ПоәК 042-18-11 20. 84/01-2015 №1 баспа 01. 09. 2015 ж


С:Кәсіпорын жүйесінің берілген элементтерінің формасын жасау үшін арнайы форманың диалогы қолданылады



жүктеу 1,28 Mb.
бет3/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,28 Mb.
#22624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1С:Кәсіпорын жүйесінің берілген элементтерінің формасын жасау үшін арнайы форманың диалогы қолданылады.


Диалог дегеніміз бұл қандай бір ақпаратты жасау үшін және қарау үшін арнайы жасалған экранның формасы. Диалогтың көмегі арқылы бағдарлама қолданушыдан қажетті ақпаратты сұрайды немесе қолданушыға қандайда бір ақпаратты қарау үшін көрсетеді. Диалогтың терезесі экранның тіктөртбұрышты аймағы болып табылады. Ол ақпаратты шығаруға және басқаратын элементтерді көрсетуге мүмкіндік туғызады. Диалогты тағайындау - қолданушыға ақпаратты шығару мен қараудың ыңғайлы формасын ұсынады.

Формалардағы ақпаратты жасау үшін диалог редакторының келесі типтегі элементтері қолданылады:


Кесте 1 – Элементтер жиынтығы




• мәтін;

• шығару өрісі;

• көп жолдың бөлігі(кесте);

• тізбек;

• тізім;

• кестенің мәні;

• тізбегі бар өріс;

• флажок;

• батырма;

• сурет;

• шекара.



Мәтін. Диалогтың экранында мәтінді шығаруға көмектеседі. Мәтіндік өріс статистикалық немесе ақпараттық болуы мүмкін. Статистикалық мәтіннің өрісінің мазмұны ақпаратты диалогқа енгізгенде өзгермейді. Ақпараттық мәтіндік өрісте әртүрлі ақпарат шығарылуы мүмкін және оның мазмұны диалогпен жұмыс жасағанда өзгертілуі мүмкін.


Шығару өрісі. Шығару өрісі ақпаратты енгізгеннен кейін ол сақталып, өңделуі үшін қолданылады.

Көп жолдың бөлігі(кесте). Көп жолдың бөлігі(кесте)— ақпаратты кестеге енгізілуін ұйымдастыратын арнайы диалогтың элементі.

Тізбек. Кестемен байланысты арнайы элемент, көп сатылы тізбек құрылымы ретінде ұсынылады. Мысалы: Тауарлардың көпсатылы анықтамалықтары.

Тізім. Тізім элементі қолданушыға тізімдердің мәнің көрсету үшін және олардың біреуінің мәнің таңдап алуға арналған.

Кестенің мәні. Бұл элемент кестенің мәнің ұсыну үшін қолданады.

Тізбегі бар өріс. Бұл элементтің атқаратын қызметі тізім элементімен бірдей болып келеді. Айырмашылығы бұның таңдау батырмасы бар.

Флажок. Бұл элемент қолданушыға қосу/сөндірудің мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.

Батырма. Бұл элемент стандартты батырманы жасауға көмектеседі. Батырма қандай да бір процедураны орындауға мүмкіндік туғызады.

Сурет. Сурет элементі диалогтың терезесінде суреттің орналасуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент ешқандайда функционалдық жүктемені меңгермеген, тек қана рәсімдеу үшін қолданылады.

«Шекара» элементі басқа элементтерді қоршаған шекара салады. Ол арқылы терезенің атың жасауға мүмкіндік беріледі.


Бақылау сұрақтары:
1) Құжаттың модулі дегеніміз не?

2) Нумератор дегеніміз не?

3) Нумератордың негізгі міндеті не?

4) Диалог дегеніміз нені білдіреді?

5) Мәтіндік өрісті қалай түсінесің?

6) Шығару өрісі дегеніміз не?



8 Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартында (БЕҚС)

желілік технологияларды қолдану
8.1 Желінің физикалық құрылымы

1С: Кәсіпорын жүйесін орнатудың бірнеше варианттары жіберіледі: локалдік орнату, әкімшілік орнату, желілік орнату.

Локалдік орнату 1С:Кәсіпорынның бір қолданушы үлгісінің варианты болып табылады.

Әкімшілік орнату кезінде локалдік желінің серверінде каталог құрылады, оған 1С: Кәсіпорын дистрибутивінен керекті файлдар көшіріледі. Оларды көшірудің мақсаты: біз бұл каталогтан SETUP.EXE программасын жіберген кезде 1С: Кәсіпорынның желілік орнатудың немесе локалдік орнатудың процедураларын істеуіміз керек. Бұл кезде менюде, жүйелік каталогта, орнату программасы жіберілген компьютерде ешқандай өзгерістер болмайды.

Желілік орнату әкімшілік орнату кезінде құрылған каталогтан SETUP.EXE программасын жіберу кезінде істелуі мүмкін. Желілік орнатудың локалдік орнатудан айырмашылығы:

- желілік орнату кезінде қолданушының комьютеріне 1С: 1С: Кәсіпорын жүйесін жүйесінің бағдарламалық файлдары көшірілмейді.

Желілік орнату қолданған релизге байланысты екі желілік режимдерде жұмыс істеуге негізделеді: Net – релиз (файл- серверлік жүйені құрады) және SQL – релиз (клиент- серверлік жүйені құрады).

Файл- серверлік принципте негізделген мәліметтерді өңдеуді жұмыс станциясы жүргізеді, ал сервер қосымша дисктік құрылғы қызметін атқарады. Есепті орындау кезінде барлық мәліметтер қоймасы немесе оның бөлігі желімен жұмыс станциясына өткізіледі және онда жұмыс станциясының процессорымен өңделеді.



Осы жүйенің жұмыс істеу жылдамдығы өңделген мәліметтер қоймасының көлеміне байланысты. Ол мәліметтер қоймасының көлемі 200-300Мб – тан асқан кезде дұрыс жұмыс істемей қалады, ал 1Гб – ке жеткен кезде тіпті істен шығады.

Кесте 2 – Байланыс жүйелері

Диалогты шақыру үшін конфигуратордың барлық ашық терезелерін жабу керек және Конфигуратрдың басты менюінің «Операциялар» менюінен "Распределенная ИБ — Автообмен" пунктін таңдау керек.

Автообмен (Автоауыстыру) диалогі әрбір перефирийлік ақпараттық база үшін тиеу (загрузка) және түсіру (выгрузка) белгілерін орнатады және автообменді орындайды.

Диалогты жіберген кезде қандай ақпараттық базаларға тиеуді және түсіруді істеу керегі анықталады және олар тиеу және түсіру тізімдерінде белгіленеді.


8.2 Монитор режимі
1С: Кәсіпорын жүйесінің желілік версиялары жұмыс кезінде желіде трафик құрады. Қазіргі кезде белгілі желілер Ethernet (жіберу қабілеттілігі 10 МБит/с) және Fast Ethernet (100 МБит/с). Ethernet және Fast Ethernet жақсы мінездемелердің қамтамасыз етуі үшін бір локалді желіде қосыла алады.

Қолданушы мониторы 1С: Кәсіпорын жүйесін желілік режимде әкімшілік ету үшін арналған қосымша құрылғы болады.

Монитор белсенді қолданушылар тізімін қарауға рұқсат береді, яғни сол уақытта ақпараттық базамен жұмыс істеп отырған қолданушылармен. Сонымен қатар, монитор әр уақыт кезеңдерінде қолданушылармен орындалатын әрекеттерді тіркейтін журналын талдауды рұқсат етеді (қолданушылар жұмысының тарихы).

1С: Кәсіпорын –да қолданушы мониторы жіберудің 2 режимінде қолданылады. Қолданушылар мониторының негізгі функциялары (белсенді қолданушылар тізімін және тіркеу журналын қарау) «1С:Кәсіпорын» жіберу режимінен шақырылуы мүмкін. Сонымен қатар «Монитор» жіберудің аранайы режимі бар, ол қолданушы мониторының функцияларына рұқсат береді. Негізгі функциялардан басқа «Монитор» режимін жіберген кезде тіркеу журналының тарихын архивациялау орындалады.

8.3 1С: Бухгалтерияның клиент- серверлік өткізуі
Қарапайым файл- серверлік жүйе ақпарат көлемді болғанда жұмыс жасалмайды ( ақпарат көлемі 1Г Байтқа дейін болуы керек). Клиент серверлік жүйенің негізгі ерекшелігі және артықшылығы осыдан тұрады: олар файл серверлік жүйе жұмыс жасай алмайтын көлемдегі қоймалар қорымен жеткілікті жылдамдықпен жұмыс жасайды ( « жұмыс жасай алмайды » оның қызметтілігі сонымен қатар жылдамдығы да комерциялық қосымша үшін жеткіліксіз деген мәнде ).

Мұнда SQL серверлік жүйе үшін 100Мбит қабілеттілікпен жіберу міндетті емес. SQL сервермен жұмыс жасағанда жұмыс стнциясы қойма дерегін өзіне желімен көшірмейді. Ол жай желі бойынша серверге жеткілікті шағын сұраныс жібереді, сұраныс орындалатын. мысалы таңдау жүргізеді және сұраныстын қорытындысын кері жұмыс станциясына жібереді.

Осылай, қойманы көшірмегендіктен трафик желі бойынша біраз төмендейді, ал желі бойынша тек сұраныс пен оның орындалу нәтижесі ғана жіберіледі.

Енді сервермен SQL-жүйесінде не болатынын қарайық. Алынған жұмысты өзі орындайды, сондықтан егер SQL-жүйемен 10 пайдаланушы жұмыс жасаса, онда серверге бір уақытта 10 қолданушы жұмыс жасап жатқан бағдарламаның 10 данасын жібергенмен бірдей бұл сол секілді ( мысалы, 1С—тің 10 локалдық көшірмесі ). Мұндай жүйелер үшін көп процессорлық нұсқадағы RISC процессормен компьютерлерді қолдану керек (SUN Microsystems өнімінің біреуін ). Және де, деректермен жұмыс жасау көлемі ГИГАБАЙТ ондығына жету мүмкін. Өйткені деректер жұмыс орнында орналасқандықтан, сервердің дискінде оларға қол жеткізу өте жылдам, келесі өңдеу үшін желі бойынша жіберуді талап етпейді. Барлық сұраныстар серверге түседі, қарапайым файлды , сұраныстарды тиімді орындау және оларды жою бойынша көптеген мүмкіндіктер бар. Бұл мүмкіндіктер MS SQL Server-дің бағдарламалық қамтамасыздандыруында тағайындалған, «1С» тен қолданушылардан қолданушы бағдарламаның бір бөлігін осы мүмкіндіктерді толық мөлшерде пайдалананып жазу керек.


8.4 1С клиент-сервердің қосымша артықшылықтары
Сенімділік. Клиент- серверлік жүйе транзакциялармен қоса жұмыс істейтін механизм,сонымен қатар олардың шегінуібар. Файлда -1С бағдарламасының серверлік болжамаларында транзакциялармен жұмысжасау механизмі бар.бірақ оларды іске асыру әдістерінде біраз айырмашылық бар. Файл- серверлік болжамдарында транзакция механизмі жұмыс станцияларының бірінде келеңсіз жағдайдың дұрысталғанына дейін барлық мәлметтер қоймасына бітеу жасағандай болып келеді. Транзакцияны бастаған қайта келтіру тек жұмыс станцияның жұмысқа жарамдығы жағдайында ғана мүмкін. Клиент- серверлік жүйеде бұл механизм біраз қиын (SQL-сервердің бағдарламалық қамтамасыздан-дыруында іске асатын – біздің жағдайда MS SQL Server 6.5 ). Ол транзакцияның басында мәліметтер қоймасының бекіту жасаусыз, мәліметтер қоймасынан қима алуға мүкіндік береді. Мұндай қималар өте көп болуы мүмкін: әр жұмыс станциясы үшін- өзінікі. Тарнзакциянының алдында Жұмыс станциясының тоқтап қалуы болған жағдайда транзакция қарапайым түрде көшіріліп алынуы мүмкін (яғни транзакция болдыртқанға дейінгі мәліметтер қоймасы сол күйінде қалпына келтірілуі мүмкін ). Көшіру жұмыс станциясының сұранысы бойынша ( оның жұмысқа жарамдығы сақталған уақытта ) немесе жұмыс станциясын қайта іске қосқаннан кейін, немесе SQL- жүйесінің жетекшісімен іске асырылады.

Осылай жұмыс станциясының істен шығуы мәліметтер қоймасын толық сақтап қалуы үшін онша қауыпты емес. Одан басқа SQL- жүйесі транзакция журналы деп аталатын журнал жүргізеді. Мәні бойынша мәліметтер қоймасы оның бастапқы түрінде және транзакция журналына жазылған өңделген түрінде сақталады. Сақтаудың бұндай түрі барлық жүйенің жұмыс жасауы барысында мәліметтер қоймасын мұрағаттауға жасауға мүмкіндік береді. Мәліметтер қоймасының жағдайы мұрағатауға дейінгі кезінде белгінеді, бітпеген транзакциялар қалдырылады, ал негізгі қойма және аяқталған транзакциядан тұратын транзакция журналының бөлігі мұрағатқа жазылады. Мұрағаттау үрдісі оңай автоматтандырылады, яғни оператордың болуы міндетті емес, өйткені SQL- серверде ол үшін қосымша құрылғылар бар.

Қорғаныс. Жалпы мәліметтердің сақталымдығы көп шамада қолбалы есептерден тәуелді (1С- сатудан немесе 1С- есеп беруден ), бірақ кез келген жаңа бастаушы хакер жай ғана паролін тауып алатын әдеттегі нұсқамен салыстыру бойынша клиент- серверлік нұсқада мәліметтерді қорғау SQL- сервермен ұсынылатын құрылғыларға сүйенеді

Қолданғанда иілгіштігі (икемділігі ). SQL-сервердің негізіндегі жүйелерондаған тіті жүздеген қолданушыларға қиын желілік конфигурациялар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда жасаушыға жүйені тиімдеу үшін, оны қиындықтары бойныша топтарға және қарау мүмкіндік әдісіне қарай бөлуге көптеген мүмкіншіліктер беріледі. Серверлер- репликаторлар, мысалы жойылған офистары, қоймалары бар тармақталған жүйелі үлкен ұжымның есеп жүйесін ұйымдастыру үшін жақсы механизм береді. Мұндай жүйедегі жұмыс қазіргі уақытта мәліметтерді синхрондау және орынын ауыстыру үшін үзіліссіз 32- 128Кбит тұрақты байланыс каналдарын ұйымдастыру үшін қажетбіздің телефондық сымдарында іске асырылады және онша қымбат емес ( әрине ірі бірлестіктің масштабында ).

SQL 1С болжамының жетіспеушілігі- бұл құны. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың құны ғана емес және ол жұмыс жасайтын темір құны және қызмет жасау құны. Не істеуге болады- SQL бұл жоғары технология өнім. Ал жоғары технологиялық өнім әдетте қымбат болады және сауатты қызметкермен іске асырылуы керек, сондықтан SQL жүйеменсауатты жұмыс жасауға қабілетті жүйелік жетекші қарапайым файл- серверлік жүйе үшін маманнан қарағанда қымбат болып келеді.
8.5 MS SQL Server- мен байланыс үшін желілік хаттама таңдау
1С жүйесімен жұмыс жасау барысында С: SQL үшін Кәсіпорын MS SQL Server- дің мәліметтер қоймасының серверімен байланыс үшін қолданылатын желілік хаттама 1С: 1С: Кәсіпорын жүйесінің өнімділігіне үлкен әсер етуін ескеру қажет жұмыс станциясына Microsoft Data Access немесе MS SQL Server- дің клиенттік бөлігі орналастырған кезде MS SQL Server енгізу үшін Named Pipes- желілік хаттама таңдалады. Бұл хаттама ешқандай қосымшаларды талап етпейдіжәне тәжірибе көрсеткендей әр түрлі желілік конфигурацияларда тұрақты және сенімді жұмыс жасайды. Бірақ оның жетіспеушіліктері бар: ол желіні қатты жұмысқа толтырады, басқа қолданушыларға жұмыс жасауға кедергі жасайды және басқа хаттамалардың жұмыстарын ұстайды, әсіресе, егер жұмыс станциялары ретінде опрациондық жүйесі Windows 95/98 басқарылатын компьютерлер қолданылса.

MS SQL Server- мен байланыс үшін NWLink IPX/SPX және TCP/IP хаттамалар кеңінен қолданылады. Өнімділігі бойынша бұл хаттамалар бір- бірінен ( TCP/IP бірнеше жылдамырақ )ажыратылмайды және конфигурациялық желіден олардың біреуін таңдаға болады. Жұмыс хаттамасын таңдау "Client Network Utility"(SQL Server 7.0 )- тың көмегімен іске асырылады.

Сондықтан SQL 1С:Предприятие жүйесінің жұмысының жылдамдығы төмен деген шағым болған жағдайда MS SQL Server- мен байланыс үшін қалыпты өнімді қамтамасыздандыратын хаттаманың болуын көз жеткізу қажет. Біршекті Win95желісі үшін NetBIOS ( NetBEUI,а IPX/SPX) хаттамасы тиімді нұсқа болып келеді. Желі өзі өте жылдам жұмыс жасайды және хаттама оңай тағайындалады. Жалғыз жетіспеушілігі NetBIOS көпсегменттік желі бойынша аралап жүре алмайды, бірақ бұны жетіспеушілігі деп атау қиын. Егер бір желіде 6-7 компьютер қолданылса олар барлығы сервердің ролін атқаратын компьютерге кіру рұқсаты болуы керек.
Бақылау сұрақтары:


  1. 1С: Кәсіпорын жүйесін орнатудың бірнеше варианттарын атаңыз?

  2. Әкімшілік орнату кезінде локалдік желінің серверінде не құрылады?

  3. Желілік орнату қолданған релизге байланысты екі желілік режимдерде жұмыс істеуге негізделеді. Атаңыз?

  4. 1С: Кәсіпорын –да қолданушы мониторы жіберудің неше режимінде қолданылады?

  5. Мұрағаттау үрдісі оңай автоматтандырылады, яғни оператордың болуы міндетті емес, өйткені SQL- серверде бұл үшін нелер бар?

3 Практикалық жұмыстар
Практикалық жұмыс №1. Кадрлық есептің жүйесі
Мақсаты: Кадрлық есептің кіші формасын құрастыру.

Қазір біз кәсіпорын қызметкерлерінің кадрлық есебінің кіші-жүйесін құрамыз. Ол қызметкерлерді жұмысқа алуға, жұмыстан шығаруға және кадрлық құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Әр конфигурация жеке каталогта (папкада) сақталуы керек.



  1. Кез-келген дискіде жаңа папка құрыңыз, мысалы, «С:\Ваша фамилия»

  2. 1С:Предприятиені жіберіңіз. Ақпараттық базаның тізімі ашылады.

1С:Предприятие бір компьютерде бірнеше базамен жұмыс жасай алады. Мысалы, бір базады кадрлық есеп жүргізіледі, келесі базада – тауар тіркелімі, үшіншісінде – А фирмасының бухгалтерлік есебі, төртіншісінде – Б фирмасының бухгалтерлік есебі жүргізілуі мүмкін.

  1. Добавить батырмасын басыңыз. База тізімінде көрсетілетін ақпараттық базаның атын көрсетіңіз, мысалы, «Ваша фамилия». Базаның атауы әр түрлі болуы мүмкін, ол ештеңеге тәуелді емес.

  2. Келесі алаңда сіз 1-ші қадамда құрған папкаңыздың жолын көрсетіңіз. «...» батырмасын басыңыз, папкаға кіресіз және Выбрать батырмасын басыңыз.

Папка компьтердің локальді қатты дискінде орналасуы мүмкін, мысалы «С:\KADR» немесе желідегі басқа компьютерде, мысалы, «\\Server\KADR».

  1. ОК басыңыз. Ақпараттық базалар тізімінде жаңа жол пайда болады. Оны өзгерту үшін Изменить батырмасын басуға болады. Мысалы, ақпараттық базаны басқа жерге көшірсеңіз немесе ақпараттық базаға басқа атау бергіңіз келсе. Тізімнен ақпараттық базаны алып тастау үшін Удалить батырмасын басу керек. Бұл жағдайда ақпараттық база тізімнен ғана жойылады, бірақ дисктен жойылмайды.

  2. Конфигуратор жұмыс жасау режимін көрсетіңіз.



Сурет 1 – 1С:Кәсіпорынының режимдерінің формасы
1С төрт түрлі режимде жұмыс жасай алады:

  • Предприятие – ақпараттық базаны пайдалану режимі. Бұл режимде кәдімгі қолданушылар жұмыс жасайды, берілгендерді енгізеді, есептерді басып шығарады, т.б. Бұл режимде конфигурация құрылымын өзгертуге болмайды.

  • Конфигуратор – конфигурлеу режимі (программалау). Бұл режимде программистер жұмыс жасайды, жаңа анықтамалықтар, есептер құрады, бағдарламалық модульдер жазады. Бұл режимде ақпараттық базаға берілгендерді енгізуге болмайды.

  • Монитор – берілген уақытта ақпараттық базамен жұмыс жасап отырған қолданушыларды қарап отыру режимі. Ақпараттық базамен жасалатын барлық операциялар тіркелу Журналында тіркеледі. Монитор режимінде нақты объектте нақты қолданушылардың жасап жатқан барлық операцияларының протоколын алуға болады, сонымен қатар фильтрдің басқа да шарттарын қоюға болады.

  • Отладчик – программистерге арналған режим, олардың программада бір жұмыстары орындалмай жатса. Осы жерде программаның қадам бойынша қалай орындалатынын қарауға болады. Бұл жағдайда программа Предприятие режимінде жүргізіледі.

  1. Базаны конфигуратор режимінде жүргізу үшін ОК-ді басыңыз.

  2. Құрылған папкада әлі ештеңе болмағандықтан, 1С берілгендер базасы қандай форматта сақталатындығын сұрайды: DBF немесе SQL-Server файлдарында. «DBF файлдары» форматын көрсетіңіз және ОК батырмасын басыңыз.



Сурет 2 - «DBF файлдары» формасы


  1. Конфигуратор іске қосылады. Біз өте жиі жұмыс жасайтын Конфигурация ағашын ашыңыз. Ол үшін Конфигурация мәзірін басыңыз => Конфигурацияны Ашу немесе батырмасын басыңыз. Конфигурация ағашының терезесі ашылады. Оған ыңғайлы өлшем беріңіз.



жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау