Практиканың мақсаттары мен міндеттері
Өндірістік практика мақсаты жоғары оқу орнында оқу үрдісінде алған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзірет алу және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады.
Өндірістік практикадан студенттер банктерде, түрлі меншік нысаны бар экономикалық сала ұйымдары мен кәсіпорындарда, қаржы департаментінің салық комитетінде, сақтандыру компанияларында және басқа да қаржы-несие мекемелерінде өтеді.
Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:
кәсіпорынның сыртқы ортасымен және соңғы 2-3 жылдардағы қызметінің ұйымдастырылуымен танысу;
кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) ережесімен, қаржы құжаттарымен танысу.
Өндірістік (диплом алдындағы) тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:
дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес тәжірибелік жұмыстың бағытын таңдау;
дипломдық жұмысты орындау үшін қажетті ақпаратты тәжірибені өту орны бойынша кәсіпорындағы(ұйымдағы, мекемедегі) қаржылық қатынастарды реттейтін ішкі нормативтік-құқықтық, әдебиеттік және басқада көздерден жинау;
дипломдық жұмыстың теориялық жағын жазу үшін қажетті материалдарды жинау;
кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыру жұмыстарын өткізуге арналған материалдарды жинау;
сыртқы ортамен және соңғы 2-3 жылдағы кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметін ұйымдастырумен танысу;
дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес соңғы үш жылдағы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін экспресс-талдауын жүзеге асыру;
шаруашылық жүргізуші субъектінің көрсеткіштерінің жағдайын және динамикасын сандық сипаттайтын, дипломдық жұмыста зерттелетін сұрақтың мәнін ашатын аналитикалық ақпаратты іріктеу;
дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес белгілі бір мерзімдегі шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін тереңдетілген талдауын жүргізу;
кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыру жұмыстарын өткізуге арналған материалдарды жинау;
зерттелетін мәселе шеңберінде кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) қызметін дамыту мен жетілдіруге бағытталған нақты шараларды жасап шығару;
Пререквизиттер
Өндірістік және диплом алды практикалар туралы есеп беруді орындау үшін 5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттерінің практика материалдарын жинауға және дайындауға қажетті білім, шеберлік, дағды тізімдемесі бар пәндер тізімі:
«Қаржы менеджменті», «Салықтар және салық салу», «Мемлекеттік бюджет», «Банктік істер», «Сақтандыру», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық талдау», «Қаржылық-банктік статистика».
Постреквизиттер
5В050900 «Қаржы» мамандығы студенттеріне арналған практика мамндарды қаржы, экономика және есеп саласында даярлау жүйесіндегі база болып табылады. Алған білім, шеберлік, дағды, құзыретті, өндірістік практикада жинаған материалдарды оқушылар кейін келесі мекемелерде жұмыс істегенде қолдана алады:
қаржы менеджменті саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарда;
жүйелік қаржы талдауында болжауға, жоспарлауға
мамандандырылатын фирмалар мен әкімшілік орган бөліністерінде;
- кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компанияларының аналитикалық қызметтерінде;
- қаржы департаментінің салық комитетінде;
- қазынашылық органдарында;
- сондай-ақ басқа да қаржы-несиелік кәсіпорындарында (ұйымдарда, мекемелерде).
Достарыңызбен бөлісу: |