Правила организации учебного процесса по кредитной технологии обучения, утвержденные приказом и


ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың



жүктеу 0,59 Mb.
бет2/5
Дата06.02.2020
өлшемі0,59 Mb.
#28317
1   2   3   4   5

4. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың

қазақстандық жүйесі

67. Теориялық оқудың бір қазақстандық кредитінің еңбек сыйымдылығы шығыны аудиторлық сабақтар мен оқушылардың дербес жұмыстарын есепке алғанда бакалавриатта 45 сағат жұмысты құрайды, бағдарлық магистратурада – 60 сағат, ғылыми және педагогикалық магистратурада – 75 сағат, докторантурада – 105 сағат.

68. Білім алушылардың академиялық ұтымдылығын және білім беру бағдарламасын тануды (жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің барлық деңгейі мен нысандарында) қамтамасыз ету үшін европалық білім беру кеңістігінде қазақстандық кредит ECTS кредитте қайта есептеу қажет.

69. ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл пәнді зерделеудегі жұмыс көлемінің өлшем бірлігі, яғни дәрісханалық сабақ пен өзіндік жұмыс уақытындағы жұмыс көлемі. ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағаттарға тең.

70. Жалпы оқу жүктемесіне дәрісханалықтан бөлек эссе, рефераттар, курстық жұмыстар (жобалар) жазу, зертханалық сабақтарды орындау, практикадан және стажировкадан өту, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау әр түрлі дайындалу, материалдар жинау және дипломдық жұмыс (жоба) жазу сияқты студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері де кіреді.

71. ECTS бір оқу жылындағы оқу жұмысының жиынтық еңбек сыйымдылығын 60 кредитпен (оқушы бір семестрде 30 кредит жинайды, ал триместрде – 20 кредит) бағалайды. Оқу жылының ұзақтығы емтихан тапсыруға 30 аптаны және 6 аптаны құрайды.

72. Еуропа елдерінде бакалавриат дәрежесін алу үшін оқудың ұзақтығы үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды және тиісінше 180-240 есептік кредиттік бірлік алуы қажет.

73. Кредиттерді қайта есептеу Қазақстан Республикасында ECTS кредиттері және ауыстыру коэффициенті негізінде қайта іске асрылады.

74. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу әрбір пән және білім беру бағдарламасының деңгейі бойынша ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады:

1) бакалавр үшін - 1,5-тен 1,8 дейінгі шекте;

2) бейіндік магистратура үшін – 2-ден 2,4-ке дейінгі шекте және ғылыми, педагогикалық – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте;

3) докторантура үшін - 3,5-тен 4,2-ге дейінгі шекте.

Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады.

Курстық жобалардың еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына кіреді.

75. Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу әрбір пән және білім беру бағдарламасының деңгейі бойынша Қазақстан Республикасының 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентін 74-тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасының кредиттеріне көбейту арқылы жүзеге асырылады.

Аталған ауыстыру коэффиценттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өздік жұмыстарды ескере отырып) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады.

76. Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредиттерін қайта есепте мынадай ауыстыру коэффиценттерінің көмегі арқылы 74-тармаққа ұқсас түрде жүзеге асырылады:

Практика: оқу – 0,5-тен 06 дейінгі шекте, педагогикалық – 1-ден 1,2-ге дейінгі шекте, өндірістік – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте, зерттеу – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;

магистранттың (докторанттың) ғылыми (эксперименттік)-зерттеу жұмысы – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;

білім алушыларды қорытынды аттестаттау – 3,2-ден 4,5-ке дейінгі шекте.

77. Жоғары оқу орындары оқу орны бойынша және факультеттегі ECTS-ті үйлестірушіні тағайындайды.

ECTS жоғары оқу орнының үйлестіруші ECTS-тің принциптері мен тетіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелеріндегі барлық үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды және үйлестіреді.

ECTS үйлестірушілері оқушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-тің практикалық және оқу аспектілері бойынша кеңес береді.

78. ECTS-тің бағалау бағаны бес санатқа бөлінген оң бағадан («А»-«Е»), дұрыстауға болатын FX бағасынан) және кредитті ұсынбайтын F бағаларынан тұрады.

Қазақстан Республикасының білімін бағалау жүйесі білімалушының оқу жетістігін балдық-рейтинг әріппен бағалау жүйесіне негізделген, кредиттерді тағайындауды қарастыратын он оң нәтижелі бағадан («A»-дан «D»-ге дейін), сонымен қатар кредитті ұсынбайтын бір қанағаттанарлықсыз «F» бағадан тұрады.

79. Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағасы білім алушының жетістігі және осы Ереженің 3-4 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.


5. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі шеңберіндегі академиялық ұтқырлық
80. Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде қолдануға қажет төмендегідей нормативтік құжаттар көрсетілген:

ұтқырлық бағдарламалары бойынша кететін студенттің өтініші;

ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім;

оқу туралы транскрипт;

ақпараттық пакет (курстар тізімдемесі).

81. Жоғары оқу орны ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы ереже әзірлейді, ол ECTS-ті қолдану бойынша жоғары оқу орнындағы негізгі құжат болып табылады.

82. Ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту үшін осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес жоғары оқу орны ақпараттық пакет – курстар тізімдемесін (АП) әзірлейді.

83. АП мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалады.

84. АП жоғары оқу орнының академиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми тәрізді едәуір маңызды қызмет салаларын сипаттайды және қосымша ақпаратты (спорттық-көпшілік іс-шаралар, мәдени-бос уақыт қызметтері, материалдық-техникалық база және тағы басқа) қамтиды.

85. АП-да жоғары оқу орнының төмендегі негізгі бөлімдер бойынша сипаттамалары бар:

1) жоғары оқу орны туралы жалпы ақпарат;

2) оқу бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі);

3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат.

86. АП-ның «Жоғары оқу орны туралы жалпы ақпарат» атты бірінші бөлімде жоғары оқу орнының қысқаша сипаттамасы – толық мекен-жайы мен веб-сайты; тарихы мен жетістіктері; Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесіндегі орны; жоғары оқу орнының құрылымы (басшылық, академиялық және қосымша бөлімшелер); дайындық бағыттарының тізімі; білім алу бағыттары бойынша оқу құны; жоғары оқу орнына оқуға қабылдау және тіркеу ережелері мен жолдары; алдағы оқу жылының академиялық күнтізбесінің (мерекелік күндер мен демалыстарды есепке алып) сипаттамасы; білім беру бағдарламалары мен ECTS үйлестірушісінің фамилиясын тану ережесі.

Сондай-ақ университет корпустарының орналасу картасын енгізу ұсынылады.

87. АП-ның екінші бөлімі, «Оқыту бағдарламалары туралы ақпарат» төмендегідей сипаттамаларға ие:

1) оқу деңгейлері (сатылары);

2) мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) және білім алудың белгілі бір сатысында академиялық дәреже алуға қажетті кредиттердің жалпы саны;

3) жалпы алғанда білім алатын мамандықтардың және оқу жоспарының сипаттамасы;

4) жеке мамандықтар бойынша оқитын әрбір пәннің бөлек сипаттамасы;

5) мамандық бойынша оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже.

88. Курстар тізімдемесінде әрбір пән (сабақ) бойынша пререквизиттер, пәннің мәртебесі, сондай-ақ мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес кредиттер саны көрсетіледі.

Курстар тізімдемесінде әрбір жеке оқытылатын пәннің мақсаты мен міндеті, әдебиеттер тізімі, оқу әдістері, баға қою саясаты, оқу тілі, әрбір пән (сабақ) бойынша дәріс берушілердің аты-жөні бар.

89. Үшінші бөлім – жоғары оқу орны туралы білім алушыларға арналған қосымша ақпарат. Бұл бөлімде төмендегі бағыттар бойынша мәліметтер бар: студенттерді орналастыру (тұрғылықты жердің жағдайы және оның ақысы), тамақтану құны, медициналық қызметтер, дене немесе басқа да кемшіліктері бар студенттердің жағдайы, студенттерге қаржылай көмек көрсету (грант, шәкіртақы), студенттік кеңседегі жұмыс, оқуға арналған материалдық-техникалық база (кітапхана, компьютерлік зертхана), халықаралық бағдарламалар, студенттердің бос уақыттары үшін жағдайы, спорт секциялары, студенттік қауымдастықтар.

90. Білім алушының өтінішінде студентті жіберетін жоғары оқу орнының атауы және толық мекен-жайы, факультеттің/департаменттің және жалпы алғанда, жоғары оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын үйлестірушісінің аты-жөні, сондай-ақ студенттің жеке ақпараты (аты-жөні, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы) көрсетілуі тиіс.

Өтініште ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының уәжділігі туралы ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тәжірибесі және алдағы шетелде білім алуы туралы мәліметтер жазылады, шетелде оқу грантына ие болу мүмкіндігіне белгі осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

91. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу келісімі студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат болып табылады және осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде толтырылады.

92. Қабылдаушы жоғары оқу орны студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қабылдайтын жоғары оқу орны, студент және жіберетін жоғары оқу орны – үш тарап келісімге қол қояды.

93. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттің білім алуын растайтын соңғы құжат білім алу туралы транскрипт болып табылады. Білім алу туралы транскрипт ағылшын тілінде осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес толтырылады.

94. Білім алу туралы транскриптке оқу бағдарламасы (курс (пән) коды), пәннің атауы, пәннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада (егер болған жағдайда) және ECTS шкалада), ECTS-тегі берілген кредиттер саны туралы мәліметтер енгізіледі.

Оқудың толық бағдарламасында ойдағыдай оқыған жағдайда берілген дәреже/диплом туралы белгі жасалады.

95. Білім алу туралы транскриптте оқу бағдарламасының ерекшелігі туралы мынадай (қосымша) мәліметтер көрсетіледі: бағалаудың жоғары оқу орындық жүйесін сипаттау; ECTS бағалау жүйесі, оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттер санын бағалау жүйесі.


6. Модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру
96. Модулдар мына түрлерге бөлінеді:

1) жалпы міндетті модуль – мамандықпен тікелей байланысты жалпы құзыретті қалыптастыратын базалық пән циклы;

2) мамандық бойынша міндетті модуль – мамандық негізін құрайтын және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған базалық және бейіндік пәндер циклы;

3) арнайы мамандықтар үшін таңдау бойынша модулдар–мамандықтар шеңберінде мүмкін құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жекеленген салалар бойынша пән циклы;

4) біліктіліктің шеңберінен шығатын таңдау бойынша модулдар– мамандыққа қатысы жоқ және қосымша құзыреттерді құрылымына бағытталған (информациялық технология, шет тілі) пән циклдары.

97. Бір модуль бір немесе бірнеше пәндерден тұруы мүмкін.

98. Модуль мыналар бойынша жасалады:

1) көлемі бойынша үлкен (ҚР 3 және одан да көп кредиттерден немесе ECTS бойынша 5 және оданда көп кредиттерден) және уақыты мен мазмұны бойынша аяқталған пәндерден;

2) кіші көлемді әрі бір-бірін толықтыратын пәндерден;

3) оқу бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ететін, бір пәннің әртүрлі деңгейлерін білдіретін мәндес және аралас пәндерден. Аралас пәндер пәнаралық модульдерді қамтамасыз етеді және бір модуль шегінен асатын қажетті құзыреттің ауқымды спектрін қалыптастыруға бағытталған.

99. Модуль бірнеше пәндерден құрылған жағдайда, кредиттердің жалпы санына құрамдық компоненттің әрқайсысының үлесі кредиттік түрде анықталады.

100. Практиканың барлық түрі және дипломдық жұмыстар жеке-жеке модульдерді құрайды.

101. Бір модульдің көлемі студент жұмысының еңбек шығынына байланысты.

102. Бір модульдің ұзақтығы кемінде бір академиялық кезеңді құрайды. Үлкен мазмұнды модульдер бір оқу жылға созылуы мүмкін, бірақ одан ұзақ болмайды.

103. Модуль өзара бір-бірімен байланысты, олардың біреуі екіншісін толықтыратын болып табылатын пәндерді біріктірсе, онда оқыту жүйелі болу керек.

Бұл жағдайда осы пәндер әр семестрде оқытылады.

104. Модуль аралас пәндерден тұратын болса және оның құрама компоненттері басқада құрама компоненттерінің пререквизиті боламайтын болса, онда пәндерді параллель оқытуға болады.

105. Модуль бойынша кредиттерді алу шарты қорытынды бақылау бойынша оң баға және модульмен қарастырылған барлық жұмыс түрлерін орындау болып табылады.

Егер модуль бірнеше пәндерден құралған жағдайда, онда модуль бойынша кредиттерді алу шарты болып құрамды компоненттер бойынша барлық талаптарды орындау табылады.

106. Егер модуль бір пәннен тұрған жағдайда, модуль бойынша қорытынды баға осы пән бойынша қорытынды бақылаудың шешімі болып табылады. Сонымен бірге қорытынды баға пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған (практикалық, зертханалық, есептеу-графикалық, курстық) жұмыс түрлері бойынша бағаны қамтиды.

107. Егер модуль бірнеше компоненттен тұрған жағдайда, емтихан негізгі компонент бойынша жүргізіледі, ал басқа компоненттердің қорытынды бақылауы реферат, эссе, жобалық жұмыс немесе курстық жұмыс болып табылады.

108. Модульдердің құрама компоненттерінің біреуінің бағасы қанағаттандырылмаған жағдайда (50%-дан кем) модуль бойынша кредиттер берілмейді.

109. Модульдердің мазмұнын әзірлеуді күтілетін оқу нәтижелерін (ары қарай оқу нәтижелері) жоспарлаумен басталады.

Оқу нәтижелері студенттердің модуль аяқталғанда көрсетуге қажетті білім, білік және дағды үлгісінде сипатталады.

Оқу нәтижелерін жоспарлау сатыларында оқу әдістері мен олардың жетістіктерін бағалау әдісі анықталады.

Құрама компоненттер бойынша оқу нәтижелері барлық модульдердегі оқу нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етеді.

110. Модульдің мазмұнын бір оқытушы/оқытушылар тобы әзірлейді.

111. Модуль бірнеше компоненттен тұрған жағдайда, модульдің мазмұнын пәндер бойынша мұғалімдер тобы әзірлейді.

112. Құрама компоненттердің жеке мазмұны модульдің басқа құрама компоненттерінің мазмұнымен келісіледі.

113. Модульдің мазмұны және модульдің құрама компоненттерінің мазмұны оқу нәтижелерінің жетістіктерін қамтамасыз етеді.

114. Оқу нәтижелеріне және модульдің мазмұнына сәйкес модульді үйренудің шарты (бастапқы алған білім, білік, дағды) анықталады.

115. Модульдің мазмұнына байланысты практикалық тапсырмалардың кешені әзірленеді және оқу нәтижелерінің жетістіктерін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі мен үлгісі анықталады.

116. Модуль бойынша кредиттер санын анықтау үшін білім алушының еңбек шығынын бағалау қажет. Білім алушының еңбек шығынына модуль бойынша (дәріс, семинарлық сабақтар, өздік жұмыстар, оқу практикалары, сабақтарға және емтихандарға дайындалу, үй жұмыстарын орындау) барлық жұмыстары кіреді.

117. Еңбек шығынын есептеу үшін үнемі мониторинг жүргізіледі. Мониторинг түрлерін ЖОО бекітеді:

1) мониторинг үшін студенттерге сауалнама әдісі үлгісінде немесе студенттің күнделігі түрінде зерттеу жұмыстары өткізіледі. Білім алушы модуль жүктеген белгілі бір жұмыс түрлеріне кеткен уақытты көрсету керек. Білім алушылардан сауалнаманы жылына екі рет алу ұсынылады; Күнделіктер әр аптада толтырылуы қажет;

2) мониторингке арналған сауалнама үлгісін / күнделік түрін ЖОО әзірлейді.

118. Осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша модуль әзірленеді.

119. Модульді сипаттауда мынадай компоненттерді қосу керек:

1) модульдің атауы және шифр;

2) модульге жауапты;

3) модуль түрі (жалпы міндетті модуль/мамандандыру бойынша мінд. модуль, таңдау бойынша модуль);

4) модуль дәрежесі (BA/MA/PhD);

5) аптадағы сағат саны;

6) кредиттер саны;

7) оқу үлгісі;

8) семестр;

9) білім алушылар саны (студенттердің ең төменгі/ең жоғарғы саны);

10) модульді толықтырушылар;

11) модуль мазмұны (модуль мазмұнын сипаттау);

12) оқу нәтижелері (пәндік және пәндік құзыреттілік ретінде тұжырымдау);

13) қорытынды бақылау нысаны;

14) кредиттерді алу шарттары (модуль жүктеген барлық жұмыс түрлерін орындау, емтихандағы баға);

15) модульдің ұзақтығы (бір семестр немесе екі семестр);

16) жаңартылған күні.

120. Білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне байланысты модульді сипаттауда ЖОО толықтырулар енгізуіне болады.

Кредиттік оқыту технологиясы

бойынша оқу үдерісін

ұйымдастыру ережесіне

1-қосымша

 

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық



жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың

әріптік жүйесі

 


Әріптік жүйе

бойынша бағалау



Балдардың

сандық


эквиваленті

Пайыздық

мазмұны


Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау



А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

 

Кредиттік оқыту технологиясы

бойынша оқу үдерісін

ұйымдастыру ережесіне

2-қосымша

 

__________________________________________________________________



(жоғары оку орнының атауы/ the name of High Educational Estabishment/

__________________________________________________________________



/наименование высшего учебного заведения)

__________________________________________________________________

Транскрипт /The transcript/ Транскрипт

Серия №
Аты- жөні/Name/Ф.И.О.________________________________________________


__________________________________________________________________
Факультеті/Faculty/Факультет __________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Мамандығы/Specialty/Специальность_____________________________________________

Түскен жылы/Year/Год поступления______________________________________________

Оқу тілі/Language/Язык_________________________________________________________


 

п/п


Пәндердің

атауы/


Courses/

Наименование

дисциплины


Кредит саны/

Credit hours/

количество

кредитов


Бaғa/ Grade/Оценка

Пайызбен/

In persent/

в процентах/


Әріптік/

Аlphabetіс/

Буквенная


Балмен/

In points/

в баллах


Дәстурлі

жүйемен/


Traditional/

традиционная



1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіптік практиканы өтті/Has passed professional practice/

Прошел профессиональные практики



Кәсіптік

практикаларды

түрлері/

The form


of professional

practice/

Виды профессиональных

практик


Практика

өту кезеңі/

the period

of passage

of practice/

Период


прохождения

практики


Кредит

саны/


Credit

hours/


Количество

кредитов


Баға/Grade/Оценка

пайызбен/

inpersent/

В процентах


Әріптік/

alphabetic/

Буквенная


Балмен/

inpoints/

В баллах


Дәстурлі

жүйемен/


Traditional/

Традиционная



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау/Final state attestation/Итоговая аттестация обучающихся

Мемлекеттік

емтиханды

тапсырды/

Has passed

the state

examinations/

Сдал государственные

экзамены


МАК-тың

хаттамасының

күні және

нөмірі


Дата и номер

протокола ГАК/

date and number

of the report

of SAC


Баға/Grade/Оценка

пайызбен/

in persent/

В процентах


Әріптік/

alphabetic/

Буквенная


Балмен/

in points/

В баллах


Дәстурлі

жүйемен/


Traditional/

Традиционная



Мамандығы

бойынша/


On a

speciality/

По специальности


 

 

 

 

 

Пәндер

бойынша/


On disciplines/

По дисциплинам:



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды жұмысты орындады және корғады/Has executed and has defended degree work/Выполнил(а) и защитил(а) выпускную работу

Қорытынды

жұмыстың


тақырыбы/

Theme of


degree

work/


Тема

выпускной

работы


МАК хаттамасының күні

және


нөмірі/

date and


number of

the report

of SAC/

Дата и номер



протокола

ГАК


 

Кредит

саны/


Credit

hours/


Количество

кредитов


Баға/Grade/Оценка

пайыз-

бен/


in persent/

В процентах



Әріптік/

alphabetic/

Буквенная


Балмен/

in points/

в баллах


Дәстурлі

жүйемен/


Traditional/

Традиционная



  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Жалпы кредит саны/ Total Hours Passed/Общее число кредитов__________

_______________________________________________________________

GPA __________________________________________________________

РЕКТОР/RECTOR /РЕКТОР                                    (қолы/signature/подпись)

ДЕКАН/the DEAN /ДЕКАН                                      (қолы/signature/подпись)

ХАТШЫ/SECRETARY/СЕКРЕТАРЬ                       (қолы/signature/подпись)

М.О М.П.                Tipкeу №/vegistration №/регистрационный №

«___» ____________20___г.

 

 

 



 


Кредиттік оқыту технологиясы бойынша

оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне

3 -қосымша



Білім алушылардың ECTS бойынша білім жетістігін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне ауысу кестесі


  ECTS бойынша баға


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың

сандық

эквиваленті


Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А

4,0

100

Өте жақсы

В

В+

3,33

85

Жақсы

С

В

3,0

80

D

С

2,0

65

Қанағаттанарлық

E

D

1,0

50

FX, F

F

0

0

Қанағаттанарлықсыз

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша

оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне

4 -қосымша




Білім алушылардың ECTS бойынша білім жетістігін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне ауысу кестесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың

сандық

эквиваленті


Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

ECTS бойынша баға


А

4,0

95-100

Өте жақсы

А

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

В

3,0

80-84

Жақсы

С

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

D

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

E

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

FX, F

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша

оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесіне

5-қосымша




ECTS бойынша

АҚПАРАТТЫҚ ПАКЕТТІҢ/КУРС ТІЗІМДЕМЕСІНІҢ ҮЛГІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

(ағылшын тілінде толтырылады)




Институт туралы АҚПАРАТ


Жалпы ақпарат

  1. Жоғары оқу орнының атауы мен мекенжайы

  2. Академиялық күнтізбе

  3. Жоғары оқу орнының басшылығы

  4. Жоғары оқу орнының жалпы сипаттамасы

  5. Ұсынылатын оқу бағдарламаларының тізбесі (оның ішінде, оқу құны)

  6. Қабылдау және бағдарламаға тіркеу рәсімі (ережелері)

Оқу бағдарламалары туралы АҚПАРАТ

(Курстар тізімдемесі)

  1. Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы

  • Берілетін дәреже/біліктілік

  • оқу деңгейлері (сатылары);

  • Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар

  • Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі

  • Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы (бір жылдағы 60 ECTS кредиті)

  • Соңғы емтихандар (бар болған жағдайда)

  • Әрбір пән (сабақ) бойынша дәріс берушілердің аты-жөні бар




  1. Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

  • Курстың/пәннің/юниттің атауы

  • Пәннің коды

  • Пәннің типі

  • Курс/пән деңгейі

  • Оқу жылы

  • Оқу семестрі

  • Кредиттер саны

  • Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні

  • Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік)

  • Деректемелер

  • Курстың/пәннің мазмұны

  • Ұсынылатын әдебиет

  • Сабақ беру әдістері

  • Бағалау әдісі/нысаны

  • Оқу тілі

  • Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап)

Студенттерге арналған жалпы ақпарат


  • Орналастыру/тұрмысы

  • Тамақтану

  • Медициналық қызметтер

  • Қызметтер/студенттердің арнайы қажеттіліктеріне арналған инфрақұрылым, сақтандыру

  • Студенттерге қаржылай көмек көрсету

  • Студенттік кеңсе/ студенттер ісі жөніндегі кеңсе

  • Оқу жағдайы (сабақ оқуға арналған материалдық база)

  • Халықаралық бағдарламалар/тағылымдамадан өту өту/Алмастыру бағдарламалары

  • Спортпен шұғылдану жағдайы/базасы

  • Студенттердің демалу жағдайы/базасы

  • Студенттік қауымдастықтар


Checklist for the information package/course catalogue


  1. Information on the institution




  1. Name and address

  2. Academic calendar

  3. Academic authorities

  4. General description of the institution (including type and status)

  5. List of degree programmes offered

  6. Admission/registration procedures

  7. Main university regulations (notably recognition procedures)

  8. ECTS institutional coordinator

  1. Information on degree programmes

General description:


    1. Qualification awarded

    2. Admission requirements

    3. Educational and professional goals

    4. Access to further studies

    5. Course structure diagram with credits (60 per year)

    6. Final examination

    7. Examination and assessment regulations

    8. ECTS departmental coordinator

3. Description of individual course units:


Course title

Course code

Type of course

Level of course

Year of study

Semester/trimester

Number of credits allocated (based on the student workload required to

achieve the objectives or learning outcomes)

Name of lecturer

Objective of the course (preferably expressed in terms of learning

outcomes and competences)

Prerequisites

Course contents

Recommended reading

Teaching methods

Assessment methods

Language of instruction


4. General information for students


Cost of living

Accommodation

Meals

Medical facilities



Facilities for special needs students

Insurance

Financial support for students

Student affairs office

Study facilities

International programmes

Practical information for mobile students

Language courses

Internships

Sports facilities

Extra-mural and leisure activities

Student associations



Кредиттік оқыту технологиясы бойынша

оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесіне

6-қосымша



ECTS - EUROPEAN CREDIT TRANSFER SYSTEM

СТУДЕНТТІҢ ӨТІНІШ НЫСАНЫ Photo

20../20.. академиялық жыл

Оқу бағыты: .........................................................

Бұл нысан факспен жіберілген жағдайда жақсы көрінуі үшін қара түспен толтырылуы тиіс



Жіберуші оқу орны

Атауы мен толық мекенжайы: ......................................................................................................................................

............................................................................................................................................................................Департамент үйлестірушісінің аты-жөні, тел., факс, e-mail ..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Оқу орны үйлестірушісінің аты-жөні, тел., факс, e-mail ..................................................

........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Білім алушының жеке мәліметтері

(білім алушы өзі толтырады)

Тегі: .............................................................

Туған жылы:...............................................

Жынысы: …………………………………

Азаматтығы................................................

Туған жері:................................................

Қазіргі тұрғылықты жері:............................

........................................................................................................................................................................................... дейін жарамды:

Tel.: ...............................................................




Аты: .................................................................

Тұрақты мекенжайы (егер ерекшеленетін болған жағдайда): ........................

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Tel.: ..........................................................................



Осы өтінімді алатын оқу орындар тізбесі (қалауларына қалай):

Оқу орны

Мемлекет

Оқу кезеңі



Келген мерзімі (айы)

Күтілетін ECTS кредиттерінің N°

1......................................

2......................................

3......................................


....................

....................

....................


............

............

............


..........

..........

..........


.................

.................

.................


......................................

......................................

......................................




Студенттің аты-жөні: ........................................................................................................................
Жіберуші оқу орны:................................................................ Мемлекет: .......................................




Шетелде оқығыңыз келетін уәждерді қысқаша түсіндіріңіз

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Тілдерді меңгеру

Ана тілі: ................... Оқу орнындағы оқу тілі (егер ерекшеленген жағдайда): ..........................

.............................................................................................................................................................



Басқа тілдер

Қазір үйреніп жүрмін

Оқу үшін жеткілікті дағдыларым бар

Егер қосымша дайындықтан өтсем, айтарлықтай машықтанам




иә

жоқ

иә

жоқ

иә

жоқ

..........................

..........................

..........................














Оқуға байланысты еңбек тәжірибесі (егер болған жағдайда)

Жұмыс істеу тәжірибесі

...........................................

...........................................


Фирма/ұйым

.........................................

.........................................


Уақыты

..........................

..........................


Мемлекеті

....................................

....................................


Алдыңғы және ағымдағы оқуы

Қазіргі кезде оқып жатқан дипломы/дәрежесі .............................................................................

Шетелге шыққанға дейін жоғары білім алған жылдары:..............................................................

Шетелде болып па едіңіз? иә  жоқ

Жауабыңыз иә болса, қай жерде және қандай оқу орнында? .............................................................................................................................................................


Алдыңғы және ағымдағы оқудың барлық мәліметтері сипатталған толық транскрипт тіркелген. Өтінім берген кезде жазылмаған мәліметтер кейінірек берілуі мүмкін.




Шетелде оқумен байланысты қосымша шығындарды өтеу үшін мобильдік бойынша грантқа тапсырғыңыз келе ме? Иә  Жоқ 




Қабылдаушы оқу орны

Оқу бағдарламасы ұсынған өтінім мен транскриптті алғанымызды мойындаймыз.

Аталған студент 

Департамент үйлестірушісінің қолы ........................................................................



Күні: ..............................................................

Біздің оқу орнымызға қабылданды

Біздің оқу орнымызға қабылданбады

Оқу орны үйлестірушісінің қолы
...................................................................................

Күні:..........................................................................






ECTS - EUROPEAN CREDIT TRANSFER SYSTEM
STUDENT APPLICATION FORM Photo

ACADEMIC YEAR 200../200..

FIELD OF STUDY: ..................................................................................................................

This application should be completed in BLACK in order to be easily copied and/or telefaxed.




SENDING INSTITUTION

Name and full address: ..............................................................................................................................................................

………………………………………………………………………………………………………Department coordinator - name, telephone and telefax numbers, e-mail box ..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Institutional coordinator - name, telephone and telefax numbers, e-mail box ..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



STUDENT’S PERSONAL DATA

(to be completed by the student applying)


Family name: .......................................................

Date of birth: .......................................................

Sex: ...............Nationality:...................................

Place of Birth: .....................................................

Current address: ........................................................................

................................................................................................................................................

Current address is valid until: ......................................................................

Tel.: .....................................................................



First name (s): .................................................................

Permanent address (if different): ...................................................................................

.........................................................................................................................................................................................................................................................

...................................................................................Tel.: ..................................................................................



LIST OF INSTITUTIONS WHICH WILL RECEIVE THIS APPLICATION FORM (in order of preference):


Institution


Country

Period of study

from to


Duration of stay (months)

N° of expected ECTS credits

1. ....................................

2. ....................................

3. ....................................


....................

....................

....................


............

............

............


..........

..........

..........


.................

.................

.................


......................................

......................................

......................................




Name of student: .............................................................................................................................................................

Sending institution:................................................................ Country: ..............................................






Briefly state the reasons why you wish to study abroad ..............................................................................................................................................................

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



LANGUAGE COMPETENCE


Mother tongue: ................... Language of instruction at home institution (if different): ..............................................................................................................................................................

Other languages

I am currently studying this language

I have sufficient knowledge to follow lectures

I would have sufficient knowledge to follow lectures if I had some extra preparation




yes

no

yes

no

yes

No

..........................

..........................

..........................














WORK EXPERIENCE RELATED TO CURRENT STUDY (if relevant)


Type of work experience
...........................................

...........................................



Firm/organisation
.........................................

........................................



Dates
..........................

..........................



Country
....................................

....................................



PREVIOUS AND CURRENT STUDY


Diploma/degree for which you are currently studying: ..............................................................................................................................................................

Number of higher education study years prior to departure abroad: ..............................................................................................................................................................

Have you already been studying abroad ? Yes  No 

If Yes, when ? at which institution ? ..............................................................................................................................................................


The attached Transcript of records includes full details of previous and current higher education study. Details not known at the time of application will provided be at a later stage.




Do you wish to apply for a mobility grant to assist towards the additional costs of your study period abroad? Yes  No 




RECEIVING INSTITUTION

We hereby acknowledge receipt of the application, the proposed learning agreement and the candidate’s Transcript of records.

The above-mentioned student is 

Departmental coordinator’s signature


........................................................................

Date: ........................................................................



provisionally accepted at our institution

not accepted at our institution

Institutional coordinator’s signature
...................................................................................

Date ...................................................................................





Кредиттік оқыту технологиясы бойынша

оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне

7-қосымша



жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау