49 Кәсіпорын дамуының инновациялық – экономикалық мәселелері
50 Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін арттырудың іс-шара
негіздемесі және жасау
51 Кәсіпорын жұмысын жақсартуға ұсыныстың технико-экономикалық
негіздемесі
52 Шаруашылық
субъекті
қызметіне
банктік
қызмет
көрсетудегі
ұйымдастырушылық-экономикалық сұрақтар
53 Кәсіпорынның болашақ даму стратегиясын жасау және қаржылық
жағдайын талдау
54 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін болжау және қаржылық тұрақтылығын
бағалау
55 Кәсіпорын жұмысын арттыруға іс-шара (ұсыныс) жасау
56 Инновациялық қызметті жоспарлау экономикалық талдау негізі
57 Кәсіпорынның пайдалану қызметін жоспарлау негізі ағымдық жоспар
58 Бизнес-жоспарлау негізінде кәсіпорынды қайта ұйымдастыру тиімділігі
59 Өндіріс тиімділігін бағалау және динамикасын талдау
60 Маркетингтік талдау және өнімдерді өткізу нарығын кеңейту бойынша
кәсіпорынның мүмкіндіктерін бағалау
61 Шаруашылық етуші субъект қызметінің маркетингтік талдауы
ҚОСЫМША Б
Есептің алғашқы бетін әрлендіру мысалы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет _________________________
Кафедра _________________________
_____________________________ іс-тәжірибені өту жөніндегі
(өндірістік)
ЕСЕП
________________________________________________________мамандығы
(шифр, мамандық атауы)
_____________________курс _________________________тобының студенті
(студентенттің аты – жөні, тегі)
Іс-тәжірибені өту орны:
_____________________________________________________________________________
(кәсіпорын, ұйым атауы)
Іс-тәжірибе мерзімі:
20___ж. «____» ________ бастап 20____ ж. «____» _________дейін
Ұйымнан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісі:
_______________________________________________________________________________
қолы/(аты – жөні, тегі, лауазымы)
Ұйымның мөрі:
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісі:
___________________________________________________________________
қолы/(аты – жөні, тегі, дәрежесі, атағы, лауазымы)
Өскемен 20___
Достарыңызбен бөлісу: |