7.2.6 Газбен жабдықтау
Ғимараттардың газбен жабдықтау жүйелерін техникалық пайдалану газ шаруашылығын пайдаланушы мамандандырылған ұйыммен Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 18 қыркүйекте № 172 бұйрығымен бекітілген сұйытылған көмірсутекті газдарды қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарды сақтаумен жүзеге асырылуы тиіс:
- ғимараттың жертөле және басқа бөлмелерінде, техникалық дәліздерде, газ құбырлары салынған жерлерде қызмет көрсетуші қызметкерлер тәулік бойы кіруге қолайлы және бөтен кісілер кіруге рұқсат жоқ болуы тиіс;
- газбен жабдықтау жүйелерінің құрылғылары, бар газ плиталарды қосымша және қайта қондыру, газ жабдықтарының түтін шығаратын жолдарын жөндеу жұмыстары белгіленген тәртіп бойынша газ шаруашылығын қадағалауы органдарының рұқсатымен тек қана мамандандырылған ұйымдармен жүргізілу тиіс.
Ғимаратты газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, пайдалану ұйымдарымен жүзеге асырылады да оларға мыналар кіреді: :
- үйішілік газбен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағдайларын байқау және табылған ақауларды жою бойынша қабылданған шаралар;
- желдету каналдарының және газ жабдықтарының түтін шығаратын жолдарының техникалық ақаусыз жағдайын күтіп ұстау, герметикалығын және тарту күшін қамтамасыз ету.
- газ жабдықтары орнатылған бөлменің техникалық ақаусыз жағдайын күтіп ұстау;
- ғимараттағы газдың кірме құбырларының сенімді герметизациясын қамтамасыз ету;
- жылдың қысқы уақытта түтін шығаратын жолдарды қарау (айына 1 рет ) түтін шығару жолдарының сағаларының тығындалуын болдырмау мақсатымен дымқылданбаған және қатып қалмаған жағдайда жүргізіледі;
- жертөледе және басқа бөлмелерде электрмен жабдықтау жүйелерін, яғни газ құбырлары және жабдықтарын, газбен жұмыс істеушіні, нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеру;
- газбен жабдықтау жүйелеріне және газ құралдарына жыл сайын газ шаруашылығы кәсіпорынымен тексеруді жүргізу;
- тұтынушылардың газ құралдарын пайдалану ережелерін сақтауды бақылау;
Ғимараттарды газбен жабдықтау жүйесінің техникалық қызмет көрсетуі газ шаруашылығының мамандандырылған ұйымдарымен қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір жөндеу жұмыстарынан кейін түтін шығару жолдары және желдету каналдары олардың алдында тексерілген мерзіміне қарамастан тазартылуы және тексерілуі тиіс.
7.2.7 Электрмен жабдықтау
Ғимараттың электр қондырғыларын пайдалану барысында жобалық құжаттама талаптарына және «Электр қондырғыларының құрылғы ережелері» МемСТ талаптарына сай болуы тиіс.
Ғимараттардың электр жабдықтарын, автоматтандыру құралдарын, найзағайдан қорғау элементтерін, өртке қарсы сақтық құрылғыларын, үйішілік электр желілерін және басқа құрылғыларды «Тұтынушыға электр қондырғыларының техникалық пайдалану ережелері» және лайықты нұсқауларға сәйкес пайдаланылуы және қамсыздандыруы тиіс:
- күш беретін және жарық беретін қондырғылардың және автоматтандыру құралдарының апатсыз жұмысын;
- ғимараттың қосалқы бөлмелерінде жарықтандырудың жобаланған маңызын;
- электр жабдықтардың (сорғыштарды, подъездерді және баспалдақ торкөздерін және т.б. жарықтандыру) автоматты басқару жүйелерінің тоқтаусыз жұмысын.
Электрліқалқанды және кірме-бөліп тұратын құрылғылары бар бөлмені пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтаумен жүзеге асыру тиіс:
- электрліқалқан тұрған бөлменің терезелерінде металды решеткалар, есігі ақаусыз, металл конструкциялардан жасалған және құлыпқа жабылған және кілтті қызмет етуші қызметкерден қолқат жазып алғаннан кейін берілуі тиіс;
- бөлме табиғи желдетумен және электрлік жарықтандырумен жабдықталған болуы тиіс;
- бөлме +5о төмен емес температураны ұстап тұруы тиіс.
Электр жабдықтарын немесе желі аймағында ақаулық жағдайлар (ақаулар)орын алған уақытта, электр жабдықтардың тұтастығына немесе сыртқы электрмен жабдықтау жүйелеріне, адамдардың қауіпсіздігіне, өрт сөндіру қауіпсіздіктеріне қауіпті жағдай туындаса, онда шұғыл түрде сөндіру (ақаулық жағдайды жойғанға дейін) тиіс.
Апаттар туралы, қоректенуші желілерді сөндіруге байланысты, адамдардың электр тоғынан зақымдануы және энергиямен жабдықтау ұйымдарына жататын, бөлмеде және пайдалану ұйымдарының аумақтарында орын алған жабдықтау жұмыстарының ақаулары туралы мәліметтер шұғыл түрде энергиямен жабдықтау ұйымдарына жеткізілуі тиіс.
Жабдықтаудың ақаулық жағдайын жоюға арналған барлық жұмыстар арнайы журналда қолма-қол жазылуы тиіс.
Күзгі - қысқы мерзімде ғимаратты пайдалануға дайындау кезінде жағдайы және топталған және бөліп тұратын қалқандарды, электр өткізгіштерін, жарық беретін арматуралары, ажыратқыштарды, автоматты ажыратқыштарды, кезекші жарықтандыратын электрді есепке алатын құралдарды, жерге қосушы немесе нөлдік өткізгіштерді жобалық құжаттамаға сәйкес тексеру тиіс.
Тұрғын үй ғимараттарында электрлік желілерді пайдалану және олардың техникалық жағдайына жауаптылық, сонымен қатар электр энергиясын қолдану кезінде техника қауіпсіздігі меншік иелеріне және тұрғын үйдің бөлмелерін жалдаушыларға жүктеледі.
7.2.8 Желдету
Желдету жүйесін пайдалануда келесі талаптар сақталуы тиіс:
- желдету каналдары және ауа арналары техникалық ақаусыз жағдайда болуы тиіс:
- сорып алатын және құйылмалы құрылғыларға қызмет көрсетуші қызметшіге еркін кіру мүмкіндігі қамсыздандырылған болуы тиіс;
- желдетудің сорып алу шахталары табиғи талаппен, ғимараттың әрбір секциясында шатырлар, дефлекторлар және сақтандыратын торлар орнатылған болуы тиіс;
- жалпы құрама шахтаның төменгі жағынан (шатыр немесе дефлектор болмаған жағдайда) табандық қондыру тиіс. Табандық қара металдан жасалынады, герметикалық және тоттануға қарсы жабынды болуы тиіс, ал табандық астына пергамин немесе басқа суға төзімді материал төселген болуы тиіс;
Сорып алу шахталарын, құбырларды, табандықта және дефлекторларды тоттануға қарсы бояу жұмыстары үш жылда 1 рет жүргізілуі тиіс;
- жылытылмайтын бөлмелерде каналдары мен шахталардың қабырғаларына күшті аяздарда конденсат түседі, сондықтан оларды қосымша тиімді биотұрақты және күймейтін жылытқыштармен жылыту тиіс.
- шатырдағы үйді дезинфекциялау және шаңнан тазарту жұмыстары жылына 1 рет, ал желдету каналдары үшін үш жылда 1 жүргізілуі тиіс;
- желдету шахталарының және каналдардың тығыздалмауын, шахта үстіндегі шатырдың ақауларын, сонымен қатар каналдардың ластануын қысқа мерзім ішінде жою тиіс;
- өртке қарсы қорғау жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді қолданыстағы техникалық нормаға сәйкес жүргізу керек;
Желдету жүйелерінің статикалық ыдырату камерасы ретінде қолданылатын жылы шатырлар герметикалық және мыналар бар болуы тиіс:
- қоршаушы конструкциялары (қабырғалар, аражабындар, жабындар) герметикалық, конструкциялар жарықшақсыз және – түйіскен қосылыстары ақаусыз болуы;
- шатырдағы бөлменің кіру есіктері диспетчерлік пунктен автоматты ашылатын және жабылатын (олар бар кезінде) немесе бақылау құрылғы болуы;
- тұрақты жабық секция аралық есіктерінде ілмектер немесе ілгешектері болуы.
Қосалқы (кісі тұратын) бөлмелерде сорылатын желдеткіш торларды желімдеп тастауға немесе оларды күнделікті тұрмыстық заттармен жабуға рұқсат етілмейді .
7.2.9 Қоқыс құбырлары
Қоқысқұбырларды келесі талаптарды есепке ала отырып, санитарлық нормаларға және ережелерге сәйкес пайдалану тиіс:
- бункерді және қабылдау клапандарды батпақтан профилактикалық тазалау айына 1 рет өткізілуі тиіс;
- қоқысқұбыр бағандарының бітеліп қалуын қысқа мерзімде жою тиіс;
- ішкі және сырттан тасымалданатын қоқыс жинайтын қамералар күнде тазартылуы тиіс;
- қоқыс қабылдау камералары қоқымнан күнде тазартылуы, жуылуы немесе кестеге сәйкес көлікпен шығарылуы тиіс;
- қоқысқұбырларды желдету ай сайын тексерілуі тиіс;
- камера бөлмесі және оның жабдықтауы, бағандары, тиейтін клапандары дезинфекциялау және дератизациялау тиіс.
Тыйым салынады:
- қоқысқұбырларға клапан шөміштеріне оларды тиеу барысында күшті қажет ететін ірі көлемді заттарды, жанып жатқан және бықситын заттарды, жарылыс қаупі бар және жеңіл тұтанатын заттарды сұйықтықты тиеуге;
- қоқысқұбырлар камерасына, сонымен қатар контейнерлерге баратын жолды үйіп тастауға.
7.2.10 Лифтілер
Лифтілер барлық пайдалану мерзімінде жолаушылардың және ғимараттың жүктерін (аялдамаларды қоспағанда техникалық қызмет көрсету және жөндеу) апатсыз және қауіпсіз орын ауыстыруын қамсыздандыру тиіс.
Лифтілерді күтіп ұстау, қызмет көрсету және техникалық қадағалау бойынша барлық жұмыстар мамандандырылған ұйыммен «Лифтілерді пайдалану қауіпсіздігі және ұйымдастыру ережелері» (ЛПҚЖҰЕ) және пайдалану бойынша жасаушы зауыт нұсқауларына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Лифтінің жұмысын қамсыздандыратын ұйымдастырылған диспетчерлік бақылау болуы тиіс:
- кабинадан және машина бөлмесінен жарық және дыбыс арқылы сигнал берумен операторды (диспетчерді) шақыру туралы екі жақты сөйлесетін байланысты;
- диспетчерлік пунктімен лифті кабинасының арасындағы, сонымен қатар машина бөлімшесімен екі жақты сөйлесетін байланысты;
- кабинада жолаушының бары туралы жарық арқылы сигнал беруді (жолаушы лифтілерінде кабина есіктерінің қолмен жабылуы);
- жолаушылар лифтісінің кабинасында «Тоқта» кнопкасын басу туралы жарық немесе дыбыс арқылы сигнал беруді;
- шахтаның, машиналы және блокты бөлменің есіктерін ашу туралы жарық арқылы сигнал беруді;
Жабдықтаудың ақаусыздығы және диспетчерлік бақылау құралдары басқару пультымен және лифті алаңдарына отырғызылатын кабинадан тексеріледі .
Лифті кабинасында нұсқаумен көрсетілген кесте ілінген болуы тиіс:
- лифтінің атауы (белгіленуі бойынша);
- жүк көтергіштігі (жолаушылар санының шегін көрсетумен);
- тіркеу нөмірін;
- апат қызметімен немесе қызмет көрсететін қызметшімен байланысатын үшін телефон нөмірлері.
Лифтінің машиналы бөлменің кіретін жері бос және жарықтанған болуы тиіс.
Машиналы бөлменің есіктерінде «Лифтінің машиналы бөлмесі. Бөтен кісілерге кіруге болмайды» деген жазу болуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету және лифтілерді жөндеу бойынша мамандандырылған ұйым міндетті :
- тапсырыс берушімен келісу арқылы уақытылы тексеруді жүргізу, техникалық қызмет көрсету және лифтік жабдықтауды жөндеудің графиктерін құрастыру;
- лифтілердің жөндеулердің түрлерін және техникалық қызмет көрсетуді (ЛПҚЖҰЕ) сәйкес өткізу;
- тапсырыс беруші жағынан пайдалану ережелерінің бұзылуы немесе лифтілерді қасақана бұзу нәтижесінде лифтілерге апаттық жөндеу жасау.
7.2.11 Радио-, жеделәрекетті (жабдықты) телефон және телевизиялық байланыс жабдықтары
Жеделәрекетті (жабдықты) телефон байланысының базалық станциясын жабдықтау, радио-, телевизиялық және спутникті антенналарды ғимараттардың қасбеттерінде, шатырларда және балкондарда орнату белгіленген тәртіп бойынша тек қана бекітілген жобалық құжаттамалар бойынша жүргізіледі.
Телевизиялық антеннаға абоненттерді қосу және орнату пайдаланушылардың мәлімдемелері бойынша телевизия қызметінің мамандарымен жүргізілуі тиіс.
Радио-, телевизия антенналары, жеделәрекетті (жабдықты) телефон байланысының базалық станцияларының жабдықтары техникалық қызмет көрсету барысында келесі талаптарды сақтау талап етіледі:
- радио арқылы хабар таратылатын желілік құрылғылардың және жабдықтардың бұзылмаушылығын бақылау байланыс кәсіпорындарына кідірмей барлық табылған кемшіліктер туралы хабарлауды жүзеге асыру;
- радио арқылы таратылатын желілерді (салмақ түсетін арқалық және т.б.) жабдықтауды және қолданылатын құрылғыларды бекітуге қатысты ғимарат бөліктерін уақытында жөндеу;
- шатырға және шатыр бөлмелеріне байланыс кәсіпорындарының қызметкерлері кедергісіз (алдын ала ескерту бойынша) кіруге рұқсатының болуын қамтамасыз ету;
шатырдағы антенналық - діңгек имараттарына шатыр бөлмелері, үй шатырындағы
терезелер, люктер арқылы шығудың жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- базалық станциялардың бөлмелерін жабдықтау, жеделәрекетті байланыс антенналарын қондыру белгіленген тәртіпте мемлекеттік қадағалау органдарымен, меншік иелерімен, ғимаратты және ғимаратты пайдаланушы ұйыммен келісу арқылы жүргізіледі.
8 Ғимаратты техникалық пайдалану және күту бойынша арнайы шаралар
Салмалы темір бөлшектердің жағдайын бақылау, конструкциялар мен құбырларды коррозиядан сақтау
Конструктивті түйіндердің тандаулы ашуларын үйді пайдалануға 20-25 жыл өткенен кейін кірісу керек. Көптеген коррозиялық әсерлерге ұшыраған болат бөлшектердің болат элементтерін 10-15 жыл сайын, көп коррозия әсеріне ұшыраған болат бөлшектерді 5 жыл сайын тексеру керек.
Егер бөлшектердің көлденең қима ауданының 30 % зақымданған болса, ғимараттың үш жерінен бөлшектерді ашып тексерістен өткізу керек.
Ең алдымен температура-ылғалдылық жағдайы қолайсыз, сонымен қатар конструкция беттеріне жарылулары, қабат қыртысталуы, қоңыр дақ тоттары бар салмалы көтергіш бөлшектерді ашу керек.
Конструкцияларды ашу және бітеу жұмыстарын құрылыс-жөндеу және жобалық ұйымдары бойынша тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Толық құрамалы ғимараттардағы панель аралық түйісулер герметизациясын бақылау және конструкцияны ылғалдылықтан қорғау
Тұрғын қорға қызмет көрсету бойынша ұйымдар тұрғын үйлерді пайдалану процесінде қорғаныс конструкцияларды ылғалданудан сақтайтын барлық шараларды жүзеге асырып отырады (тұрғын және қосалқы бөлмелерде температура-ылғалдылық тәртібін және ауа алмасу режимін сақтау, санитарлық-техникалық жүйелердің, шатыр және ішкі су ағарлар, су- және буоқшаулағыштық қабаттардың, жабындылардың, төбелердің, қорғаныс конструкциялардың, су ағар құрылғылардың жағдайын күту, сақтау).
Дренаждарды тазалау қажет: пайдаланудың бірінші екі-үш жылында кемінде екі рет, содан кейін (топырақтың түріне байланысты) үш жылда бір рет.
Өзендердің жанында орналасқан ғимараттар терезе ойыстарында қорғаныс қабырғалары бар құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
Жабындардағы және су ағар құрылығыларындағы шұңқырлар мен жарылулар міндетті түрде бітелуі, ал дөңестіктер кесіліп тасталуы керек. Инженерлік жүйелер орныққан жерлерде (су кұбыры, канализация, жылу трасса және т.б.) немесе үйген топырақтарда пайда болатын түсулерді міндетті түрде құмды топырақпен жауып тастау керек, ал жабындыны қайта қалпына келтіру керек. Жасыл өсімдік орныққан жерлердің еңістері (газондар, үй алдыңдағы бақтар және т.б.) 0,04-0,11 шамасында, үй алдыңдағы бақтардың алаңдардың ашық беттерінің еңісі кемінде - 0,05, кюветтерде кемінде - 0,04 болуы керек.
Тұрғын қор бойынша қызмет көрсету ұйымдары әрқашанда су ағар құдықтарына, жылу жүйелеріне, телефон және басқа да жүйелерге кіруге рұқсат беруге міндетті.
Кюветтерді, үй алаңында орналасқан су ағар жүйелерін топырақтан, қоқыстан, шөптен жыл сайын тазартып отыру керек.
Ірі панельді ғимараттарды атмосфералық жауын-шашын әсері ылғалдылығынан қорғау жұмыстарын алты-сегіз жыл сайын жүргізу керек. Ғимаратты ылғалдылықтан сақтау жұмыстарына түйісулерді герметизациялау, сыртқы панель беттерін гидрофобизациялау, терезелерді және олардың қабырғамен түйіскен жерлерін герметизациялау, балкондардан суды ағызу, шатырдың сыртқы қабырғаларға түйіскен жерлерін суоқшаулау жұмыстарын да қосады.
Жапсарлардың герметизациясының бұзылуын (қабыршақтар, ерулер, саңылаулар, зақымдалған алаңдар, герметик еңінің төмендеуі, оның бетон бетіне нашар адгезиясы, түсу, сонымен қатар жапсарларға ауа өтушілік) асқындырмай көрінген мезетте жойған дұрыс.
Толық жиналған ғимараттардың сыртқы қабырғаларының жапсарлары және терезе, есік блоктарының түйісу герметизациясын бақылау келесідей жүргізіледі: бірінші - герметизациядан кейін үш жыл өткен соң, келесілер - бес жыл өткен соң.
Бітеу сапасының өлшемдері, жапсарлардың ауа өткізгіштік көрсеткіштері жоба талаптарына және нормативті актілерге сәйкес болуы керек.
Суоқшаулағыштық құрылғылардың бұзылуы бойынша жүргізілетін жөндеу жұмыстарын техникалық құжатсыз жүргізуге болмайды.
Ағаш контрукцияларын үй саңырауқұлақтармен және ағашты бұзушы жәндіктерден қорғау
Ағаш контрукцияларын үй саңырауқұлақтармен және ағашты бұзушы жәндіктерден қорғау үшін тұрғын қорға қызмет көрсететін ұйымдарды тарту арқылы іске асырылады.
Тұрғын қорға қызмет көрсетететін ұйымдар ағаштың ылғалданбауы, конструкцияға кептіру режимін орнату, суоқшаулағышты жөндеу, антисептик өндіру сияқты алдын-ала сақтық шараларын орындау керек. Жөндеу жұмыстары кезінде құрғақ органикалық заттарды қолдану, конструкцияларды бусуоқшаулағыштық қабаттармен қорғау, кептіретін режим орнататын желдеткіш ауа қабаттарын қою, антисептикалық конструкциялар мен олардың элементтерін өндіру сияқты жұмыстарды да жасау керек.
Ағашы бүлінген қабырға элементтерін антисептикалық және суоқшаулағыштық бойынша жұмыстарды орындай отыра жаңасымен ауыстыру керек.
Көрінген ошақтарды табу кезінде, оларды жою жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.
Егер органикалық материалдардан жасалған конструкциялардың элементтерінің көтергіштік қабілеттілігінің беріктігі төмендесе, онда оның себебін анықтап, конструкцияның бұзылған учаскелерін жаңасымен ауыстырып, материалға сәйкес жағдайын күшейтіп, антисептик және өртке қарсы бояумен жауып тастау керек.
Бөлменің дыбыс және шуоқшаулағыштығын төмендету
Қоршаушы конструкциялардың шуоқшаулағыштығының бұзылуын, қабырға мен арақабырларға түйіскен едендерде, аражабындарда, дыбыс өткізетін тесіктерді, терезе және есік ойықтарында толтырулардың бүлінуін, құбыр қиылысатын жерлерде гильзалардың болуын, құрылғылардың, механизмдердің және құралдардың дұрыс орнатылмауын, сонымен бірге салынған өндірістерден шығатын дыбыстар мен шуларды ағымдағы және күрделі (жоба бойынша) жөндеу жұмыстары кезінде алдын алу керек.
Қоршаушы конструкциялар арқылы өтетін (қабырғалар, қалқалар, жабындар) шу мен дірілді, шуоқшаулағыштықтың жоғарылауын бекітілген талаптарға сәйкес орындау керек.
Тұрғын үйдің қоршаушы конструкциялары әсерінен болған шуоқшаулағыштықтың жоғарылауын (қабаттар арасындағы қабырғалар мен арақабырғалар, баспалдақтар торлары, қабаттар арасындағы жабындар, үйасты қабат астындағы жабындар немесе шатырда орналасқан бөлмелер, астынғы қабаттар), сонымен бірге инженерлі құрылғылар дауысын, салынған өндірістерден келетін дыбыстарды жою жобаға сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ғана іске асырылады.
Үйдің подъездеріндегі сыртқы есіктердің жабушы амортизаторы болуы керек және жабылған кезде тығыз жабылып, ешқандайда дыбыстын естілмеуін қамтамассыз етуі керек. Есіктер және лифт кабиналары тыныш жұмыс істейтін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
Тұрғын құрылыс темір жол станциясынан және тізбегінен кемінде 200 м; темір жол тізбегінің I және II категориясы кезінде кемінде 150 м; темір жол тізбегінің III және IV категориясы - кемінде 50 м қашық орналасуы керек.
Жасыл өсімдіктер қабаты тұрғын құрылыс жанында ұзындығы 5 м және еңі 10 м қабаттап өсетін болса, дыбыс деңгейін 4 -тен 12 дБ дейін төмендетеді.
Тұрғын ғимараттар темір жол магистральына көлденең орналасқан жағдайда шуға қарсы экрандар, яғни үюлер, шұңқырлар, валдар немесе қызметі әртүрлі экрандар (гараждар, тұрғын емес ғимараттар және т.с.с.) орнатқан жөн болады.
Қандай да болмасын шуға қарсы әдісті тандау кезінде, акустикалық есептеулерге, тұрғын алаңындағы дыбыс деңгейіне негізделе отырып анықтаған жөн.
Экрандардың қажетті акустикалық маңызы дыбыс ошағымен экранның ұзындығына, биіктігіне, арақашықтығына сәйкес қамтамассыз етіледі.
Әртүрлі экран-қабырғалар арқылы дыбысты төмендету мәндері 8.1 - кестеде берілген.
8.1 Кесте
Экранмен есептік нүктенің арақашықтығы, м
|
Экран биіктігі, м
|
Экран арқылы дыбыс деңгейін төмендету, дБ
|
10
|
2
|
7
|
4
|
12
|
6
|
16
|
20
|
2
|
7
|
4
|
12
|
6
|
15
|
50
|
2
|
7
|
4
|
11
|
6
|
14
|
100
|
2
|
7
|
4
|
11
|
6
|
13
|
Қоршаушы конструкциялардың жылуоқшаулағыштығы
Қоршаушы конструкциялардың жылуоқшаулағыштығы жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру нормативті құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Қабырғалар мен шатырлардағы ақаулардың жылу қорғанысын келесі жолмен жүргізу қажет:
- атмосфералық, тұрмыстық, топырақтық ылғалдануды және жоғары инфильтрацияны туғызатын қоршаушы конструкциялардағы ақауларды жою;
- қабырғалар мен шатырлардағы дымданған алаңдарды кептіру;
- қоршаушы конструкциялардағы жылу бергіштік кедергісі жетіспейтін алаңдарды жылыту;
- дымданған жылытқышты жаңасына ауыстыру (қажет болған жағдайда);
- панельдер, қабырғалар түйіскен терезе блоктарының, балкон тақталарының герметизациясын жаңарту;
- шатыр жабының жөндеу.
Ғимаратты күрделі жөндеу немесе қайта жөндеу жұмыстары кезінде шатыр бөмелері мен шатыр асты кеңістіктерінде арнайы желдету жүйесін орнату рұқсат етіледі.
9 Бөлмені және үй жанындағы аумақты күтіп ұстау
9.1 Жалпы ережелер
9.1.1 Бөлмені және ғимарат алдындағы аумақты күтіп ұстау жұмыстарына:
- бөлменің микроклимат параметрлерін (температуралар, ылғалдылық, қозғалыс жылдамдықтары және ауа тазалығы) қамтамасыз етуі;
- ғимарат бөлмелерін күтіп ұстаудың санитарлық нормаларын қамтамасыз етуі;
- өртке қарсы сақтық нормалау жүйелерінде және стандарттау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
- санитарлық тазалау (дератизация, дезинфекция және дезинсекция);
- «Ж» қосымшасында келтірілген жұмыстардың түрлері.
9.1.2 Бөлмені және ғимарат алдындағы аумақты күтіп ұстау жұмыстары техникалық пайдалану ерекшеліктерін есепке ала отырып, құрастырылған жоспарлар-кестелер бойынша орындалуы тиіс.
9.1.3 Үй жаңындағы аумақты көріктендіру шараларын өткізуді бақылау кезінде пайдалану көрсеткіштерінің жобалау талаптарына сәйкестігін дәлелдегенде «Тұрғын аймақтардың аудандарын көріктендіру ережелерін» басшылыққа алу керек.
9.2 Жертөле бөлмелері және техникалық еденасты
9.2.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру барысында қамсыздандыру тиіс:
- техникалық еденасты және жерасты бөлмелерде қоршаушы конструкциялардың беттеріне конденсатты түсуді болдырмау үшін температуралық – ылғалдылық режимді;
- техникалық еденасты және жертөленің барлық элементтерінің тазалығын және кіру мүмкіндігін;
- бөлмеге жануарлардың (кеміргіштердің, мысықтардың, иттердің) кіріп кетуінен қорғау.
9.2.2 Пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру барысында техникалық еденасты, жертөле бөлмелері, суөлшегіш және жылу түйіндердің су астында қалу жағдайларын болдырмауға шара қолдану тиіс:
- жерасты сулары (іргетас қабырғаларын гидрооқшаулау зақымдануы, дренажды жүйелер бітеліп қалуы немесе жоқ болуы);
- атмосфералық сулар (қоршаушы конструкциялардың тұтастығы бұзылуда, ірге жаппалар еніне жеткіліксіз немесе зақым келуі, ғимарат алдындағы бөлікте үстіңгі қабат еңіске қарсы болғанда (ғимарат жағына), ғимарат жабындарымен суды бұрып әкету құрылығысында шығарылым науалары ақаулы немесе жоқ болуы;
- сарқынды лас және сулар (тиекті арматуралардың және құбырлардың ақауы болған жағдайда);
Үйасты бөлмелері және техникалық еденасты су астында қалғанда олардың қалу себептерін айқындаумен шаралар қабылдау және осы қабылданған шаралар бойынша бұзылған ақауларды жою керек.
9.2.3 Конструкциялардың беттеріне конденсант түскен немесе зең пайда болған жағдайда ауаны ылғалдандыру көздерін жоюды және техникалық еденасты немесе жертөле бөлмелерін терезелер немесе есіктер арқылы, есіктерге кенеп матадан, терезелерге тордан немесе терезе жапқыштарын орнатумен қарқынды желдетуді қамтамасыз ету қажет.
Техникалық еденасты және жертөле бөлмелерінің саңылаусыз қабырғаларына үйдің әрбір секцияларының цоколды қабатына желдеткіш саңылауларын қою қажет болған жағдайда, саңылаулардың саны екеуден кем болмауы тиіс және оларды қарама-қарсы тұрған қабырғаларға орналастыру арқылы терезе жапқыштармен немесе сорылатын желдеткіштермен жабдықтау қажет.
9.2.4 Жертөле, техникалық еденасты қабаттарына кіретін есіктер құлыпқа жабылған болуы тиіс ( кілттер тұрғын үй қорын күтіп ұстау ұйымдарында, аула тазалаушыда, жұмысшыларда, осы үйде тұрушыларда), сақтау орны туралы есіктерге арнайы жазба жасалынады.
Қабырғалар және фундаменттер арқылы барлық құбырлар өтетін орындарда саңылаулар қалдыруға рұқсат етілмейді; коммуникациялар арқылы өтетін көпірлер ақаусыз болуы тиіс. Ішкі құбырларды және тік құбырларды ақаусыз, жеткілікті жылуды оқшаулауды қамсыздандыру қажет. Санитарлық аспаптардың және канализация жүйелерінде түйіскен қосылыстарының герметикалық еместігін, судың ағуын, тығындауды, бітеліп қалуды, гидравликалық ысырма олқылықтарын, жою қажет.
Жертөле бөлмелеріндегі фундаменттер мен үйасты қабырғалары арқылы өтетін инженерлік коммуникациялардың кірме құбырлары герметикаландырылған және жылытылған болуы тиіс.
Бөлме арқылы өтетін транзиттік инженерлік коммуникацияларға тұрғын үй қорына қызмет көрсетуге тиісті қалалық коммуналдық шаруашылықтың және ұйымдардың өкілдері тәулік бойы кіру мүмкіндігімен қамсыздандырылған болуы қажет.
Канализациялық құбырларды және шығарылым құбырларын бекіту беріктігін және сенімділігін, тазарқыштарда тығындардың бар болуын қамсыздандыру қажет.
9.2.5 Жертөле бөлмелерінде, егер осы бөлмеге кіру мүмкіндігі жалпы кіреберістегі баспалдақтар арқылы жүзеге асатын болса, жанатын және жарылыс қаупі бар материалдардың қоймаларын жасауға, сонымен қатар басқа шаруашылық қоймаларды орналастыруға рұқсат етілмейді.
9.2.6 Техникалық еденасты қабатындағы барлық ойықтар, каналдар және саңылаулар ғимаратты кеміргіштердің кіріп кетуінен қорғау үшін белгіленген өлшемде (тор көз өлшемі 0,5 см) торлар болуы тиіс.
9.2.7 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру барысында санитарлық нормаларға және ережелерге сәйкес көпшілік пайдаланатын орындарда, жертөледе, техникалық еденасты қабаттарында кеміргіштерді және шыбын-шіркейлерді құртуға арналған дератизация және дезинфекцияны уақытылы жүйелі түрде жүргізу тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |