Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Алдыңғы бағаны анықтау.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде БЗ (БС1) функциясын пайдаланудың әр түрлі варианттарын қарастыру:
проценттер қосылатын салымның бірдей қосындысын есептеу;
төлем жүйелі түрде жүргізілгенде, алдыңғы төлемді есептеу (есептеу периодының басы мен аяғында).
Мысалы:
Егер 33 жылға 13,5% жылдық пайызға 27 мың теңге салынса, қанша ақша счетта болатынын есептеу керек. Пайыздар әрбір жарты жылда саналады. Жауабы: БЗ(13,5%/2;33*2;;-27000) = 2 012 074,64 теңге.
4 жыл аралығында инвестицияның екі нұсқасы бар деп есептейік: әрбір жылдың басында 26% немесе әрбір жылдың соңында 38% жылдық пайыз. Жылда 300 мың теңге салынсын. Әрбір нұсқа үшін 4-ші жылдың аяғында шотта қанша ақша болатынын анықтау керек. Жауабы: бірінші нұсқа үшін — БЗ (26%;4;-300000;;1) = 2 210 534,93 теңге, екінші нұсқа үшін — БЗ(38%;4;-300000) = 2 073 741,60 теңге.
Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 39 б. № 1, 2, 3.
2 апта.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Ағымды бағаны анықтау.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде ПЗ (ПС) функциясын пайдаланудың бірнеше нұсқаларын қарастыру:
егер салымның алдыңғы мәні белгілі болса, оның ағымдағы мәнін есептеу;
есептеу периодының басы мен соңында жүргізілетін жүйелік тұрақты төлемдердің ағымды бағасын есептеу.
Мысалы:
Фирмаға 12 жылдан кейін 5 млн. теңге қажет болады. Қазіргі уақытта фирма бірдей салыммен ақшаны депозитке салуға дайын. Егер оның пайыздық ставкасы жылына 12 % болса, салымға қажетті сомманы есептеу керек.. Жауабы: ПЗ(12%;12;;5000000) = -1 283 375,46 теңге.
Үйді сатып алудың екі нұсқасы қарастырылсын дейік: 9 млн.теңге қазір төлеу немесе 15 жылға ай сайын 94 мың теңге төлеу. Егер пайыздық ставка жылына 8% болса, қандай нұсқаны пайдаланған жөн. Жауабы: ПЗ(8%/12;15*12;-94000) = 9 836 215,66 теңге.
Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 46 б. № 1, 2, 3, 4, 5.
3 апта.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Төлемнің уақытын анықтау.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде КПЕР функциясын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
бастапқы сомма көрсетілген алдыңғы мәнге жету үшін пайызды санаудың жалпы санын есептеу;
жылдың басында немесе соңында жүргізілетін тіркелген жылдық төлемдер арқылы периодтың жалпы санын есептеу көрсетілген алдыңғы мәнге жетеді;
Тең шамалы тұрақты төлемдік қарызды жабу кезінде периодтың жалпы санын есептеу.
Мысалдар:
Егер пайыздың жылдық ставкасы 16,79% салым бойынша және пайызды есептеу әр квартал сайын жүргізілсе, 1млн.теңге мөлшеріндегі салым неше жылдан кейін 1 млрд.теңгеге жететінін есептеу керек. Жауабы: КПЕР(16,79%;;-1000000;1000000000) = 168 — бұл кварталдан саны. Жыл саны 168/4 = 42 құрайды.
Алдыңғы шығындарды қамтамасыз ету үшін қор құрылады. Қорға 16 млн.теңге бойынша төлем түрінде түседі. Түскен салымдарға 11,18% жылдық пайыз есептеледі. Қор мөлшері 100 млн.теңгеге қашан тең болатынын анықтау керек. Жауабы: КПЕР(11,18%;-16000000;;100000000) = 5 жыл.
36% жылдық пайызға берілген 66 млн.теңге мөлшеріндегі несие ай сайын 6630 мың теңге болып қайтарылады. Несиені қайтару мерзімін есептеу. Жауабы: КПЕР(36%/12;-6630000;66000000) = 12 ай немесе 1 жыл.
Жобаны дайындаудан жыл сайынғы түсімнен 33 млн.теңге құратыны күтілуде. Егер инвестиция түсімнің түсу басына қарай 100 млн.теңге құраса, ал дисконттау нормасы 12,11% құраса, жобаны сату мерзімін есептеу қажет. Жауабы: КПЕР(12,11;;33000000;-100000000) = 4 жыл.
Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 54 б. № 1, 2, 3, 4.
4 апта.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Пайыздық ставканы анықтау.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде НОРМА (СТАВКА) функциясын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
периодтың анықталған санына белгілі ағымды және алдыңғы бағаны білу кезінде пайыздық ставканы есептеу;
белгілі тіркелген немесе қарапайым периодтық төлемдер мен периодтың анықталған санына алдыңғы баға кезінде пайыздық ставканы есептеу;
қарыз толықтай және периодтың анықталған санының алдыңғы бағасын жабу шартында төлемді бірдей жабу кезінде қарыз бойынша пайыздық ставканы есептеу.
Мысалдар:
Компанияға 2 жылдан кейін 100 млн.теңге қажет болсын деп есептейік. Компания 5 млн.теңге бірақ салуға және 2,5 млн.теңгені әрбір қалған ай сайын салып отыруға дайын. Инвестицияланған әдістерге пайыз қанша болуы керек? Жауабы: НОРМА(24;-2500000;-5000000;100000000) = 3,28%. Жылдық пайыздық ставка 3,28%*12 = 39,36% құрады. Салынған әдістердің пайызы осы мөлшерден кем болмауы керек.
Компания ай сайынға төлемнен (1 есепті қараңыз) бас тартты және бүгін 40 млн. теңге депозитке салуға дайын. Бұл жағдайда минималды жылдық ставка қалай өзгеретінін анықтайық. Жауабы: 12*НОРМА(24;;-40000000;100000000) = 46,7%.
Төртжылдық қарыз 7 млн.теңге үшін пайыздық ставканы есептеу керек. Қарыз толықтай жабылу шартымен 250 млн.теңге бойынша ай сайын қарызды жабу. Жауабы: НОРМА(48;-250000;7000000) = 2,46%. Жылдық пайыздық ставка 2,46%*12 = 29,5% құрады.
Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 57 б. № 1, 2, 3.
5, 6 апталар.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Несие және қарыз бойынша операцияларды есептеуге арналған Excel функциялары. Периодтық төлемдерді есептеу.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде ППЛАТ (ПЛТ), ПЛПРОЦ (ПРПЛТ), ОСНПЛАТ (ОСПЛТ) функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
егер есептеу периодының басы немесе соңында жүргізілетін осы төлемдердің алдыңғы бағасы белгілі болса, төлемді есептеу керек;
периодтың анықталған мерзімінде осы қарызды толықтай жабу үшін қажет қарыз бойынша тең периодтық төлемдерді есептеу;
нақты периодқа пайыз бойынша төлем мөлшерін есептеу;
нақты периодқа тұрақты периодтық төлем әкелетін түсімді есептеу;
әрбір есептеу периодының басы мен соңында тең төлемді жабатын қарыз бойынша негізгі төлемді (қарызды жабу) есептеу.
Мысалдар:
Әр айдың соңында сомманы жинай отырып, 3 жылға 4 млн.теңге жинау керек болсын. Егер салым бойынша пайыздық нормасы 12% жылдық пайызды құраса, бұл сомма қанша болуы керек. Жауабы: ППЛАТ(12%/12;12*3;;4000000) = -92 857,24 теңге.
Банк 200 млн. теңгені 4 жылға 18% жылдық пайыз мөлшерінде берсін деп есептейік. Жыл сайынғы қарызды жабу мөлшерін анықтаңыз. Жауабы: ППЛАТ(18%;4;-200000000) = 74 347 734,19 теңге.
10% жылдық пайыз есебінен 800 мың.теңгені үшжылдық қарыздан бірінші айға пайыз бойынша төлемін есептеңіз. Жауабы: ПЛПРОЦ(10%/12;1;12*3;800000) = -6 666,67теңге.
6 жыл бойында жылдық төлем есебінен 5 млн.теңгеге қор құрылсын деп есептейік. Егер пайыздық ставка 17,5% құраса, салымшының соңғы жылға салымы түсірген пайданы анықтау. Жауабы: ПЛПРОЦ(17,5%;6;6;;5000000)= 664 811,03 теңге.
Егер несие 1 млрд. теңге мөлшерінде 5 жылға 12% жылдық пайыз көлемінде берілсе, төртінші жылға негізгі төлем мөлшерін анықтау керек. Жауабы: ОСНПЛАТ(12%;4;5;1000000000) = -221 149 339,88 теңге.
Орындалған есептер бойынша 3 жылға 17% жылдық пайыз берілсе, қарыздың 70 млн.теңгесін жабу схемасын есептеу керек. Есептеулерді кестеге енгізу керек.
Жыл
|
Қарыздың жылдың басындағы соммасы
|
Төлемнің жалпы сомасы
|
Пайыз бойынша төлемдер
|
Қарыз бойынша негізгі төлемнің сомасы
|
Жыл соңына қарыздың сомасы
|
1
|
70000000
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
2
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
3
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
0
|
Барлығы
|
Х
|
Х
|
70000000
|
|
Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 63 б. № 1, 2; 171 б.
7, 8 апталар.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Инвестицияның айналу жылдамдығын анықтау.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде ВНДОХ (ВСД), МВСД функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
периодтық түсімдер мен айнымалы мөлшерді төлеу үшін ішкі айналым жылдамдығын есептеу;
Реинвестициялаудан түскен пайда есебінен периодтық түсімдер мен айнымалы мөлшерді төлеу үшін ішкі айналым жылдамдығын есептеу;
Мысалдар:
Жоба бойынша шығындар 500 млн.теңгені құрасын деп есептейік. Күтілетін пайда қалған 4 жыл ішінде 50 млн.теңге, 100 млн. теңге, 300 млн. теңге, 200 млн. теңге құрайды. Егер пайданың нарықтық нормасы 12% болса, инвестиция айналымының жылдамдығы бойынша жобаның экономикалық мақсатын анықтау керек. Есептің графикалық интерпретациясын беріңіз.
Жауабы: А1:А6 ұяшықтары -500000000, 50000000, 100000000, 300000000, 200000000 мәнідерін құрасын. Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВНДОХ(А1:А6) = 9, 25% құрайды. Бұл нарықтық нормаған қарағанда аз, сондықтан жоба алынбау керек.
Бес жыл бұрын қарыз 1 млрд.теңге көлемінде 10 % жылдық пайызбен жобаны қаржыландыру үшін алынсын, осы жылдар бойынша пайда: 100, 270, 450, 340 және 300 млн. теңгені құрады. Бұл ақшалар 12% жылдық пайызбен реинвестицияланды. Инвестиция айналымының модификацияланған жылдамдығын табу керек. Жауабы: Жұмыс бетінде В1 ұяшығына -1000000000 және В2:В6 ұяшықтарына әрбір жылға пайда мөлшері енгізілсін деп алайық. Сонда бес жылға айналымның модификацияланған ішкі жылдамдығы келесі түрде есептеледі: МВСД(В1:В6;10%;12%) = 12,25%
Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 71 б. № 1.
9 апта.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Параметрді таңдау.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде ВНДОХ (ВСД), МВСД функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
Мысалдар:
Жоба бойынша пайда соңғы 54 жылға 50 млн. теңге, 100 млн. теңге, 300 млн. теңге, 200 млн. теңгені құрады деп күтілуде. Айналым жылдамдығы 10% қамтамасыз ету үшін бастапқы шығындар қандай болатынын анықтау керек. Жауабы: А2:А5 ұяшықтарына 50000000, 100000000, 300000000, 200000000 мәндері кірсін дейік. А1 ұяшығына шығынның күтілетін мөлшері - -300000000 болсын. В1 ұяшығына ВНДОХ(А1:А5) функциясын енгізейік. Курсорды В1 ұяшығына қойып, менюден Сервис, Подбор параметра командасын таңдаймыз және сұхбат терезені келесі түрде толтырамыз:
Нәтижесінде А1 ұяшығынан жоба бойынша шығын мәні = -489339 алынады.
Есептеуге арналған тапсырмалар: (8.1.3) 71 б. № 2.
10, 11, 12 апталар.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Таблицы подстановки негізінде инвестицияны бағалау.
Сабақ мақсаты:
Таблицы подстановки пайдалана отырып, нақты есептерді шешу кезінде EXCEL қаржылық функциясын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
бір айнымалы үшін Таблицы подстановки құру;
екі айнымалы үшін Таблицы подстановки құру;
Мысалдар:
Осы әдістемені ППЛАТ (ПЛТ) және ПЛПРОЦ (ПРПЛТ) функциялары көмегімен есептеу мысалында қарастырамыз.
Әр түрлі пайыздық ставка кезінде 3 жылға берілген 200 млн.теңге көлемінде қарыз бойынша қандай айлық төлемдер енгізу керектігін анықтау керек болсын.
Қарызды жабудың әр түрлі мерзімдері мен пайыздық ставка үшін 300 млн.теңге мөлшерінде қарыз бойынша айлық төлемді табу қажет болсын.
13 апта.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Сценарийлер диспетчері.
Сабақ мақсаты:
Сценарийлер диспетчерлері көмегімен нақты есептерді шешу кезінде EXCEL қаржылық функциясын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру.
Мысал инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу (ВНДОХ (ВСД) функциясы):
Берілген мәліметтер: жоба бойынша шығын 700 млн. теңгені құрайды. Қалған жылдарға күтілетін пайда, сәйкесінше 70, 90, 300, 250, 300 млн. теңгені құрайды. Егер пайданың нарықтық нормасы 12% құраса, инвестиция айналымының жылдамдығы бойынша жобаның экономикалық мақсатын бағалау. Сонымен қатар келесі нұсқаны млн.теңгемен (жобаға шығын минус белгісімен көрсетілген сан) қарастыру:
-600; 50; 100; 200; 200; 300;
14, 15 апталар.
Тақырып: Инвестицияның қаржылық анализі.
Амортизацияны есептеуге арналған Excel функциялары.
Сабақ мақсаты:
Нақты есептерді шешу кезінде АМР (АПЛ), АМГД (АСЧ), ДОБ (ФУО), ДДОБ, ПДОБ (ПУО) функцияларын пайдаланудың әр түрлі нұсқаларын қарастыру:
сызықты әдіспен белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу;
«сандар (жылдық) қосындысы» әдісімен берілген периодқа белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу;
тіркелген қалдықтың азаюы әдісімен берілген период үшін белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу;
қалдықты азайту әдісімен берілген периодта белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу;
кез келген таңдап алынған период үшін, сонымен қатар қалдықтың еселенген азаюы әдісімен периодтар үшін белсенділік амортизациясының мөлшерін есептеу.
Мысалдар:
Егер имуществаны эксплуатациялау мерзімі 10 жыл, ал қалдық бағасы 500 мың теңгені құраса, бастапқы бағасы 8 млн.теңгені құрайтын құралдың жылдық амортизациясының мөлшерін анықтау. Амортизацияны ксептеу кестесін әр түрлі функциялармен құру.
Амортизацияны әр түрлі әдістермен есептеу
Жыл
|
АМР функциясы
|
АМГД функциясы
|
ДОБ функциясы
|
ДДОБ функциясы
|
ПДОБ функциясы
|
Теңмөлшерлі әдіске көшумен
|
Теңмөлшерлі әдіспен көшусіз
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауабы: Функция АМР(8000000;500000;10) = 750 000,00 теңге.
Функция АМГД(8000000;500000;10;1) = 1 363 636,36 теңге —эксплуатацияның бірінші жылына.
Функция ДОБ(8000000;500000;10;1) = 1 936 000,00 теңге —эксплуатацияның бірінші жылына.
Функция ДДОБ(8000000;500000;10;1) = 1 600 000,00 теңге — эксплуатацияның бірінші жылына.
Функция ПДОБ(8000000;500000;10;0;10) =7 500 000,00 теңге — теңмөлшерлі әдіске көшумен эксплуатацияның бірінші жылына.
Функция ПДОБ(8000000;500000;10;0;10;2;1) = 7 141 006,54 теңге — теңмөлшерлі әдіске көшумен эксплуатацияның бірінші жылына.
4. студенттің өздік жұмысы
4.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.
Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:
– жасалған жұмысты көрсету;
– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;
– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;
– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.
Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.
Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
4.2.Өздік жұмыс тақырыптары:
Экономикалық объектілерді басқарудың ақпараттық жүйедегі ролі мен орны.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру принципі.
Ақпараттық технологияның құрамы мен құрылымы.
Ақпараттық технологияны құрудың принциптері мен сатылары.
Ақпараттық технологияларды құру ерекшеліктері.
Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиялары.
Басқарудың ақпараттық технологиялары.
Шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясы.
Экспертті жүйелердің ақпараттық технологиялары.
Мәліметтерді өңдеу мен сақтаудың бөлшектелген технологиялары.
Желілік құрылғылар мен коммуникация әдістері.
Есептеу желісінің топологиясы.
Желілік технология көрінісі.
Гипертекст түсінігі мен құрылымы.
Мультимедиа әдістерінің түсінігі мен дамуы.
Гипертекстжәне мультимедиа әдістерінің технологиясын пайдалану мен қолдану.
Ақпараттық технологиялардың ескіруі.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесі.
Ақпараттық технологияны ендіру нұсқасын таңдау.
Офисті автоматтандыру технологиясы.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді ендірудің мәселелері мен тиімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |