3. Жұмыс күші адам-күн (ад-күн) және адам-сағатта (ад-сағ) есепке алынады. Ад-сағ жұмыс күші уақытының есебі тек негізгі қызметтің орта тізімдік санында есепке алынған жұмысшылар бойынша жүргізіледі.
Жұмысқа келетін және келмейтіндердің табельдік есебі ад-күн әрбір категориясындағы жұмысшылардың жұмысты өтеген орта саны туралы анық ақпарат қамтамасыз етеді.
Фактты өтеген адам-күн деп жұмысшының жұмысқа келуі және жұмыстың ұзақтылығына тәуелсіз жұмысқа кірісуі есептеледі (іссапарда болған күн жұмыс күні болып табылады). Күн бойы тұрып тұрған адам-күн адамның жұмысқа келіп, бірақ тұру себебі бойынша жұмысқа кіріспеу болып табылады.
Егер адам-күн календарлық қорынан мейрам және демалыс күндеріне байланысты келмей қалуларды шығарса, онда жұмыс уақытының табельдік қоры болып шығады (ТҚ). Егер адам-күн табельдік қорынан кезек демалыстарға байланысты келмей қалуларды шығарса, онда жұмыс уақытының максималды мүмкін қоры болып шығады (ММҚ).
Адам-күнде жұмыс уақытын қолдану ағымдағы жұмыс күнінің жұмыс уақытын пайдалану туралы толық ұсынысын бере алмайды, сондықтан адам-сағатта мынадай жұмыс уақытын жоғалту бар: ішкі ауысымды тұрулар, жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан ерте кету.
Өтелген ад-сағ нақты жұмыс сағаты есептеледі. Жұмыс тәртібіне қарай өтелген адам-сағат тағайындалған және тыс тағайындалған деп бөлінеді. Тыс тағайындалған жұмыстардың ұйымда болуы еңбектің жаман және ырғақты емес жұмыстың болуын куәландырады. Ішкі ауысымды үзілістер – ауысым ішінде өтелмеген уақыт. Бұл жұмыс уақытын жоғалту (тұрулар, тәртіптің бұзылуы) және орынды себептерге байланысты пайдаланылмаған уақыт (емізулі балаларды тамақтандыру, ауру, мемлекеттік міндеттер). Шығындар себептер бойынша анықталады. Ішкі ауысымда жұмыс уақытын пайдалану сипаттамасы үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
- жұмыс күнінің орташа белгіленген (тәртіптік) ұзақтылығы() әрбір кәсіпорын үшін еңбектің зиянды жағдайларына байланысты жұмыс күнінің әртүрлі белгіленген ұзақтығы бар жұмысшылардың салыстырмалы мөлшеріне тәуелді және орта арифметикалық өлшенген болып есептелді.
- жұмыс күнінің орта факттық (толық) ұзақтылығы () ішкі ауысымды тұрулар (ІАТ) және тыс тағайындалған (ТТ) өтелген ад-сағ қоса, фактты өтелген ад-сағ-тың (Тс) фактты өтелген ад-күнге (ФӨад-күн) қатынасымен анықталады.
Жұмыс уақытының пайдалану дәрежесін коэффициенттер көмегімен бағалауға болады:
- жұмыс күнін пайдалану коэффициенті (кжұм.күн.пайд) жұмыс күнінің орта толық ұзақтылығының () жұмыс уақытының орта белгіленген (Тбелг) ұзақтылығына қатынасымен анықталады.
кжұм.күн.пайд=
- жұмыс күнін көбейту коэффициенті (кжұмкүн.көб) тыс тағайындалған жұмыс есебінде қатынасымен анықталады
кжұм.күн.пайд=
Жұмыстың ауысымды тәртібінде анықталады:
1. Ауысымдылық коэффициенті (кауысым) – барлық ауысымдағы факттық жұмыс істейтін жұмысшылардың санының ең үлкен ауысымдағы жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.
2. Ауысымды тәртіпті пайдалану коэффициенті (кауысым.тәрт) ауысымдылық коэффициентінің ауысымның тәртіптік санына қатынасымен анықталады.
3. Ауысымның орта ұзақтылығы () өтелген адам-сағаттардың өтелген адам-ауысымына бөлумен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |