2.Жануарларды кешенді түрде клиникалық тексеру әдістемесі.
Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:
Ауру малмен алдын -ала танысу. а) тіркеу, б) анамнез.
Өзіндік тексеру.
А) Жалпы тексеру.
Габитусты анықтау.
Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.
Тері және тері туындыларын тексеру.
Лимфа түйіндерін тексеру.
Дене температурасын өлшеу.
Б) Арнайы тексеру
Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру.
Тыныс алу жүйесін тексеру.
Асқорыту жүйесін тексеру.
Зәр шығару және жыныс жүйелерін тексеру.
Жүйке жүйесін тексеру.
В) Ерекше тексеру
Физико-химиялық тексеру.
Микроскопиялық тексеру.
Бактериологиялық тексеру.
Серологиялық тексеру.
Аллергиялық тексеру.
Клиникаға түскен жануарды тіркеу. Тіркеу жұмыстары жануар иесінің немесе күтушілердің айтқан мағлұматтарына, көрсеткен құжаттарына, сонымен қатар өзіндік тексеруге негізделіп жүргізіледі.
Жануарлары тіркеу кезінде амблуаториялық журналға келесі мәліметтерді жазады:
жануарлардың түскен күні
жануардың иесі
иесінің немесе шаруашылықтың мекен-жайы
жануардың түрі
тұқымы (порода)
жынысы
жасы
түсі және ерекше белгілері
таза салмағы немесе өлшемдері
10) жануардың лақап аты
Күтуші адамнан ауру жануар туралы мәлімет жинау (анамнез). Анамнез екіге бөлінеді: 1) Anamnesis vitae, 2) Anamnesis morbi. Ауру мал туралы мәлімет.
Жануар ауырғанға дейінгі мәліметке келесі сұрақтар кіреді: 1) шығу тегі; 2) ұстау және күту жағдайы; 3) суару және азықтандыру жағдайы; 4) шарушылықтағы атқарылатын жұмысы.
Жануар ауырғаннан кейін мәліметтерге келесі сұрақтар кіреді: 1) жануар қашан және қандай жағдайда ауырды?
2) аурудың қандай белгілері байқалды?
3) жануарға кім және қандай емдік көмек көрсетті.
Жануарларға жақындау ережелері және бекіту әдістері. Жануарлармен жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу қозғалып, ақырын дауыстап бару керек.
Жылқыға алдынан және біраз бүйір жағынан жақындаған жөн. Жылқы малын ағаш бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына салу арқылы бекітеді. Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесінен бүктіріп ұстаған немесе артқы екі аяғына тұсау салып қойған дұрыс.
Ірі қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару керек. Бекітуді мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық шеміршекті саусақтармен немесе арнайы қышқыштармен (Гарис қышқышы, Кумсиев қысқышы), тұмсық сақинасы арқылы жасайды.
Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен жақындаған жөн. Түйені арқан ілгектен артқы аяқтарын тұсау арқылы, ерніне немесе құлақ қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.
Қой мен ешкілерді мүйізден немесе мойнынан ұстау арқылы бекітеді.
Иттерді жақтарын бинтпен орау арқылы бекітеді.
Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды да, бір қолмен аяқтарын, екінші қолмен қанаттарын бекітеді.
Әрбір студент оқытушының бақылауы мен жануарларға жақындап, оларды бекітеді.
Клиникалық тексерудің жалпы әдістермен танысу (көру, сипалау, тыңдау, нұқу, термометрия).
Көру әдісі – тексерудің жай әдісі. Бұл әдісті күндіз қолданады. Көру арқылы жануардың басын, мойнын, көкірек клеткасын, ішін, аяқтарын алдымен оң жақтан және сол жақтан, содан соң алды-артынан тексереді.
Сипалау әдісі – жануар денесінің бөліктерін қолдың жұмсақ, жеңіл қозғалыстарымен сипау арқылы жүргізіледі. Сипалау беткі және терең болып бөлінеді.
Беткі сипалау –терінің тексерілетін бөлігіне алақанды қатты басып, терінің қызуын, ылғалдылығын, ауырсынуын анықтау үшін қолданылады.
Терең сипалау – құрсақ қуысының ішкі мүшелерінің көлемін, пішінін, конститутциясын және ауырсынуын тексеру үшін қолданылады.
Нұқу әдісі- дененің тексеру керек бөлігіне күші мен ырғалы бірдей соққылар жасап, сол жерден естілетін дыбыстар арқылы тексерілетін мүшенің, қуыстың жағдайын анықтау үшін қолданылады. Нұқу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Тікелей нұқуды дене бетіне тікелей саусақпен соққылар жасайды.
Жанама нұқуды дене бетіне тікелей емес, соққыларды қатты басылған саусаққа немесе плессиметрге жасайды. Нұқу дигитальды нұқу және құралдар арқылы нұқу болып бөлінеді.
Аускультация – мүшелерде түзілетін дыбыстарды тыңдау. Аускультация тікелей және жанама болып келеді.
Тікелей аускультацияда жануар денесіне таза бұл (дәке) жауып, құлақты төсеп тыңдайды.
Жанама аускультацияда фонендоскоп, статескоп арқылы тыңдайды.
Термометрия –максимальді термометрмен жануардың дене қызуын өлшеу. Барлық жануарларда дене қызуы термометрді тік ішекке салу арқылы өлшенеді. Құстардың қанатының астына салып өлшейді.
Бақылау сұрақтары:
Жануарлар организмінің дамуы және жалпы құрылымдық қағидалар.
Мүше туралы таным, мүше және организм жүйесі.
Организмнің қоршаған ортаға қатынасы.
2.Жануарларды кешенді түрде клиникалық тексеру әдістемесі.
- Жалпы тексеру
- Арнайы тексеру
- Ерекше тексеру
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №10 Дәріс
Модуль 2 Дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің қызметін тексерудің ветеринариялық-диагностикалық әдістері.
Жоспар:
Тыныс алу жүйесінің функциональдық қабілетін тексеру.
Клиникалық-диагностикалық түрлеріне байланысты негізгі патологиялық симптомын және синдромдарын ажырату.
Тыныс алу жүйесінің функциональдық қабілетін тексерудің клиникалық-диагностикалық түрлері.
- негізгі патологиялық симптомын және синдромдарын ажырату.
Тыныс алу жүйесін тексеру әдістері:
а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;
б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;
в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;
г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:
д) жылқы ауақабын тексеру:
е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;
ж) жөтел мен қақырықты тексеру;
з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.
Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).
Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.
Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.
Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.
Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі – бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.
Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.
Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.
Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.
Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.
Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.
Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.
Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.
Палипноэ – өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.
Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.
Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.
Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:
Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.
Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.
Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.
Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.
Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.
Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.
Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.
Инсператорлық ентігу – дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.
Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.
Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.
Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.
Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.
Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.
Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.
Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.
Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).
2.Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония).
3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).
4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).
5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).
Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.
Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:
Жануар түрі
|
Мықын сызығы бойынша қабырға аралықтары
|
Шонданай төмпегі сызығы бойынша қабырға аралықтары
|
Иық буыны сызығы бойынша қабырға аралықтары
|
Жылқы
|
16, 17
|
14, 15
|
10, 11
|
Ірі қара мал, қой, ешкі
|
11
|
-
|
8
|
Шошқа
|
11
|
9
|
7
|
Түйе
|
10
|
Сегіз көз төмпегінің сызығы бойынша 12-ші қабырға аралығында
|
8
|
Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.
Негізгі тыныс алу шулары.
1. Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін.
Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін.
Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.
2. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.
3. Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенң инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.
Амфорикалық тыныс алу. Өкпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде, дем алумен сәйкес келетін шу.
Бақылау сұрақтары:
Тыныс алу жүйесінің функциональдық қабілетін тексеру.
Клиникалық-диагностикалық түрлеріне байланысты негізгі патологиялық симптомын және синдромдарын ажырату.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен 11 Дәріс
Модуль 2 Дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным
Тақырыбы: Жүрек қан-тамыр жүйесі қызметін тексерудің әдістерін меңгеру
Жоспары:
Жүрек қан-тамыр жүйесі қызметіне пропедевтикалық таным.
Жүрек қан-тамырлар ауруларының жіктелуі.
Жүрек саздары.
Жүрек қан-тамыр жүйесі қызметіне пропедевтикалық таным.
Көптеген зерттеушілердің деректерінше жүрек қан-тамырлары мен қан жүйелерінің ауруларында жүректің өзінің қан айналу үрдісі бұзылатындықтан жүрек қызметінің жеткіліксіздігін тудыратын көрінеді. Осыған орай жүрек саздарында білінетін өзгерістер байқалады. Сондай-ақ, жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруларында организмде оттегінің жеткілікіздігінің дамуы салдарынан дем алу ағзаларының функциясының жеткілісіздігінің дамитыны туралы деректер медициналық дәйетемелерден белгілі. Яғни организмде гипоксия құбылысының дамуы салдарынан жүрек етінің жирылу және қан айналу процесстерінің нашарлауы дамитын көрінеді.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігін толықтыру үшін компенсаторлық жағдайда болған гипертрофиялық өзгеріс ауру созылмалы түрге айналғанда декомпенсаторлық гипертрофия ретінде дамуы мүмкін. Организмде дамитын гипоксия жүректің сезімтал нерв талшықтарының ұштарын тітіркендіреді.
Міне сондықтан да газ алмасу процессі мен жүрек еті қызметінің бұзылуының деңгейі организмдегі оттегінің жеткілісіздігінің деңгейімен пара-пар дамиды. Организм гипоксемия құбылысын тудыратын себептердің барлығында да жүрек қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінің функциональдық қызметтерінің тығыз байланыста болатынын көптеген вторлар өз жұмыстарында келтіреді (Г.Х.Габидуллин., Н..Уразаев., К.Н.Қожанов).
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дегеніміз – жүрек қан тамырлары жүйесінің қызметтерінің нашарлауы салдарынан организм тіндеріне қажетті мөлшерде оттегінің тасымалданып жеткізілмеуі және тіндерде түзілетін көмір қышқыл газының уақытында организмнен шығарылмауы.
Жүректің бір рет жиырылғанда шығаратын қанның мөлшері жүректің систолалық деңгейі деп аталады. Жүрек пен қан тамырларының патологиясында мал организміндегі қан айналу процесі бұзылады.
Клиникалық белгілер: цианоз, веналық қан тамырларындағы қан қысымының жоғарылауы, қан тамырлары соғысының жиілеуі және әлсіреуі, ентігу сияқты өзгерістер байқалады. Бұл кезде артериялық қан қысымы төмендейді, қан айналу жылдамдығы бәсеңдейді, оттегінің ауадан қанға сіңу үрдісі нашарлайды.
2.Жүрек қан-тамыр жүйесін тексеру әідістері.
Жүрек дүрсілі аймағын көру және сипау.
Жүрек аймағын малдың алдыңғы сол жақ аяғын алдыға жылжыту арқылы тексереді. Көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігін 3-6 қабырға аралығында көру және сипау арқылы көкірек қуысының тербелмелі қозғалыстарын немесе түктердің тербелісін байқайды. Жүрек аймағын сипағанда көкірек қуысының тербелісі сезіледі.
Көру және сипау арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету. Көру және сипау арқылы жүрек дүрсілін анықтауды және нұқу арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету.
Жүрек дүрсілі – қарынша систоласымен бір уақытта көкірек қуысының қабырғасының қайталанып шығып отыруы. Жүрек дүрсілінің ең айқын білінетін орны : ірі қара малда – сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, шынтақтан 2-3 см жоғары, ауданы 5-7 см2 ; ұсақ малдарда: ірі қара малдардікі сияқты; жылқыда – сол жақтан 5-ші қабырға аралығында, ауданы 4-5 см2 ; шошқада- сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, ауданы 2-4 см2 ;
Жүрек дүрсілін тексергенде келесілерді анықтайды:
1. Перикардитте, плевритте, пневиотораксте, гидротораксте жүрек дүрсілінің ығысыуы болады.
2. Өкпе эмфиземасында, плевритте, перикардитте жүрек дүрсілінің әлсізденуі болады.
3. Қызбада, перикардитте, инфекциялық ауруларда, улануда жүрек дүрсілінің кұшеюі болады.
4. Плевритте, перикардитте, перноститте, миозитте жүрек аймағының ауырсынуы болады.
Жүректі нұқу кезінде табады:
1. Салыстырмалы тұнық- бұл жүректің төске тиіп, өкпемен жабысып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топастау дыбыс естіледі.
2. Абсолютті тұнық - өкпенің жүрек сайында орналасқан, төске жанасып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топас дыбыс естіледі.
Жүрек шекарасын 2 сызық бойынша табады:
Жауырынның артқы бұрышынан шынтақ төмпешігіне дейін.
2. Шынтақ төмпегінен артқа қарай және жоғары 45° бұрышты мықынға дейін.
Ірі қара малда салыстырмалы тұнықтың жоғарға шекарасы иық буыны деңгейінде, ал артқысы –5-ші қабырғаға жетеді.
Қой мен ешкіде жоғарға шекарасы иық буынынан төменірек, артқы шекарасы 5-ші қабырғаның алдыңғы шетіне жетеді, ал алдыңғы шекарасы –3-ші қабырға аралығында орналасқан.
Жылқыда жоғарға шекарасы иық буыны сызығынан 2-3 см төмен, артқы шекарасы –6-шы қабырғаға жетеді.
Шошқада – жоғарғы шекарасы –иық буынының үшбұрыш пішінді болады. Алдыңғы шекарасы анкомеус сызығы бойымен жүреді, артқы шекарасы- доға тәріздес жоғарыдан төмен қарай 3-ші қабырға аралықтан 6-шы қабырға шетіне жетеді, ал төменгі шекарасы кеуде сүйегінің және бұлшықетінің тұнығына ауысады. Үшбұрыш биіктігі 3-ші қабырға аралықта 10-13 см болады.
Жұрек және өкпе ауруларында салыстырмалы және абсолютті тұнықтың шекаралары ығысады. Ол жүректің гипертрофиясында, өкпе ісінуінде және эмфиземасында, пневмонияда, плевритте, перикардитте, пневмотораксте және гидротораксте т.б. байқалады.
3.Жүрек саздары.
Систолалық саздың пайда болуына негізінен атровентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген жіпшелер тербелісі 1-ші сазды береді. Сонымен қатар 1-ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшық етінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады.
Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша 1-саз созылыңқы және төмен болады. Диастолалық саз - қарыншалардың диастоласының басында протодистолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақзпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша 2-ші саз қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жормалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды. Олар электрокардиографтың көмегімен алынады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие.
Бақылау сұрақтары:
Жүрек қан-тамыр жүйесі қызметіне пропедевтикалық таным.
2.Жүрек қан-тамыр жүйесін тексеру әідістері.
3.Жүрек саздары.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №12 дәріс
Модуль 2 Дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным
Тақырыбы: Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ас қорыту жүйесін тексеру әдістері. Бауыр мен көк бауырдың патологиялық ерекшеліктеріне сәйкес клиникалық диагностикада қолданылатын негізгі әдістер. Жүйке-эндокриндік жүйені тексеру тәсілдерін игеру.
Жоспар:
1 Құрсақ қуысы мүшелерін (Бауыр мен көк бауырды) зерттеу.
- Асқорыту жүйесін тексеру әдістері. (Жануардың азық пен суды қабылдауын тексеру. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін тексеру.)
- Ауыл шаруашылық малдарының азық және су қабылдауын тексеру.
2. Жүйке-эндокриндік жүйені тексеру тәсілдерін игеру.
1 Құрсақ қуысы мүшелерін (Бауыр мен көк бауырды) зерттеу.
- Асқорыту жүйесін тексеру әдістері. (Жануардың азық пен суды қабылдауын тексеру. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін тексеру.)
Асқорыту аппаратын клиникалық тексеру жануардың азық пен суды қабылдауын бақылаудан басталады. Жануарларға әртүрлі қатаң азық түрлерін және су беру. Жануардың азықтануын және су ішуін тексергенде, оның тәбетіне, анорекцияның бар-жоқтығына, булимия, арекция, парорекцияның бар-жоқтығына, азықты және суды қабылдау әдісінің бұзылуына, шайнауына, жұтуына, күйіс қайыруына, кекіруіне және бұлардың бұзылуына назар аудару керек.
2. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін және құстың жемсауын тексеру.
Ауыз қуысын тексерудің –негізгі әдістерін көру, сипалау. Ауыз қуысын қарау кезінде оның дұрыс жабылуына, еріннің еріксіз қозғалысына, сілекей ағуына және т.б. өзгерістерге көңіл аудару керек. Ауыз қуысы мүшелерін тексеру үшін жануардың ауызын қолмен тіссіз бөлігінен ұстап ашып, езулік қою керек. Бұл кезде назар аудару керек:
1. Көру және сипалау арқылы кілегей қабықтарының жағдайын байқау. Оның түсіне, жаралардың, жарақаттың бар-жоқтығына, жергілікті температурасына, ауырсынуына, кілегей қабықтарының кеуіп кетуіне назар аударады.
2. Иісті, жануар сілекейіне, малынған тампонды иіскеу арқылы анықтайды.
3. Тілді тексергенде ісінулердің, дақтар бар-жоқтығына, тілдің бүрлеріне көңіл аудару керек.
4. Тісті тексергенде, оның желінуіне, қозғалғыштығына, түсуіне, ауысуына назар аударады.
Жұтқыншақты тексеру. Көру, сипалау және ларингоскоп арқылы жүргізеді. Жұтқыншаққа сыртқы сипалауды төменгі жақтың бұтағының артынан екі қолдың саусақтарымен жасайды. Бұның арқасында инфильтрацияның бар, жоғын, ұлпалардың ауырсынуын, жергілікті температураның жоғарылауын анықтауға болады. Көру арқылы бас пен мойынның орналасуына назар аударады, өйткені жұтқыншақ ауруларында жануардың бас пен мойнын кеңістікте ұстауы өзгереді.
Жануарлардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы. Ас қорту жүйесінің ауруларының негізгі белгілері.
1. Құрсақ қуысы мүшелерін тексеру
2. Мес қарынды тексеру
Сол жақ аштық қуыспен сол жақ мықынды қарау кезінде іштің көлемі мен пішінінің өзгерісіне көңіл аударады. Мес қарынды сипалау арқылы оның сезімталдығын анықтайды. Мес қарынның 2 минут ішіндегі жиырылуын санайды. Нұқу арқылы сау жануардың сол аштық қуыстың аймағында тимпаниялық дыбыстың бар-жоғына және оның өзгерісіне назар аударады. Тыңдау арқылы мес қарынның жиырылуымен сәйкес келетін тұйық шулардың күшін, жиілігін және ұзақтығын анықтайды.
2. Тақия қарынды тексеру
Ірі қара малдың тақия қарынының негізгі ауруы-травматикалық радикулит. Оны анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:
а) төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі аймағына қысым түсіру арқылы;
б) шоқтық аймағының терісін қатпар қылып бір орынға жинау арқылы;
в) көкірек қуысының бүйір бетін басу арқылы;
г) диафрагманың беку сызығы бойымен нұқу арқылы;
д) жануарды еңіске түсіріп жүргізу арқылы;
е) пилокартин және т.б. заттарды тері астына егу арқылы.
3. Кітапша қарынды тексеру
Сипалау, нұқу, тыңдау әдістері қолданады. Сипалау кезінде кітапша аймағын жұдырықпен басу арқылы ауырсынуды анықтайды. Ауырсынғанда жануар қыңсылайды, мөңірейді, қашуға ұмтылады.
Нұқу кезінде сау жануарларда топастау немесе топас дыбыстың бар-жоғын және кітапша бітеліп қалған жағдайда ауырсынуын анықтайды. Кітапшаны тыңдау арқылы сау малдарда сықырлаған дыбыстың бар-жоғын және ол дыбыстың кітапша бітеліп қалғанда жоғалуын анықтайды.
4. Ұлтабарды тексеру
Сипалау кезінде ұлтабар қабынуы, жара, улану және т.б. ауруларда ауырсынудың бар – жоғын анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
1 Құрсақ қуысы мүшелерін тексеру.
- Асқорыту жүйесін тексеру әдістері.
- Ауыл шаруашылық малдарының азық және су қабылдауын тексеру.
2. Жүйке-эндокриндік жүйені тексеру тәсілдерін игеру.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №13 Дәріс.
Модуль 2 Дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным
Тақырыбы: Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес несеп-жыныс жүйелерін тексерудің клиникалық-диагностикалық әдістерін меңгеру
Жоспары:
Несеп шығару жүйесін тексеру.
Несеп бөліну жағдайын зерттеу.
Несеп-жыныс жүйесін тексерудегі диагностикалық әдістер.
Бүйрек қызметі және ауытқулар.
Несеп шығару жүйесін тексеру.
Бүйрек организмде денурациялық (тазарту) қызмет атқарады яғни, артық зиянды заттарды бөледі. Сондй-ақ, шамалы түрде немесе толықтай қажетті заттарды ұстап қалады. Осы қызметінің арқасында бүйрек үнемі өзгермелі жағдайда болатын ішкі орта гомеостазын сақтап тұруға қалыптасқан.
Бұл қызмет бүйректің экстраренальдық реттеу механизмінің арқасында жүзеге асырылады. Бүйрек ауруында оның осмореттеу қызметі кенет төмендейді. Организмдегі барлық шлак, көмірқышқылынан басқасы негізінен бүйрек арқылы бөлінеді және шамалы бөлік өкпе, ішек, тері және сүт арқылы бөлінеді.
Зәр жүйесін бүйрек, несеп ағар, қуық, несеп бөлгіш канал – уретра құрайды. Бүйректің негізгі құрылымы – нефрон. Ол бүйрек денешігі (тельца) және одан шығатын иірімді өзекшелерден (извитого канальцы) тұрады. Сондай-ақ, прокимальды бөлім, Генле тұзағы (петли) және дистальды бөлім, жигналушы канал, бұл бүйрек түбекшесі (лоханкаға) түседі.
Жалпы зәр түзілу екі кезеңінен тұрады. Алғашқыда қан плазмасының ультрафильтрациялануынан примарлы (алғашқы зәр) түзіліп, ары қарай канальдық жүйеде екіншілік (нативті) зәр түзіледі. Алғашқы зәр құрамы бойынша қан плазмасына жақын, бірақ онда альбумин мөлшері көп: оның түзілуі тамыр түбекшелері жүйесіндегі (системе клубочков) капилляр қысымына байланысты түзіледі.
Бірінші түзілім құрамындағы - альбумин, амин қышқылы, глюкоза, нтрий, калий, калций, фосфат, хлор, карбоксилаза және 80% реабсорбцияланады.
Бұл үрдістердің қызметі – несеп бөлу жүйесін және бүйректі тексеру барысында бағаланады. Мысалы, бүйрек ісінуінің (отек) дамуы басқа да барлық бүйрек ауруларына ұқсастау болғанымен нефрозда қан өзінің қалыпты құрамын сақтайды (гидремиясыз) және бүйрек пен тін аралық сұйық алмасуының бұзылуымен байланысты.
Ал, гломерулонефритте қанда су көбейеді (гидремия). Ісік сұйығында белок нефрозда көп болса, нефритте аз болады.
Сондай-ақ, кейбір диуретиктердің әртүрлі әсер етуі болады: (сынп, монхлорид, тиреоидин) нефротикалық ісікте әсер етпесе, нефрозда жақсы әсер етеді.
Нефроздағы – ісікте гипопротеинемия, қанның қоюлануы, қаннан судың тін аралық кеңістікке өтуіне байланысты болады.
Несеп шығару органдары: бүйрек / жұп орган/, мочеточник- несеп түтігі /жұп орган/, қуық, несеп каналы/уретра/. Организмнен органикалық, у, заттар несеппен шығады. Несептін бөліну процессы бүйректін нефроныңда болады. Нефрон- мальпигий денешігі мен бүйрек каналшаларынан тұрады.
Несеп шығару процессі екі бөлімнен түрады: 1.бүйректің түйінділерінде қанның плазмадан ультра түзілеу бойынша бірінші несептің шығуы. 2. бүйректің жолдарыңда екінші несептің қалыптасуы.
Несеп жүйесінің органдары үш негізді қызметтерді орындайды: 1.організмнің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 2. Зат алмасудың ақырғы заттарды жояды. 3. ішкі секрецияны қамтамасыз етеді.
Жоспар. Қуық - /vesica urinaria/ Несеп түтігі арқылы бүйректен келіп құйылған несеп жиналатын, жамбас құйысында орналасқан, кілегейлі, етті, сыртқы қабықтардан тұратын қап тәрізді етті орган. Осыған орай: тело М.П.- қуық белі; вершина М.п.- қуық төбесі; шейка М.П.- қуық мойыны. Қуықты нұқу арқылы терсереді. Ірі қара малдарда, қоймен, ешкіде қуықты тік ішек арқылы зертейді.
Қуықты қөру,сипауы, нұқу, катетеризация, рентгенография, цистоскопия арқылы тексереміз.
Несеп- /urina/ бұйректе түзіліп, несеп түтігі, қуық, несеп- жыныс каналы арқылы сыртқы шығарылып тастайтын сұйық зат /экскрет/. Тәулік бойы сыртқы шығатын несеп көлемі: ірі қарада- 6-12 л, жылқыда 3-6л, шошқада 2-4 л, түйеде 8-15 л.
1. поллакизурия /поллакиурия/. Күшеніп аз- аздан жиі-жиі зәр шығару. Мынадай клиникалық белгілер уроциститте, қуықта тас боғанда, вагинитта, перитонитта, шаншуда болады.
полиурия - Көп мөлшерде, жиі-жиі несеп шыгару.
Олигурия- Аз мөлшерде несеп шыгаруы
Анурия- Несеп тоқтау
2. оликакизурия, олигурия - бүйректен шығатын несеп мөлшерінің қалыптан азаюы. Нефрит, гломерулонефрит, жүрек қызметінің әлсреуі, жиі-жиі терсеу, құсу,іш өту, ісіну, т,б, себептерден болатын қасірет.
3. странгурия - күшеніп, тынышсызданып, қынсылап аз-аздан несеп шығарудуы. Малдар уроциститпен, ісіп боғанда, простатитпен, уретра қабынғанда болады.
4. ИШУРИЯ Ischuria, грек. ischo-бөгеймін, тоқтатамын uron- несеп. Қуық байлану- ишурия. Сыртқа несеп шығара алмау салдарынан қуықтың кернелуі. Несеп жолының таспен, құммен бітеліп қалуынан болатын, малды тыпыршытып, қайта- қайта күшентетін, оның жанын кинайтын дерт.
5. ЭНУРЕЗ дегеніміз - мал әдісіне қарамай, күшенбей жиі-жиі несеп шығарады. Малдар бір әдіспен орналасып несеп шығарады. Жұлын ми жарақаттанып қабынуы, індетті аурулар /ит обасы, листериоз/.
6. НИКТУРИЯ- ұйқтағанда жиі-жиі несеп шағаруды атайды.
5. Жоспар. Рентгенография- ұсақ малдарда женіл орындалады. Ірі малдарда жумсақ кассетаны тік ішекке кіргізіп орындайды.
КАТЕТЕРИЗАЦИЯ- КАТЕТЕР ҚУЫҚА ЕНГІЗУ. Катетерлар металды, резинке, пласмасс әртүрлі малдарға қолданылады. Ұрғашы малдарға- металды катетер қолданылады, еркек малға- эластикалық /резинке, пласмасс/ катетермен жүмыс сітейді /қолданылады/.
Малға катетризацияны қолданады - Қуықты кернеген несепті ағызып жіберу үшін, несеп жолына дәрі енгізу, қынап, жатыр, желін үрпісі сияқты органдарды ішін жуып-шаю үшін, т.б. мақсаттармен қолданылытын амал.
ЦИСТОСКОПИЯ- / грек. kystis- қуық, skopeo-қараймыз, зерттейміз/. Қуықтың ішін арнаулы аспап- цископпен зертеу. Ұрғашы малдарда цистоскопты қолданылады. Еркек малда қолданбайды.
Уретраны тексеру. Грек. Urethra - несеп каналы. Қуықтан шыққан несеп жүретін жол /түтік/. Уретраны қөру, сипау және катетеризация арқылы тексереді.
Көру арқылы кілегей қабықтарына және бөлудың сипатына көңіл боледі. Қуық мойынан басталып, қасаның басында /еркек малда/не қынап пен қынап кіре берісінде аяқталатын несеп жол көніл боледі.
Несеп зертеу. 1. Мөлшерін.2.Цвет- түсі. 3. Түсін- Несеп мөлдір түсті. Прозрачность мочи. 4.Құрамы- Консистенция мочи. 5. Несептін ісі. 6. Относительная плотность мочи.7. Химиялық зертеу.- химические исследования.
Зәрдің тәуліктік мөлшері: ірі қарада – 6-12 л, жылқыда – 3-6 л, шошқада – 2-4 л, түйеде – 8-15 л, қой мен ешкіде – 1,5-2 л, итте – 0,5-1 л (адамда – 0,8 л).
Зәрде қанға қарағанда мочевина 70, аммиак 40, фосфаттар 30, зәр қышқылы 25 есе көп.
Бүйректердің мальпиги шумақтарында су мен миерал тұздар сүзіледі. Ирелеңдеген өзекті жолдарда мочевина, зәр қышқылы, аммиак сияқты ерекше заттар секрет ретінде бөлініп шығады.
Зәрдің 96 –ы су, 4 –ы құрғақ заттар. Олар органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. Органикалық заттарға жататындар: мочевина, зәр қышқылдары, аммиак, аденин, гуанин, ксантин, гипоксантин, пурин неіздері; креатинин, гиппур қышқылы, эфир күкірт қышқылы.
Органикалық емес заттар: хлорлы, күкірт және фосфор қышқылды тұздардан құралған.
Зәрдің сарғыш түсі урохром, уробилин, уроэтрин пигменттеріне байланысты болады. Алғашқы түзілген зәр 1-ші – провизорлы несеп, ал реабсобциядан кейінгі 2-ші - дефинитивті несеп деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
Несеп шығару жүйесін тексеру.
Несеп бөліну жағдайын зерттеу.
Несеп-жыныс жүйесін тексерудегі диагностикалық әдістер.
Бүйрек қызметі және ауытқулар.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №14 Дәріс
Модуль 2 Дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным
Тақырыбы: Зат алмасу үрдістерін тексерудегі физиологиялық-клиникалық көрсеткіштерінің және биогеоценоздық зерттеудің диагностикалық маңызы.
Жоспар:
Белок, көмірсу алмасулар патологиясы.
Фосфор калций алмасулар патологиясы
Зат алмсу үрдісі барысында организмге түскен әртүрлі заттардың ақтық өнімге дейін ыдырыап, бөлінуі жүреді. Ол: 1. Ас қорыту үрдісіндегі күрделі биохииялық әрекеттер нәтижесі болып табылады. 2. Резорбция – қоректі заттардың организмге сіңуі (ішек шырышты қабықтары). 3. Аралық алмасу – ферментті және нейрогуморальдық реттелу жолы арқылы жауша ішілік үрдістердің синтезі және ыдырауы нәтижесінде жүзеге асырылып жатады. 4. Ақтық өнімнің шығарылуы.
Зат алмасуы дегеніміз- организамінің өзіне тән тіршілігі мен өсіп-өнуін қамтамасыз етуін, невр жүйесімен және фермент гормондармен реттелетін аса маңызды қасиеті. Сырттан келіп түскен және клеткада пайда болған заттардың химиялық жолмен құбылуы, осыдан туған энергияның /куатының/сан қилы сарылуы сияқты процестердің біртұтас жиынтығы. Мұның негізі- қарама- қарсы, бірақ өзара жысдасқан екі реакция: ассимиляция, басқаша- анаболизм /фементтік құбылу және бұған жұмсалған энергия /қуат/ нәтижесінде клетка құрамындағы заттардың түзілуі /синтезделуі/, сол клетканың сырттан келіп түскен қосындыларды бойына сіңіруі, қарапайым /жай/ молекулалардың күрделі молекулаларға айналуы/ мен диссимиляция, басқаша – катабализм /сырттан келіп түскен және клетка құрамындағы қосындылардың ыдырауы, осыған сәйкес энергия бөлініп шығуы/. Зат алмасуының негізгі аурулары: авитаминоздар, аллотрофагия/малдың қоректік қасиеті жоқ/, ацетонемия, диабет, остеомаляция т.б.
Заттардың алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды олардың себептері мен басымрақ клиникалық өзгерістеріне зәр қоя отырып 4 топқа жіктеіге болады:
1. Организмдегі негізгі заттардың /көмірсутегі, май, белок/ алмасуларының бұзлуының басымырақ болуы / майлану, алиментарлы дистрофия, кетоз, миоглобинурия, гипогликемия/;
2. Минералды заттардың асмасуының бұзылуының басымырақ болуы /сүйек дистрофиясы, гипомагнемия/;
3. Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен немесе олардың организмге қалыптан тыс артық түсуінен болатын арулар. Бұл аурулар белгілі бір биогеохимиялық зоналарда кездеседі /гипокобальтоз, гипокупороз, еттің ағарып ауруы, цинктің, йодтың, марганецтің жеткіліксіздігі, бордың, селеннің, никельдің, молибденнің көп болуы/:
4. Гиповитаминодар/ретинолдың, кальцийферолдың, токоферолдың, аскорбин қышқылының, тиаминнің, цианкобаламиннің және т.б. витаминдердің жеткіліксіздіктері/.
Белок алмасулар патологиясы.
Белок алмасу патологиясы. Белоктың қорытылуы – ақазан өлінен бастау алады. Рациондағы белоктық тапшылықтың пайда болуы, тоқтаусыз құсу, жара (язвення) ауруы, өңеш стенозы т.б.
Жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты азықтанбауы. Азық құрамындағы белоктың толық қорытылмауы, сіңірілмеуі, (диарея, дисфункция, ас қорыту бездері). Тәбет төмендеуі (гастрит, колит, гепатит, язва).
Жоғары белоктық алмасу – буаздық, лактация, стресс-реакция, гипертиреоз, зілді ісіктер. Сондай-ақ тіндегі белок синтезделуінің бұзылуы (әсіресе бауырдағы). Гиперпротеинемия – төлдерд: эжксикозда, дирея, құсу, суыз диета т.б.
Гипопротеинемия – ұзақ ашығудан, диареяда күйік шалуда, нефроз, (протеинурия), қансырауда, гепатит және гепатозда.
Қан плазмасындағы белоктың жоғарлауы глобулиндік фракцияға тәуелді, бұл – ретикулоэндотелиальды жүйенің тітіркенуінен (раздражения) патогенездік жағдайды көрсетеді.
Альбумин негізінен соматикалық және пластикалық функцияны атқарады. Ал, гаммма глобулин күйзелістік, қарқынды қабынуда (лихорадка, жарақат (травма) күйік, созылмалы инфекцияда пайда болса, бета- глобулиннің артуы көбінесе бауырдың сары дистрофиясында, нефротикалық синдромда, периртрит, пиелонефрит, нефроз, диабетте байқалады. Гамма – глобулин негізінен иммундық рөл (иммуноглобулин және антидене бөлу) атқарады.
Организм қандай да бір патологиялық немесе жабығу жағдайына душар болған кезде осы негізгі көрсеткіштерді анықтаудың және ол өзгерістерді саралаудың маңызы өте зор болып табылады.
Фосфор калций алмасулар патологиясы салдарынан негізінен - СҮЙЕК ДИСТРОФИЯСЫ пайда болып, басты себеп, ірі малдардың организімде кальцийдің, фосфордың, кальцийферолдың асмасуларының бұзылуы салдарынын сүйектерде дистрофиялық өзгерістердің/остеомаляция, остеопороз, остеофиброз/ болуымен сипатталатын созылмалы ауру.
Бақылау сұрақтары:
Белок, көмірсу алмасулар патологиясы.
2. Фосфор калций алмасулар патологиясы
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №15 Дәріс
Модуль 2 Дербес жүйелер қызметінің морфофункциональдық қабілетіне клиникалық диагностикалық таным
Тақырыбы: Гиповитаминоздық жағдайдың негізгі себептеріне байланысты жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес клиникалық-диагностикалық тексеру әдістерін меңгеру. Ірі қара малдарындағы жайылымнан болатын тетания.
Жоспары:
Гиповитаминоздық жағдайдың туындауының негізгі себептері.
Гиповитаминозды жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тексеру әдістері.
Ірі қара малдарындағы жайылымнан болатын тетания.
Гиповитаминоздық жағдайда витамин түрінің жетіпеушілігіне байланысты әртүрлі үрдістер байқалады. Мысалы, витамиин А – көз торшасында өтетін химиялық реакцияларға тікелей қтысады. Онда, альдегид витаимин (ретиналь) болады, ол белоктық байланыс күйінде болып, көру пигменті родопсинді түзеді.
Витамин А және каротин аминқышқылдары алмауындағы тотығу-тотықсыздану реакциясында белсенділенеді. Витамин А негізгі метаболикалық функциясы – көруді және пуринді негіздің алмсуына қатысу болып табылады. Витамин А қалыпты болуының арқасында тері және шырышты қабықтардың толық қанды (полноценные) жасушасы пайда болады. Сондай-ақ, витамин А–ның арқасында организмнің жалпы реактивтілігі жоғарылайды.
Бүйректің созылмалы аурулары бауырдағы витамин қорының аздығынан туындайды.
А – гиповитаминоз азықпен (провитамин А) каротиннің жеткіліксіз түуінен туындайтын патологиялық жағдай. Бұл белок синтезінің бұзылуына әкеп соқтырады да бұдан келіп, бауыр тініндегі альбумин синтезінің қарқыны төмендейді. Гиповитаминоз А – жағдайында асқазан сөлінің бөлінуі нашарлайды, ішектің шырышты қабығының функциясы төмендейді. Сондай-ақ несеп бөлу және жыныс жүйесінің функциясы да нашарлайды.
Жалпы гиповитаминоз А – төлдерде жиі кездеседі. Онда көру қабілеті нашарлап, анемия пайда болып, өсуі және дамуы төмендеп, инфекциялық аурулардың пайда болуы туындайды.
Авитаминоздың айқын белгіінде қанда глюкоза деңгейі төмендеп, каталаза белсенділігі жоғарлайды. Қан сары суында азот қалдығы бірнеше есе жоғарлайды ал, жалпы белок және альбумин төмендейді.
Ірі қара малдарындағы жайылымнан болатын тетания. Ауру негізінен сауын сиырларда жиі және Батыс Еурола мен АҚШ та көп кездеседі. Аурудың сипатталуы жүйке бұлшық ет қозуының басымдылығымен және қан құрамының электролитті күйінің өзгеруімен сипатталады. Аурудың тіркелуі жайылымға алғаш шыққан 4-5 апта аралығында жиі тіркеледі. Бұл жағдайдың дамуында азықпен калий тұзының шамадан артық түсуінен магний және кальций балансының өзгеруінен организмдегі магнийдің төмендеуіне әкеп соғады. Негізгі симптомдар үрку, тәлтіректеп жүру, бұлшық еттеің фибриллярлы тартылуы, тамыр соғу және тыныс алудың жиілеуі, дене қызуының жоғарылауы, жиі зәр бөлу, тәбеті төмендейді.
Аурудың ауыр түрінде – күшті қозу, талықсып құлау болады ауруды құтырық, кетоз және туғаннан кейінгі болатын талықсудан ажырату қажет.
Бақылау сұрақтары:
1 Гиповитаминоздық жағдайдың туындауының негізгі себептері.
Гиповитаминозды жануарлардың биологиялық ерекшелітеріне байланысты тексеру әдістері.
Ірі қара малдарындағы жайылымнан болатын тетания.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней
3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
А) практикалық (семинар) сабақтар:
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №1 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Ветеринариялық пропедевтика пәнін оқыту методологиясы.: «Ауру малға жақындау және оны ұстау» және техника қауіпсіздігі».
Керекті құрал-жабдықтар: бурау, жіп, мурын қысқышы мен шығыршығы.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой, шошқа, ит, қоян, мысық.
Сабақ мақсаты: Малға дұрыс оң жағынан келуді және оларды ұстау әдістерін үйрету.
Лабораторияда жұмыс істеу алдында оқытушы жалпы қауіпсіздік ережелері, жеке құралдармен дұрыс жұмыс істеу, құрылғылар, химиялық реактивтер және өрттің алдын-алу шаралары бойынша нұсқаулар жүргізеді. Содан кейін студеттер нұсқауды жүргізілген күні мен оқутушының аты-жөні жазылған арнайы журналға қол қояды.
Құралдар мен құрылғылар жиналып, химиялық реактивтер мен сабақта қолданылатын ыдыстар тексерілгеннен кейін жұмыс істеуді бастайды.
Сабақтың соңыңда жұмыс орынын, құралдарды, құрылғыларды, химиялық ыдыстарды жинастырып лаборантқа өткізеді.
Сабақтың барысында студенттер қауіпсіздік ережелерін және санитарлық- гигиеналық нормаларды қатаң сақтаулары керек:
Клиника лабораториясында жұмыс істеудегі техника қауіпсіздік ережелеріне және еңбек қорғауға институттің мүдірі мен кафедра меңгерушісі жауапты;
Лабораторияда жұмыс істегенде міндетті түрде ақ халат пен қалпақ кию керек;
Шыны ыдыстармен абайлап жұмыс істеу керек;
Концентрациялы химиялық реактивтерді қолмен ұстайуға болмайды;
Сынық , жарылған ыдыстарды жұмыс істеуге болмайды;
Лабораториялық жұмыстарды жүргізіп болған соң барлық құрылғыларды тоқтан ажырату керек;
Студенттер нәтижесі белгілі және оқытушы рұқсат еткен лабораториялық эксперименттерді жасау керек;
Студенттер лабораторияда жеке бас тазалығы ережелерін сақтау керек;
Сабақ уақытында тамақ ішуге, темекі тартуға, арнайы киімді шешуге болмайды;
Лабораторияға арнайы киімсіз кіруге, киім аустыруға болмайды.
Ауру малға жақындау және оны ұстау ережелері.
Ауру малға өте қарапайым кішіпейілділікпен жайлап сипап, ұрмай-соқпай, үркітпей және айқай – шусыз жақындап ұстау керек.
Малға жақындау үшін әр малдың ерекшеліктерін білу қажет.
Жылқыға алдыңғы жағынан таяп келіп, жүгеннің алқымынан ұстайды. Егер жылқы тыныш тұрмаса онда жоғарғы ерніне немесе құлақтың түбіне бұрау не қамшының бауын салып бұраймыз, сондай – ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын бір аяғын жоғары көтеріп тұрамыз.
Ірі қара малына мойнының жанынан келіп екі қолмен мүйізден ұстайды, егер мал тынышсызданса онда мурын қуысының шеміршегінқолмен немесе мұрынға арналған қысқышпен қысылады.
Түйеге алдыңғы аяғының тұсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқталап ұстау қажет.
Түйені шегеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тастау керек. Тынышсыз түйелерге мұрындық кигізеді.
Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан ұстайды .
Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.
Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан ұстау керек.
Лабораториялық жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері
Лабораториялық жануарларға операция жасағанда, инъекция енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер орнатқанда ауырсыну болмау үшін, жергілікті жансыздандырғыш немесе жалпы есірткі заттар пайдалану керек.
Бекіту әдістері. Ұсақ лабораториялық жануарларды бекіту үшін жәшіктер пайдаланады. Оның үлкендігі жануардың көлеміне сәйкес болады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады. Қояндармен теңіз шошқаларын көмекші үстелдің үстінде, тізесінде немесе қолында жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта ұстайды. Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.
№_____________бақылау парағы
Қауіпсіздік ережелері бойынша студентерге нұсқау жүргізу
Кафедра__________________________________________________
Курс_____________________________________________________
Нұсқауды жүргішінің аты-жөні мен лауазымы_______________
Нұсқауды жүргізген күн ________________________________________
Лабораторияда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың нұсқау __________________
Нұсқауды меңгердік:
реттік№
|
Студенттің аты-жөні
|
қолы
|
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
6
|
|
|
|
7
|
|
|
|
Қауіпсіздік ережесі бойынша жүргізілетін нұсқауды тексердім:__________________
(қолы)
«Ветеринариялық медицина»
кафедраның меңгерушісі
профессор м.а.:
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:
Жұмысты орындау методикасы.
1- тапсырма. Жануарлараға тексеру жүргізу үшін клиникалық тексерудің жоспарын міндетті түрде білу қажет. Бұл мақсатта әрбір студент тексеру жоспарын жаттап, оны практика жүзінде қолдануы керек.
Жануарларды клиникалық тексерудің жоспары төмендегідей:
Ауру малмен алдын -ала танысу. а) тіркеу, б) анамнез.
Өзіндік тексеру.
А) Жалпы тексеру.
Габитусты анықтау.
Көрінетін кілегей қабықтарды тексеру.
Тері және тері туындыларын тексеру.
Лимфа түйіндерін тексеру.
Дене температурасын өлшеу.
Б) Арнайы тексеру
Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру.
Тыныс алу жүйесін тексеру.
Асқорыту жүйесін тексеру.
Зәр шығару және жыныс жүйелерін тексеру.
Жүйке жүйесін тексеру.
В) Ерекше тексеру
Физико-химиялық тексеру.
Микроскопиялық тексеру.
Бактериологиялық тексеру.
Серологиялық тексеру.
Аллергиялық тексеру.
2 – тапсырма. Клиникаға түскен жануарды тіркеу. Тіркеу жұмыстары жануар иесінің немесе күтушілердің айтқан мағлұматтарына, көрсеткен құжаттарына, сонымен қатар өзіндік тексеруге негізделіп жүргізіледі.
Жануарлары тіркеу кезінде амблуаториялық журналға келесі мәліметтерді жазады:
жануарлардың түскен күні
жануардың иесі
иесінің немесе шаруашылықтың мекен-жайы
жануардың түрі
тұқымы (порода)
жынысы
жасы
түсі және ерекше белгілері
таза салмағы немесе өлшемдері
10) жануардың лақап аты
3- тапсырма. Күтуші адамнан ауру жануар туралы мәлімет жинау (анамнез). Анамнез екіге бөлінеді: 1) Anamnesis vitae, 2) Anamnesis morbi. Ауру мал туралы мәлімет.
Жануар ауырғанға дейінгі мәліметке келесі сұрақтар кіреді: 1) шығу тегі; 2) ұстау және күту жағдайы; 3) суару және азықтандыру жағдайы; 4) шарушылықтағы атқарылатын жұмысы.
Жануар ауырғаннан кейін мәліметтерге келесі сұрақтар кіреді: 1) жануар қашан және қандай жағдайда ауырды?
2) аурудың қандай белгілері байқалды?
3) жануарға кім және қандай емдік көмек көрсетті.
4- тапсырма. Жануарларға жақындау ережелері және бекіту әдістері. Жануарлармен жұмыс істегенде айқайлауға болмайды. Баяу қозғалып, ақырын дауыстап бару керек.
Жылқыға алдынан және біраз бүйір жағынан жақындаған жөн. Жылқы малын ағаш бұрауды үстіңгі ерніне немесе құлақ қалқанына салу арқылы бекітеді. Сонымен қатар, алдыңғы аяғын тізесінен бүктіріп ұстаған немесе артқы екі аяғына тұсау салып қойған дұрыс.
Ірі қара малға адам ұстап тұрған бүйір жағынан бару керек. Бекітуді мүйіздің ұшын бас бармақпен басып ұстау арқылы және мұрын аралық шеміршекті саусақтармен немесе арнайы қышқыштармен (Гарис қышқышы, Кумсиев қысқышы), тұмсық сақинасы арқылы жасайды.
Түйеге абайлап алдыңғы аяғының маңына шеттен жақындаған жөн. Түйені арқан ілгектен артқы аяқтарын тұсау арқылы, ерніне немесе құлақ қалқанына бұрау салу арқылы, жағын жүгеннің ұшымен байлау арқылы бекітеді.
Қой мен ешкілерді мүйізден немесе мойнынан ұстау арқылы бекітеді.
Иттерді жақтарын бинтпен орау арқылы бекітеді.
Үй құсын қалыпты жағдайда ұстайды да, бір қолмен аяқтарын, екінші қолмен қанаттарын бекітеді.
Әрбір студент оқытушының бақылауы мен жануарларға жақындап, оларды бекітеді.
5- тапсырма. Клиникалық тексерудің жалпы әдістермен танысу (көру, сипалау, тыңдау, нұқу, термометрия).
Көру әдісі – тексерудің жай әдісі. Бұл әдісті күндіз қолданады. Көру арқылы жануардың басын, мойнын, көкірек клеткасын, ішін, аяқтарын алдымен оң жақтан және сол жақтан, содан соң алды-артынан тексереді.
Сипалау әдісі – жануар денесінің бөліктерін қолдың жұмсақ, жеңіл қозғалыстарымен сипау арқылы жүргізіледі. Сипалау беткі және терең болып бөлінеді.
Беткі сипалау –терінің тексерілетін бөлігіне алақанды қатты басып, терінің қызуын, ылғалдылығын, ауырсынуын анықтау үшін қолданылады.
Терең сипалау – құрсақ қуысының ішкі мүшелерінің көлемін, пішінін, конститутциясын және ауырсынуын тексеру үшін қолданылады.
Нұқу әдісі- дененің тексеру керек бөлігіне күші мен ырғалы бірдей соққылар жасап, сол жерден естілетін дыбыстар арқылы тексерілетін мүшенің, қуыстың жағдайын анықтау үшін қолданылады. Нұқу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Тікелей нұқуды дене бетіне тікелей саусақпен соққылар жасайды.
Жанама нұқуды дене бетіне тікелей емес, соққыларды қатты басылған саусаққа немесе плессиметрге жасайды. Нұқу дигитальды нұқу және құралдар арқылы нұқу болып бөлінеді.
Аускультация – мүшелерде түзілетін дыбыстарды тыңдау. Аускультация тікелей және жанама болып келеді.
Тікелей аускультацияда жануар денесіне таза бұл (дәке) жауып, құлақты төсеп тыңдайды.
Жанама аускультацияда фонендоскоп, статескоп арқылы тыңдайды.
Термометрия –максимальді термометрмен жануардың дене қызуын өлшеу. Барлық жануарларда дене қызуы термометрді тік ішекке салу арқылы өлшенеді. Құстардың қанатының астына салып өлшейді.
Бақылау сұрақтары:
1.Жануардың клинкалық тексеру жоспарын айтыңыз.
2.Ауру малды тіркеуге не кіреді?
3.Анамнез түсінігіне анықтама беріңіз.
4.Жануардың ауырған кезеңінде жиналатын анамнезге қандай сұрақтар кіреді?
5.Жылқылар мен ірі қара малға қалай жақындау керек?
6.Жылқыны, ірі қара малды, құстарды, иттерді бекітудің негізгі әдістерін атаңыз
Оқитын тақырып бойынша беттері көрсетілген әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды анықтау және емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. – 2013
Қосымша әдебиеттер:
3. Беляков И.М. Пропедевтика внутренних незаразных болезней животных. – М.: Колос, 1984. – 336 с.
4.Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных.// В.И. Зайцев, А.В. Синев, П.С. Ионов и др. - М.: Колос, 1964
5. Диагностика внутренних болезней домашних животных.// А.В. Васильев – М.: Сельхозиздат,1956
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №2 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Жалпы диагностиканың негізгі теорияларына сәйкес жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусына ветеринариялық таным негізіндегі клиникалық тексерудің жалпы әдістері
Құрал – жабдықтар: бұраулар, мұрын қысқыштары, арқан, ілгек.
Жануарлар: жылқы, сиыр, қой.
Сабақ мақсаты: Студенттерге жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусын, габитусты анықтауды үйрету. Теріні тексеру. Тері және тері асты клетчаткасының өзгерістерінің диагностикалық мәнін анықтау.
Жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусы – жануарлардың түріне қарай өзіндік биологиялық-тұқымдық және жас ерекшеліктеріне қарай морфофункциональдық қалыптасуына байланысты шартты дәйектемелер болып табылады. Бұнда анатомиялық – зоотехникалық және физиологиялық негізгі көрсеткіштерді анықтау болып табылады.
Жануарлардың клиникалық-физиологиялық статусын, ауру белгілерін көре алу, сонымен қатар жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасатын морфофункциональдық көрсеткіштерді зерделеп оқу жатады.
Бұндағы алғы шарттар:
1. анамнез, симптом және синдромдарының (семиотика) диагностикалық маңыздылығын түсіну.
2 Физиологиялық ауытқулықты тудырушы этиологиялық факторлардағы ең басты жетекшілік негізгі себепті табу.
Ауруды дамытушы патогенездік қағиданың заңдылығын анықтау.
Нақты клиникалық көріністі байқай алу.
Клиникалық зерттеу барыында мметодологиялық және әдістемелік ережелерді дұрыс пайдалану.
Осы жоғарыдағы алғы шарттардың дұрыс сақталуы біріншіден, клиникалық логиканың дағдысын қалыптастыруға екіншіден, дұрыс диагноз қойылып, ауруды емдеужәне оның алдын алу іс шараларының тиімділігін береді. Сонымен қатар, патофизиологиялық үрдістің даму дәрежелеріне байланысты – патогенездік көрсеткіштермен клиникалық көріністерді толықтай түсіне білу керек.
Габитус – малдың сыртқы түр тұлғасы. Оған малдың өзін кеңістікте ұстауы, қоңдылығы, дене құрлысы, дене температурасы кіреді.
Дене құрылымын бағалағанда оның сүйектері мен бұлшықеттерінің даму дәрежесіне көңіл бөледі. Дене құрылымы мықты, әлсіз, орташа болуы мүмкін. Денсін кеңістікте ұстауы қалыпты және қалыпты емес (амалсыз) болуы мүмкін.
Жылқы мен сиыр сау болса, көбінесе тұрып тұрады. Жылқы артқы аяқтарын кезек-кезек босатып, тек бір аяғымен тіреліп тұрады. Ірі қара малдар төрт аяғымен бірдей толық тіреліп тұрады. Ал азықтанған соң жатып күйіс қайырады. Қойлар да ірі қара мал сияқты жатып күйіс қайтарады.
Ауру малдарда амалсыз тұру және жату мақсатсыз жүру байқалады. Амалсыз тұру плевритте, жіті эмфиземада, перикардитте байқалады. Амалсыз жату аяқ ауруларында, төлдеуден кейінгі парезде, шошқалар температурасы көтерілгенде астына жайылған сабанға көміледі.
Мақсатсыз жүру, қимылдау мишық, сопақша ми ауруларында, құлақ лабиринті ауырғанда байқалады.
Дене қомақтылығы – организмдегі зат алмасу процессіне және дұрыс уақытында қоректенуіне байланысты. Қомақтылықты жақсы, орташа, орташадан төмен, жаман немесе арық деп бөледі.
Темперамент (мінез) – жануардың сыртқы орта тітіркендіргіштеріне жауап беру жылдамдығы мен дәрежесі. Оны жануардың өзін ұстауына қарап анықтайды. Жануардың көзіне, құлақ қозғалысына және тітіркендіргішке жауап беру жылдамдығына байланысты сипаттайды. И.П. Павловтың анықтағаны бойынша темперамент жоғарғы жүйке қызметіне байланысты төрт типке бөлінеді:
Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамсыз қозғыш типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамды, ширақ типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің ұстамды баяу типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің әлсіз типі.
Конституция - организмнің анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Н.П. Кулешов, Е.А. Богданов бойынша конституцияның төрт түрі бар: ірі, нәзік, тығыз және балбыр. 1) Ірі конституция – сүйектері ауыр, басы үлкен, терісі қалың, бұлшық еті жақсы дамыған, май ұлпасы нашар дамыған. Көп қоректенеді, бірақ өнімі аз. 2) Нәзік конституция- сүйектері жеңіл, жіңішке, басы жеңіл, мойны жіңішке, аяқтары жіңішке, ұзын болады. Терісі жұқа, сирек, қысқа, жіңішке түктермен жабылған. Бұлшық еті, май ұлпасы нашар дамыған. Зат алмасуы интенсивті. Темпераменті ширақ. 3) Тығыз конституция- май ұлпасының жақсы дамуымен ерекшеленеді. Басы қалақты, мойны қысқа денесі қопақты, дөңгеленген, аяқтары қысқа болады. Қозғалысы баяу болып келеді.
Таза конституция сирек кездеседі. Жиі олардың қосындысы болады. Ірі қара малдарда жұмысқа бейімделген болса, ірі конситутция мен тығыз консититуцияның қосындысы, ет тұқымды жануарларда нәзік конституциялы мен болдыр конситутцияның қосындысы, сүт тұқымды жануарларда нәзік конституциялы мен тығыз конситутциялы қосындысы болып келеді.
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:
1 тапсырма. Жылқы, сиыр, қойдың өзіндік тексеру бойынша габитусын анықтау. Нәтижесін оқытушыға тексерту.
Достарыңызбен бөлісу: |