ПоәК 042 18 39/03-2014 Басылым №



жүктеу 342 Kb.
бет4/4
Дата14.11.2018
өлшемі342 Kb.
#19886
1   2   3   4

2. Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы. Көлік шаруашылығының құрылымы. Көлік жұмысын жоспарлау. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру. Көлік-техникалық сызбалар. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.

Көлік шаруашылығы материал ағымымен байланыстыратын кәсіпорындардың тамыры болып табылады. Кәсіпорындарда көлік құралының әр түрлері қолданылады:



  • Қызмет көрсету сферасы бойынша- цехаралық және цех ішіндегі құралдар;

  • Жұмыс режиміне байланысты – үздіксіз және кезең аралық қолданылатын көлік құралдары;

  • Қозғалу бағыты бойынша- көлденең тікелей және аралас орналастыру үшін көлік құралдары (лифттар, элеваторлар, крандар және тағы басқа);

  • Автоматтандырылған деңгейі бойынша- автоматтандылырған, механикаландырылыған және қолмен;

  • Жүктерді орналастыру түрі бойынша- төгілетін, құйылатын және данамен тасымалданатын жүктер үшін көлік құралдары.

Көлік шаруашылығын ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді:

    1. көлік құралдарын жаңартудық стратегиялық жоспары;

    2. кәсіпорынның өндірістік құрылымын талдау;

    3. уақыт және өнімділігі бойынша көлік құралдарының қолдану тиімділігін және тиеу деңгейін, прогрессивтілігін талдау;

    4. көлік құралдарын қолдануды таңдау және дәлелдеу;

    5. көлік шаруашылығына материалдық ресурс, жөндеуге қажеттліктерінің нормативті шығындарын және нормасының есебін жүргізу;

    6. жүк айналымының балансын құру;

    7. жүк ағымының сызбасын жоспарлау;

    8. кәсіпорындар көлігін дсипетчерлеу жұмысын жүргізу;

    9. есеп жүргізу, бақылау және ынталандыру.

Көлік шаруашылығы жұмысының тиімділігін және сапасын көтерудің негізгі бағыттары:

      • заттық және функционалдық мамандануын тереңдету, кооперациялауды дамыту;

      • өндіріс және басқаруды автоматтандыру деңгйін жоғарылату;

      • орта жастағы көлік құралдарын қысқарту;

      • көлік құралданы қолднудағы есеп жүргізу, нормалау және бақылауды жетілдіру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі.

2. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы.

3. Көлік шаруашылығының құрылымы.

4. Көлік жұмысын жоспарлау.

5. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру.

6. Көлік-техникалық сызбалар.

7. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру.

8. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.

Тақырып 13. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру

Қойма шаруашылығы, маңыздылығы, тапсырмасы және құрылымы. Қойма түрлері, оны орналастыру және жарақтандыру. Қойма ғимараттарының ауданын есептеу. Қойма жұмысын ұйымдастыру. Ыдыс шаруашылығы.

Қойма шаруашылығы кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық ресурстардың қозғалысының сақтау, есеп жүргізу және бақылау қызметтерін атқарады. Жалпы зауыттық қоймалар келесі түрлерге бөлінеді.


  • Материалдық;

  • Материалдар сақтау үшін жартылай фабрикаттар және бұйымдар;

  • өндірістік, қызмет көрсетуші өндірістік процестер;

  • дайын өнімдер;

  • екінші реттік шикізат және қалдықтар;

  • ыдыстарды сақтауға, арнай киімдерді, шаруашылық материалдарды, жұмыс инвентарын сақтауға арналған шаруашылықтар.

Қойма шаруашылығын ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді:

    1. тікелей, пропорционалдық, үздіксз және ритмдік өндірістік процессіндегі кәсіпорынның өндірістік құрылымын талдау;

    2. номенклатура және қойма ғимараттарының типтерін анықтау;

    3. жаңа қойма ғимараттарының сызбасын жасау, оларды жобалау, құрылысын салу;

    4. қойма ғимараттарының оперативті календардық жұмысының жоспарын жасау;

    5. қойма арқылы материал ағымының қозғалысының есебін жүргізу және бақылау;

    6. тұтынушыларға жүктерді жеткізу және беруді ұйымдастыру;

    7. қойма шаруашылығының жұмыс тиімділігін талдау.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қойма шаруашылығы, маңыздылығы, тапсырмасы және құрылымы.

2. Қойма түрлері, оны орналастыру және жарақтандыру.

3. Қойма ғимараттарының ауданын есептеу.

4. Қойма жұмысын ұйымдастыру.

5. Ыдыс шаруашылығы.


Модуль 3. Өндірісті басқару

Тақырып 14. Менеджмент негіздері (1 сағат)

1. Басқару тарихының дамуы.

Қазіргі тандағы мекеме мен көне замандағы мекемелер арасында айырмашылықтар бар.



Көне замандағы мекеме келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

1. Ірі мекеме санының аз болуы, ал өте ірі мекемелер мүлде болған жоқ.

2. Жетекшілер санының аздығы, ал ортаңғы буында жетекшілер жоққа тән.

3. Басқарылатын жұмыс басқарылмайтын жұмыстан бөлініп, ерекшеленген жоқ

4. Мекемедегі жетекші орны көбінесе мұра бойынша қалдырылатын немесе күшпен алынатын.

5. Мекеме үшін маңызды сұрақтарды шешетін адамдар санының аздығы.

6. Бұйрық пен сезуге сүйенетін.

Қазіргі кездегі мекеме келесідей сипатталады:


  1. Мықты әрі ірі мекемелер сонының көптігі.

  2. Ортанғы буын жетекшілерін қосқанда, жетекшілер санының көп болуы.

  3. Басқарылатын жұмыс басқарылмайтын жұмыстан айқын бөлінеді.

  4. Белгілі заңдылық және құқықты сақтай отырып жетекші орынға ие болады.

  5. Мекеме үщін маңызды сұрақтарды шешетін адамдар санының көптігі.

  6. Ұжымдық жұмысқа сүйену.

Басқаруға әкелетін үш тәсіл бар:

Жүйелі көзқарас. Бұл тәсілді басшы өз мекемесін бір – бірімен тығыз байланысқан элементтерден тұратынын қарастырған жөн, мысалы: адамдар, технологиялар, материалдар, өйткені олар мекеме алдына қойған мақсатына бағыттайды.

Процесті көзқарас басқаруды үздіксіз процесс ретінде қарастырады. Ол басқару мәселелері, сшешімдері, функциялардын жиынтығы болып келеді.

Жағдайаттық көзқарас белгілі жағдайдағы әр түрлі басқару тәсілдердін жарамдылықтарына негізделеді. Басшынын шешімі мекеме жағдайна байланысты болады. Жетекші жағдайға сай шешім тауып, мекемені табысқа жеткізетіндей, және бұл шешім ең дұрыс болып, басқа баламаларға қарағанда ең дұрыс болуы керек.

Осы көзқарастарды ескере отырып келесі басқару мектептері құрылды:



  1. Ғылыми басқару ( 1885-1920). Ф.Тейлор, Л.Гилберт, Г.Гант жұмыстары кірген. Олардың көз қарастары келесідей болды: бақылау, операция, қисын, өлшеу (қол еңбегінің операциясы) қолдана отырып, тиімді басқаруға жетіп, қол еңбек операциясын адам әрі жетілдіруге болады.

  2. Классикалық мектеп (1920-1950). Оның авторларының басқаруда белгілі тәжірибелері болған. Олардың басты мақсаты басқарудың әдістерін құру – ол басқарудың тиімді жүйесі мен мекеме құрылымын әзірлеу.

  3. Үшінші басқарудың мектебі – міңез – құлықтық (1950 жылдан қазіргі кезге дейін). Негізгі мақсаты - мінездік басқару.

2. Басқаруға әкелетін процесті көзқарас.

Басқару процессі бір – бірімен байланысқан 4 функциядан құралады:



  1. Жоспарлау

  2. Ұйымдастыру

  3. Себеп

  4. Бақылау

  1. Жоспарлау функциясы мекеме мақсатын және мекеме қызметтерінің сол мақсатқа жететін шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Жоспарлау - алдағы істің тұрақты белгісіздігі. Ол үздіксіз іске асырылуы тиіс.

  2. Мекемедегі қызметкерлер көптеген мәселелерді шешеді, соның ішінде мекеме мәселелеріне айырықша көп көңіл бөледі. Бұған басқару да кіреді.

  3. Мекеме қызметкерлері өз істерін жоспарға және себепке сай орындайды.

  4. Бақылау – мекеме алдына қойған мақсатқа жетуді бағалайтын процесс. Бақылаудын үш аспектісі бар:

  • Стандарттарды белгілеу – мақсатпен оларға жету жолдарын анықтау;

  • Белгілі уақыт аралығында жеткен жетістіктерді қарастырып, болатын нәтижемен салыстыру;

  • Егер қажет болса, арасына түзету жүргізу.

Жоспарлау функциясы үш сұраққа жауап береді:

  1. Қазіргі таңда біз қайдамыз?” Жетекшілер өз мекемелерінің күшті және әлсіз жақтарын бағалап білу қажет, ол қаржы, өңдіріс, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде, маркетингте және еңбек ресурстарында болуы мүмкін, яғни мекеме мүмкіншілігін нақты білу.

  2. Біз қайда жеткіміз келеді?” Бұл жерде сыртқы орта қауіптері бағаланады (бәсеке, заңдар, технологиялар, қамтулар, т.б.). Басшылар қандай мақсатқа қойылуы және оның жүзеге асуына не кедергі болатынын анықтайды.

  3. Біз оны қалай жүзеге асыра аламыз?”. Басшы «жалпы және нақты түрде» мекеме қызметкерлері мекемені алға қойған мақсатына жету үшін не істеу керектігін шешу қажет.

Басқару процесінің маңызды функцияларының бірі ұйымдастыру болып табылады. Оның негізгі сипаттамасын келесідей көрсетуге болады:

  1. Мекеме мәселелерін, өз жоспарларын іске асырып, сол арқылы алға ойған масатқа жету, яғни табыса жету шн қрастырылады.

  2. Берілген жұмысты нақты кім орындайтынын анықтау.

  3. Бүтіндей мекеме құрылымын құру.

3. Басқаруға жүйелі және жағдайят көзқарастар:

Жүйе – байланысқан бөліктерден тұратын, бір бүтінді сипаттамасына енетін құрылым.

Барлық мекемелер жүйе болып табылады. Адам техникамен қатарлас мекеме бөлмесі болып келетіндіктен, мәселелерді шешу үшін қолданылатындықтан, оларды социотехникалық жүйелер деп атайды.

Жабық жүйе нақты шекаралар мен белгіленеді. Жабық жүйе қызметі (шартты түрде) жүйені қоршайтын ортаға байланысты. Жабық жүйе мысалы болып –сағатты айтуға болады. Егер сағатқа батарейка қойса, немесе оны жүргізсе, ондағы бір-бірімен байланысқан салат бөлшектері үздіксіз және тура жүретін болады. Сағатта энергия көзі бар болғанда, олардың жүйесі сыртқы Ортаға тәуелсіз болады.

Ашық жүйе сыртқы ортамен байланыста болады. Материалдар, апарат, энергия сыртқы ортамен алмасу объектісі болып табылады. Бұл жүйе өзін-өзі қамтамасыз етпейді. Ол энергия, материалдан, ақпараттан, сырттан түсетін тәуелді болады. Ашық жүйе әрі қарай жұмыс істеу үшін сыртқы орта өзгерістеріне беімделеді. Барлық мекемелер ашық жүйе болып табылады.

Жағдайят көзқарас нақты жолдармен тұжырымдамаларды нақты жағдайларда мекеме ең нәтижелі шешімге жететін жолдарды көрсетеді. Жағдайят тәсіл мекеме арасындағы және мекеме ішіндегі жағдайлық ерекшеліктерге нақтыланады.

Жағдайят тәсіл метологиясын келесідей түсіндіруге болады:


  1. Басшы басқару процесі мен құралдарымен таныс болуы қажет.

  2. Басшы нәтижесінің оң әрі теріс болуын ескеруі қажет.

  3. Басшы өз ісін қадағалай алуы керек.

Басқару деген не: ғылым әлде өнер ме ?

Бірі ғылым деп санайды, басқалары -өнер дейді. Бірақ ол екеуі де, бір тұтас құрама болып саналады. Мекемені басқару үшін талап керек. Адамдарды қызықтыра алуы қажет. Бірақ басқару белгілі жағдай талдауын талап етеді. Сонымен, бұл өнер әрі ғылым.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Көне замандағы мекеме мен қазіргі кездегі мекеме арасындағы бірнеше айырмашылықтарды атап көрсетіңіз.

  2. Тексте берілген басқарудың үш көзқарасын қысқаша баяндаңыз.

  3. 20-шы ғасырдың бір інші жартысындағы басқару ойының үш мектебі туралы баяндап беріңіз.

  4. Басқару процесінің төрт функциясы қандай?

  5. Жоспарлау функциясы қандай негізгі үш сұраққа жауап береді?

  6. Мекеме функциясының негізгі мақсаты қандай?

  7. Әлеуметтік-техникалық жүйе деген не?

  8. Ашық және жабық жүйе арасындағы айырмашылықтарды атап кетіңіз.

  9. Жағдайят көзқарасының метологиясын талқылаңыз.

  10. Басқару деген не: ғылым әлде өнер ме ?

  11. Мекеме құрылымындағы коммуникация қандай рөл атқарады?

  12. Жүйелі және жағдайят көзқарастарының теориясын салыстырыңыз.

  13. Басқару процесі көзқарасы жағынан өзіңіздің мекемедегі тәжірибеңізден айтып беріңіз.

  14. Берілген үлгіде басқарудың түрлі тәсілдерінің ортақ сипатын көрсетіңіз.

  15. Мекеменің ұғымы.

  16. Формалды емес мекеменің мәні неде?

  17. Мекеме қосындыларын сипаттаңыз (ресурстар, сыртқы ортадан тәуелділігі, еңбек бөлісі, бөлімдер және басқарудың қажеттілігі).

  18. Басқару деңгейлері.

  19. Өзіңіз білетін мекемені айтып оның қызметіне баға беріңіз.

  20. Өзіне адамдарды тартатын немесе алыстататын мекемені атаңыз.

  21. Өз мекемеңізде формалды емес топтарды анықтап олардың құрылуындағы себебін түсіндіріңіз.

  22. Мекемедегі төменгі, ортанғы және жоғарғы буын басшыларының рөлдерін түсіндіріңіз..




  1. Практикалық сабақтар мазмұны

Модуль 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру

Тақырып 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні мен міндеттері. (1 сағат)

Практикалық сабақ (1 сағат)

1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні

2. Негізгі өндірісті ұйымдастыру міндеттері.



Әдебиет

1. Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001

5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986


Тақырып 2. Негізгі өндіріс түрлері. (1 сағат)

Практикалық сабақ (1 сағат)

1. Негізгі өндіріс түрлері: жеке, сериялық , жаппай.

Тақырып 3. Өндірістік қуат. (1 сағат)

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы түсінік.

2. Өндірістік қуат шамасына әсер ететін факторлар.

3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қуат шамасын есептеу әдістемелері.

4. Әртүрлі өндіріс процестеріндегі бастаушы жабдықтарды таңдау және санын есептеу.

5. Өндірістік қуатты пайдалану көрсеткіштері.

6. Өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту жолдары.



Әдебиет

1. Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001

5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986


Тақырып 4. Негізгі өндіріс процесі және оның құрылымы. (1 сағат)

Семинар


1. Негізгі өндіріс процесі,оның құрылымы

2. Негізгі өндіріс процесін кеңістікте және уақыт бойынша ұйымдастыру

Берілген сабақта студенттер жазбаша бақылау жұмысына дайындалу керек. Бақылау жұмысы 10 сұрақтан тұрады.

Әдебиет

1. Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001

5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986


Тақырып 5. Негізгі өндіріс процесінің уақыты. (1 сағат)

Негізгі өндіріс уақыты


Тақырып 6. Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері (1 сағат)

Семинар


1. Негізгі өндірісті уақыт бойынша ұйымдастыру принциптері

2. Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері

Берілген сабақта студенттер жазбаша бақылау жұмысына дайындалу керек. Бақылау жұмысы 10 сұрақтан тұрады.

Семинарға дайындалу.



Әдебиет

1. Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001

5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986


Тақырып 7. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалыс түрлері. (1 сағат)

Практикалық сабақ

1. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрлері.

2. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының параллель қозғалыс түрлері.

3. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының аралас қозғалыс түрлері.

Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар. Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша еңбек заттарының қозғалыс түрлеріне арналған есеп шығарады.

Әдебиет

1. Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001

5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986


Тақырып 8. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. (1 сағат)

Семинар. (1 сағат)

1. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдістері.

2. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдістері.

3. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдістері.

Әдебиет

1. Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001

5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986

Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

Жалпы модуль бойынша бақылау жұмысына дайындалу.

Шекті бақылау. Модуль бойынша тесттік сұрақтарға жауап беру (25 тесттік сұрақ).
Тақырып 9. Өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру (1 сағат)

Өнім сапасы мәні және көрсеткіштер жүйесі. Өнім сапасы және оны анықтаушы факторлар. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін жоғарлатудағы сапа рөлі. Өнімді стандарттау және унификациялау, оның принциптері. Стандарт түрлері. Өнім сапасының техникалық бақылауын ұйымдастыру. Бақылау обьектісі және түрлері.



Практикалық сабақтың сұрақтары:

1. Өнім сапасы мәні және көрсеткіштер жүйесі.

2. Өнім сапасы және оны анықтаушы факторлар.

3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін жоғарлатудағы сапа рөлі.

4. Өнімді стандарттау және унификациялау, оның принциптері.

5. Стандарт түрлері.

6. Өнім сапасының техникалық бақылауын ұйымдастыру.

7. Бақылау обьектісі және түрлері.



СӨЖ сұрақтары:

1. Өнім сапасын басқарудың шетелдік тәжірбиесі.

2. Өнім сапасын басқарудың отандық тәжірбиесі.

Тақырып 10. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру(1 сағат)

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процесстегі рөлі. Жөндеу қызметінің құрамы және құрылымы. Жөндеуді ұйымдастырудың негізгі жүйесі. Жабдықтарды жөндеудің алдын алу - жоспарлау жүйесі. Жөндеу түрлерінің сипаттамасы және жіктелуі, оның құрамы, өткізу мерзімі, қаржыландыру қайнар көзі және тәртібі.



Практикалық сабақтың сұрақтары:

1. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процесстегі рөлі.

2. Жөндеу қызметінің құрамы және құрылымы.

3. Жөндеуді ұйымдастырудың негізгі жүйесі.

4. Жабдықтарды жөндеудің алдын алу - жоспарлау жүйесі.

5. Жөндеу түрлерінің сипаттамасы және жіктелуі, оның құрамы, өткізу мерзімі, қаржыландыру қайнар көзі және тәртібі.



СӨЖ сұрақтары:

1. Жөндеу еңбек сыйымдылығы.

2. Жөндеу персоналдарының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру.

Тақырып 11. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығын ұйымдастыру

Өндірісті технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету тапсырмасы және жалпы сипаттамасы, маңызы. Инстументальды жарақтандырудың жіктелуі және индексациясы. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығының құрылымы және функциясы. Инструменттің шығын есебі және айналым қоры. Өндіріс инструментін ұйымдастыру. Инструментті эксплуатациялауды ұйымдастыру. Жұмыс орындарын инструменттермен қамту жүйесі.

Жұмыс орыны түсінігі. Жұмыс орынын ұйымдастыру. Жұмыс орынының түрлері. Жұмыс орнын жарақтандыру. Жұмыс орынын жоспарлау. Жұмыс орнын қамтудың негізгі функциялары.

Практикалық сабақтың сұрақтары:

1. Өндірісті технологиялық жарақтармен қамтамасыз ету тапсырмасы және жалпы сипаттамасы, маңызы.

2. Инструментальды жарақтандырудың жіктелуі және индексациясы.

3. Кәсіпорынның инструментальды шаруашылығының құрылымы және функциясы.

4. Инструменттің шығын есебі және айналым қоры.

5. Өндіріс инструментін ұйымдастыру.

6. Инструментті эксплуатациялауды ұйымдастыру.

7. Жұмыс орындарын инструменттермен қамту жүйесі.

8. Жұмыс орыны түсінігі.

9. Жұмыс орынын ұйымдастыру.

10. Жұмыс орынының түрлері.

11. Жұмыс орнын жарақтандыру.

12. Жұмыс орынын жоспарлау.

СӨЖ сұрақтары:

1. Инструментальды шаруашылық жұмысының технико- экономикалық көрсеткіштері

2. Технологиялық жарақтар шығынын төмендету жолдары.

3. Жұмыс орнын қамтудың негізгі функциялары.



Тақырып 12. Энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру және көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы, оның рөлі және тапсырмасы. Кәсіпорында қолданылатын энергия түрлері. Екінші реттік энергоресурстарын қолдану. Энергиямен қамтудың ұйымдастырушылық формасы. Энергетикалық шаруашылықтың құрылымдық бөлімшелері және кәсіпорынды энергиямен қамту. Энергия шығынының үлес нормасы және оны есептеу әдістемесі. Энергетикалық баланс, оның түрлері, құрылымы және жасау тәртібі.

Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы. Көлік шаруашылығының құрылымы. Көлік жұмысын жоспарлау. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру. Көлік-техникалық сызбалар. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.



Практикалық сабақтың сұрақтары:

1. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы, оның рөлі және тапсырмасы.

2. Кәсіпорында қолданылатын энергия түрлері.

3. Екінші реттік энергоресурстарын қолдану.

4. Энергиямен қамтудың ұйымдастырушылық формасы.

5. Энергетикалық шаруашылықтың құрылымдық бөлімшелері және кәсіпорынды энергиямен қамту.

6. Энергия шығынының үлес нормасы және оны есептеу әдістемесі.

7. Энергетикалық баланс, оның түрлері,құрылымы және жасау тәртібі.

8. Кәсіпорын көлігі және оның өндірістік цех жұмысын ұйымдастырудағы рөлі.

9. Көлік түрлері. Жүк ағымының жүк айналымы.

10. Көлік шаруашылығының құрылымы.

11. Көлік жұмысын жоспарлау.

12. Көлік және тиеу жұмыстарын ұйымдастыру.

13. Көлік-техникалық сызбалар.

14. Көлік шаруашылығының жұмысшыларының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру.

15. Көлік шаруашылығы жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері.



СӨЖ сұрақтары:

1. Өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы энергия шаруашылығының көрсеткіштерін жоспарлау ерекшелігі.

2. Бір өнім бірлігіне кететін энерго шығындарын төмендету жолдары.

3. Ішкі зауыттық көлік жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары.



Тақырып 13. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру

Қойма шаруашылығы, маңыздылығы, тапсырмасы және құрылымы. Қойма түрлері, оны орналастыру және жарақтандыру. Қойма ғимараттарының ауданын есептеу. Қойма жұмысын ұйымдастыру. Ыдыс шаруашылығы.



Практикалық сабақтың сұрақтары:

1. Қойма шаруашылығы, маңыздылығы, тапсырмасы және құрылымы.

2. Қойма түрлері, оны орналастыру және жарақтандыру.

3. Қойма ғимараттарының ауданын есептеу.

4. Қойма жұмысын ұйымдастыру.

5. Ыдыс шаруашылығы.



СӨЖ сұрақтары:

1.Шет елдегі қойма шаруашылығын ұйымдастыру тәжірбиесі.


Модуль 3. Өндірісті басқару.

Тақырып 14. Менеджмент негіздері (1 сағат)

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Менеджмент мәні, мақсаттары мен міндеттері.

2. Менеджмент қағидалары.

3. Менеджмент функциялары мен объектілері.

4. Басқару объектісінің қасиеттері.

5. Менеджмент объектілерін жіктеу. Менеджмент объектілерінің құрылымы.

6. Менеджмент жүйесі. Менеджмент мектептері.



Әдебиет

1. Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998

2. Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000

3. Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005

4. Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001

5. З.Д.Кудряшова Сборник задач По курсу «Экономика,организация ипланирование производства.М.-1986




  1. Студенттің өздік жұмысы

Төмендегі СӨЖ тақырыптарының бірін таңдаңыз

СӨЖ №1


Өндірісті ұйымдастыру түсінігі
СӨЖ №2

Ұйымдастыру менежмент функциясы ретінде


СӨЖ №3

1. Экономиканы дамытудағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудың ролі

2. Еңбекті бөлу және бірлестіру

3. Еңбек процесін ұйымдастыру

СӨЖ №4


  1. Жұмыс орнының түсінігі және жіктеу, ұйымдастыру негіздері

  2. Жұмыс орнын жоспарлау

  3. Жұмыс орнын мамандандыру және жабдықтау

  4. Жұмыс орнына қызмет көрсету,түрлері,ұйымдастыру әдістері

СӨЖ №5


  1. Еңбек жағдайы ,оның элемменттері,бағалау

  2. Еңбек пен демалыс тәртібінің мәні,түрлері,ұтымды жобалау

СӨЖ №6


  1. Еңбекті нормалау

  2. Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу

  3. Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу әдістері

СӨЖ №7


1. Өнім сапасын басқарудың шетелдік тәжірбиесі.

2. Өнім сапасын басқарудың отандық тәжірбиесі.

СӨЖ №8


  1. Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

СӨЖ №9


Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру

  1. Өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы энергия шаруашылығының көрсеткіштерін жоспарлау ерекшелігі.

  2. Бір өнім бірлігіне кететін энерго шығындарын төмендету жолдары.

  3. Ішкі зауыттық көлік жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары.

СӨЖ №10


Жөндеу жұмысын ұйымдастыру

1. Жөндеу еңбек сыйымдылығы.


2. Жөндеу персоналдарының еңбек ақысын ұйымдастыру және материалдық ынталандыру.

СӨЖ №11


  1. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру

  2. Шет елдегі қойма шаруашылығын ұйымдастыру тәжірбиесі.

СӨЖ №12


Менеджер қандай қасиеттерге ие болуы тиіс





жүктеу 342 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау