1.4. Ядроның зарядын анықтау
Резерфорд формуласын ядро зарядын өлшеу үшін қолдануға болады. Ол үшін dN және N шамаларын өлшеу керек. Осыдан кейін (1.7)формуладағы басқа қалған шамаларды α-бөлшектердің алтын фольгадан шашырауы белгілі деп санауға болатындықтан Z мәнін табуға болады. Резерфорд шәкірті Чедвиг (1920 ж.) ядро заряды мен элементтің периодтық жүйедегі реттік нөмірі арасындағы байланысты анықтау мақсатында тәжірибе жасады. Чэдвигтің тәжірибесінің схемасы 1.6-суретте келтірілген.
(1.6)Резерфорд формуласының дұрыстығы, оны қорытқанда пайдаланған негізгі ұйғарымдардың дұрыс болғандығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |