Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.
Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:
Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.
Еңбек ақы формалары және жүйелері.
Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:
- кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі.
Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:
-
Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды.
-
Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.
-
Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.
-
Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.
-
Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.
- мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:
-
Қарапайым мерзімді;
-
Мерзімді -сыйлықты.Кесімді –сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.
Тақырып 6.Кәсіпорын қызметінің нәтижелері (2 сағат)
Дәріс жоспары:
-
Өзіндік құн және оның құрылымы
-
Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші.
-
Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері
-
Есеп жүргізу саясаты
Практикалық сабақ (1 сағат)
Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша өндіріс шығындарын және қызмет нәтижелерін анықтауға (есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша) есеп шығарады. Мәліметтерді студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағынан алады.
Тапсырма
Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.
Әдебиет
-
Дәрістер
-
Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 398-416 б
-
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б.
-
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 234-276 б
-
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 180-208 б.
-
6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б
7. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б.
Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
-
Есеп жинағында 5 және 6 тақырыптар бойынша өздік жұмысқа арналған есептер (№1-4).
-
Тесттік тапсырмаларға жауап беру (практикалық сабаққа арналған есеп жинағында)
Достарыңызбен бөлісу: |