Салыстырмалы қауіп-қатер немесе қауіп-қатерлер қатынасы (RR-relative risk, risk ratio) Салыстырмалы қауіп-қатер – бұл зерттелушілердің арасында фактордың ықпалынан пайда болған нәтижелер жиілігінің осы фактордың ықпалына ұшырамаған зерттелушілерде пайда болған нәтижелер жиілігіне қатынасы. Салыстырмалы қауіп-қатер көрсеткішінің есептеу қажеттілігінің тарихы Медициналық статистикада салыстырмалы қауіп-қатерді есептеу экономикадан алынды. Тауарға немесе қызмет көрсетуге қажеттілікке саяси, экономикалық, және әлеуметтік факторлардың ықпалын дұрыс бағалау- табысқа алып келуі мүмкін, ал дұрыс бағалай алмау (бағаламау) – қаржылық сәтсіздіктерге және өнеркәсіптің құлдырауына әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |