ПоәК 042 14-3-04. 91-2009 Басылым №1 30. 09. 2009



жүктеу 198,17 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі198,17 Kb.
#14279

ПОӘК 042 – 14-3-04.91-2009

Басылым № 1 30.09.2009

беттің - -сі



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



СМЖ 3 деңгейлі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-04.91-2009



ПОӘК

«Табиғатты пайдалану экономикасы» пәнінің

студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы


Басылым № 1

30.09.2009


Табиғатты пайдалану экономикасы” пәнінен

050731 мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Оқу-әдістемелік кешен
Пәннің студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы

Семей 2009





  1. Дайындалған

Дайындаған Шәкәрім атындағы СМУ ҚЭФ–нің «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушысы Орынбаева А.Ж.

«_____» _________________ 2008 жыл.

2. ҚАЙТА БЕКІТІЛГЕН

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының отырысында.

«_01__ »___09___ 2011 ж. №1 хаттама


Кафедра меңгерушісінің м.а., э.ғ.к. __________________Л.З. Паримбекова
2.2. Экономика және бизнес факультетінің Оқу- әдістемелік Кеңесінің отырысында.

«___21__ »__09__ 2011 ж. № 1 хаттама

ОӘК төрағасы ___________________ М.Х. Айдарханов
Факультеттің Оқу Кеңесінің мәжілісінде талқыланған,

хаттама № 1, 30 қыркүйек 2011 ж.

Факультеттің Оқу Кеңесінің төрағасы ___________ Кожагелдиев Б.К.

БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу - әдістемелік Кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.

30.09.2009ж № _1_ хаттама

ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ А.А. Молдажанова

Мазмұны


1. Жалпы жағдай

2. Студенттерге арналған пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар

3. Курс бағыты және саясаты

4. Студенттер білімдерін бағалау саясаты

5. Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу

6. Студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны

7. Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигі

1. Жалпы жағдай
1.1. Оқытушы мен пән жөнінде жалпы мәліметтер

Орынбаева Атлас Жолбековна

«Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушысы

Жұмыс телефоны– 53 – 03 – 16 , №8 оқу корпусы, ауд. – 206

кафедрада болу уақыты күнделікті 800-1300.
Сабақ өткізу орны – №8 оқу корпусы

Пән атауы – Табиғатты пайдалану экономикасы

Кредит саны – 2+1
1.2. Оқу жоспарынан көшірме

Кесте 1



Курс

Семестр

Кредит

Дәріс

Семинар

(практ. сабақтар)



СОӨЖ

Білімді

бағалау


Барлығы

Бақылау формасы

(семестр)



4

8

3

15

30

45

45

135

Емтихан

1.3. Курсқа қысқаша сипаттама.

Қазіргі кезде «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәні экологиялық-экономикалық мәселелерді шешуде басты роль атқарады. Бұл пәнді оқып-үйрену барысында болашақ мамандар нарықтық экономика жағдайында жақсы нәтижелерге қол жеткізу мүмкіншілігіне ие болады.

1.4. Бұл курстың мақсаты болып студенттерге табиғатты пайдалануда рационализациялаудың міндеттерін шешудің оңтайлы жолдарын табуды, табиғатты қорғау бойынша шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеру жолдарын анықтауды үйрету табылады.

1.5. Пәнді оқытудың басты міндеттері:

- студенттерге табиғатты пайдаланудың экономикалық аспектілері бойынша білім беру;

- ресурстарды рационалды түрде пайдалану мәселелерін оқыту;

- табиғи кешендердің бір-бірімен байланысы мен бір-біріне тәуелділігін анықтау.

1.6. Пәнді оқу барысында студент білуі керек:

Табиғатты пайдаланудың негізгі аспектілерінің байланысын: техникалық, экономикалық, әлеуметтік-саяси;

Табиғатты пайдаланудағы негізгі экономикалық заңдардың ерекшеліктерін, табиғи-техногенді кешендердің қалыптасуы мен әрекет етуінің экономикалық мәселелерін меңгеру;

Қазақстандағы табиғатты қорғау қызметін реттейтін заңды актілерді іс жүзінде қолдану;

Табиғатты пайдаланудағы мәселелі жағдайларды түсіну және талдау;

Негативті антропогенді әсерлерден болатын экономикалық шығындарды бағалауды үйрену.

1.7. Курстың пререквизиттері: «Экономикалық теория", "Экономиканы мемлекеттік реттеу", "Статистика", "Менеджмент", "Маркетинг."

1.8. Курстың постреквизиттері: Агробизнес, Өңдеу кәсіпорындарының экономикасы, Дайындаулар экономикасы


2. Студенттерге арналған пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар
Аудиториялық дәрістік курс студенттер білімін жүйелейтін негізгі және маңызды материал болып табылады.

Дәріс – пәннің логикалық түрде жүйеленген теориялық сұрақтарын қарастыруға негізделген оқу сабағының формасы.

Дәрістің негізгі атқаратын ролі барлық оқу сабақтарының, соның ішінде студенттердің өзіндік жұмыстарының бағыттарын, негізгі мазмұны мен сипатын анықтай отырып, ғылыми білімнің негізін салу. Пәнді дұрыс игерудің шарты болып практикалық (семинар) сабақтарын жүргізу табылады.



Практикалық сабақ – студенттердің өз бетімен жұмыс атқару қабілетін арттыруға бағытталған оқу сабағының бір түрі. Практикалық сабақтар семинар түрінде өткізіледі, ол студенттердің ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау қабілетін, көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін арттырады.

Практикалық (семинар) сабақтары жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің жүйелі түрде сабаққа дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, есептер шешу арқылы теориялық білімді нығайтуды талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің қиын сұрақтарын терең түрде зерттеуге мүмкіндік береді және студенттердің өзіндік жұмысының қорытындысын шығарудың негізгі формасы блып табылады. Осы сабақ түрлерінде ғана студенттер мәселелерді дұрыс жеткізуді, өз ойлары мен пікірлерін еркін түрде айтуды үйренеді. Осының барлығы қазіргі заман маманына қажетті әдіс – тәсілдерді үйренуге мүмкіндік береді.

Студенттер барлық жұмыстарды белгіленген уақытта орындап, тапсырулары керек. Уақытынан кешігіп өткізілген жұмыстар төмен бағамен бағаланады. Курстың тақырыптарын қарастыру барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қолдануы керек. Сонымен қоса, студент келесі баспа материалдарында берілген қосымша мәліметтерді қарастыруы керек: Қаржы-қаражат, Вопросы экономики, Транзитная экономика, Информационный бюллетень, Статистические сборники, Вестник Каз НУ имени Аль-Фараби, АльПари, т.б.

Жұмысты орындау барысында келесі ережелерді сақтау керек:


  • Жұмыс сұрақтары әдістемелік материалда беріледі;

  • Жұмысты оқушы дәптерінде немесе альбом беттерінде, жазу тәртібіне сай орындау қажет;

  • Жұмыс басында мазмұнын немесе жоспарын көрсету керек

  • Жұмыс соңында оны жазу барысында қолданған әдебиеттердің тізімін беру керек.

Әдістемелік нұсқау талаптарына сәйкес жазылмаған жұмыстар қайта жетілдіруге қайтарылып беріледі.

ОСӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәнін оқу барысында әрбір студент ОСӨЖ орындауы қажет. Олардың бірі – эссе.

Эссе тақырыбын оқытушы өзі береді немесе студент берілген тақырыптар арасынан өзі таңдап алады. Эссені жазу мақсаты таңдалған тақырыпты кеңінен қарастыру. Эссе жазу барысында студент берілген материал төңірегінде ғана емес, сонымен қатар арнайы сұрақтармен, статистикалық материалдармен жұмыс істеуі керек, берілген сұрақтың басқа мәліметтермен, сұрақтармен байланысын көрсетуі керек. Студент эссені дайындау үшін барлық ақпарат көздерін пайдаланады, соның ішінде Интернет жүйесіндегі мәліметтерді де сілтемелер жасай отырып қолданады. Егер ұсынылған мәселе бойынша бірнеше көзқарас болса, онда олардың барлығын аргументтей отырып, келтіру керек.

Егер ұсынылған тақырып сандық көрсеткіштерді талап ететін болса (нарық параметрлері, сегмент параметрлері, қатысушылар саны және т.б.), онда ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, соңғы мәліметтерді берген дұрыс.

Кейбір тақырыптарды зерттеу экономикалық немесе қаржылық талдау жүргізуді талап етеді, мұндай кезде эсседе талдау қорытындысы ғана көрсетіледі және соның негізінде жасалған маңызды элементтер келтіріледі.

Эссе мәтінін екі түрлі әдіспен бейнелеуге болады: қолжазба түрінде немесе машинада басу арқылы. Эссе А4 таза ақ қағазының бір жақ бетіне жазылады. Қойылатын талаптар: сол жағынан – 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, астыңғы және үстіңгі жағынан – 20 мм қалдыру керек. Абзац - 15-17 мм. Бөлім атаулары астыңғы және үстіңгі жақтарынан бір арқылы бөлініп тұрады.

Қолжазба түрінде жазылған текст шарикті қаламмен, ұғынықты жазумен жазылуы керек. Әр-бір беттте 28-30 жол болуы керек. Мұндай жазу барысында № 3 трафарет қолданылады. Эссенің жалпы көлемі 6 беттен кем болмауы керек. Жазу барысында бетті шимайлауға, сөздерді сызуға, үстінен жазуға, өшіруге болмайды. Сонымен қоса, жалпы қолданыстағы сөздерден басқа сөздерді қысқартуға рұқсат етілмейді.

Компьютерде басылған эссеге қойлатын талаптар: Microsoft Word, шрифт KZ Times New Roman, размері 14, бірлік интервал. Эссе көлемі 4- 5 бет . Беттерді жоғарғы оң жақ бұрышта белгілеген жөн.

Эссе басында оның мазмұны немесе жоспары жазылады, ал соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.



Соңында қосымша тігілуі мүмкін, олар текст беттеріне саналмайды (статистика мәліметтері, графиктер, сызбалар, кестелер және т.б.)
3. Курс бағыты және саясаты
10 тақырып түгелдей «Табиғатты пайдалану экономикасы» курсының барлық тақырыптарын қамтиды. Пәннің оқу жоспары бойынша 45 аудиториялық сағат, оның ішінде 30 сағаты дәріске, ал 15 сағаты сарамандық (лабораториялық) сабаққа бөлінген.
Пән бойынша қойылатын талаптар

Сабаққа қатысу: Университет ережелері бойынша студент үштен артық сабақты босатпауға тиіс. Егер студент үштен артық сабақ босатса (барлық себеп бойынша), бұл жағдайда оқытушы студентке берілген пән және бүкіл оқу бағдарламасы бойынша оның босатылғаны жөнінде ақпараттауға міндетті.

Сабаққа кешігу : Әр екі кешігу (кез келген себеп бойынша) толық 1 сабақты босатқанға тең болады.

Тапсырмаларды орындау және емтихан тапсыру: Студенттер міндетті түрде өзіне берілген тапсырмаларды өздері орындап жүруі қажет. Біреуден көшіру, оқытушыны кез келген түрде алдау сияқты тәртіп бұзу берілген студентті университеттен шығаруға негіз ретінде бола алады.

Ұялы телефондар студент аудиторияда отырған кезде міндетті түрде өшірілуі тиіс. Бұл ережені бұзу этикалық тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады..

Егер студенттерге берілген тапсырмалар белгіленген уақыттан кейін тапсырылса, олар қабылданбайды немесе әр кешіккен күн үшін 5 балл алынады.

Студенттер жазбаша жұмыстарды орындағанда, Шәкәрім атындағы университеттің компьютерлерін қолдана алады (арнайы бөлмелерде)

Студентте кітапханада жұмыс істеуге немесе кітапты үйге алып дайындалуға құқығы бар (сәйкес ережелерге қарай).
4. Студенттер білімдерін бағалау саясаты
Студенттер білімдерін бағалау шкаласы


Бағаның әріп арқылы эквиваленттері

Баға

балл

Пайыз

(%)

1

2

3

4

А

Ең жоғарғы баға

4.00

95-100

А-

өте жақсы

3.67

90-94

В+

жақсы

3.33

85-89

В

жақсы

3.00

80-84

В-

жақсы

2.67

75-79

С+

қанағаттанарлық

2.33

70-74

С

қанағаттанарлық

.2.00

65-69

С-

қанағаттанарлық

1.67

60-64

С+D+

өту балы

1.33

55-59

D

ең төмен өту балы

1.00

50-54

F

ең төмен

0.00

0-49

I

аяқтамаған

NA




W

босатылған

NA




AW

әкімішіліктік босату

NA



P


өтті (тек соңғы тестке)

NA

0


Әртүрлі жұмыстарды бағалау белгілері:

Жұмыс түрлері

Балл (бір жұмыс үшін)

Барлығы

Сабаққа қатысу (әр сабақ үшін)

0,5

23

Семинарларда жауап беру (әр сабақ үшін)

4

28

Практикалық есеп шығару (әр тапсырма үшін)

5

40

Үй тапсырмаларын орындау (әр тапсырма үшін)

5

65

Реферат

10

20

Қосымша жұмыс үшін (конференцияға қатысу, семинарда белсендік көрсету, қосымша реферат жазу)

9

9

Шекті бақылау жұмыстары

10

20

Соңғы емтихан

75

75

Барлығы:




280



5. Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу
Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу (тақырыптық жоспар)




Тақырып аты

Сағат саны

Дәріс

сарамандық

СӨЖ

1

Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.

1

2

1,5

2

Экологияның ғаламдық проблемалары.

2

4

1,5

3

Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы.

1

4

3

4

Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары.

1

2

2

5

Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.

2

2

1,5

6

Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі мен дамуы.

1

4

2

7

Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері

2

4

3

8

Жер ресурстары. Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы

1

4

2

9

Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану

2

2

3

10

Табиғат ресурстары үшін төлемдер

2

2

3




Жиыны

15

30

22,5



6. Студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны

    • Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.

    • Экологияның ғаламдық проблемалары.

    • Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы

    • Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары

    • Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.

    • Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі мен дамуы.

    • Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері

    • Жер ресурстары.

    • Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы

    • Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану

    • Табиғат ресурстары үшін төлемдер




  1. Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигі






Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Бақылау формасы

ЖАЖ

ЖАЖ

ЖАЖ

АБЖ


ЖАЖ

ЖАЖ

ЖАЖ

ЖАЖ

РБ1


ЖАЖ

АБЖ

ЖАЖ

ЖАЖ

ЖАЖ

ЖАЖ

ЖАЖ

АБЖ


ЖАЖ РБ2

2

Баллдары

1

1

1+4

1

1

1

1+6

1

4

1

1

1

1

1+4

1+6






Студент сабағы мен жұмысының түрлері

%

Баллдары

1

Сабаққа қатысу

10

6

2

Практикалық сабақта жауап беру

25

15

3

Жазбаша аналитикалық жұмыс (ЖАЖ)

(ғылыми жұмыс, реферат, сызба, кесте, график, слайд, сөз жұмбақ, эссе, презентация жасау)



25

15

4

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау (АБЖ), ОСӨЖ орындау графигі бойынша

20

12

5

Рубеждік бақылау №1

10

6

6

Рубеждік бақылау №2

10

6




ЖИЫНЫ

100

60






жүктеу 198,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау